Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 4 ақпандағы № 166 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен күші жойылды
"Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 қарашадағы № 1654 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Үйлестіру кеңесінің құрамына:
Павлов Александр Сергеевич - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;
Омарова Мәрия Нұрғалиқызы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің төрайымы, төрағаның орынбасары;
Ыбыраев Серік Ескендірұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрайымының бірінші орынбасары;
Арын Ерлан Мұхтарұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі;
Хандуев Анатолий Циренович - Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Бас штабының Медициналық қамтамасыз ету департаменті бастығының міндетін атқарушы;
Қуанышбаева Роза Сақтағанқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
Нұрқиянов Төлеухан Мұратханұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
Бектұрғанов Нұрәлі Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі енгізілсін;
көрсетілген құрамнан: Көшербаев Қырымбек Елеуұлы, Рақыпбеков Төлебай Қосиябекұлы, Ыдырысов Нұрлан Ғабдоллаұлы, Ауанов Мырзахмет, Отаров Қадырхан Махмұдұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі