Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «ЕО-Қазақстан энергетикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 6 мамырдағы № 498 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «ЕО-Қазақстан энергетикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оны жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен «Аймақтық газ тасымалдау жүйесі» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекіту кезінде оның қызметінің негізгі мәні тұтынушыларды табиғи газбен қамтамасыз ету деп анықтасын;
2) Қоғамның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмаганбетов |