Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің кейбір ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы № 402 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
(Бұр. ред. қара)
Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң "Жезқазғансирекмет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнына "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын құруға рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдеріне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1) "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерінің тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігiнiң "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны және оның "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттік кәсiпорны оның алдын ала сатыларымен жекешелендiруге жатпайды деп белгiленсiн.";
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі