Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасында 3 кГц-тен
400 ГГц-ке дейiнгі жиiлiктер диапазонындағы жиiлiктер белдеулерiн
бөлу кестесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1379 қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 31 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Радиожиiлiк спектрiн мемлекеттік мұқтаждар үшiн пайдаланудың тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1998 жылғы 9 шiлдедегi № 652 қаулысына сәйкес және радиожиiлiк спектрiн пайдалануды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгi жиiлiктер диапазонындағы жиiлiктер белдеулерін бөлу кестесі бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 1379 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi
арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгі жиiлiктер
диапазонындағы жиiлiктер белдеулерiн бөлу
Кестесi
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТIЗIМI
1. ДЖӘР-92 Дүниежүзiлiк жиiлiктердi белгiлi бiр спектрлер арасында орналастырудың әкiмшiлiк радиоконференциясы
2. ДРК Дүниежүзiлiк радиобайланыс конференциясы
3. ҚР МВТЖК Қазақстан Республикасы мемлекеттік ведомствоаралық радиожиiлiктер комиссиясы
4. АҚГТЖ Апатқа ұшырау және қауіпсiздiктi қамтамасыз етудiң глобалдық теңiздiк жүйесi
5. Жер-ғарыш Жер станциясының ғарыш станциясымен байланысуының жолсерiктiк жолы
6. (ғарыш-Жер) Ғарыш станциясының жер станциясымен байланысуының жерсерiктiк жолы
7. (ғарыш-ғарыш) Ғарыш станцияларының өзара байланысуының жерсерiктiк жолы
8. ЖЖС Жердiң жасанды серiгi
9. ХЭҰ Халықаралық электрбайланыс ұйымы
10. ҚР Қазақстан Республикасы
11. РЛС Радиолокациялық станциясы
12. РБР Радиобайланыс Регламентi
13. РЭЖ Радиоэлектрондық жабдық
14. Э.И.С.К. Эквиваленттi изотропты сәулелену қуаты
КIРIСПЕ
Жиiлiк жолақтарын радиоқызметтер арасында үлестiру Кестесi Қазақстан Республикасындағы радиоэлектрондық жабдықтарға (РЭЖ) сұраныс берушi, жасаушы немесе оларды шет елдерден сатып алушы, сонымен қатар, қызметтегi РЭЖ-де жиiлiктердi пайдалануды жоспарлап отырған заңды және жеке тұлғалардың жиiлiктердi үлестiру және пайдалану шарттарын реттеп отыратын құжат болып табылады.
Бiрақ бұл Кесте РЭЖ-ны жобалау, жасау, өндiруде немесе сырттан енгiзiп, оны өндiрiсте пайдалануда, оларға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң осы жұмыстарды шешуге әдейi арналған мемлекеттік өкiлеттi органының талаптарына толық сай дайындалған арнайы рұқсатынсыз, жиiлiк жолақтарын (номиналдарын) пайдалану құқығын бермейдi.
Жаңадан жасалынып (жетiлдiрiлiп) жатқан РЭЖ-дерге жиiлiк жолақтарын (номиналдарын) бөлу жөнiнде ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ведомствоаралық радиожиiлiктер комиссиясы (ҚР МВРЖК) арқылы атқарылады ал азаматтық РЭЖ-дердi пайдалануда жұмыс жиiлiктерiн бөлу Мемлекеттiң өкiлеттеген органымен шешiледi.
Қажет болған жағдайда, кейбір РЭЖ-дерге Кестеден тыс жиiлiк жолақтары (номиналдары) бөлiнуi мүмкiн. Бiрақ мұндай РЭЖ-дер Кесте бойынша жолақтар бөлiнген өзге жабдықтарға немесе ?кіметтiк дәрежелi РЭЖ-дерге бөгеуiлдер тудырмауы тиiс.
Радиобайланыс Регламентiнiң Кестесiне өзгертулер енгізу кезекті Дүниежүзiлiк радиобайланыс конференциясы өткеннен соң жасалынуы керек. Ұлттық үлестiру Кестесiне өзгерістер, қажет болған жағдайда, радиожиiлiктiк спектрдiң қазiргi ағымдық күйiн есепке ала отырып жасалынуы керек, бiрақ 5 жылда бiр реттен сирек болмауы тиiс.
1. Кесте суретемесі
1. Радиобайланыс Регламентiнiң кестесi
Ашық кiтаптiң сол жақ бетiнде Халықаралық электрбайланыс ұйымының (ХЭҰ) Радиобайланыс Регламентiнiң жиiлiк жолақтарын қызметтер бойынша орналастыру және жол асты ескертпелерi 1, 2 және 3 Аймақтарға арнап келтірiлген.
Радиобайланыс Регламентiнiң жиiлiктер үлестiру Кестесi, әрқайсысы бір-бір Аймаққа сай, үш бағаннан тұрады. Жиiлiктер орналастыру нұсқауы жиiлiктер үлестіру кестесiнiң бүкiл енiн алуы мүмкiн немесе оның бiр, әлде, екi ғана бағанын қамтуы мүмкiн. Бұл сәйкесiнше, дүниежүзiлiк немесе аймақтық үлестiрiлулерге сәйкес келеді.
Әрбiр үлестiрiлудiң жиiлiктер жолағы кестенiң сәйкес бөлiгiнiң сол жақ жоғарғы бұрышында көрсетiледi.
Аттары үлкен әрiптермен басылған қызметтер (мысалға, БЕКІТIЛГЕН) бірінші реттік деп аталады.
Аттары кiшi әрiптермен басылған қызметтер (мысалға, Жылжымалы) екiншi реттiк деп аталады.
Екiншi реттiк қызмет станциялары:
а) жиiлiктер тағайындалған немесе келешекте тағайындалатын бiрiншi реттік қызметтер станцияларына зиянды бөгеуiлдер тудырмауы тиiс;
ә) жиiлiктер тағайындалған немесе келешекте тағайындалатын бiрiншi реттік қызметтер станцияларынан зиянды бөгеуiлдерден қорғанысты талап ете алмайды;
б) бiрақ та олар, тура сол станцияның өзiнен немесе басқа бiр екiншi реттiк, жиiлiктерi кейiнiрек тағайындалатын қызмет станцияларынан зиянды бөгеуiлдерден қорғанысты талап ете алады.
Бiр категория (бiрiншi, екiншi реттiк) iшiнде қызметтер француз аттарына сәйкес алфавит тәртібімен қойылады. Бiр категория деңгейiнде, тiзiмде алып тұрған орны олардың салыстырмалы артықшылығын көрсетпейдi.
Егер, Кесте iшiндегi үлестiрiмге жақша iшiндегi қосымша қосылатын болса, онда бұл қызметке үлестiрiлу көрсетiлген жұмыс түрiмен шектелелi.
Қызмет аттарынан кейiн берiлген немесе осы жолақ бөлiнген қызметтерге Кесте iшiнде көрсетiлген ескертпе номерлерi бүкiл үлестiрiлiмге толығымен қатысты.
Қызмет атының оң жағынан берiлген ескертпе номерлерi тек осы нақты қызметке қатысты.
Кейбiр жағдайларда, мәтiн аумағын қысқарту мақсатымен, жиiлiктер үлестiру кестесiнiң ескертпелерiндегi ел аттары қысқартылған түрде берiледi. Ескертпе мәтiндерi 3.2 бөлiмiнде келтiрiлген.
2. Жиiлiк жолақтарын Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi
арасында үлестiру Кестесi
Ашық кiтаптiң оң жақ бөлiгінің бiрiншi (сол жақ) бағанында Қазақстан Республикасы радиоқызметтерiне жиiлiк жолақтарын үлестiру, сонымен қатар, Кестеде жиiлiк жолақтарын (номиналдарын) Қазақстан Республикасының радиоэлектрондық жабдықтары пайдалануының шарттарын анықтай түсетiн жол асты ескертпе номерлерi келтiрiлген.
Ескертпелер келесi топтарға бөлiнген:
S5.nnn - Қазақстан Республикасында мiндеттi түрде пайдаланылатын Радиобайланыс Регламентi Кестесiне ескертпе;
Кnn - Қазақстан Республикасы радиоқызметтерi арасындағы жиiлiктер жолағын үлестiру Кестесiне ұлттық ескертпелер.
Ескертпе мәтіндерi 3.2 және 3.3 бөлiмдерiнде берiлген.
"Категория" бағанында жиiлiктер жолағын пайдалану категориялары көрсетiледi, яғни:
YК - негізiнен үкiметтiк радиоэлектрондық жабдықтарға пайдалануға арналған жиiлiктер жолағы;
АЗ - негізiнен азаматтық (үкiметтiк емес) радиоэлектрондық жабдықтарды пайдалануға арналған жиiлiктер жолағы;
БР - үкiметтiк және азаматтық радиоэлектрондық жабдықтарды бiрiге пайдалануына арналған жиiлiктер жолағы;
"Ескертпе" бағаны жиiлiктер жолағын пайдалану туралы қосымша мағлұматтар енгізуге арналған.
2. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
3. Жалпы терминдер
Электробайланыс: кез келген белгілердi, сигналдарды, жазба мәтiндерiн, бейнелер мен дыбыстарды немесе хабарларды сым бойымен, радиомен, оптикалық жолмен немесе басқа электрмагниттiк жүйелермен тарату, сәулелену немесе қабылдау.
Сәулелену: жасалынған радиация немесе радиотаратушы станциямен радиация жасау.
Радиация: кез келген нүктеден шыққан радиотолқындар түрiндегi энергия ағыны.
Радио: радиотолқындарды қолданғанда пайдаланылатын жалпылама термин.
Радиотолқындар немесе Герц толқындары: кеңістікте жасанды толқынжолсыз таралатын, жиiлiгi 3000 ГГц шамадан төмен шектелетiн электрмагниттiк толқындар.
Радиобайланыс: радиотолқындар арқылы жасалатын электрбайланыс.
Метеорлық радиобайланыс: иондалған метеор iздерiнен шағылысу барысында таралатын радиотолқындар негізiндегi электрбайланыс.
Жер бетiндегi радиобайланыс: ғарыштық радиобайланыс пен радиоастрономиядан өзге кез келген радиобайланыс.
Ғарыштық радиобайланыс: бiр немесе бiрнеше ғарыштық станцияны немесе, бiр немесе бiрнеше шағылыстырғыш станциялар мен басқа да ғарыштық объектiлердi пайдаланатын кез келген радиобайланыс.
Радиоанықтама: радиотолқындар тарауының қасиеттерiне сүйене отырып, объектiлердiң тұрған орнын, жылдамдығын және/немесе басқа да сипаттамаларын, болмаса олар туралы мағлұматтар алу.
Радионавигация: навигация мақсатында, сонымен бiрге бөгеттердi табу үшiн пайдаланылатын радиоанықтама.
Радиолокация: радионавигациядан басқа мақсаттарда пайдаланылатын радиоанықтама.
Радиоторуыл: станцияның немесе объектiнiң тұрған бағытын табу үшiн радиотолқындар қабылдауды пайдаланатын радиоанықтама.
Радиоастрономия: ғарыштық радиотолқындарды қабылдау негiзiндегi астрономия.
Өнеркәсiптiк, ғылыми және медициналық (ӨҒМ) пайдалану (радиожиiлiктiк энергияны): қондырғылар мен аспаптардың радиожиiлiктiк энергиясының, электрбайланыс бағытын қоспағанда, өнеркәсiпте, ғылымда, медицинада, тұрмыста немесе соған ұқсас мақсаттарда өндiру және жергілiктi пайдалану үшiн жұмыс iстеуi.
4. Радиоқызметтер
Радиобайланыс қызметi: белгiлi бiр электрбайланыс мақсатында осы Бөлiмде анықталған радиотолқындарды таратуды, сәулеленудi және/немесе қабылдауды қосатын қызмет.
Бекiтiлген қызмет: белгiлi бiр бекітілген пункттер арасындағы радиобайланыс қызметi.
Бекiтiлген жер серiктiк қызмет: жер бетiндегi белгiлi бiр орындарда орналасқан станциялардың, бiр немесе бiрнеше жер серiктерiн пайдаланатын радиобайланыс қызметi, берiлген орналасу орны белгілi бiр бекітілген орынды немесе белгiлi бiр аймақтарда орналасқан кез келген орынды көрсетедi, кейбір жағдайларда бұл қызмет жер серiгi мен жер серiгi жолдарын қосып, жер серiктер арасындағы қызметтердi пайдаланылуы мүмкiн; бекітілген жер серiктiк қызметке басқа да ғарыштық радиобайланыс қызметiнiң фидер жолдары да кiруi мүмкiн.
Жер серiк аралық қызмет: жасанды жер серiктер аралық байланысын қамтамасыз ететін радиобайланыс қызметi.
Ғарыштық пайдалану қызметi: тек қана ғарыш кемелерiн пайдалануға, оның iшiнде нысаналарды ғарыштық iздеуге, ғарыштық темеөлшем мен ғарыштық телебасқаруға арналған радиобайланыс қызметi.
Бұл функциялар әдетте ғарыш станциясы жұмыс iстейтiн қызмет шеңберiнде ғана қамтамасыз етiледi.
Жылжымалы қызмет: жылжымалы және құрылықтағы станциялар немесе жылжымалы станциялар арасындағы радиобайланыс қызметi.
Жылжымалы жер серiктiк қызмет:
- жылжымалы жер бетiндегi станциялар мен бiр немесе бiрнеше ғарыштық станциялар арасында немесе осы қызметті пайдаланатын ғарыштық станциялар арасында;
немесе
- жылжымалы жер бетiндегi станциялар арасындағы бiр немесе бiрнеше ғарыштық станциялар арқылы жасалынатын радиобайланыс қызметi. Бұл қызметке оның жұмыс iстеуiне қажетті фидер жолдары да жатуы мүмкiн.
Құрылықтық жылжымалы қызмет: базалық станциялар мен құрылықтағы жылжымалы станциялар немесе құрылықтағы жылжымалы станциялар арасындағы жылжымалы қызмет.
Құрылықтық жылжымалы жер серiктiк қызмет: жер бетiндегi жылжымалы станциялары құрылықта орналасқан жылжымалы жер серiктiк қызмет.
Теңiздiк жылжымалы қызмет: жағалық және кемелiк станциялар арасындағы жылжымалы қызмет немесе кемелiк станциялар арасындағы, немесе бiр бiрiмен өзара әрекеттес кеме iшiнара байланыс станциялары, құтқарушы жабдықтар станциялары мен радиомаяк станциялары - бақытсыздыққа ұшырау орындарын көрсеткіштер де осы қызметке қатыса алады.
Теңiздiк жылжымалы жер серiктiк қызмет: жылжымалы жер бетiнiң станциялары теңiз кемелерiнiң борттарында орналасқан жылжымалы жер серiктiк қызмет; құтқарушы жабдықтар станциялары мен радиомаяк станциялары - апатқа ұшырау орындарын көрсеткiштер де осы қызметке қатыса алады.
Әуелiк жылжымалы қызмет: әуелiк жылжымалы қызметтiң тұрақты станциялары мен әуелiк кемелер станциялары арасындағы, немесе құтқару жабдықтар станциялары қатыса алатын әуелiк кемелер станцияларының өз арасындағы жылжымалы қызмет; радиомаяк станциялары - апатқа ұшырау орындарын көрсеткiштер де қауiп пен апатқа ұшыраудың белгiлi бiр жиiлiктерiнде осы қызметке қатыса алады.
Әуелiк жылжымалы (R)* қызмет: байланыс үшiн қор ретiнде қалдырылған, негізiнен ұлттық немесе халықаралық азаматтық әуе жолдарындағы ұшулар сақтығы мен тұрақтылығына қатысты әуелiк жылжымалы қызмет.
Әуелiк жылжымалы (OR)** қызмет: байланысқа арналған, негізiнен ұлттық немесе халықаралық азаматтық әуе жолдарынан бөлек байланыстарды да қамтитын, ұшуларды үйлестiруге қатысты әуелiк жылжымалы қызмет.
Жер серiктік әуелiк жылжымалы қызмет: жылжымалы жер бетінiң станциялары әуе кемелерiнiң борттарында орнатылған жылжымалы жер серiктiк қызмет; құтқарушы жабдықтар станциялары мен радиомаяк станциялары - апатқа ұшырау орындарын көрсеткiштер де осы қызметке қатыса алады.
Жер серiктiк әуелiк жылжымалы (R) қызмет: байланыс үшiн қор ретiнде қалдырылған, негiзiнен ұлттық немесе халықаралық азаматтық әуе жолдарындағы ұшулар сақтығы мен тұрақтылығына қатысты жер серiктiк әуелiк жылжымалы қызмет.
Жер серiктiк әуелiк жылжымалы (OR) қызмет: байланысқа арналған, негізiнен ұлттық немесе халықаралық азаматтық әуе жолдарынан бөлек байланыстарды да қамтитын, ұшуларды үйлестiруге қатысты жер серiктік әуелiк жылжымалы қызмет.
Радиохабар тарату қызметi: хабар таратылуы көпшiлiктiң тiкелей қабылдауына арналған радиобайланыс қызметi. Бұл қызмет дыбыс таратуды, теледидар және басқа түрлi хабарларды таратуды қамтамасыз ете алады.
Жер серiктiк радиохабар тарату қызметi: ғарыш станцияларымен берiлетiн немесе таратылатын сигналдардың тiкелей көпшiлiктiң қабылдауына арналған радиобайланыс қызметі.
Жер серiктiк радиохабар тарату қызметiнде "тiкелей қабылдауға" жеке қабылдау да, ұжымдық қабылдау да жатады.
____________________________
* (R): трассада
** (ОR): трасса сыртында
Радиоанықтама қызметi: радиоанықтау мақсаттарына арналған радиобайланыс қызметi.
Радионавигациялық қызмет: радионавигация мақсаттарына арналған радиоанықтама қызметi.
Жер серiктiк радионавигациялық қызмет: радионавигация мақсаттарына арналған жер серiктiк радиоанықтама қызметi.
Сонымен қатар бұл қызметке, жұмыс атқаруға қажеттi фидер жолдары да жатады.
Теңiздiк радионавигациялық қызмет: теңiз кемелерiне қызмет көрсету мен оларды қауіпсiз пайдалануға арналған радионавигациялық қызмет.
Әуелiк радионавигациялық қызмет: әуе кемелерiне қызмет көрсету мен оларды қауіпсiз пайдалануға арналған радионавигациялық қызмет.
Әуелiк жер серiктiк радионавигациялық қызмет: жер бетiнiң станциялары әуе кемелерінің борттарында орналасқан жер серiктік радионавигациялық қызмет.
Радиолокациялық қызмет: радиолокация мақсаттарына арналған радиоанықтама қызметi.
Метеорологиялық қосалқы қызмет: гидрологияны қоса есептегендегі метеорологияға пайдаланылатын бақылаулар мен зерттеулердiң радиобайланыс қызметi.
Жер серiктiк Жердi зерттеу қызметi: жер бетiнiң станциялары мен бiр немесе бiрнеше ғарыш станцияларының арасындағы, ғарыш станцияларының арасындағы жолдарды қосатын, радиобайланыс қызметi:
- Жер серiктерiне орнатылған әрекеттi және әрекеттi емес датчиктердiң көмегiмен алынатын, қоршаған ортаның күйiн қоса есептегендегі Жердiң сипаттамалары мен оның табиғи құбылыстарына қатысты деректер;
- бұған ұқсас хабарлар Жер бетiнде немесе әуедегi орналасқан платформалардан жиналады;
- мұндай хабарлар тиiстi жүйелерге тән жер бетiнiң станцияларына берiлуi мүмкін;
- платформаларға сұраныс жасалуы мүмкiн.
Бұл қызметке оның жұмыс iстеуiне қажеттi фидер жолдары да жатуы мүмкiн.
Метеорологиялық жер серiктік қызмет: метеорологияға қажеттi Жердi зерттеудiң жер серiктiк қызметi.
Стандарт жиiлiктер мен уақыт сигналдары қызметi: белгілi бiр жиiлiктер, уақыт сигналдары немесе екеуi де жоғары дәлдiкте орнатылған ғылыми, техникалық және басқа да мақсаттарда таратуды қамтамасыз ететін, жалпылама қабылдауға арналған радиобайланыс қызметi.
Жер серiктiк стандарт жиілiктер мен уақыт сигналдары қызметi: Жер серiктерiнде орнатылған ғарыш станцияларын пайдаланатын стандарт жиіліктер мен уақыт сигналдары қызметi мақсаттарында да қолданылатын, радиобайланыс қызметi.
Бұл қызметке оның жұмыс iстеуiне қажетті фидер жолдары да жатуы мүмкiн.
Ғарыштық зерттеу қызметi: ғарыш станциялары мен басқа да объектiлердiң ғарышта ғылым мен техникалық зерттеулер мақсатында қолданылатын радиобайланыс қызметi.
Әуесқойлық қызмет: әуесқойлардың, яғни қажеттi рұқсаттары бар, радиотехникамен пайда табу үшiн емес, тек жеке басының қызығушылығына байланысты айналысатын, өзiн өзi жетiлдiруге, өзара байланыс және техникалық зерттеу жүргiзу мақсаттарында пайдаланылатын радиобайланыс қызметi.
Жер серiктiк әуесқойлық қызмет: жер серiктерiнде орналасқан ғарыш станцияларын әуесқойлық қызмет мақсаттарында пайдаланатын радиобайланыс қызметi.
Радиоастрономия қызметi: радиоастрономияны пайдалануды iске асыратын қызмет.
Қауіпсіздiк қызметi: адамның немесе оның мүлкiнiң тұрақты немесе уақытша қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын кез келген радиобайланыс қызметi.
5. Радиостанциялар мен жүйелер
Станция: радиобайланыс немесе радиоастрономия қызметiн қамтамасыз ететін, белгiлi бiр жерде қажеттi, қосалқы қондырғыларын қоса есептегендегi, бiр немесе бiрнеше таратқыштар немесе қабылдағыштар, әлде, таратқыштар мен қабылдағыштардың жиынтық тобы.
Әр станция өзiнiң атқаратын тұрақты немесе уақытша қызметiне сай топтастырылады.
Жер бетiндегi станция: жер бетiндегi радиобайланысты қамтамасыз ететiн станция.
Қаралып отырған кестеде, ерекше ескертiлмеген жағдайда, кез келген станция жер бетiнiң станциясы болып есептелiнедi.
Жердегi станция. Жер бетiнде немесе атмосфераның негізгi бөлiгiнде орналасқан.
- бiр немесе бiрнеше ғарыш станцияларымен; немесе
- бiр немесе бiрнеше өзіне ұқсас станцияларымен, бiр немесе бiрнеше шағылыстырғыш жер серiктерi немесе аспандағы басқа да объектілердiң көмегiмен байланысқа арналған станция.
Ғарыш станциясы: Жер атмосферасының шегінен ары жайғасқан немесе сол шектерден ары шығуға арналған объектiде орналасқан станция.
Құтқару жабдықтар станциясы: тек қана құтқару мақсаттарына арналған құтқару қайықтарында, салдарында немесе басқа да құтқару құралдарында орнатылған теңiздiк немесе әуелiк жылжымалы қызметтердiң жылжымалы станциясы.
Бекiтілген станция: бекітілген қызмет станциясы.
Әуелiк бекітілген станция: әуелiк бекітілген қызмет станциясы.
Жылжымалы станция: анықталмаған пунктердегi қозғалыс пен аялдама кезiндегi жұмыстарға арналған жылжымалы қызмет станциясы.
Жылжымалы жер бетiнiң станциясы: анықталмаған пунктердегi қозғалыс пен аялдама кезiндегi жұмыстарға арналған жылжымалы жер серiктiк қызметтiң жер бетiндегi станциясы.
Құрылықтық станция: қозғалыс кезiндегi жұмыстарға арналмаған жылжымалы қызмет станциясы.
Жер бетiнiң құрылықтық станциясы: белгілi бiр бекітілген пунктте немесе құрылықтағы белгілi бiр аймақта орналасқан жылжымалы жер серiктiк қызметтiң фидер жолдарын қамтамасыз ететiн бекiтілген жер серiктiк қызметтiң жер бетiндегi немесе кейбір жағдайларда жылжымалы жер серiктiк қызметтiң жер бетiндегi станциясы.
Базалық станция: құрылықтық жылжымалы қызметтiң құрылықтық станциясы.
Жер бетiндегi базалық станция: белгілі бiр бекітілген пунктте немесе құрылықтың белгiлi бiр аймағында құрылықтық жылжымалы жер серiктiк қызметтiң фидер жолдарымен қамтамасыз ету үшiн орналасқан бекітілген жер серiктiк жылжымалы қызметтiң немесе, кейбір жағдайларда, құрылықтық жылжымалы жер серiктiк қызметтiң жер бетiндегi станциясы.
Құрылықтық жылжымалы станция: жер бетiнiң географиялық елдер шекаралары немесе құрылықтар арасында ауыса алатын жылжымалы құрылықтық қызметтiң жылжымалы станциясы.
Құрылықтық жылжымалы жер бетiнiң станциясы: жер бетiнiң географиялық елдер шекаралары немесе құрылықтар арасында ауыса алатын құрылықтық жылжымалы жер серiктiк қызметiнiң жылжымалы жер бетi станциясы.
Жағалық станция: теңiздiк жылжымалы қызметтiң құрылықтық станциясы.
Жағалық жер бетiндегi станция: фидер жолдарымен теңiздiк жылжымалы жер серiктiк қызметтi қамтамасыз ету үшiн белгілi бiр бекітілген құрылықтағы пунктте орналасқан бекітілген жер серiктiк қызметтiң жер бетiндегi немесе кейбір жағдайларда теңіздiк жылжымалы жер серiктiк қызметтiң жер бетiндегi станциясы.
Кемелiк станция: кеме бортына орналасқан, құтқару жабдықтар станцияларына жатпайтын, бiр орында тұрақты бекітілмеген, теңiздiк жылжымалы қызметтiң жылжымалы станциясы.
Жердегi кеме станциясы: кеме бортына орналасқан теңiздiк жылжымалы жер серiктiк қызметтiң жерде орналасқан жылжымалы станциясы.
Кеме iшiнiң байланыс станциясы: кеменiң iшкi байланысына арналған немесе кеме мен құтқару қайықтары және құтқару салдарының арасындағы, құтқару жабдықтарының жаттығулары немесе құтқару әрекеттерi кезiндегі байланысқа арналған немесе итерiлетiн және тiркеуге алу кемелерiнiң байланыстары үшiн, сонымен бiрге жағаға жақындап, арқандау кездерiнде нұсқаулар беру үшiн кеме бортына орналасқан теңiздік жылжымалы қызметтiң аз қуатты жылжымалы станциясы.
Әуелiк жылжымалы қызметтің тұрақты станциясы: әуелiк жылжымалы қызметтің құрылықтық станциясы.
Кейбiр жағдайларда, әуелiк жылжымалы қызметтің тұрақты станциясы теңiз кемесiнiң бортына немесе теңiз платформасына орнатылуы мүмкiн.
Әуелiк кеме станциясы: әуе кемесiнiң бортына орнатылған, құтқару жабдықтары станцияларының қатарына жатпайтын, әуелiк жылжымалы қызметтiң жылжымалы станциясы.
Әуе кемесiнiң жер бетiндегi станциясы: әуе кемесiнiң бортына орнатылған, әуелік жылжымалы жер серiктік қызметтiң жер бетiндегi жылжымалы станциясы.
Радиохабар станциясы: радиохабарларды тарату қызметiнiң станциясы.
Радиоанықтама станциясы: радиоанықтау қызметiнiң станциясы.
Радиомаяк станциясы: сәулеленуi жылжымалы станцияның өзiнiң торуыл бағытын немесе радиомаяк станциясының бағытына қатынасын анықтайтынрадионавигация қызметiнiң станциясы.
Бақытсыздыққа ұшырау орнының радиомаяк-көрсеткiш станциясы: сәулеленуi iздеу мен құтқару әрекеттерiн жеңiлдететiн жылжымалы қызмет станциясы.
Бақытсыздыққа ұшырау орнының радиомаяк-көрсеткіш жер серiктiк станциясы: сәулеленуі iздеу мен құтқару әрекеттерiн жеңілдететін жылжымалы жер серiктiк қызметтiң жер бетiндегi станциясы.
Әуесқойлық станция: әуесқойлық қызмет станциясы.
Радиоастрономиялық станция: радиоастрономиялық қызмет станциясы.
Кемелік апаттық таратқыш: тек қана апаттық жиiлiктерінде, апаттық немесе апаттық жағдайларға байланысты, олардың шұғылдығы мен қауіпсiздiгiне байланысты пайдаланылатын кемелiк таратқыш.
Радар: эталондық сигналдарды iзделiнiп отырған орындардан шағылысқан немесе қайта таратылған радиосигналдармен салыстыра отырып табуға негiзделген радиоанықтау жүйесi.
Радиолокациялық маяк-жауапбергіш (ракон): бекітілген навигациялық белгімен байланысты, РЛС-тен (радар) сигнал қабылдағанда, автоматты түрде сұраушы радардың экранында, қашықтық торуыл және тану туралы деректермен қамтамасыз ететiн айырмашылықты сигнал беретiн, қабылдау-таратқыш құрылғы.
Стандарт жиiлiктер мен уақыт сигналдары станциясы: стандарт жиiлiктер мен уақыт сигналдары қызметiнiң станциясы.
Маркерлiк маяк: әуе кемесiн өз орнын көрсететiн мәлiметпен қамтамасыз ететiн, тiктен тiк өзгеше түрлi радиотолқын сәулесiн шығаратын, әуелiк радионавигациялық қызметтiң таратқышы.
Радиобиiктiк өлшегiш: әуе кемесiнiң немесе ғарыш кемесiнiң бортына орнатылған, әуе кемесiнiң немесе ғарыш кемесiнiң жер немесе басқа да беттен биiктiгiн өлшейтiн радионавигациялық қондырғы.
Фидер жолы: ғарыш станциясына дейiн немесе керi бағытта, анықталған орында орналасқан, бекітілген жер серiктiк қызметке жатпайтын, ғарыштық радиобайланыс туралы ақпарат беретiн, жер бетiнiң станциясынан шығатын радиожол.
Анықталған орын белгiлi бiр белгiленген пунктте немесе анықталған аймақтың шегіндегi кез келген белгіленген пунктте болуы мүмкiн.
Бөгеуiл: бiр немесе бiрнеше сәулеленуден, радиациядан немесе индукциядан туындайтын, сапаның кез келген нашарлауынан, қателер мен ақпараттарды жоғалтуға әкелуiнен көрiнетiн, мұндай энергияның болмаған кезiнде, олардан арылу мүмкiндiгi болатын, радиобайланыс жүйесiнiң қабылдау кезiндегі күтiлмеген энергияның әсерi.
Зиянды бөгеуiл: радионавигациялық қызметке немесе басқа да қауіпсiздiк қызметтерiне кесiрiн тигiзетiн немесе сапаны әжептеуiр төмендететiн, немесе осы Кестеге сәйкес жұмыс iстейтiн радиобайланыс қызметiн әлденеше рет үзетiн немесе қиындататын бөгеуiл.
6. Ғарышқа қатысты терминдер
6
Алыс ғарыш: Жерден 2 х 10 км немесе одан артық қашықтықтағы ғарыш кеңiстiгi.
Жер серiгi, берiлген үлкен массалы дененi айналатын, қозғалысы негізiнен тұрақты түрде сол дененiң тартылыс күшiмен анықталатын дене.
Шағылыстырғыш жер серiгi: радиобайланыс сигналдарын шағылыстыруға арналған жер серiгi.
Әрекеттi датчик: Жер серiктік немесе ғарыштық зерттеу қызметiндегi мәлiметтердi радиотолқындар тарату мен қабылдау негiзiнде алатын өлшегiш аспап.
Әрекеттi емес датчик: Жер серiктiк немесе ғарыштық зерттеу қызметiндегi мәлiметтердi табиғи текті радиотолқындар қабылдау негiзiнде алатын өлшегіш аспап.
Геосинхрондық жер серiгi: айналу периоды Жердiң өз осiмен айналу периодына тең жер серiгi.