Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі
ұлттық үйлестiру кеңесiн құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi Жарлығын, "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестіру кеңесi) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Үйлестіру кеңесiнiң құрамы;
2) Үйлестiру кеңесi туралы ереже бекітілсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
SUB1
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанындағы
Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру
кеңесiнiң құрамы
Досаев - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Ерболат Асқарбекұлы министрi, төраға
Ақанов - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Айқан Ақанұлы бiрiншi вице-министрi, төрағаның орынбасары
Жаңабаев - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Дүйсебай Жаңабайұлы министрлігі Емдеу-алдын алу iсi департаментi
директорының орынбасары, хатшы
Диқанбаева - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Сәуле Әлкейқызы вице-министрi
Белоног - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Анатолий вице-министрi
Александрович
Дүйсекеев - Қазақстан Республикасының Парламентi
Амангелдi Мәжілісінiң депутаты (келісім бойынша)
Дүйсекейұлы
Тұтқышев - Қазақстан Республикасының Парламентi
Бексұлтан Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Серiкпайұлы
Исаев - Қазақстан Республикасының Экономика және
Батырхан Арысбекұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Бекбосынов - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-
Сабыржан Мәдиұлы министрі
Шәкiров - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Асқар Оразалыұлы министрінің орынбасары
Досжан - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
Ардақ Дүкенбайұлы және спорт вице-министрi
Тасболатов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
Абай Бөлекпайұлы орынбасары
Өскембаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-
Қажымұрат Бейiсұлы министрi
Әшiтов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Батыржан Зайырқанұлы халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi
Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Азамат Рысқұлұлы министрi
Шәмшiдинова - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Күләш Ноғатайқызы вице-министрi
Лукин - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Андрей Иванович сауда вице-министрi
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрлан Әбдiлдаұлы қорғау вице-министрi
Оразбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Бірлік Есiркепұлы минералдық ресурстар вице-министрi
Тұңғышбеков - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Санат Тұңғышбекұлы министрлігі Ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі
комитеттiң төрағасы
Байсеркин - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Бауыржан Сәтжанұлы министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетiнiң төрағасы
Пак Лариса - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Юн-Бойевна министрлігі Фармация комитетiнiң төрайымы
Бутина - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау
Мереке Сағымбайқызы қызметкерлерi кәсiподағының төрайымы (келісім
бойынша)
Садықова - Қазақстан дәрiгерлерi мен провизорлары
Айжан Бегайдарқызы қауымдастығының президентi (келісім бойынша)
Сиврюкова - Қазақстанның ?кіметтiк емес ұйымдары
Валентина Андреевна конфедерациясының президентi (келісім
бойынша)
Исманқұлова - Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы
Гүлнәр бюросының Қазақстан Республикасындағы
Сатыбалдықызы үйлестiру және байланыс жөніндегі басшысы
(келісім бойынша)
Шарман Алмаз - Қазақстандағы ЮСАИД бағдарламасының
үйлестiрушiсi (келісім бойынша)
Зуев Александр - Қазақстандағы ЮНИСЭФ өкiлi (келісім бойынша)
Әлжанова Аида - БҰҰ (ЮНФПА) тұрғын халықтар қорының
атқарушы өкiлi (келісім бойынша)
Симонова - Азия Даму Банкi (АДБ) жобаларын iске асыру
Татьяна Андреевна жөніндегі маман (келісім бойынша)
Пейванд Халегиан - Дүниежүзiлiк Даму Банкінің (ДДБ)
Қазақстандағы денсаулық сақтау мәселелерi
жөніндегі тобының басшысы (келісім бойынша)
Локшин - Фармацевтикалық өнiмдерді импорттау
Вячеслав Натанович қауымдастығының президентi (келісім бойынша)
SUB100
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау
жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесi туралы ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн, функцияларын, қызметiнiң құқықтық және ұйымдастыру негiздерiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекітілген "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегi Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен (бұдан әрі - Бағдарламалар) көзделген азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі iс-шараларды өткізуде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
SUB200
2. Үйлестiру кеңесі Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
SUB300
3. Үйлестiру кеңесiнiң құрамына құзыретiне заңнамаға сәйкес Үйлестiру кеңесiне жүктелген мiндеттердi шешу енетiн министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың өкiлдерi, сондай-ақ олардың келісімi бойынша үкiметтiк емес және басқа да ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
SUB400
4. Үйлестiру кеңесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
SUB500
2. Yйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттері мен функциялары
5. Мыналар:
1) Бағдарламаларда көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру;
3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру және Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі iс-шараларды өткізу мақсатында халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі негiзгi бағыттарды белгiлеу жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.
SUB600
6. Мыналар Үйлестіру кеңесiнiң негiзгi функциялары болып табылады:
1) Бағдарламалардың iс-шараларын орындау жөніндегі iстердiң жай-күйiн талдау;
2) мынадай:
азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру;
азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметтерiн жетiлдiру;
денсаулық сақтау мәселелерi бойынша салааралық ынтымақтастықты және реформалар мониторингiн үйлестiрудi күшейту;
3) денсаулық сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік, салалық, (секторалдық) өңiрлiк бағдарламалардың iске асырылуын талдау;
4) азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың халықаралық, қоғамдық және басқа да ұйымдармен тиiмдi өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығы саласындағы жәрдемдесу;
5) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі, оның iшiнде АҚТҚ/ЖҚТБ-мен, туберкулезбен, диабетпен, жүрек-қан тамыры ауруларымен сырқаттанудың және басқа да әлеуметтiк мәнi бар және айналадағылар үшiн қауiп төндiретін аурулардың алдын алу мен төмендету жөніндегі iс-шараларды орындау мәселелерiн қарау.
SUB700
3. Yйлестiру кеңесiнiң құқықтары
7. Үйлестiру кеңесi жүктелген мiндеттердi iске асыру және функцияларды жүзеге асыру мақсатында:
1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасуға;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
3) Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарына мiндеттердi iске асыруға байланысты мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға;
4) өзiнiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және ұсыныстар енгізуге;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаларда көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуы жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
6) азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
SUB800
4. Yйлестіру кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру
8. Үйлестiру кеңесiн оның қызметiне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi басқарады, ол отырыстарына төрағалық жасайды, жұмысын жоспарлайды және Кеңестің шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде, оның функцияларын орынбасары атқарады.
SUB900
9. Үйлестiру кеңесiнiң хатшысы оны өткізу үшiн отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және хаттаманы ресiмдейдi.
SUB1000
10. Үйлестiру кеңесiнiң отырыстары тоқсанына кемiнде бір рет өткiзiледi. Отырыс Yйлестiру кеңесі мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды деп саналады.
SUB1100
11. Үйлестiру кеңесiнiң шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.
SUB1200
12. Шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының басым бөлiгі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
SUB1300
13. Үйлестiру кеңесiнiң отырысын өткізуге қажетті материалдар дайындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органы болып табылады, бұл ретте барлық қажетті материалдарды отырысқа дейін кемінде 3 күн қалғанда Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерiне жiбередi.
SUB111
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі Үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 ақпандағы № 166 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 12 шiлдедегi № 952 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 3 сәуірдегi № 397 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 10, 98-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын icкe асыру жөніндегі Үйлестiру кеңесiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 10 қазандағы № 1045 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 41, 434-құжат).
6. "Жұқтырылған қоздырғыш тапшылығы белгiсiнiң және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі Үйлестiру кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 1 қыркүйектегi № 922 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 33, 442-құжат).