Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағын сақтау бірыңғай тіркеушінің қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.
2. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағын директорлар кеңесі бекітеді және уәкілетті органмен келісіледі.
Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы және оған өзгерістер мен толықтырулар олар уәкілетті органмен келісілгеннен кейін күшіне енеді.
3. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы:
1) эмиссиялық бағалы қағаздармен, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерімен, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу қағидаларын;
2) эмиссиялық бағалы қағаздарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын есепке алу қағидаларын;
3) эмиссиялық бағалы қағаздарды сақтау және материалсыздандыру қағидаларын;
4) бірыңғай тіркеушінің клиенттеріне есептілік табыс ету қағидаларын;
5) бағалы қағаздар рыногы субъектілерімен өзара іс-қимыл тәртібін;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелерді қамтуға тиіс.»;
47) 65-бапта:
18-тармақтың 47) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
4-тармақтағы «және орталық депозитарийдің ережелер жинағында» және «және жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетіледі» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Қызметтік міндеттеріне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін сақтау немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуді бақылау кіретін қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жауапты болады.»;
18-тармақтың 48) тармақшасы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
48) 67-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
18-тармақтың 49) тармақшасы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
49) 68-бап алып тасталсын;
50) 72-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«72-бап. Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық комитет мүшелеріне қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының өз активтеріне және (немесе) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы (инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы) инвестициялық басқаруға қабылдаған активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды құрамында кемінде үш адам болуға тиіс инвестициялық комитет жүзеге асырады. Инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін кәсіби қатысушының басшы қызметкерлеріне тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының басшы қызметкерлері болуға тиіс.
Осы тармақтың талаптары тіркеушіге, трансфер-агентке және бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар екінші деңгейдегі банкке қолданылмайды.
2. Инвестициялық комитеттің мүшелерін сайлауды бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының атқарушы органы жүзеге асырады.
3. Зейнетақы активтерін басқарушы инвестициялық комитеттің құрамына:
1) зейнетақы активтерін басқарушының бір жинақтаушы зейнетақы қорының ғана зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асыруы шартымен оған активтері инвестициялық басқаруға берілген жинақтаушы зейнетақы қорының өкілін қоспағанда, осы зейнетақы активтерін басқарушының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар;
2) зейнетақы активтерін басқарушыға не жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты үлестес заңды тұлғалардың бір мезгілде басшы қызметкерлері не ірі акционерлері болып табылатын зейнетақы активтерін басқарушы қызметкерлері кірмеуге тиіс.
4. Инвестициялық комитеттің отырысы инвестициялық комитеттің сайланған мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы, бірақ инвестициялық комитеттің кемінде үш мүшесі қатысқан жағдайда өткізіледі.
Инвестициялық комитеттiң шешiмдерi оның отырысына қатысатын мүшелердің көпшiлiк дауысымен қабылданады және жазбаша түрде ресiмделедi.
5. Инвестициялық комитет мүшесі инвестициялық шешімдерді қабылдау бөлігінде өзіне жүктелген функцияларды орындауды өзге тұлғаларға беруге құқылы емес.
6. Инвестициялық комитет мүшелері осы инвестициялық комитет мүшесінің мүдделері мен бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының және (немесе) оған активтері инвестициялық басқаруға берілген клиенттердің мүдделері бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты мән-жайлардың болуы туралы ақпаратты бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының атқарушы органының назарына жеткізуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар басталған кезде инвестициялық комитет мүшесі инвестициялық комитеттің отырысына қатысуға және инвестициялық комитет қабылдайтын шешімдерге қандай да бір ықпал етуге құқылы емес.
7. Инвестициялық комитет отырысының қорытындылары бойынша хаттама жасалады, оған инвестициялық комитеттің төрағасы мен инвестициялық комитеттің отырысына қатысушы барлық мүшелері қол қояды және онда инвестициялық комитеттің әрбір мүшесінің пікірі мен қабылданған шешімнің негіздемесі қамтылады.
8. Инвестициялық комитет бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының өз активтері не клиенттерінің бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының инвестициялық басқаруына берілген активтері есебінен мәмілелер жасау туралы, осы активтерді мақсатқа сай емес пайдалану, Қазақстан Республикасы заңнамасының, инвестициялық декларацияның талаптарын бұзу көзделетін шешімдерді жүйелі түрде (соңғы он екі ай ішінде үш және одан көп рет) қабылдаған жағдайда уәкілетті орган осындай шешімдердің қабылдануы үшін дауыс берген адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
Уәкілетті органның адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттету туралы хабарламасы бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының атқарушы органының назарына жеткізіледі, ол мұны уәкілетті органның хабарламасын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей уәкілетті орган инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттеткен адамдардың назарына жеткізуге міндетті.
9. Уәкілетті органның осы баптың 8-тармағында көрсетілген хабарламасы инвестициялық комитет мүшесінің назарына жеткізілген кезден бастап осы адам инвестициялық комитеттің жұмысына қатысуға құқылы емес және уәкілетті орган инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейінгі үш жыл ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұйымдардың инвестициялық комитетінің құрамына сайлана алмайды.»;
51) мынадай мазмұндағы 15-1-тараумен толықтырылсын:
«15-1-тарау. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі
77-1-бап. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің шарттары және оны жүзеге асыру тәртібі
1. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметіне лицензиялары бар ұйымдар және орталық депозитарий (осы тарауда бұдан әрі - клиринг ұйымдары) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға құқылы.
Клиринг ұйымдарының қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру үшін:
1) қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысушылар арасындағы есеп айырысуларды жүзеге асыратын орталықтандырылған ұйымның;
2) қаржы құралдары бойынша кiрiстi төлеу жөніндегі және оларды өтеу кезiндегі төлем агентiнiң;
3) клиентке эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ қаржы құралдарының кiрiсiн төлеу және оларды өтеу кезiнде ақша алуға арналған банк шоттарын ашу жөніндегі функцияларды орындауға мүмкіндік беретін банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензиялары болуға тиіс.
2. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі қаржы құралдарымен мәмілелерді орындамау тәуекелдерін төмендету үшін арнайы клиринг (кепілдік және (немесе) резервтік) қорларын қалыптастыруды қоса алғанда, алайда онымен шектеліп қалмай, клиринг ұйымының тәуекелдерін басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
Клиринг ұйымының тәуекелдерін басқару жүйесіне, клиринг ұйымында тәуекелдерді мониторингтеу, бақылау және басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және клиринг ұйымының ішкі құжаттарында белгіленеді.
3. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынастарын айқындайтын, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларын бекітуге тиіс. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларын бекіткеннен кейін олар уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
4. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
77-2-бап. Клиринг ұйымының функциялары
1. Клиринг ұйымының функциялары:
1) жасалған мәмілелер бойынша ақпаратты жинау және өңдеу, оны салыстырып тексеру және алшақтық болған кезде түзету;
2) жасалған мәмілелерді есепке алу және олардың параметрлерін растау;
3) қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу нәтижесінде есеп айырысуларға қатысатын (төлемдерді жүзеге асыратын) сауда-саттыққа қатысушылардың, субъектілердің талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындау;
4) орталық депозитарийге және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымға клиринг қызметінің нәтижелері жөніндегі ақпаратты әзірлеу және беру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және клиринг ұйымының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар болып табылады.
2. Клиринг ұйымы мен оның клиенттері арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тапсырма шартының нормалары қолданылатын клиринг қызметін көрсетуді жүзеге асыру туралы шарт негізінде туындайды.»;
52) 78-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«78-бап. Орталық депозитарий қызметiнiң негiзгi қағидаттары
1. Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруының шарттары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында -қағидалар жинағында белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар және халықаралық қаржы ұйымдары ғана орталық депозитарийдiң құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
Орталық депозитарий акцияларының басым үлесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі.
Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы бар орталық депозитарий акционерлерінің үлесі орталық депозитарийдің орналастырылған акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауға тиіс.
Сауда-саттықты ұйымдастырушыларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногының әрбір кәсіби қатысушысының және әрбір халықаралық қаржы ұйымының орталық депозитарийдің акцияларын иелену үлесі орталық депозитарийдің орналастырылған акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
3. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар болып табылатын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар, сондай-ақ шетелдiк депозитарийлер мен кастодиандар орталық депозитарийдiң депоненттерi болып табылады.»;
53) 79-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы Заңның 54-бабының талаптары орталық депозитарийдің басшы қызметкерлеріне қолданылады.»;
54) 80-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясынсыз қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырады.»;
18-тармақтың 54) тармақшасының бесінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Орталық депозитарий мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн және бірыңғай тіркеушінің акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргiзудi уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.»;
55) 81-баптың 2-тармағында:
18-тармақтың 55) тармақшасының екінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
1-2) бірыңғай тіркеушінің акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қағидалары;
1-3) мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қағидалары;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары;»;
56) 82-баптың 1-тармағында:
18-тармақтың 56) тармақшасының екінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшадағы «, қызметтік құпияны» деген сөздер алып тасталсын;
57) 83-баптың 2-тармағындағы «Сауда-саттықты ұйымдастырушының», «сауда-саттықты ұйымдастырушының» деген сөздер тиісінше «Қор биржасының», «қор биржасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
58) 84-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі акционері болып табылатын жағдайды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционерінің оның үлестес тұлғаларымен бірлескен үлесі орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма пайызынан аспауға тиіс.»;
3-тармақтың бірінші абзацы алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тiзiмiнiң санаттарын алмастыру мәселелерi бойынша шешiмдерді қор биржасының листинг комиссиясы қабылдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары эмитенттердің бағалы қағаздарын жеңілдетілген рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болу мәселелеріне қолданылмайды, олар бойынша шешімдерді қор биржасының атқарушы органы қор биржасының қағидаларында айқындалған тәртіппен қабылдайды.
Листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi. Листинг комиссиясының құрамына тұрақты негiзде дауыс беру құқығымен уәкiлеттi органның өкiлi кiредi.
Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тiзiмiнiң санаттарын алмастыру мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау кезінде:
1) көрсетілген шешiмге сәйкес бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлетiн, осы тiзiмнен шығарылатын немесе осы тiзiмнiң өзге санатына ауыстырылатын эмитенттiң (осы тармақта бұдан әрi - мүдделi эмитент);
2) мүдделi эмитентке қатысты еншiлес ұйымдар немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдар болып табылатын ұйымдардың;
3) оларға қатысты мүдделi эмитент еншiлес ұйым немесе тәуелдi акционерлiк қоғам болып табылатын ұйымдардың;
4) үшiншi ұйымға қатысты мүдделi эмитентпен бiрге еншiлес ұйымдары немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдары болып табылатын ұйымдардың;
5) мүдделі эмитентке қызметтер көрсететін қаржы консультантының, маркет-мейкердің, андеррайтердің;
6) осы бөліктің 1) - 5) тармақшаларында аталған тұлғалармен үлестес тұлғалардың қызметкерлері және (немесе) өкілдері болып табылатын листинг комиссиясы мүшелерінің дауыс беруге құқығы жоқ.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Листинг комиссиясы шығару проспектісінде ұйымдастырылған рынокта олардың айналымы көзделген облигацияларды шығаруды жоспарлаушы эмитентке беру үшін инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді эмитенттің бағалы қағаздар шығару проспектісіне енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлейді. Листинг комиссиясының ұсынымдарын эмитенттің қабылдағаны не қабылдамағаны туралы ақпарат қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылады.»;
59) 85-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«85-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын оның атқарушы органы әзiрлейдi, сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесi бекiтедi және уәкiлеттi органмен келiсіледi.
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары олар уәкiлеттi органмен келiсiлгеннен кейін күшіне енеді.
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары қор биржасының сауда жүйесінде немесе бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногындағы баға белгілеу ұйымының баға белгілеуді айырбастау жүйесінде айналымға жiберiлген қаржы құралдарымен мәмiлелер жасаған кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң қызметiн, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушы мен оның мүшелерi (клиенттерi) арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары сауда-саттықты ұйымдастырушының функцияларына кiретiн мәселелердi реттейтiн сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарын қамтиды.
5. Қор биржасының қағидалары:
1) қор биржасындағы мүшелiк санаттарын, қор биржасының мүшелiгiне кiру шарттары мен тәртiбiн, қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, қор биржасындағы мүшелiктi тоқтата тұрудың және тоқтатудың шарттары мен тәртiбiн;
2) қор биржасының мүшесі атынан қор биржасының сауда жүйесі айналымындағы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысатын, сондай-ақ осы қор биржасының сауда жүйесін пайдаланып, өзге де іс-әрекеттерді орындайтын трейдерлерге қойылатын талаптарды;
3) сауда жүйесін пайдалануға қор биржасы трейдерлерін міндетті оқыту тәртібін;
4) қор биржасы трейдерлерін сауда-саттыққа қатысуға жіберудің тәртібін және оларды сауда-саттыққа қатысудан шеттету негіздерін;
5) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзілуі көзделетін және енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;
6) бағалы қағаздарды қор биржасының тiзiмiне енгiзудiң, оларды осы тiзiмнен алып тастаудың және тiзiм санатын алмастырудың шарттары мен тәртiбiн;
7) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитенттердiң мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн (оның iшiнде ақпаратты ашып көрсету бойынша);
8) қор биржасында айналымға жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында талап етілетін көлемде ақпаратты ашып көрсету мониторингін жүзеге асыру тәртібін;
9) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық өткiзу тәртiбiн;
10) биржалық сауда-саттықта қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртiбiн;
11) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін;
12) қор биржасының сауда жүйесiнде айналымға жiберiлген қаржы құралдарын бағалаудың әдiстемесiн;
13) биржалық сауда қағидаларын бұзғаны үшiн қор биржасы мүшелерiнiң және қор биржасы трейдерлерінің жауапкершiлiгiн, қор биржасы өндiрiп алатын айыппұлдарды төлеудiң мөлшерi мен тәртiбiн;
14) қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру процесінде туындайтын даулар мен жанжалдарды шешу тәртiбiн;
15) қор биржасының сауда жүйесiнде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесі қызметінің тәртібін;
16) листинг комиссиясы қызметінің тәртібін;
17) бағалы қағаздармен мәмілелер айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасының сараптама комитеті қызметінің тәртібін;
18) инсайдерлік ақпаратты заңсыз қолдану, бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау жағдайларын анықтау және болғызбау қағидаларын;
19) қор биржасы мүшелерінің қаржылық жағдайына мониторингті жүзеге асыру тәртібін, мұндай мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті, қор биржасының мүшелері беретін ақпараттың тізбесін және ақпарат беру мерзімдерін;
20) қор биржасының интернет-ресурсында барлық корпоративтік оқиғалар, қор биржасының ресми тізіміне кіретін эмитенттердің және қор биржасы мүшелерінің тоқсан сайынғы қаржылық есептілігі туралы ақпаратты жариялау тәртібін;
21) қор биржасының атқарушы органының эмитенттердің бағалы қағаздарын жеңілдетілген рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болу мәселелерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау тәртібін;
22) осы Заңда белгіленген өзге де ережелер мен рәсімдерді айқындауға тиіс.»;
60) 86-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қор биржасының мүшелері қор биржасына қаржылық есептілікті және тізбесі мен беру мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының қағидаларында айқындалатын өзге де ақпаратты беруге міндетті.»;
61) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«88-бап. Қор биржасының қызметi
1. Қор биржасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес бағалы қағаздардан да өзге қаржы құралдарымен де сауда-саттық ұйымдастыруға және өткiзуге құқылы.
2. Қор биржасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сауда жүйелерiн пайдалану және қолдау;
2) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзілуі көзделетін немесе енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналымға жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына қойылатын талаптарды белгілеу;
3) қор биржасында айналымға жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасау мақсатында өз мүшелерінің сауда жүйелерiне кіруіне мүмкiндiк жасау;
4) қор биржасының сауда жүйесі айналымындағы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қор биржасының мүшесі атынан қатысатын қор биржасы трейдерлерін оқыту;
5) қор биржасының трейдерлеріне сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын, қор биржасының қағидаларын бұзған жағдайларда, сондай-ақ қор биржасының қағидаларында белгіленген өзге де жағдайларда оларды сауда-саттыққа қатысудан шеттету;
6) сауда-саттыққа жіберілген, сауда-саттыққа қатысудан шеттетілген (шеттету себебін көрсете отырып) қор биржасы трейдерлерінің тізілімін жүргізу және оны қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру;
7) қор биржасында айналымға жiберiлген бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу;
8) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерге мониторингті және талдауды жүзеге асыру;
9) бағалы қағаздармен мәмілелер айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасының комитетінің қызметін ұйымдастыру;
10) уәкілетті органға қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерді мониторингтеудің және талдаудың нәтижелері туралы, сондай-ақ қор биржасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын, қор биржасының қағидаларын бұзуы туралы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен беру;
11) қор биржасында айналымға жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында талап етілетін көлемде ақпаратты ашып көрсетуіне мониторингті жүзеге асыру және уәкілетті органға мұндай мониторингтің нәтижелері туралы ақпарат беру;
12) қор биржасында айналымға жіберілген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру не мұндай есеп айырысуларды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты әзірлеу;