пайдалану 30/S30А Қосымшасының 4 Толықтырмасы, 1 бөлімі
қағидаларына сай орындалады.
S5.516 17.3 - 18.1 ГГц жолағын пайдалану бекітілген жер серіктік
қызметтің (Жер-ғарыш) геостационарлық жер серіктік жүйелерінің
жер серіктік радиохабар қызметтерінің фидер жолдарымен шектеледі.
17.3 - 17.8 ГГц жолағын 2 Аймақта жер серіктік радиохабар
қызметінің фидер жолдарымен 12.2 - 12.7 ГГц жолақта пайдалануы
туралы S11 Бабын қара. 17.3 - 18.1 ГГц жолағы (Жер-ғарыш) 1 және
3 Аймақтарда және 17.8 - 18.1 ГГц жолағы (Жер-ғарыш) 2 Аймақта,
538 Қарарының ережелерін орындаған жағдайда, бекітілген жер
серіктік қызметтің геостационарлық емес жер серіктік жүйелеріне
қолданылады.
S5.517 2 Аймақта 17.3 - 17.8 ГГц жолағында жер серіктік радиохабар
қызметтеріне тарату 2007 жылдың 1 сәуірінен күшіне енуі керек.
Бұл күннен соң бекітілген жер серіктік қызметті (ғарыш-Жер) 17.7
- 17.8 ГГц жолағында пайдалану жұмыс істеп жатқан жер серіктік
радиохабар қызметтерінен қорғанысты талап етпеуі керек және
мұндай жүйелерге зиянды бөгеуілдер тудырмауы тиіс.
S5.518 Қызметтің басқа категориясы: 2 Аймақта 17.7 - 17.8 ГГц жолағын
жылжымалы қызметке тарату бірінші реттік негізде 2007 жылдың 31
наурызына дейін атқарылған.
S5.519 Қосымша таратылу: 18.1 - 18.3 ГГц жолағы, сондай-ақ жер серіктік
метеорологиялық қызметке (ғарыш-Жер) бірінші реттік негізде
үлестірілген. Оны пайдалану геостационарлық жер серіктерімен
шектеледі және S21 Бап, S21-4 Кесте ережелеріне сай келуі тиіс.
S5.520 18.1 - 18.4 ГГц жолағын бекітілген жер серіктік қызметке
(Жер-ғарыш) пайдалану жер серіктік радиохабар қызметтерінің фидер
жолдарымен шектеледі.
S5.521 Ауыстырылымды таратылу: Германия, Дания, Біріккен Араб
Эмираттары, Греция, Словакия және Чех Республикасында 18.1 - 18.4
ГГц жолағы бекітілген, бекітілген жер серіктік (ғарыш-Жер) және
жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде үлестірілген (S5.33
п. қара). Сонымен бірге S5.519 п. ережелері пайдаланымды.
S5.522 Бекітілген және жылжымалы қызметтер станцияларына жиіліктер
үлестірілгенде әкімшіліктерге 18.6 - 18.8 ГГц жолағында істейтін
жер серіктік Жерді зерттеу және ғарыш зерттеу қызметтерінің
әрекетті емес сезбектерін ескерулері керек. Бұл жиілік жолағын
пайдалағанда, әкімшіліктер әрекетті емес сезбектерге бөгеуілдер
тудырмауы тәуекелін барынша азайту үшін, бар мүмкіндігінше
таратқыштың антеннаға жеткізетін қуатын, сонымен бірге э.и.с.қ.
шамасын шектеу үшін күш салуы қажет.
S5.523 Бекітілген жер серіктік қызмет станцияларына ғарыш-Жер бағытында
жиіліктер үлестіргенде, әкімшіліктерге, жер серіктік Жерді
зерттеу қызметінің және ғарыштық зерттеу қызметінің әрекетті
емес сезбектеріне бөгеуілдер тудырмауы тәуекелін азайту үшін,
қуат ағынының тығыздығын Жер бетінде, 18.6 - 18.8 ГГц жолағында,
барынша шектеуі қажет.
S5.523А 18.8 - 19.3 ГГц (ғарыш-Жер) және 28.6 - 29.1 ГГц (Жер-ғарыш)
жолақтарын бекітілген жер серіктік қызметтің геостационарлық және
геостационарлық емес желілеріне пайдалану S9.11А/Қарар 46 (Қайта
қаралған ДКР-97) ережелерін пайдаланғанда атқарылады, ал S22.2
п./2613 п. пайдаланылмайды. 1995 жылдың 18 қарашасына дейін
үйлестіруден өткен геостационарлық желілері бар әкімшіліктер,
барынша S9.11А п./Қарар 46 (Қайта қаралған ДКР-97) бойынша
өтініштік мәліметтері Бюроға аталған күнге дейін түскен
геостационарлық емес желілерге, барлық мүдделі жақтарға тиімді
нәтижеге жету мақсатында, үйлестіруді өтуге толық жағдай жасауы
керек. Геостационарлық емес желілер, толық өтініштік мәліметтері
3 Қосымшаға сәйкес Бюромен 1995 жылдың 18 қарашасына дейін
алынған есебінде қаралып, бекітілген жер серіктік қызметтің
геостационарлық желілеріне қолайсыз бөгеуілдер тудырмауы керек.
S5.523В 19.3 - 19.6 ГГц жолағын (Жер-ғарыш) бекітілген жер серіктік
қызметке пайдалану геостационарлық емес ЖЖҚ жүйелердің фидер
жолдарымен шектелген. Мұндай пайдаланымда S9.11А п./Қарар 46
(Қайта қаралған ДКР-97) ережелері қолданылады, бірақ S22.2 п.
ережелері пайдаланылмауы керек.
S5.523С Радиобайланыс Регламентінің S22.2 пунктінің пайдаланылуы, 19.3 -
19.6 ГГц және 29.1 - 29.4 ГГц жолақтарында, жылжымалы жер
серіктік қызметтің геостационарлық емес желілерінің фидер
жолдарымен және S4 Қосымшасына сәйкес үйлестіру туралы толық
мәліметтер немесе өтініштік ақпарат 1995 жылдың 18 қарашасына
дейін Бюроға алынған есебінде болып, бекітілген жер серіктік
қызмет станциялары жұмыстарын жалғастыра беруі керек.
S5.523D 19.3 - 19.6 ГГц жолағын (ғарыш-Жер) БЖҚ ГО жүйелерімен және
геостационарлық емес жер серіктік жүйелердің ЖЖҚ фидер жолдарымен
пайдалануда 46 Қарардың (Қайта қаралған ДКР-95)/S9.11А п.
ережелері қолданылуы керек, бірақ S22.2 п. ережелері
пайдаланылмауы тиіс. Бұл жолақты басқа геостационарлық емес
жүйелермен БЖҚ немесе S5.523С және S5.523Е п. көрсетілген
жағдайларда пайдалануда, 46 Қарардың (Қайта қаралған
ДКР-95)/S9.11А п. ережелері қолданылмауы тиіс және бұрынғысынша
S9 (S9.11А п. басқа) және S11 Баптарының процедуралары және S22.2
п. ережелері пайдаланылулары керек.
S5.523Е Радиобайланыс Регламентінің S22.2 пунктінің пайдаланылуы, 19.6 -
19.7 ГГц және 29.4 - 29.5 ГГц жолақтарында, жылжымалы жер
серіктік қызметтің геостационарлық емес желілерінің фидер
жолдарымен және S4 Қосымшасына сәйкес үйлестіру туралы толық
мәліметтер немесе өтініштік ақпарат 1997 жылдың 21 қарашасына
дейін Бюроға алынған есебінде болып, бекітілген жер серіктік
қызмет станциялары жұмыстарын жалғастыра беруі керек.
S5.524 Қосымша таратылу: Ауғанстан, Алжир, Ангола, Сауд Аравиясы,
Бахрейн, Бангладеш, Бруней-Даруссалам, Камерун, Қытай, Конго,
Корей Республикасы, Коста-Рика, Египет, Біріккен Араб
Эмираттары, Габон, Гватемала, Гвинея, Индия, Иран Ислам
Республикасы, Ирак, Израиль, Жапония, Иордания, Кувейт, Ливан,
Малайзия, Мали, Марокко, Мавритания, Непал, Нигерия, Оман,
Пакистан, Филиппин, Катар, Сирия, Корей Халық-Демократиялық
Республикасы, Сингапур, Сомали, Судан, Танзания, Чад, Того, Тунис
және Заирде 19.7 - 21.2 ГГц жолағы, сондай-ақ бекітілген және
жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде үлестірілген. Бұл
қосымша пайдаланым бекітілген жер серіктік қызметтің ғарыш
станцияларының 19.7 - 21.2 ГГц жолағында және жылжымалы жер
серіктік қызметтің ғарыш станцияларының 19.7 - 20.2 ГГц жолағында,
мұндай жылжымалы жер серіктік қызметке үлестіру аталған жолақта
бірініші реттік негізде жасалынған болса, қуат ағынының
тығыздығына ешқандай шек салмауы керек.
S5.525 Жылжымалы жер серіктік қызмет пен бекітілген жер серіктік қызмет
желілері арасындағы аймақ аралық үйлестіруді жеңілдету
мақсатында, жылжымалы жер серіктік қызмет тасымалдарының
бөгеуілдерге ең әсерлілерін бар мүмкіндігінше 19.7 - 20.2 ГГц
және 29.5 - 30 ГГц жолақтарының жоғарғы жақтарына орналастыру
керек.
S5.526 19.7 - 20.2 ГГц және 29.5 - 30 ГГц жолақтары 2 Аймақта және 20.1
- 20.2 ГГц және 29.9 - 30 ГГц жолақтары 1 және 3 Аймақта
бекітілген жер серіктік желілерімен де, жылжымалы жер серіктік
желілерімен де, анықталған немесе анықталмаған пункттерде немесе
қозғалыста болатын, бір пункті екінші пунктпен және бір пункті
бірнеше пунктпен, бір немесе бірнеше жер серіктері арқылы
байланыстыруға жердегі станциялар арасындағы жолдар кіруі мүмкін.
S5.527 19.7 - 20.2 ГГц және 29.5 - 30 ГГц жолақтарында 953/S4.10 п.
ережелері жылжымалы жер серіктік қызметке пайдаланылмайды.
S5.528 Жылжымалы жер серіктік қызметке таратылу ғарыш станцияларындағы
тар бағытталған антенналар мен басқа да соңғы деңгейлі
технологияларда қолданатын желілерде пайдалануға арналған. 2
Аймақтағы 19.7 - 20.1 ГГц жолағы және 20.1 - 20.2 ГГц жолағында,
S5.524 п. ережелеріне сай бекітілген және жылжымалы жүйелерді
пайдаланатын әкімшіліктер бұл жолақтарды тұрақты дайындықта ұстау
үшін барлық мүмкіншілікті шараларды орындаулары керек.
S5.529 19.7 - 20.1 ГГц және 29.5 - 29.9 ГГц жолақтарды жылжымалы жер
серіктік қызметке 2 Аймақта пайдалану, S5.526 п. көрсетілгендей,
бекітілген жер серіктік пен жылжымалы жер серіктік желілерге
бірден жататын жер серіктік желілермен шектеледі.
S5.530 1 және 3 Аймақтарда 21.4 - 22 ГГц жолағында радиохабар қызметіне
таратылу 2007 жылдың 1 сәуірінен басталады. Бұл жолақты жер
серіктік радиохабар қызметіне пайдалануда, бұл күн өткен соң және
уақытша негізде, бұл күнге дейін, 525 Қарарының (ДЖӘР-92)
ережелері қолданылуы керек.
S5.531 Қосымша таратылу: Жапонияда 21.4 - 22 ГГц жолағы, сондай-ақ
радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.532 22.21 - 22.5 ГГц жолағын пайдалануда, жер серіктік Жерді зерттеу
(әрекетті емес) және ғарыш зерттеу (әрекетті емес) қызметтері
бекітілген және жылжымалы қызметтерге, әуелік жылжымалы қызметті
қоспағанда, шектеу қоймауы тиіс.
S5.533 Жер серік аралық қызмет радионавигациялық қызметтің аэродром
станциясындағы жер бетін торуылдау қондырғыларының зиянды
бөгеуілдерінен қорғанысты талап етпеуі керек.
S5.534 Қосымша таратылу: Жапонияда 24.65 - 25.25 ГГц жолағы, сондай-ақ
радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде 2008 жылға
дейін үлестірілген.
S5.535 24.75 - 25.25 ГГц жолақта артықшылық, бұл жолақтың бекітілген жер
серіктік қызметтерінің (Жер-ғарыш) басқа пайдалануларына
қарағанда, жер серіктік радиохабар станцияларының фидер жолдарына
беріледі. Мұндай басқа пайдаланымдарда бұрынғы жұмыстағы және
келешек радиохабар қызметтер станцияларының фидер жолдары
қорғаныспен қамтамасыз етілуі керек және мұндай станциялардың
зиянды бөгеуілдерінен қорғаныс талап етілмеуі керек.
S5.535А 29.1 - 29.5 ГГц жолағын (Жер-ғарыш) БЖҚ жүйелерімен пайдалану,
геостационарлық жер серіктік жүйелер мен жылжымалы жер серіктік
қызметтің геостационарлық емес жүйелерінің фидер жолдарымен
шектелген. Мұндай пайдаланымда 46 Қарардың (Қайта қаралған
ДКР-97)/S9.11А п. ережелері қолданылуы керек, ал S22.2 п.
талаптары, 46 Қарардың (Қайта қаралған ДКР-97)/S9.11А п.
ережелері қолданылмайтын, бұрынғысынша 11/S9 (S9.11А п. басқа)
және 13/S11 Баптары және S22.2 п. ережелері пайдаланылатын,
S5.523С және S5.523Е п. көрсетілген жағдайлардан басқа, оған
қолданылмайды.
S5.536 25.25 - 27.5 ГГц жолақтарын жер серік аралық қызметте пайдалану,
ғарыш зерттеу және жер серіктік Жерді зерттеу қызметтерімен,
сонымен қатар, өнеркәсіптік және медициналық қызметтердің
ғарыштағы деректер таратуымен шектеледі.
S5.536А Жер серіктік Жерді зерттеу станцияларын орнатушы әкімшіліктер,
көрші әкімшіліктер пайдаланатын бекітілген және жылжымалы
станциялардан қорғанысты талап ете алмайды. Жер серіктік Жерді
зерттеу қызметінің жердегі станциялары, қосымша SA.1278 ХЭҰ-Р
Ұсыныстарын ескерулері қажет.
S5.536В Германия, Сауд Аравиясы, Австрия, Бельгия, Бразилия, Болгария,
Қытай, Корей Республикасы, Дания, Египет, Біріккен Араб
Эмираттары, Испания, Эстония, Финляндия, Франция, Венгрия, Индия,
Иран Ислам Республикасы, Ирландия, Израиль, Италия, Иордания,
Кения, Кувейт, Ливан, Ливия, Лихтенштейн, Литва, Молдова,
Норвегия, Оман, Уганда, Пакистан, Филиппин, Польша, Португалия,
Сирия, Словакия, Чех Республикасы, Румыния, Біріккен
Корольдіктер, Сингапур, Швеция, Швейцария, Танзания, Түркия,
Вьетнам және Зимбабведегі жер серіктік Жерді зерттеу қызметінде
25.5 - 27.0 ГГц жолағында жұмыс істейтін жердегі станциялар
бекітілген және жылжымалы қызмет станциялары жағынан қорғанысты
талап етпеуі керек және олардың пайдалануына және кеңейтілуіне
кедергі келтірмеуі тиіс.
S5.537 Геостационарлық емес жер серіктерін пайдаланатын, 27 - 27.5 ГГц
жолағында жер серік аралық қызметте жұмыс істейтін ғарыш
қызметтеріне S22.2 п. ережелерінің талаптары қолданылмайды.
S5.538 Қосымша таратылу: 27.500 - 27.501 ГГц және 29.999 - 30.000 ГГц
жолақтары бекітілген жер серіктік қызметке (ғарыш-Жер), Жер-ғарыш
жолдарындағы қуаттарды басқаруға арналған радиомаяктар хабарына
таратылған. Ғарыш-Жер бағытындағы мұндай таратулар баламалық
изотропты сәулелену қуатын (э.и.с.қ.) көрші геостационарлық
орбитадағы жер серіктер бағытында +10 дБВт-тан асырмауы тиіс.
27.500 - 27.501 ГГц жолағында Ғарыш-Жер бағытындағы мұндай
таратулар Жер бетіндегі қуат ағынының тығыздығын S21 Бабы, S21-4
Кестесінде анықталғаннан артық жасамауы керек.
S5.539 27.5 - 30 ГГц жолағын бекітілген жер серіктік қызметте
(Жер-ғарыш) жер серіктік радиохабар қызметінің фидер жолдарын
қамтамасыз етуге пайдалануға болады.
S5.540 Қосымша таратылу: 27.501 - 29.999 ГГц жолағы, сондай-ақ
бекітілген жер серіктік қызметте (ғарыш-Жер) екінші реттік
негізде Жер-ғарыш жолдарындағы қуаттарды басқаруға арналған
радиомаяктар хабарына бөлінген.
S5.541 28.5 - 30 ГГц жолағында жер серіктік Жерді зерттеу қызметі
станциялар арасында мәліметтер таратумен шектелген, ол әрекетті
және әрекетті емес сезбектермен бірінші реттік ақпар жинауға
арналмаған.
S5.541А 29.1 - 29.5 ГГц жолағында (Жер-ғарыш) жұмыс істейтін
геостационарлық емес ЖЖҚ желілерінің фидер жолдары мен
геостационарлық БЖҚ желілері, екі желінің арасындағы өзара
бөгеуілдер деңгейін төмендете түсіп, қажетті сапалы
сипаттамаларға жету үшін жердегі станциялардың таратуларының
қажетті қуат деңгейлерінде болдыра отырып, Жер-ғарыш жолындағы
қуатты икемді басқаруды немесе басқа тынуларды теңгеруді
пайдалануы керек. Бұл әдістер, S4 Қосымшасына сәйкес үйлестік
туралы талап етілетін мәліметтер, Бюрода 1996 жылдың 17 мамырынан
кейін алынған деп есептелінеді, және де болашақ салиқалы
дүниежүзілік радиобайланыс конференциясымен өзгертілгенге дейін,
желілерге пайдалануы тиіс. S4 Қосымшасының талаптарына сәйкес
үйлестіру мәліметтерін аталған күннен ерте берген әкімшіліктер,
бұл әдістерді тәжірибелік түрдегі нақты мүмкіншіліктеріне қарай
пайдаланады. Бұл әдістер ХЭҰ-Р (121 Қарарын (ВКР-97) қара)
бойынша қайта қаралуы мүмкін.