Жұқтырылған қоздырғыш тапшылығы белгісiнiң және туберкулездiң алдын алу
және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестiру кеңесi туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 922 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Жұқтырылған қоздырғыш тапшылығы белгiсiнiң (бұдан әрi ЖҚТБ) және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Кеңестің құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекітілсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 922 қаулысымен
бекітілген
ЖҚТБ-ның және туберкулездің алдын алу және оларға
қарсы күрес жөніндегі үйлестiру кеңесiнiң құрамы
Әйтiмова - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бiрғаным Сарықызы орынбасары, төрайым
Досаев - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерболат Асқарбекұлы сақтау министрi, төрайымның орынбасары
Ерасылова - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Исидора Бекмұхамедқызы министрлігінiң "ЖҚТБ-ның алдын алу және
оған қарсы күрес жөніндегі республикалық
орталығы" мемлекеттік мекемесiнiң бас
директоры, хатшы
Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Қайрат Қуатұлы бiрiншi вице-министрi
Белоног - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович сақтау вице-министрi
Диқанбаева - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Сәуле Әлкейқызы сақтау вице-министрi
Досжан - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Ардақ Дүкенбайұлы вице-министрі
Тасболатов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Абай Бөлекбайұлы министрінің орынбасары
Өскiмбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Қажымұрат Бейiсұлы вице-министрi
Исаев - Қазақстан Республикасының Экономика және
Батырхан Арысбекұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Әшiтов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Батыржан Зайырқанұлы халықты әлуметтiк қорғау вице-министрi
Бекбосынов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Сабыржан Мәдиұлы вице-министрi
Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы вице-министрi
Шәмшидинова - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Күләш Ноғатайқызы ғылым вице-министрi
Қанағатов - Қазақстан Республикасының Туризм және
Елсияр Баймұхамедұлы спорт жөніндегі агенттiгi төрағасының
орынбасары
Асқаров - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Альберт Мұхтарұлы сақтау министрлiгінің Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитеті төрағасының орынбасары
Қожымратов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылбек Әубакiрұлы шаруашылығы министрлігі ветеринария
департаментінiң директоры
Рақышев - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ғалымжан Боранқұлұлы сақтау министрлігі "Қазақстан
Республикасының туберкулез проблемалары
ұлттық орталығы" мемлекеттік мекемесiнiң
директоры
Косухин - ББҰ-ның АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша Бiрiккен
Александр Борисович бағдарламасының ұлттық кеңесшiсi
(келісім бойынша)
Исманқұлова Гүлнара - Дүниежүзілiк денсаулық сақтау ұйымының
Қазақстан Республикасындағы үйлестiру
және байланыс жөніндегі бюросының
жетекшiсi (келісім бойынша)
Шарман Алмаз - Американың халықаралық даму жөніндегі
агенттiгінiң жұқпалы аурулар бойынша
кеңесшiсi (келісім бойынша)
Сиврюкова - Қазақстанның ?кіметтiк емес ұйымдары
Валентина Андреевна конфедерациясының президентi (келісім
бойынша)
Тұрмағамбетова - Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау
Жемiс Өтегенқызы жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросы
директорының орынбасары
Аманжолов Нұралы - "Шапағат" АҚТҚ табылған және олардың
жақындарын қолдау қоғамдық қайырымдылық
қорының президентi (келісім бойынша)
Хамитов - "Испат-Кармет" ашық акционерлік
Мықты Хамитұлы қоғамының қызметкерлер жөніндегі бас
менеджерi (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 922 қаулысымен
бекітілген
ЖҚТБ-ның және туберкулездiң алдын алу және оларға
қарсы күрес жөнiндегі үйлестiру кеңесi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. ЖҚТБ-ның және туберкулездiң алдын алу және оларға күрес жөніндегі үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңес Қазақстан Республикасының аумағында АҚТҚ/ЖҚТБ мен туберкулез таралуының алдын алу жөніндегі iс-шараларды өткізудегi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
2. Кеңестiң құрамына мүдделi орталық атқарушы органдардың, халықаралық және басқа ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
3. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары
4. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
1) заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi АҚТҚ/ЖҚТБ-ның және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес мәселелерiне қатысты бөлiгiнде жетiлдiру;
2) АҚТҚ/ЖҚТБ мен туберкулез таралуының алдын алу жөніндегі iс-шараларды өткізу мақсатында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру әрi халықаралық және басқа ұйымдармен өзара iс-қимылды қамтамасыз ету;
3) АҚТҚ/ЖҚТБ-ның және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес бойынша негiзгi бағыттарды анықтау;
4) ЖҚТБ-ға, туберкулезге және безгекке қарсы күрес бойынша Ғаламдық Қормен өзара iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар жасау болып табылады.
5. Кеңестiң негiзгі функциялары:
1) заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi АҚТҚ/ЖҚТБ-ның және туберкулездің алдын алу және оларға қарсы күрес мәселелерiне қатысты бөлiгінде жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды қарау;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1207 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаның iске асырылуын талдау;
3) мемлекеттік органдардың АҚТҚ/ЖҚТБ және туберкулез мәселелерi жөнiнде халықаралық және басқа да ұйымдармен бiрлескен жұмысын қамтамасыз ету;
4) АҚТҚ/ЖҚТБ-ның және туберкулездің алдын алу жөніндегі орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың iс-шараларын жетiлдiру жөніндегі мәселелердi қарау;
5) ЖҚТБ-ға, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегi Ғаламдық Қорға гранттық қаражат алуға өтiнiмдер берудi үйлестіру болып табылады.
6. Кеңестiң өз мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшін:
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Кеңестiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
2) Кеңестiң отырыстарында Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға;
3) ЖҚТБ-ға және туберкулез iндетiне қарсы iс-қимыл бойынша iс-шараларды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға байланыста өзге де өкiлеттіктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру
7. Кеңесті оның қызметiне басшылық ететiн, отырыстарға төрағалық ететiн, оның жұмысын жоспарлайтын және Кеңес шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басшылық етедi. Төраға болмаған уақытта, оның функциясын орынбасар атқарады.
8. Кеңестің хатшысы отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар мен оны өткізу үшiн материалдар дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттаманы ресiмдейдi.
9. Кеңестің отырысы хаттамамен ресімделеді.
10. Шешiм ашық дауыс берумен қабылданады және егер ол үшін Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
11. Кеңестің отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі.
12. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 922 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1995 жылғы 5 тамыздағы № 1084 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 27, 322-құжат).
2. "Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестiру кеңесiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 7 шілдедегi № 647 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi № 839 қаулысы 1-тармағының бiрiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 30, 265-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi № 839 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 желтоқсандағы № 1290 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi № 839 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 мамырдағы № 614 қаулысы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 397 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 10, 98-құжат).
7. "ЖҚТБ, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегi Ғаламдық Қормен жұмысты үйлестiру мәселелерi жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 1037 қаулысы.
8. "Туберкулезбен күрес жөніндегі республикалық үйлестiру кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 317 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 15, 151-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 5 тамыздағы № 1084 және 1998 жылғы 7 шiлдедегi № 647 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 мамырдағы № 468 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 212-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 935 қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 37, 379-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 7 шілдедегi № 647 және 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 317 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 23 ақпандағы № 212 қаулысы.