51) ядролық материалдар мен басқа иондаушы сәуле көздерінің экспортына, импортына, орын ауыстыруына, транзитіне және олардың орналастырылуына бақылауды жүзеге асыру;
52) өнімді бөлу туралы келісімдердің орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
53) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелуі мүмкін.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министр Министрлікке басшылықты жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауаптылықта болады.
17. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Министр:
1) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
2) өз қызметінде оның бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) жауапты хатшымен келісім бойынша комитеттер басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
6) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
19. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
20. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі жауапты хатшының өкілеттіктерін тоқтатпайды.
21. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
22. Жауапты хатшы:
1) электр энергетикасы, атом энергетикасы, минералдық ресурстар, отын-энергетика кешені, көмір, мұнай-химия, мұнай-газ өнеркәсібі және атом энергиясын пайдалану салаларында Министр қалыптастыратын саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келісілгеннен кейін Республика Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде органның, ведомстволардың, сондай-ақ аумақтық органдардың құрылымын және штат санын бекітеді;
5) Министрмен келісілгеннен кейін органның құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметі жұмысының және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
7) Министрліктің қызметін және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алуларды жүргізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келісілгеннен кейін орталық атқарушы органның департаменттері мен басқармаларының басшыларын, органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) ведомстволардың басшылары тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрдің келісімімен орталық атқарушы орган қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
12) Министрдің келісімімен еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, орталық атқарушы орган қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) орталық атқарушы органның Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) органның жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін орталық атқарушы органның басшысына ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
16) Министрмен келісілгеннен кейін органның қаржыландыру жоспарларын және Министрліктің қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлікті білдіреді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
23. Жауапты хатшы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.
24. Министрлікте Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа болады. Министр Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының арасынан алқаның саны мен дербес құрамын бекітеді.
25. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрлік жұмысының регламентінде және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде белгіленеді.
4. Министрліктің мүлкі
26. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптасады.
27. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
28. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
29. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 638 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 201 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1105 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
Мемлекеттік мекемелер
1. Мұнай-газ өнеркәсiбiнiң оқу орталығы
2. «Капиталмұнайгаз» мемлекеттік мекемесi
3. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы
2. Уранкеніштарату
3. «Алматыэнерго» Алматы энергетикалық жүйесi
4. «Қарағандыэнерго» Қарағанды энергетикалық жүйесi
5. «Қазақстанэнерго» ұлттық электр энергетикалық жүйесi
6. Маңғыстау атом энергетика комбинаты
7. Қарағандышахтатарату
8. ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 25 қаулысымен алып тасталда (бұр.ред.қара)
Акционерлік қоғамдар
1. «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1105 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 37-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң кейбір ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 наурыздағы № 402 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 12, 133-құжат).
3. «1997 жылғы 18 қарашада жасалған Өзара кепiлдiктер туралы келісімнiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 мамырдағы № 598 қаулысының 2-тармағы.
4. «КаспийМұнайГаз» Каспий мұнай және газ өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу және жобалау институты» мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 28 маусымдағы № 887 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасы.
5. «Халықаралық көрмелер дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 тамыздағы № 1025 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 29, 363-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң «ЕО-Қазақстан энергетикалық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 6 мамырдағы № 498 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы.
7. «Мұнай-газ тасымалы саласын дамытудың жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 390 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 10, 96-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң «Мұнай және газ өнеркәсiбi бас диспетчерлiк басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 9 шiлдедегі № 751 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
9. «Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 шiлдедегi № 807 қаулысының 4-тармағы.
10. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегі № 996 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 330-құжат).
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 1040 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 31, 337-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң «Мұнай-газ капиталы» мемлекеттік мекемесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 наурыздағы № 240 қаулысының 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 10, 118-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 тамыздағы № 866 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 35, 355-құжат).
14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 27 қаңтардағы № 88 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 3, 46-құжат).