Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19
шілдедегі № 807 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
(Бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң "Қазақ жарылыс жұмыстары мемлекеттік ғылыми-өндiрiстiк орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнына шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақ жарылыс жұмыстары мемлекеттік ғылыми-өндiрiстiк орталығы" еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын құруға рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |