Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 293 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1085 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 5, 48-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Дерновой Анатолий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төраға;
Омаров Қадыр Тоқтамысұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Жалмағамбетова Светлана Жақияқызы - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша);
Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;
Бектұров Азат Ғаббасұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі;
Жанасаев Болат Бақытжанұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары;
Қазыханов Ержан Хозеұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
Нүсіпова Әсем Бекқызы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
Петров Валерий Викторович - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі;
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Машкеев Батырбек Әукенұлы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы;
Мусин Ерік Мазанұлы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің төрағасы;
Тастемір Қайрат Өрнекұлы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы;
Абоимов Виктор Андреевич - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті төрағасының орынбасары;
Ысқақов Ержан Сағиұлы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі;
Ысмайылов Жұмағали Қазыбайұлы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу жұмысы департаментінің директоры;
Нерсесов Александр Витальевич - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;
Хамзина Нұргүл Қалиқызы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Білім, ғылым және кадр ресурстары департаментінің директоры;
Текежанов Болат Тұрғанұлы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, хатшы;
Омаров Тобылбек Есенжолұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы;
Ысмайылов Ғабит - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Елдік офисінің басшысы;
Косухин Анатолий Борисович - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы АҚТҚ/ЖҚТБ/ЖЖБЖ бойынша БҰҰ Бірлескен Бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі;
Нәбиева Гүлзи Әскенқызы - Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары конфедерациясының президенті;
көрсетілген құрамнан Досаев Ерболат Асқарбекұлы, Ақанов Айқан Ақанұлы, Байсеркин Бауыржан Сәтжанұлы, Пак Лариса Юн-Бойевна, Бутина Мереке Сағымбайқызы, Садықова Айжан Бегайдарқызы, Сиврюкова Валентина Андреевна, Исманқұлова Гүлнәр Сатыбалдықызы, Шарман Алмаз, Әлжанова Аида, Локшин Вячеслав Натанович, Амангелдиев Ардақ Амангелдіұлы, Дүйсенова Тамара Босымбекқызы, Сағалбаев Ерғалы Төлендіұлы, Испусинова Светлана Багитовна, Қожамұратов Асылбек Әубәкірұлы, Нұрсұлтанов Серік Қабдешұлы, Біртанов Елжан Амантайұлы, Шайкенова Анара Блокқызы, Юрико Шоджи, Тәшібаев Мұрат Сетжанұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |