Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 26 тамыздағы № 866 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«1. АЛА - 000079 «Академик Шөкин атындағы Қазақ энергетика
ҒЗИ» ААҚ
2. АЛА - 005032 «ТрансПетролеум» ААҚ
3. АЛА - 005039 «Электр желілерін басқару жөніндегі
қазақстандық компания» ААҚ
4. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ
5. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» ЖАҚ
6. «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық
операторы» («КОРЭМ») ЖАҚ
7. ВКО - 002784 «Бұқтырма СЭС» ААҚ
8. ВКО - 001231 «Алтайэнерго» ААҚ
9. ЖМБ - 000962 «Жамбыл электр желісін таратушы
компаниясы» ААҚ
10. КРГ - 002979 «Қарағанды электр желісін таратушы
компаниясы» ААҚ
11. КСТ - 000011 «Оңтүстік электр желілері» ААҚ
12. ПВЛ - 000600 «Павлодар мұнай өңдеу зауыты» ААҚ
13. ПВЛ - 000718 «Майкөбе разрезі» ААҚ
14. «Екібастұз энергия орталығы» ЖАҚ
15. СКО - 000013 «Көкшетау электр желісін таратушы
компаниясы» ААҚ
16. ЮКО - 010230 «Шардара СЭС» ААҚ
17. «Мұнай және газ өнеркәсібі бас диспетчерлік
басқармасы» ЖАҚ
18. «Астанаэнергосервис» ААҚ
19. ЗКО - 001292 «Батыстрансгаз» ААҚ
20. ЗКО - 010049 «Қазақгаз» республикалық компаниясы» ААҚ;
3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |