ұлттық және ішкі аймақтық жүйелермен шектелген, бекітілген жер
серіктік қызметке (ғарыш-Жер) таратылған. Бұл жиіліктер жолағында
S21 Бабы, S21-4 Кестесінде көрсетілген қуат ағынының тығыздығын
шектеу қолданылады. 1 Аймақтағы жер серіктік радиохабар қызметін
ескере отырып, бекітілген жер серіктік қызметті енгізгенде 7
Баптағы 30/S30 Қосымшасында қойылған, 12.2 - 12.5 ГГц жолақты
қамтитын жиілік жолақтарына қолданымды процедураларды орындау
қажет.
S5.492 S30 Қосымшасындағы аймақтық Жоспарға сәйкес жер серіктік
радиохабар станцияларына тағайындаулар жасағанда, олар, егер
мұндай таратулар үлкен бөгеуілдер тудырмай немесе осы Жоспарға
сәйкес жұмыс істейтін жер серіктік радиохабар таратуларынан артық
қорғанысты талап етпесе, бекітілген жер серіктік қызметке де
(ғарыш-Жер) пайдаланылуы мүмкін. Ғарыштық қызметтерді алатын
болсақ, онда бұл жиіліктер жолағы негізінен жер серіктік
радиохабар қызметтеріне пайдаланылуы керек.
S5.493 3 Аймақта жер серіктік радиохабар қызметінің 12.5 - 12.75 ГГц
жолағында қуат ағынының тығыздығы барлық жағдайларда және қызмет
аймағының аумағындағы барлық модуляция түрлерінде -111 дБ
2
(Вт/м )/27 МГц-тен аспайтын шамамен шектеледі.
S5.494 Қосымша таратылу: Алжир, Ангола, Сауд Аравиясы, Бахрейн,
Камерун, Орталық Африка Республикасы, Конго, Кот-д'Ивуар, Египет,
Біріккен Араб Эмираттары, Эритрея, Эфиопия, Габон, Гана, Гвинея,
Ирак, Израиль, Иордания, Кувейт, Ливан, Ливия, Мадагаскар, Мали,
Марокко, Монғолия, Нигерия, Катар, Сирия, Сенегал, Сомали, Судан,
Чад, Того, Йемен және Заирде 12.5 - 12.75 ГГц жолағы, сондай-ақ
бекітілген және жылжымалы қызметтерге, жылжымалы әуелік қызметті
қоспағанда, бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.495 Қосымша таратылу: Босния мен Герцеговина, Хорватия, Дания,
Франция, Греция, Лихтенштейн, Монако, Норвегия, Уганда,
Португалия, Румыния, Словения, Швейцария, Танзания, Тунис және
Югославияда 12.5 - 12.75 ГГц жолағы, сондай-ақ бекітілген және
жылжымалы қызметке, жылжымалы әуелік қызметті қоспағанда, екінші
реттік негізде үлестірілген.
S5.496 Қосымша таратылу: Австрия, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркменстан
және Украинада 12.5 - 12.75 ГГц жиілік жолағы, сондай-ақ
бекітілген және жылжымалы қызметке, жылжымалы әуелік қызметті
қоспағанда, бірінші реттік негізде үлестірілген. Бірақ, бұл
қызметтердің станциялары бекітілген жер серіктік қызметтердің 1
Аймақта орналасқан басқа елдердегі, бұл ескертпеде көрсетілмеген,
жерде орналасқан станцияларына зиянды бөгеуілдер тудырмауы тиіс.
Бұл жерде орналасқан станцияларды осы ескертпеде көрсетілген,
бекітілген және жылжымалы қызметтермен үйлестірудің қажеттігі
жоқ. Осы ескертпеде аталған елдер территорияларында қуат ағынының
тығыздығын Жер бетінде шектеу бекітілген жер серіктік қызметте
S21 Бабы, S21-4 Кестесі бойынша орындалуы тиіс.
S5.497 13.25 - 13.4 ГГц жолағын әуелік радионавигациялық қызметте
пайдалану Допплер эффектісін пайдаланатын навигациялық
аппаратуралармен шектеледі.
S4.498 Пайдаланылмайды.
S4.498А 13.25 - 13.4 ГГц жолағындағы жер серіктік Жерді зерттеу
(әрекетті) және ғарыш зерттеу (әрекетті) қызметтері зиянды
бөгеуілдер тудырмауы керек және әуелік радионавигациялық
қызметтің пайдаланылуына және дамуына кедергі жасамауы тиіс.
S5.499 Қосымша таратылу: Бангладеш, Индия мен Пакистанда 13.25 - 14 ГГц
жолағы, сондай-ақ бекітілген қызметке бірінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.500 Қосымша таратылу: Алжир, Ангола, Сауд Аравиясы, Бахрейн,
Бруней-Даруссалам, Камерун, Корей Республикасы, Египет,
Біріккен Араб Эмираттары, Габон, Индонезия, Иран Ислам
Республикасы, Ирак, Израиль, Иордания, Кувейт, Ливан, Мадагаскар,
Малайзия, Мали, Мальта, Марокко, Мавритания, Нигерия, Пакистан,
Катар, Сирия, Сенегал, Сингапур, Судан, Чад және Тунисте 13.4 -
14 ГГц жолағы, сондай-ақ бекітілген және жылжымалы қызметке
бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.501 Қосымша таратылу: Австрия, Әзербайжан, Болгария, Венгрия,
Жапония, Монғолия, Қырғызстан, Румыния, Біріккен Корольдіктер,
Түркменстан және Украинада 13.4 - 14 ГГц жолағы, сондай-ақ
радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.501А 13.4 - 13.75 ГГц жолағын ғарыштық зерттеу қызметтеріне бірінші
реттік негізде үлестіру ғарыштық әрекетті сезбектермен шектеледі.
Жолақты ғарыштық зерттеу қызметтеріне басқаша пайдалану екінші
реттік негізде орындалады.
S5.501В 13.4 - 13.75 ГГц жолағындағы жер серіктік Жерді зерттеу
(әрекетті) және ғарыш зерттеу (әрекетті) қызметтері зиянды
бөгеуілдер тудырмауы керек немесе радиолокациялық қызметтің
пайдаланылуына және дамуына кедергі жасамауы тиіс.
S5.502 13.75 - 14 ГГц жолақта бекітілген жер серіктік қызметтің жер
бетіндегі станциясының сәулеленуі құрығанда 68 дБВт болуы керек
және антеннаның минимал диаметрі 4.5 м болғанда, 85 дБВт-тан
аспауы керек. Сонымен қатар, геостационарлық орбита бағытында
радионавигациялық немесе радиолокациялық қызмет станцияларымен
сәулеленетін, бір секундқа орта шамаға келтірген э.и.с.қ. 59
дБВт-тан аспауы керек.
S5.503 13.75 - 14 ГГц жолағында, алдын ала жариялау үшін Бюроның 1992
жылдың 31 қаңтарына дейін алған мәліметтері бойынша, ғарыштық
зерттеу қызметтерінің геостационарлық ғарыш станциялары,
бекітілген жер серіктік қызмет станцияларымен тең негізде жұмыс
істеуі керек; бұл күннен соң, ғарыштық зерттеу қызметтерінің жаңа
геостационарлық ғарыш станциялары екінші реттік негізде жұмыс
істейтін болады; алдын ала жариялау үшін Бюроның 1992 жылдың 31
қаңтарына дейін алған мәліметтері бойынша, ғарыштық зерттеу
қызметтерінің геостационарлық ғарыш станциялары бұл жолақта
жұмыстарын тоқтатпайынша, сәулеленулердің э.и.с.қ. тығыздығы кез
келген бекітілген жер серіктік қызметтің жер станцияларында 6 МГц
жолақтың 13.772 - 13.778 ГГц жиіліктер аумағында 71 дБВт-тан
аспауы керек. Бұл жиіліктер аралығында, жауын-шашынға байланысты
пайда болған өшулерді теңгеру мақсатымен, бекітілген жер серіктік
қызметтің ғарыш станцияларының қуат ағынының тығыздығының ашық
аспандағы э.и.с.қ. 6 МГц жолақта 71 дБВт шамасынан аспайтындай
ету үшін, қуат шамасын автоматты түрде бақылап, э.и.с.қ.
тығыздығын 6 МГц жолақта 71 дБВт-тан керекті шамаға дейін өсіру
керек.
S5.503А 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін бекітілген жер серіктік қызмет
станциялары ғарыштық зерттеу қызметтерінің және жер серіктік
Жерді зерттеу қызметтерінің геостационарлық емес ғарыш
станцияларына зиянды бөгеуілдер тудырмауы керек. Бұл күннен
бастап, бұл геостационарлық емес ғарыш станциялары, бекітілген
жер серіктік қызметке қарағанда, екінші реттік негізде жұмыс
істейтін болады. Сонымен қатар, бекітілген жер серіктік қызметтің
жоспарланған жердегі станциялары 2000 жылдың 1 қаңтарынан 2001
жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықта, жауын-шашынды зерттеуге
13.793 - 13.805 ГГц жолақта жұмыс істейтін және жер серіктік
борттық радиолокациялық станциялардың қажеттігін есепке алуға,
кеңесу процестерінде және SA.1071 ХЭҰ-Р Ұсыныстарында келтірілген
мәліметтерді пайдалану үшін жұмысқа енгізіле бастайды.
S5.504 14 - 14.3 ГГц жолағын радионавигациялық қызметке пайдалану
бекітілген жер серіктік қызметтің ғарыш станцияларын жеткілікті
қорғауды қамтамасыз ететін түрде (708 Ұсыныстарын қара) орындалуы
керек.
S5.505 Қосымша таратылу: Алжир, Ангола, Сауд Аравиясы, Австралия,
Бахрейн, Бангладеш, Ботсвана, Бруней-Даруссалам, Камерун, Қытай,
Конго, Корей Республикасы, Египет, Біріккен Араб Эмираттары,
Габон, Гватемала, Гвинея, Индия, Индонезия, Иран Ислам
Республикасы, Ирак, Израиль, Жапония, Иордания, Кувейт, Лесото,
Ливан, Малайзия, Мали, Марокко, Мавритания, Оман, Пакистан,
Филиппин, Катар, Сирия, Корей Халық-Демократиялық Республикасы,
Сенегал, Сингапур, Сомали, Судан, Свазиленд, Танзания, Чад, және
Йеменде 14 - 14.3 ГГц жолағы, сондай-ақ бекітілген қызметке
бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.506 14 - 14.5 ГГц жолағы бекітілген жер серіктік қызметке (ғарыш-Жер)
жер серіктік радиохабар қызметінің фидер жолдарына, бекітілген
жер серіктік қызметтің басқа желілерімен үйлестіру шарты
орындалған жағдайда жүргізіледі. Жолақты фидер жолдарына мұндай
пайдалану Еуропадан шет орналасқан елдерге қор ретінде
қолданылады.
S5.507 Пайдаланылмайды.
S5.508 Қосымша таратылу: Германия, Австрия, Босния мен Герцеговина,
Франция, Греция, Ирландия, Исландия, Италия, бұрынғы югославия
Республикасы Македония, Ливия, Лихтенштейн, Португалия, Біріккен
Корольдіктерде, Словения, Швейцария, Түркия және Югославияда
14.25 - 14.3 ГГц жолағы бекітілген қызметке бірінші реттік
негізде үлестірілген.
S5.509 Қосымша таратылу: Жапония мен Пакистанда 14.25 - 14.3 ГГц жолағы,
сондай-ақ жылжымалы қызметке, әуелік жылжымалы қызметті
қоспағанда, бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.510 14.5 - 14.8 ГГц жолағын бекітілген жер серіктік қызметке
(ғарыш-Жер) пайдалану жер серіктік радиохабар қызметінің фидер
жолдарымен шектеледі. Бұл жолақты мұндай пайдалану Еуропадан шет
орналасқан елдерге қор ретінде қолданылады.
S5.511 Қосымша таратылу: Сауд Аравиясы, Бахрейн, Босния мен
Герцеговина, Камерун, Египет, Біріккен Араб Эмираттары, Гвинея,
Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израиль, Кувейт, Ливан, Ливия,
Пакистан, Катар, Сирия, Словения, Сомали және Югославияда 15.35 -
15.4 ГГц жолағы, сондай-ақ бекітілген және жылжымалы қызметтерге
екінші реттік негізде үлестірілген.
S5.511А 15.43 - 15.63 ГГц жолағын бекітілген жер серіктік қызметке
(ғарыш-Жер) (123 Қарарын (ДКР-97) қара) және (Жер-ғарыш)
пайдалану жылжымалы жер серіктік қызметтің геостационарлық емес
жүйелерінің фидер жолдарымен, 46 Қарардың (Қайта қаралған
ДКР-95)/S9.11А п. ережелерінде сай үйлестіру жұмыстары
жүргізілген жағдаймен шектелген. Жердегі станцияларды ғарыш-Жер
бағытында жұмыс істегенде зиянды бөгеуілдерден қорғау үшін,
минимал орын бұрышы, көлденең жазықтықтағы күшейту коэффициенті
және координат аралықтары S.1341 ХЭҰ-Р Ұсыныстарына сәйкес болуы
керек. Сонымен бірге, ғарыш-Жер бағытында жұмыс істегенде, 15.35
- 15.4 ГГц жолағын пайдаланатын радиоастрономиялық қызметке
зиянды бөгеуілдер туындамауы керек. Радиоастрономиялық қызмет
жұмыстарына кедергі келтіретін қуат ағынының тығыздығына сәйкес
бөгеуілдердің шектік деңгейлері RA.769-1 ХЭҰ-Р Ұсыныстарында
келтірілген. 15.35 - 15.4 ГГц жолағында радиоастрономиялық
қызметті қорғау үшін арнайы өлшеулер жүргізу қажет.
S5.511В Пайдаланылмайды.
S5.511С Әуелік радионавигациялық қызметте істейтін станциялар э.и.с.қ.
әсерлік мәнін S.1340 ХЭҰ-Р Ұсыныстарына сай шектеулері тиіс.
Әуелік радионавигациялық станцияларды, жердегі станциялардың
фидер жолдарының зиянды бөгеуілдерінен қорғаудың минимал
координат ара қашықтықтары (S4.10 п. қолданылады) және жер
станцияларының фидер жолдарын қамтамасыз ететін көкжиек бағытында
сәулеленетін э.и.с.қ. максимал мәні S.1340 ХЭҰ-Р Ұсыныстарына сай
болулары керек.
S5.511D 1997 жылдың 21 қарашасында жарияланғанға дейін Бюрода алдын ала
алынған толық мәліметтердегі бекітілген жер серіктік қызмет
станциялары 15.4 - 15.43 ГГц және 15.63 - 15.7 ГГц жолақтарында
ғарыш-Жер бағытында және 15.63 - 15.65 ГГц жолағында Жер-ғарыш
бағытында жұмыс істей алады. 15.4 - 15.43 ГГц және 15.65 - 15.7
ГГц жолақтарында ғарыштық зерттеу қызметтерінің геостационарлық
ғарыш станцияларының сәулеленулерінің қуат ағынының жер бетіндегі
2
тығыздығы барлық түсу бұрыштарында -146 дБ (Вт/м /МГц) аспауы
керек. 15.63 - 15.65 ГГц жолағындағы сәулеленулерді
геостационарлық емес ғарыш станцияларына әкімшіліктермен
жоспарлағанда, сәулеленулердің шамасы кез келген түсу
2
бұрыштарында -146 дБ (Вт/м /МГц)-тен асқан жағдайда, оған қатысты
әкімшіліктермен үйлестіру 46 Қарардың (Қайта қаралған
ДКР-95)/S9.11А п. сәйкес жүргізілуі қажет. 15.63 - 15.65 ГГц
жолағында Жер-ғарыш бағытында жұмыс істейтін бекітілген жер
серіктік қызмет станциялары радионавигациялық қызметтің әуелік
станцияларына зиянды бөгеуілдер тудырмауы керек (S4.10 п.
пайдаланылады).
S5.512 Қосымша таратылу: Алжир, Ангола, Сауд Аравиясы, Австрия,
Бахрейн, Бангладеш, Босния мен Герцеговина, Бруней-Даруссалам,
Камерун, Конго, Коста-Рика, Египет, Сальвадор, Біріккен Араб
Эмираттары, Финляндия, Гватемала, Индия, Индонезия, Иран Ислам
Республикасы, Иордания, Кувейт, Ливия, Малайзия, Марокко,
Мозамбик, Непал, Никарагуа, Оман, Пакистан, Катар, Сингапур,
Словения, Сомали, Судан, Свазиленд, Танзания, Чад, Йемен және
Югославияда 15.7 - 17.3 ГГц жолағы, сондай-ақ бекітілген және
жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.513 Қосымша таратылу: Израильде 15.7 - 17.3 ГГц жолағы, сондай-ақ
бекітілген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде
үлестірілген. Бұл қызметтер зиянды бөгеуілдерден қорғанысты талап
етпеуі тиіс және оларды Кесте бойынша жұмыс істейтін, S5.512 п.
көрсетілмеген елдерге тудырмауы керек.
S5.513А 17.2 - 17.3 ГГц жолағында жұмыс істейтін ғарыштық әрекетті
сезбектер зиянды бөгеуілдер тудырмауы керек немесе бірінші реттік
негізде үлестірілген радиолокациялық және басқа қызметтердің
дамуына кедергі жасамауы тиіс.
S5.514 Қосымша таратылу: Алжир, Германия, Ангола, Сауд Аравиясы,
Австрия, Бахрейн, Бангладеш, Босния мен Герцеговина, Камерун,
Коста-Рика, Сальвадор, Біріккен Араб Эмираттары, Финляндия,
Гватемала, Гондурас, Индия, Иран Ислам Республикасы, Ирак,
Израиль, Жапония, Иордания, Кувейт, Ливия, Непал, Никарагуа,
Оман, Пакистан, Катар, Словения, Судан, Швеция және Югославияда
17.3 - 17.7 ГГц жолағы, сондай-ақ бекітілген және жылжымалы
қызметтерге екінші реттік негізде үлестірілген. S21.3 және S21.5
п. көрсетілген сәулелену шектеулері қолданылуы тиіс.
S5.515 17.3 - 17.8 ГГц жолағын бекітілген жер серіктік қызмет
(ғарыш-Жер) пен және жер серіктік радиохабар қызметтеріне бірге