S5.542 Қосымша таратылу: Алжир, Сауд Аравиясы, Бахрейн, Бангладеш,
Бруней-Даруссалам, Камерун, Қытай, Конго, Корей Республикасы,
Египет, Біріккен Араб Эмираттары, Эритрея, Эфиопия, Гвинея,
Индия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Жапония, Иордания, Кувейт,
Ливан, Малайзия, Мали, Марокко, Мавритания, Непал, Пакистан,
Филиппин, Катар, Сирия, Корей Халық-Демократиялық Республикасы,
Сомали, Судан, Шри-Ланка және Чадта 29.5 - 31 ГГц жолағы,
сондай-ақ бекітілген және жылжымалы қызметке екінші реттік
негізде үлестірілген. S21.3 және S21.5 п. көрсетілген қуат
шектеулері қолданылуы керек.
S5.543 29.95 - 30 ГГц жолағы жер серіктік Жерді зерттеу қызметінің
ғарыш-ғарыш жолдарында телеметрия, із түсу мен басқару мақсатында
екінші реттік негізде пайдаланылады.
S5.544 31 - 31.3 ГГц жолағы ғарыштық зерттеу қызметтерінде S21 Бабында,
S21-4 Кестесінде көрсетілген қуат ағынының тығыздығын шектеуде
пайдаланылады.
S5.545 Қызметтің басқа категориясы: Армения, Әзербайжан, Беларусь,
Болгария, Қазақстан, Монғолия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан,
Түркменстан және Украинада 31 - 31.3 ГГц жолағы ғарыш зерттеу
қызметіне бірінші реттік негізде үлестірілген (S5.33 п. қара).
S5.546 Қызметтің басқа категориясы: Сауд Аравиясы, Армения, Әзербайжан,
Беларусь, Болгария, Египет, Біріккен Араб Эмираттары, Испания,
Эстония, Финляндия, Грузия, Венгрия, Иран Ислам Республикасы,
Израиль, Иордания, Қазақстан, Латвия, Ливан, Молдова, Монғолия,
Өзбекстан, Польша, Сирия, Қырғызстан, Румыния, Біріккен
Корольдіктер, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Түркия және
Украинада 31.5- 31.8 ГГц жолағы бекітілген және жылжымалы
қызметтерге, әуелік жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік
негізде бөлінген (S5.33 п. қара).
S5.547 31.8 - 33.4 ГГц, 51.4 - 52.6 ГГц, 55.78 - 59 ГГц және 64 - 66 ГГц
жолақтары бекітілген қызметте жоғары тығыздық жағдайында
пайдаланылады (726 Қарарын (ДКР-97) қара).
S5.547А 31.8 - 33.4 ГГц жолағының бекітілген қызметте пайдаланылуы 126
Қарарына (ДКР-97) сай болуы тиіс.
S5.547В Ауыстырылымды таратылу: Америка Құрама Штаттарында 31.8 - 32
жолағы радионавигациялық және ғарыштық зерттеулер (алыс ғарыш)
(ғарыш-Жер) қызметтеріне бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.547С Ауыстырылымды таратылу: Америка Құрама Штаттарында 32 - 32.3
жолағы жер серік аралық, радионавигациялық және ғарыштық
зерттеулер (алыс ғарыш) (ғарыш-Жер) қызметтеріне бірінші реттік
негізде үлестірілген.
S5.547D Ауыстырылымды таратылу: Америка Құрама Штаттарында 32.3 - 33
жолағы жер серік аралық және радионавигациялық қызметтерге
бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.547Е Ауыстырылымды таратылу: Америка Құрама Штаттарында 33 - 33.4
жолағы радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.548 32 - 33 ГГц жолағында жер серік аралық және радионавигациялық
қызметтерді, 31.8 - 32.3 ГГц жолағында ғарыш зерттеу қызметін
(алыс ғарыш) жобалағанда, әкімшіліктер барлық мүмкіншілікті
шараларды, радионавигациялық қызметтің жан-жақты қауіпсіздігін
ескере отырып (707 Ұсыныстарын қара), бұл қызметтер арасында
зиянды бөгеуілдер тудырмауы үшін пайдалануы керек.
S5.549 Қосымша таратылу: Сауд Аравиясы, Бахрейн, Бангладеш, Египет,
Біріккен Араб Эмираттары, Габон, Индонезия, Иран Ислам
Республикасы, Ирак, Израиль, Иордания, Кувейт, Ливан, Ливия,
Малайзия, Мали, Мальта, Марокко, Мавритания, Непал, Нигерия,
Оман, Пакистан, Филиппин, Катар, Сирия, Сенегал, Сингапур,
Сомали, Судан, Шри-Ланка, Того, Тунис, Йемен және Заирде 33.4 -
36 ГГц жолағы, сондай-ақ бекітілген және жылжымалы қызметтерге
бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.550 Қызметтің басқа категориясы: Армения, Әзербайжан, Беларусь,
Болгария, Қазақстан, Монғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей,
Тәжікстан, Түркменстан және Украинада 34.7 - 35.2 ГГц жолағы
ғарыш зерттеу қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген (S5.33 п.
қара).
S5.551 Пайдаланылмайды.
S5.551А 35.5 - 36.0 ГГц жолағында жер серіктік Жерді зерттеу және ғарыш
зерттеу қызметтерінің әрекетті ғарыш сезбектері, не зиянды
бөгеуілдер тудырмауы, не қорғанысты талап етпеуі, не қандай да
болмасын жағдаймен жұмысқа немесе бірінші реттік негізде
үлестірілген радиолокациялық, қосалқы метеорологиялық және де
басқа қызметтердің дамуына шектеу тудырмауы тиіс.
S5.551В 41.5 - 42.5 ГГц жолағын бекітілген жер серіктік қызметке
(ғарыш-Жер) пайдалану 128 Қарарына (ДКР-97) сәйкес жүргізіледі.
S5.551С Ауыстырылымды таратылу: 2 және 3 Аймақтардағы Француз теңіз арғы
территорияларында, Корей Республикасы және Индияда 40.5 - 42.5
ГГц жолағы радиохабар, жер серіктік радиохабар және бекітілген
қызметтерге бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.551D Қосымша таратылу: Алжир, Сауд Аравиясы, Бахрейн, Бенин, Камерун,
Египет, Біріккен Араб Эмираттары, Израиль, Иордания, Кувейт,
Ливан, Ливия, Мали, Марокко, Мавритания, Нигерия, Оман, Катар,
Сирия, Тунис және Йеменде 40.5 - 42.5 ГГц жолағы, сондай-ақ
бекітілген жер серіктік қызметке (ғарыш-Жер) бірінші реттік
негізде бөлінген. Бұл жолақты бекітілген жер серіктік қызметке
пайдалану 134 Қарарына (ДКР-97) сәйкес жүргізілуі керек.
S5.551Е 40.5 - 42.5 ГГц жолағын бекітілген жер серіктік қызметке
пайдалану 134 Қарарына (ДКР-97) сәйкес жүргізілуі керек.
S5.551F Қызметтің басқа категориясы: Жапонияда жылжымалы қызметке бөлу
41.5 - 42.5 Ггц жолағында бірінші реттік негізде жүргізілген
(S5.33 п. қара).
S5.552 Жер-ғарыш бағытында бекітілген жер серіктік қызметке бөлінген
42.5 - 43.5 ГГц және 47.2 - 50.2 ГГц жолақтарының жалпы ені, жер
серіктік радиохабар қызметінің фидер жолдарын қамтамасыз ету үшін
ғарыш-Жер таратуларының 37.5 - 39.5 ГГц жолағын үлкен.
Әкімшіліктер, жер серіктік радиохабар қызметінің фидер жолдарына
47.2 - 49.2 ГГц жолағын қор ретінде қамтамасыз ету үшін барлық
мүмкіншілікті шараларды қолдануы қажет.
S5.552А 47.2 - 47.5 ГГц және 47.9 - 48.2 ГГц жолақтарын бекітілген
қызметке бөлу үлкен биіктікте орналасқан платформаларда жұмыс
істейтін станцияларға арналған. 47.2 - 47.5 ГГц және 47.9 - 48.2
ГГц жолақтары 122 Қарарының ережелеріне сәйкес пайдаланылады.
S5.553 43.5 - 47 ГГц, 66 - 71 ГГц, 95 - 100 ГГц, 134 - 142 ГГц, 190 -
200 Ггц және 252 - 265 ГГц жолақтарында құрылықтық жылжымалы
қызмет станциялары жұмыс істей алады, егер олар осы жолақтар
бөлінген (S5.43 п. қара) ғарыштық радиобайланыс қызметтеріне
зиянды бөгеуілдер тудырмайтын болса.
S5.554 43.5 - 47 ГГц, 66 - 71 ГГц, 95 - 100 ГГц, 134 - 142 ГГц, 190 -
200 Ггц және 252 - 265 ГГц жолақтарында бекітілген пункттерде
орналасқан құрылықтық станцияларды байланыстыратын жер серіктік
жолдарға рұқсат етілген, егер бұл жолдар жылжымалы жер серіктік
немесе радионавигациялық жер серіктік қызметке пайдаланылатын
болса.
S5.555 Қосымша таратылу: 48.94 - 49.04 ГГц, 97.88 - 98.08 ГГц, 140.69 -
140.98 ГГц, 144.68 - 144.98 ГГц, 145.45 - 145.75 ГГц, 146.82 -
147.12 ГГц, 250 - 251 ГГц және 262.24 - 262.76 ГГц жолақтары,
сондай-ақ радиоастрономиялық қызметке бірінші реттік негізде
бөлінген.
S5.555А 50.2 - 50.4 ГГц жолағы, сондай-ақ бекітілген және жылжымалы
қызметтерге бірінші реттік негізде 2000 жылдың 1 шілдесіне дейін
бөлінген.
S5.556 51.4 - 54.25 ГГц, 58.2 - 59 ГГц, 64 - 65 ГГц, 72.77 - 72.91 ГГц
және 93.07 - 93.27 ГГц жолақтарда ұлттық жоспарларға сәйкес
радиоастрономиялық байқаулар жүргізуге болады.
S5.556А 54.25 - 56.9 ГГц, 57.0 - 58.2 ГГц және 59.0 - 59.3 ГГц жолақтарын
жер серіктік қызметте пайдалану геостационарлық орбитадағы жер
серіктерімен шектеледі. Жер бетінен 0 км-ден 1000 км-ге дейінгі
биіктікте жер серік аралық станцияның бар жағдайларда және барлық
түрлі модуляцияда жеке сәулелену қуат ағынының тығыздығы барлық
2
түсу бұрыштарында -147 дБ (Вт/м /100 МГц)-тен аспауы тиіс.
S5.556В 56.9 - 57 ГГц жолағын жер серік аралық қызметте пайдалану
геостационарлық орбитадағы жер серіктерінің аралық жолдарымен
және жоғарғы орбитадағы орналасқан жер серіктерінің төменгі
орбитадағы жер серіктеріне қарай геостационарлық емес жер
серіктерінің таратуларымен шектеледі. Геостационарлық орбитадағы
жер серіктерінің арасындағы жолдарда жер бетінен 0 км-ден 1000
км-ге дейінгі биіктікте бар жағдайларда және барлық түрлі
модуляцияда жеке сәулелену қуат ағынының тығыздығы барлық
2
түсу бұрыштарында -147 дБ (Вт/м /100 МГц)-тен аспауы тиіс.
S5.557 Қосымша таратылу: Жапонияда 55.78 - 58.2 ГГц жолағы, сондай-ақ
радиолокациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.557А Қосымша таратылу: Жапонияда 54.25 - 55.78 ГГц жолағы, сондай-ақ
жылжымалы қызметке төменгі тығыздықты жағдайда пайдалануға
бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.558 Жер серік аралық қызметке зиянды бөгеуілдер тудырмаған жағдайда
(S5.43 п. қара) 55.78 - 58.2 ГГц, 59 - 64 ГГц, 66 - 71 ГГц, 116 -
134 ГГц, 170 - 182 ГГц және 185 - 190 ГГц жолақтарында әуелік
жылжымалы қызмет станциялары жұмыс істеуіне болады.
S5.559 Жер серік аралық қызметке зиянды бөгеуілдер тудырмаған жағдайда
(S5.43 п. қара) 59 - 64 ГГц және 126 - 134 ГГц жолақтарында
радиолокациялық қызметтің әуе кемелеріндегі орналасқан радарлары
жұмыс істеуіне болады.
S5.560 Ғарыш кемелерінде орналасқан Жерді зерттеу және ғарыш зерттеу
қызметтерінің жер серіктік радарлары 78 - 79 ГГц жолағында
бірінші реттік негізде жұмыс істейді.
S5.561 84 - 86 ГГц жолағында бекітілген, жылжымалы және радиохабар
қызметтері, жер серіктік радиохабар қызметтерінде жиіліктер
тағайындауды жоспарлаудың сәйкес конференциясының шешімі бойынша
жұмыс істейтін жер серіктік радиохабар қызметіне зиянды
бөгеуілдер тудырмауы тиіс.
S5.562 94 - 94.1 ГГц жолағын пайдалану жер серіктік Жерді зерттеу
(әрекетті) және ғарыш зерттеу (әрекетті) қызметтерінде ғарыш
бұлттық радарларымен шектеледі.
S5.563 Қосымша таратылу: Біріккен Корольдіктер 182 - 185 ГГц жолағы,
сондай-ақ бекітілген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік
негізде бөлінген.
S5.564 Қосымша таратылу: Германия, Аргентина, Испания, Финляндия,
Франция, Индия, Италия және Нидерландта 261 - 265 ГГц жолағы,
сондай-ақ радиоастрономиялық қызметке бірінші реттік негізде
бөлінген.
S5.565 Әкімшіліктер 275 - 400 ГГц жолағын әрекетті және әрекетті емес
әртүрлі қызметтерді жобалауға және тәжірибелік жұмыстар жүргізуге
пайдалануына болады. Бұл жолақта әрекетті емес қызметтерде спектр
жолдарының мынандай өлшеулерін жүргізудің қажеттіліктері пайда
болды:
- радиоастрономиялық қызметте: 278 - 280 ГГц және 343 - 348 ГГЦ;
- ғарыш зерттеу (әрекетті емес) және жер серіктік Жерді зерттеу
(әрекетті емес) қызметтері: 275 - 277 ГГц, 300 - 302 ГГц, 324 -
326 ГГц, 345 - 347 ГГц, 363 - 365 ГГц және 379 - 381 ГГц.
Бұл аз зерттелген спектр аралығында болашақ ғылыми зерттеулер,
әрекетті емес қызметтерге қажетті болатын қосымша спектр жолдары
мен үздіксіз жолақтарды табуы мүмкін. Келесі салиқалы
дүниежүзілік конференция өткізілгенше, әкімшіліктер бұл әрекетті
емес қызметтерді зиянды бөгеуілдерден қорғау үшін барлық
мүмкіншілікті шараларды қолдануы қажет.
9. Қазақстан Республикасы
радиоқызметтер арасында жиіліктер жолағын
үлестіру кестесіне
Ұлттық Ескертпелер
К1 3 - 145 кГц жолағын пайдаланғанда, бұл жолақта әуелік байланыс
жолдарының жоғары жиілікті тығыздау аппаратурасы жұмыс істейтінін
ескеру қажет. Байланыс операторларына жоғары жиілікті тығыздау
аппаратурасы қолданатын әуелік байланыс жолдарын бұл жолақтарда
пайдалануға енгізбеу қатаң ұсынылады.
К2 24 - 1000 кГц жолағында жиілiктер тағайындағанда, бұл жолақтың
жоғары вольттық электр тасымалдау жолдарындағы жоғары жиiліктік
тығыздауда аз арналы телефон байланысының диспетчерлiк
аппаратурасында, жоғары вольттық қондырғыларының релелiк қорғаныс
сигналдарын беру және энергия жүйелерінің апатқа қарсы
автоматикасында пайдалынылатынын ескеру қажет.
К3 65.(6) - 67.(6) кГц жолағы стандартты жиiлiктер және уақыт
сигналдар қызметiне, сонымен қатар, радиохабар станциялар
желiлерiн синхронды басқару сигналдарына тағайындалған.
К4 68 - 88 кГц (орталық жиiлiгi 78 кГц) және 110 - 130 кГц (орталық
жиiлiгi 120 кГц) жолақтарын, радиоқызметтер тарапынан туындайтын
зиянды бөгеуiлдерден қорғанысты талап етпеген жағдайда, сымдар
бойымен көп хабар таратудың программалық жүйесiнде пайдалануға
болады.
К5 130 - 148.5 кГц және 495 - 505 кГц жолақтары әуелiк
радионавигациялық қызметтің амортизациялық мерзiмi бiткенге дейiн
пайдаланылады.
К6 148.5 - 283.5 кГц және 526.5 - 1606.5 кГц жолақтары әуелiк
радионавигациялық қызметте радионавигациялық қызметтегi
бөгеуiлдердi жою жағдайында және авиацияда ұшу қауіпсiздiгiн
қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады. Бұл жолақтар әуелiк
радионавигациялық қызметте 2010 жылдың 1 қаңтарына дейiн
пайдаланылады.
К7 150 - 1750 кГц жолағын пайдалануда, бұл жолақта әуе қозғалысын
басқаратын және әуелiк радионавигациялық қызметтiң ұшу
қауіпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жетектi радиостанциялар
iстейтiнiн ескеру керек.
К8 Радиохабар қызметiне жиiлiктер тағайындау радиохабар
станцияларына жиіліктер пайдаланудың келісілген Жоспары бойынша
орындалады.
К9 500 кГц, 2174.5 кГц, 2182 кГц, 2187,5 кГц, 4125 кГц, 4177.5 кГц,
4207.5 кГц, 6215 кГц, 6268 кГц, 6312 кГц, 8291 кГц, 8376.5 кГц,
8414.5 кГц, 12290 кГц, 12520 кГц, 12577 кГц, 16420 кГц, 16695
кГц, 16804.5 кГц, 121.5 МГц, 156.525 МГц және 156.8 МГц
жиіліктерінде бақытсыздыққа, апатқа, тездік пен қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жағдайларына зиянды бөгеуілдер тудыратын кез
келген сәулеленулерге тыйым салынады.
К10 1606.5 - 1750 кГц жолағы әуелiк радионавигациялық қызметте 2010
жылдың 1 қаңтарына дейін пайдаланылады.
К11 1805 кГц жиiлігi теңіздік радионавигациялық қызметте