Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 27 қаңтардағы № 88 қаулысы
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 37-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде:
11-тармақ мынадай мазмұндағы 20-3) тармақшамен толықтырылсын:
"20-3) газды жеткізумен, тасымалдаумен, сақтаумен және сатумен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |