Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысы
(2009.19.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 2 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегi Жарлығын, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестіру кеңесi) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Үйлестіру кеңесiнiң құрамы;
2) Үйлестiру кеңесi туралы ереже бекітілсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 (бұр. ред. қара); 2007.11.04. № 293 (бұр.ред.қара); 2007.05.10. № 899 (бұр.ред.қара) ; 2009.19.05 № 745 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанындағы
Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру
кеңесiнiң құрамы
Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төраға |
Вощенкова Тамара Анатольевна | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Айдарханов Арман Тергеуұлы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаментінің директоры, хатшы |
Аяғанов Серік Әкпенұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Жалмағамбетова Светлана Жақияқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Сейітмағанбетова Гүлнәр Сүлейменқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Мыңбай Дархан Қамзабекұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы |
Омаров Тобылбек Есенжолұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы |
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Біртанов Елжан Амантайұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Дәненов Нұрлан Жұмағалиұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Жанасаев Болат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
Қосынов Алмас Олжабайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Нүсіпова Әсел Бекқызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Петров Валерий Викторович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі |
Саванков Александр Михайлович | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіқалықұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Баймұқанов Сыздық Асылбекұлы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы |
Белоног Анатолий Александрович | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы |
Қайырбекова Салидат Зикенқызы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің төрайымы |
Алпысбаев Мәлік Ақылбайұлы | - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті төрағасының орынбасары |
Есқалиев Қайырболат Мератұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары |
Құрманғалиева Аида Дәденқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланы дамыту департаментінің директоры |
Хамзина Нұргүл Қалиқызы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры |
Бутина Мереке Сағымбайқызы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрайымы (келісім бойынша) |
Садықова Айжан Бегайдарқызы | - « Қазақстан дәрігерлері мен провизорлары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Глинская Елена Евгеньевна | - Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігінің Орталық Азия елдерінде адами даму секторының бас үйлестірушісі (келісім бойынша) |
Қосбаева Әлия | - Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЭФ) өкілдігінің ұлттық үйлестірушісі (келісім бойынша) |
Павел Урсу | - ДДҰ Қазақстандағы Елдік офисінің басшысы (келісім бойынша) |
Савченко Ирина | - ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Түрікменстандағы үйлестірушісі (келісім бойынша) |
Жалмағамбетова Светлана Жақияқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша); |
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі; |
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі; |
Жанасаев Болат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары; |
Петров Валерий Викторович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі; |
Хамзина Нұргүл Қалиқызы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Білім, ғылым және кадр ресурстары департаментінің директоры; |
Омаров Тобылбек Есенжолұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы; |
Белоног Анатолий Александрович | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы; |
Құрманғалиева Аида Дәденқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау департаментінің директоры; |
Сейітмағанбетова Гүлнәр Сүлейменқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Савченко Ирина | - ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Түрікменстандағы үйлестірушісі (келісім бойынша) |
Бутина Мереке Сағымбайқызы | - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрайымы (келісім бойынша) |
Садықова Айжан Бегайдарқызы | - Қазақстан дәрігерлері мен провизорлары қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
| | |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау
жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесi туралы ереже
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен ереженің мәтіндегі «Бағдарламалар», «Бағдарламаларда», «Бағдарламалардың» деген сөздер тиісінше «Бағдарлама», «Бағдарламада», «Бағдарламаның» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн, функцияларын, қызметiнiң құқықтық және ұйымдастыру негiздерiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегi Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен (бұдан әрі - Бағдарлама) көзделген азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі iс-шараларды өткізуде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
2. Үйлестiру кеңесі Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
3. Үйлестiру кеңесiнiң құрамына құзыретiне заңнамаға сәйкес Үйлестiру кеңесiне жүктелген мiндеттердi шешу енетiн министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың өкiлдерi, сондай-ақ олардың келісімi бойынша үкiметтiк емес және басқа да ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
4. Үйлестiру кеңесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Yйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттері мен функциялары
5. Мыналар:
1) Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру;
3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру және Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі iс-шараларды өткізу мақсатында халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі негiзгi бағыттарды белгiлеу жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.
6. Мыналар Үйлестіру кеңесiнiң негiзгi функциялары болып табылады:
1) Бағдарламаның iс-шараларын орындау жөніндегі iстердiң жай-күйiн талдау;
2) мынадай:
азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру;
азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметтерiн жетiлдiру;
денсаулық сақтау мәселелерi бойынша салааралық ынтымақтастықты және реформалар мониторингiн үйлестiрудi күшейту;
3) денсаулық сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік, салалық, (секторалдық) өңiрлiк бағдарламаның iске асырылуын талдау;
4) азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың халықаралық, қоғамдық және басқа да ұйымдармен тиiмдi өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығы саласындағы жәрдемдесу;
5) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі, оның iшiнде АҚТҚ/ЖҚТБ-мен, туберкулезбен, диабетпен, жүрек-қан тамыры ауруларымен сырқаттанудың және басқа да әлеуметтiк мәнi бар және айналадағылар үшiн қауiп төндiретін аурулардың алдын алу мен төмендету жөніндегі iс-шараларды орындау мәселелерiн қарау.
3. Yйлестiру кеңесiнiң құқықтары
7. Үйлестiру кеңесi жүктелген мiндеттердi iске асыру және функцияларды жүзеге асыру мақсатында:
1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасуға;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
3) Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарына мiндеттердi iске асыруға байланысты мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға;
4) өзiнiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және ұсыныстар енгізуге;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуы жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
6) азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Yйлестіру кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Үйлестiру кеңесiн оның қызметiне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi басқарады, ол отырыстарына төрағалық жасайды, жұмысын жоспарлайды және Үйлестіру кеңесінің шешімдерін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Үйлестіру кеңесі жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Yйлестіру кеңесі әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде, оның функцияларын орынбасары атқарады.
9. Үйлестiру кеңесiнiң хатшысы оны өткізу үшiн отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және хаттаманы ресiмдейдi.
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Үйлестiру кеңесiнiң отырыстары тоқсанына кемiнде бір рет өткiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Үйлестiру кеңесiнiң шешiмдерi міндетті түрде оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамалармен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.
12. Шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының басым бөлiгі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
13. Үйлестiру кеңесiнiң отырысын өткізуге қажетті материалдар дайындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органы болып табылады, бұл ретте барлық қажетті материалдарды отырысқа дейін кемінде 3 күн қалғанда Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерiне жiбередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі Үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 ақпандағы № 166 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 12 шiлдедегi № 952 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 3 сәуірдегi № 397 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 10, 98-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын icкe асыру жөніндегі Үйлестiру кеңесiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 10 қазандағы № 1045 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 41, 434-құжат).
6. "Жұқтырылған қоздырғыш тапшылығы белгiсiнiң және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі Үйлестiру кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 1 қыркүйектегi № 922 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 33, 442-құжат).