S5.458В Бекітілген жер серіктік қызметтерге 6700 - 7075 МГц жолағында
жиіліктер бөлгенде ғарыш-Жер жолына жылжымалы жер серіктік
қызметтің геостационарлық емес жер серіктік жүйелерінің фидер
жолдарымен шектеледі және 46 Қарарға (Қайта қаралған
ДКР-95)/S9.11А п. сәйкес үйлестірілуі тиіс.
6700 - 7075 МГц жолағын (ғарыш-Жер) жылжымалы жер серіктік
қызметтің геостационарлық емес жер серіктік жүйелерінің фидер
жолдарымен пайдалағанда S22.2 п. ережелері таралмайды.
S5.458С Бекітілген жер серіктік қызметтің геостационарлық жер серіктік
жүйелерін 7025 - 7075 МГц жолағында (Жер-ғарыш) 1995 жылдың 17
қарашасынан кейін ендірмекші әкімшіліктерге, ХЭҰ-Р Ұсыныстарының
негізінде, жер серіктік геостационарлық емес жүйелерді аталған
жолақта 1995 жылдың 18 қарашасына дейін мәлімдеген және ендірген
әкімшіліктермен, осы әкімшіліктердің сұранысы бойынша, кеңес
өткізуі қажет. Бұл кеңестер бекітілген жер серіктік қызметтің
геостационарлық жер серіктік жүйелерінің, сонымен қатар,
геостационарлық емес жер серіктік жүйелерінің аталған жолақта
бірге жұмыс істеуді жеңілдету мақсатында болуы керек.
S5.459 Қосымша таратылу: Ресейде 7100 - 7155 МГц және 7190 - 7235 МГц
жиілік жолақтары, сондай-ақ ғарыштық пайдаланым (Жер-ғарыш)
қызметіне, S9.21 п. бойынша келісім алған жағдайда, бірінші
реттік негізде үлестірілген.
S5.460 Қосымша таратылу: 14/п. S9.21 Бабы бойынша келісім алған
жағдайда, 7145 - 7235 МГц жолағы, сондай-ақ ғарыштық зерттеулер
(Жер-ғарыш) қызметіне бірінші реттік негізде үлестірілген. 7145 -
7190 МГц жолағын пайдалану алыс ғарышпен шектеледі; 7190 - 7235
МГц жолағында алыс ғарышқа ешқандай сәулелену болмауы керек.
S5.461 Қосымша таратылу: 14/п. S9.21 Бабы бойынша келісім алған
жағдайда, 7250 - 7375 МГц (ғарыш-Жер) және 7900 - 8025 МГц
(Жер-ғарыш) жолақтары, сондай-ақ жылжымалы жер серіктік қызметке
бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.461А 7450 - 7550 МГц жолағын метеорологиялық жер серіктік (ғарыш-Жер)
қызметке пайдалану геостационарлық жер серіктік жүйелермен
шектеледі. 1997 жылдың 30 қарашасына дейін жарияланған
геостационарлық емес метеорологиялық жер серіктік жүйелер өмір
сүру соңына дейін бірінші реттік негізде жұмыстарын жалғастыра
алады.
S5.461В 7750 - 7850 МГц жолағын метеорологиялық жер серіктік (ғарыш-Жер)
қызметке пайдалану геостационарлық емес жер серіктік жүйелермен
шектеледі.
S5.462 8025 - 8400 МГц жолағында, S21 Бабы, S21-4 Кестесінде көрсетілген
қуат ағынының тығыздық шектері 1 және 3 Аймақтарда жер серіктік
Жерді зерттеу қызметтерінде пайдаланылуы керек.
S5.462А 1 және 3 Аймақтарда (Жапонияны қоспағанда) 8025 - 8400 МГц
жолағында Жерді зерттеу жер серіктік қызметінің геостационарлық
жер серіктері, алдын ала қатысы бар әкімшіліктермен келіспейінше,
белгілі түсу бұрыштарының шамасында (Ө), қуат ағыны тығыздығының
төмендегі алдын ала берілген мәндерінен асырмауы керек:
2 0 < < 0
- 174 дБ (Вт/м ), 4 кГц жолақта 0 - Ө - 5 үшін
2 0 < < 0
- 174 + 0.5 (Ө - 5) дБ (Вт/м ), 4 кГц жолақта 5 - Ө - 25 үшін
2 0 < < 0
- 164 дБ (Вт/м ), 4 кГц жолақта 25 - Ө - 90 үшін
Бұл шамалар 124 Қарарымен зерттеледі.
S5.463 Әуелік кемелер станцияларына 8025 - 8400 МГц жолағында хабар
таратуға рұқсат етілмеген.
S5.463А 8550 - 8650 МГц жолағын жер серіктік Жерді зерттеу (әрекетті)
және ғарыштық зерттеулер қызметіне (әрекетті) пайдалану
радиолокациялық қызмет станцияларына зиянды бөгеуілдер тудырмауы
тиіс және олардың пайдаланылуы мен дамуына кедергі келтірмеуі
керек.
S5.464 Қызметтің басқа категориясы: 14/п. S9.21 Бабы бойынша келісім
алған жағдайда, Жерді зерттеу (ғарыш-Жер) жер серіктік қызметіне
үлестіру 8025 - 8400 МГц жолағында бірінші реттік негізде
Бангладеш, Бенин, Буркина-Фасо, Камерун, Қытай, Орталық
Африка Республикасы, Кот-д'Ивуара, Египет, Франция, Гвинея,
Индия, Иран Ислам Республикасы, Италия, Жапония, Ливия, Мали,
Нигер, Пакистан, Сенегал, Сомали, Судан, Швеция, Танзания, Заир
және Замбияда атқарылған.
S5.465 Ғарыштық зерттеу қызметінде 8400 - 8450 МГц жолағын пайдалану
алыс ғарышпен шектеледі.
S5.466 Қызметтің басқа категориясы: Израиль, Малайзия, Сингапур мен
Шри-Ланкада ғарыштық зерттеулер қызметіне үлестіру 8400 - 8500
МГц жолағында екінші реттік негізде атқарылған (S5.32 п. қара).
S5.467 Ауыстырылымды таратылу: Біріккен Корольдіктерде 8400 - 8500 МГц
жолағы радиолокациялық қызмет пен ғарыштық зерттеулер қызметіне
бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.468 Қосымша таратылу: Сауд Аравиясы, Бахрейн, Бангладеш,
Бруней-Даруссалам, Бурунди, Камерун, Қытай, Конго, Коста-Рика,
Египет, Біріккен Араб Эмираттары, Габон, Гайана, Индонезия,
Иран Ислам Республикасы, Ирак, Ямайка, Иордания, Кувейт, Ливан,
Ливия, Малайзия, Мали, Марокко, Мавритания, Непал, Нигерия,
Оман, Пакистан, Катар, Сирия, Корей Халық-Демократиялық
Республикасы, Сенегал, Сингапур, Сомали, Свазиленд, Танзания,
Чад, Того, Тунис және Йеменде 8500 - 8750 МГц жолағы, сондай-ақ
бекітілген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.469 Қосымша таратылу: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария,
Грузия, Венгрия, Қазақстан, Литва, Молдова, Монғолия,
Өзбекстан, Польша, Қырғызстан, Словакия, Чех Республикасы,
Румыния, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Украинада 8500 - 8750
МГц жолағы, сондай-ақ құрылықтық жылжымалы және радионавигациялық
қызметтерге бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.470 8750 - 8850 МГц жолағын әуелік радионавигациялық қызметте
пайдалану әуелік кемелердің борттарында орналасқан, Допплер
эффектісін 8800 МГц орта жиілікте пайдаланатын навигациялық
аппаратурамен шектеледі.
S5.471 Қосымша таратылу: Алжир, Германия, Бахрейн, Бельгия, Қытай,
Біріккен Араб Эмираттары, Франция, Греция, Индонезия, Иран
Ислам Республикасы, Ливия, Нидерланд, Катар және Суданда 8825 -
8850 МГц және 9000 - 9200 МГц жолақтары, сондай-ақ теңіздік
радионавигациялық қызметке жағалық радарлармен пайдалануға
бірінші реттік негізде таратылған.
S5.472 8850 - 9000 МГц және 9200 - 9225 МГц жолақтарында теңіздік
радионавигациялық қызмет жағалық радарларды пайдаланумен
шектелген.
S5.473 Қосымша таратылу: Армения, Австрия, Әзербайжан, Беларусь,
Болгария, Куба, Грузия, Венгрия, Қазақстан, Молдова, Монғолия,
Өзбекстан, Польша, Қырғызстан, Словакия, Чех Республикасы,
Румыния, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Украинада 8850 -
9000 МГц және 9200 - 9300 МГц жолақтары, сондай-ақ
радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.474 9200 - 9500 МГц жолағында, ХЭҰ-Р Ұсыныстары (сонымен қатар
N38/S31 Бабын қара) міндетті түрде есепке алынса, іздеу және
құтқару ретрансляторларын (SART) пайдалануға болады.
S5.475 9300 - 9500 МГц жолағын әуелік радионавигациялық қызметке
пайдалану әуелік кемелердің метеорологиялық радарларымен және жер
бетінде орналасқан радарлармен шектеледі. Сонымен қатар, 9300 -
9320 МГц жолағында, теңіздік радионавигациялық қызметке зиянды
бөгеуілдер тудырмаған жағдайда, әуелік радионавигациялық
қызметтің жер бетінде орналасқан радиолокациялық маяктарына да
жұмыс істеуге болады. 9300 - 9500 МГц жолағында, басқа
радиолокациялық құрылғылардың алдында, метеорология мақсатына
қолданылатын жердегі радарлар артықшылықта болады.
S5.476 9300 - 9320 МГц жолағында, 2001 жылдың 1 қаңтарына дейін, 1976
жылдың 1 қаңтарына дейінгі болғандарды қоспағанда,
радионавигациялық қызметке кеме бортында радарларды пайдалануға
рұқсат етілмейді.
S5.476А 9500 - 9800 МГц жолағын жер серіктік Жерді зерттеу (әрекетті)
және ғарыштық зерттеулер қызметіне (әрекетті) пайдалану
радионавигациялық және радиолокациялық қызмет станцияларына
зиянды бөгеуілдер тудырмауы тиіс және олардың пайдаланылуы мен
дамуына кедергі келтірмеуі керек.
S5.477 Қызметтің басқа категориясы: Алжир, Сауд Аравиясы, Австрия,
Бахрейн, Бангладеш, Бруней-Даруссалам, Камерун, Корей
Республикасы, Египет, Біріккен Араб Эмираттары, Эритрея, Эфиопия,
Гайана, Индия, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Ямайка,
Жапония, Иордания, Кувейт, Ливан, Либерия, Малайзия, Нигерия,
Оман, Пакистан, Катар, Корей Халық-Демократиялық Республикасы,
Сингапур, Сомали, Судан, Швеция, Тринидад пен Тобаго және Йеменде
бекітілген қызметке тарату 9800 - 10000 МГц жолағында бірінші
реттік негізде атқарылған (S5.33 п. қара).
S5.478 Қосымша таратылу: Әзербайжан, Болгария, Қазақстан, Монғолия,
Қырғызстан, Словакия, Чех Республикасы, Румыния, Түркменстан және
Украинада 9800 - 10000 МГц жолағы, сондай-ақ радионавигациялық
қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.479 9975 - 10025 МГц жолағы, сондай-ақ жер серіктік метеорологиялық
қызметке метеорологиялық радарлармен пайдалануға екінші реттік
негізде үлестірілген.
S5.480 Қосымша таратылу: Бразилия, Коста-Рика, Эквадор, Гватемала,
Гондурас және Мексикада 10 - 10.45 ГГц жолағы, сондай-ақ
бекітілген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.481 Қосымша таратылу: Германия, Ангола, Қытай, Эквадор, Испания,
Жапония, Марокко, Нигерия, Оман, Корей Халық-Демократиялық
Республикасы, Швеция, Танзания және Таиландта 10.45 - 10.5 ГГц
жолағы, сондай-ақ бекітілген және жылжымалы қызметтерге бірінші
реттік негізде үлестірілген.
S5.482 Бекітілген және жылжымалы қызмет станцияларының, әуелік жылжымалы
қызметті қоспағанда, 10.6 - 10.68 ГГц жолағындағы максимал
баламалық изотроптық сәулелену қуаты 40 дБВт мәнімен шектелуі
тиіс, ал антеннаға келтірілетін қуат - 3 дБВт-тан аспауы керек.
Бұл шектеулерді, 14/п. S9.21 Бабы бойынша келісім алған жағдайда,
көтеруге болады. Бірақ, әуелік жылжымалы қызметті қоспағанда,
бекітілген және жылжымалы қызметтерге қойылатын, бұл шектеулер
Сауд Аравиясы, Армения, Әзербайжан, Бахрейн, Бангладеш,
Беларусь, Қытай, Біріккен Араб Эмираттары, Грузия, Индия,
Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Жапония, Қазақстан,
Кувейт, Латвия, Ливан, Молдова, Нигерия, Өзбекстан, Пакистан,
Филиппин, Катар, Сирия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан
және Украинада қолданылмайды.
S5.483 Қосымша таратылу: Сауд Аравиясы, Армения, Әзербайжан, Бахрейн,
Беларусь, Босния мен Герцеговина, Қытай, Колумбия, Корей
Республикасы, Коста-Рика, Египет, Біріккен Араб Эмираттары,
Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израиль, Жапония, Иордания,
Қазақстан, Кувейт, Латвия, Ливан, Молдова, Монғолия, Өзбекстан,
Пакистан, Катар, Қырғызстан, Корей Халық-Демократиялық
Республикасы, Румыния, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Украина,
Йемен және Югославияда 10.68 - 10.7 ГГц жолағы, сондай-ақ
бекітілген және жылжымалы қызметке, жылжымалы әуелік қызметті
қоспағанда, бірінші реттік негізде үлестірілген. Мұндай
пайдаланым 1985 жылдың 1 қаңтарынан пайдаланымда болған
қондырғылармен шектеледі.
S5.484 1 Аймақта 10.7 - 11.7 ГГц жолағын бекітілген жер серіктік
қызметке (Жер-ғарыш) пайдалану жер серіктік радиохабар қызметінің
фидер жолдарымен шектеледі.
S5.485 2 Аймақта 11.7 - 12.2 ГГц жолағында бекітілген жер серіктік
қызметтің ғарыш станциясындағы ретрансляторлар жер серіктік
радиохабар таратуда қосымша пайдаланылуына болады, егер мұндай
таратуларда бір теледидар арнасындағы максимал э.и.с.қ. 53
дБВт-тан аспаса және үлкен бөгеуілдер тудырмай немесе бекітілген
жер серіктік қызметтің үйлестірілген жиіліктік тағайындауларынан
үлкен қорғанысты талап етпесе. Ғарыштық қызметтерді алатын болса,
онда бұл жиіліктер жолағын негізінен бекітілген жер серіктік
қызметтерге пайдаланылулары керек.
S5.486 Қызметтің басқа категориясы: Мексика мен Америка Құрама
Штаттарында бекітілген қызметке үлестіру 11.7 - 12.1 ГГц
жолағында екінші реттік негізде атқарылған (S5.32 п. қара).
S5.487 1 және 3 Аймақтарында 11.7 - 12.5 ГГц жолақта, бекітілген,
бекітілген жер серіктік, жылжымалы, әуелік жылжымалыны
қоспағанда, және радиохабар қызметі өздеріне бөлінген жиілік
жолақтарында, 30/S30 Қосымшасының ережелеріне сәйкес жұмыс
істейтін жер серіктік радиохабар қызметінің станцияларына зиянды
бөгеуілдер тудырмауы тиіс.
S5.487А Қосымша таратылу: 1 Аймақта 11.7 - 12.5 ГГц жолағы, 2 Аймақта
12.2 - 12.7 ГГц жолағы және 3 Аймақта 11.7 - 12.2 ГГц жолағы,
сондай-ақ бекітілген жер серіктік қызметке (ғарыш-Жер), 538
Қарарының ережелерін орындаған жағдайда, геостационарлық емес
жүйелермен шектелген, бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.488 11.7 - 12.2 ГГц жолағын бекітілген жер серіктік қызметке 2
Аймақта және 12.2 - 12.7 ГГц жолағын жер серіктік радиохабар
қызметіне 2 Аймақта пайдалану ұлттық және ішкі аймақтық
жүйелермен шектелген. 11.7 - 12.2 ГГц жолағын бекітілген жер
серіктік қызметке 2 Аймақта пайдалану, мүдделі әкімшіліктермен
немесе Кесте бойынша жоспарланған немесе жұмыстағы қызметтеріне
қатысы болуы мүмкіндермен (11, 13 пен 14/S9 және S11 Баптарын
қара) алдын ала келісілуі керек. 12.2 - 12.7 ГГц жолағын жер
серіктік радиохабар қызметіне 2 Аймақта пайдалану туралы 15
Бапты/S30 Қосымшаны қара.
S5.489 Қосымша таратылу: Перуде 12.1 - 12.2 ГГц жолағы, сондай-ақ
бекітілген қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.490 2 Аймақта 12.2 - 12.7 ГГц жолақта, жұмыста бар және болашақ жер
бетіндегі қызметтердің радиобайланысы, 30/S30 Қосымшасында
келтірілген, 2 Аймаққа арналған жер серіктік радиохабар
жоспарларына сәйкес жұмыс істейтін ғарыш қызметтеріне зиянды
бөгеуілдер тудырмауы тиіс.
S5.491 Қосымша таратылу: 3 Аймақта 12.2 - 12.5 ГГц жолағы, сондай-ақ