S5.424 Қосымша таратылу: Канадада 2850 - 2900 МГц жолағы, сондай-ақ
теңіздік радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде
жағалық радарлармен пайдалануға арналған.
S5.425 2900 - 3100 МГц жолақта кемелік қабылдағышжауапбергіштерді (SIT)
пайдалану 2930 - 2950 МГц ішкі жолақпен шектелуі керек.
S5.426 2900 - 3100 МГц жолағын әуелік радионавигациялық қызметтің
пайдалануы жерде орналасқан радарларымен шектелген.
S5.427 2900 - 3100 МГц және 9300 - 9500 МГц жолақтарында радиолокациялық
траспондерлердің жауабы радиолокациялық маяктардың (раконов)
жауабы ретінде қабылданбайтындай болып жасалуы керек және ол,
дегенмен осы Регламенттің 347/S4.9 п. есепке ала отырып,
радионавигациялық қызметтің теңіздік және әуелік радарларына
бөгеуілдер тудырмауы тиіс.
S5.428 Қосымша таратылу: Әзербайжан, Болгария, Куба, Қазақстан,
Монғолия, Польша, Қырғызстан, Румыния, Түркменстан және Украинада
3100 - 3300 МГц жолағы, сондай-ақ радионавигациялық қызметке
бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.429 Қосымша таратылу: Сауд Аравиясы, Бахрейн, Бангладеш,
Бруней-Даруссалам, Қытай, Конго, Корей Республикасы, Біріккен
Араб Эмираттары, Индия, Индонезия, Иран Ислам Республикасы,
Ирак, Израиль, Жапония, Иордания, Кувейт, Ливан, Ливия, Малайзия,
Оман, Пакистан, Катар, Сирия, Корей Халық-Демократиялық
Республикасы және Йеменде 3300 - 3400 МГц жолағы, сондай-ақ
бекітілген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде
үлестірілген. Жер орта теңізінің жағасында орналасқан елдер
өздерінің бекітілген және жылжымалы қызметтеріне радиолокациялық
қызметтен қорғанысты талап етпеуі тиіс.
S5.430 Қосымша таратылу: Әзербайжан, Болгария, Куба, Монғолия, Польша,
Қырғызстан, Румыния, Түркменстан және Украинада 3300 - 3400 МГц
жолағы, сондай-ақ радионавигациялық қызметке бірінші реттік
негізде үлестірілген.
S5.431 Қосымша таратылу: Германия, Израиль, Нигерия және Біріккен
Корольдіктерде 3400 - 3475 МГц жолағы, сондай-ақ әуесқойлық
қызметке екінші реттік негізде үлестірілген.
S5.432 Қызметтің басқа категориясы: Корей Республикасы, Индонезия,
Жапония және Пакистанда 3400 - 3500 МГц жолағы жылжымалы
қызметке, әуелік жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік
негізде үлестірілген (S5.33 п. қара).
S5.433 2 және 3 Аймақтарда 3400 - 3600 МГц жолағы радиолокациялық
қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген. Дегенмен, бұл
жолақта радиолокациялық жүйелерді пайдаланушы барлық әкімшіліктер
олардың жұмыстарын 1985 жылға қарай тоқтатуы тиіс. Содан соң
әкімшіліктер, барлық мүмкіншілікті шараларды үйлестіруді қажет
ететін бекітілген жер серіктік жүйелерді қорғау үшін қолдануы
қажет.
S5.434 Пайдаланылмайды.
S5.435 Жапонияда 3620 - 3700 МГц жолағынан радиолокациялық қызмет
шығарылып тасталған.
S5.436 Пайдаланылмайды.
S5.437 Қосымша таратылу: Германия мен Норвегияда 4200 - 4210 МГц жолағы,
сондай-ақ бекітілген қызметке екінші реттік негізде үлестірілген.
S5.438 Әуелік радионавигациялық қызметте пайдаланылатын 4200 - 4400 МГц
жолағы тек қана әуе кемелерінде орнатылған радиобиіктік
өлшегіштер және солармен байланысты жерде орналасқан
қабылдағышжауапбергіштерге қор ретінде пайдаланылады. Дегенмен,
бұл жолақта әрекетсіз датчиктерді жер серіктік Жерді зерттеу және
ғарыштық зерттеу қызметтеріне пайдалануға екінші реттік негізде
рұқсат етуге болады (радиобиіктік өлшегіштерден ешқандай қорғаныс
қамтамасыз етілмейді).
S5.439 Қосымша таратылу: Қытай, Иран Ислам Республикасы және Ливияда
4200 - 4400 МГц жолағы, сондай-ақ бекітілген қызметке екінші
реттік негізде үлестірілген.
S5.440 Стандарттық жиіліктер мен уақыт сигналдар қызметі 4202 МГц
жиілігі ғарыш-Жер бағытында және 6427 МГц жиілігі Жер-ғарыш
бағытында хабар таратуға рұқсат етілуі мүмкін. Мұндай таратулар +
- 2 МГц жолағымен шектеледі және 14/п. S9.21 Бабы бойынша
келісілуі тиіс.
S5.441 4500 - 4800 МГц жолағын (ғарыш-Жер), 6725 - 7025 МГц (Жер-ғарыш)
бекітілген жер серіктік қызметке пайдалану S30В Қосымша
ережелеріне сәйкес жүргізілуі керек. 10.7 - 10.95 ГГц
(ғарыш-Жер), 11.2 - 11.45 ГГц (Жер-ғарыш) және 12.75 - 13.25
ГГц (Жер-ғарыш) жолақтарын бекітілген жер серіктік қызметтің
геостационар жер серіктерімен пайдалану S30В Қосымша ережелеріне
сәйкес болуы керек. 10.7 - 10.95 ГГц (ғарыш-Жер), 11.2 - 11.45
ГГц (ғарыш-Жер) және 12.75 - 13.25 ГГц (Жер-ғарыш) жолақтарын
бекітілген жер серіктік қызметтің геостационарлық емес жер
серіктерімен пайдалану 130 Қарарының ережелеріне сәйкес болуы
қажет.
S5.441А 10.95 - 11.2 ГГц (ғарыш-Жер), 11.45 - 11.7 ГГц (ғарыш-Жер) және
11.7 - 12.2 ГГц (ғарыш-Жер) 2 Аймақта, 12.2 - 12.75 ГГц
(ғарыш-Жер) 3 Аймақта, 12.5 - 12.75 ГГц (ғарыш-Жер) 1 Аймақта,
13.75 - 14.5 ГГц (Жер-ғарыш), 17.8 - 18.6 ГГц (ғарыш-Жер),
19.7 - 20.2 ГГц (ғарыш-Жер), 27.5 - 28.6 ГГц (Жер-ғарыш), 29.5 -
30 ГГц (Жер-ғарыш) жолақтары, 130 Қарарының ережелерін орындаған
жағдайда, геостационарлық және геостационарлық емес жер серіктік
жүйелердің бекітілген жер серіктік қызметтерімен пайдаланылады.
17.8 - 18.1 ГГц жолағы (ғарыш-Жер) геостационарлық емес жер
серіктік жүйелердің бекітілген жер серіктік қызметтерімен,
сондай-ақ 538 Қарарының ережелеріне сәйкес пайдаланылады.
S5.442 4825 - 4835 МГц және 4950 - 4990 МГц жолақтарында жылжымалы
қызметке үлестіру, әуелік жылжымалы қызметті қоспағанда,
жылжымалы қызметпен шектелген.
S5.443 Қызметтің басқа категориясы: Аргентина, Австралия және Канадада
радиоастрономиялық қызметке үлестіру 4825 - 4835 МГц және 4950 -
4990 МГц жолақтарында бірінші реттік негізде атқарылған (S5.33 п.
қара).
S5.444 5000 - 5150 МГц жолағы ұшақтарды халықаралық стандарттық
жүйелермен (микротолқындық қондыру жүйесі) дәл кіру және қондыру
жұмыстарында пайдаланылуы керек. Бұл жүйенің қажеттілігі осы
жүйедегі басқа қызметтердің алдында артықшылықты болуы керек. Бұл
жолақтарды пайдалануда S5.444А п. мен 114 Қарары (ДКР-95)
қолданымды.
S5.444А Қосымша таратылу: 5091 - 5150 МГц жолағы бекітілген жер серіктік
(Жер-ғарыш) қызметте бірінші реттік негізде үлестірілген. Бұл
үлестірілім жылжымалы жер серіктік геостационарлық емес
жүйелерінің фидерлік жолдарымен шектелген және үйлестірімде 46
Қарарға (Қайта қаралған ДКР-95)/S9.11А п. сәйкес пайдаланылуы
тиіс;
5091 - 5150 МГц жолағына, сондай-ақ мынандай шарттар қолданылады:
- 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін 5091 - 5150 МГц жолағын пайдалану
46 Қарарға (Қайта қаралған ДКР-95)/S9.11А п. сәйкес жылжымалы жер
серіктік қызметтің геостационарлық емес жер серіктік жүйелерінің
фидерлік жолдарымен атқарылуы тиіс;
- 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін істегі және жоспардағы
халықаралық стандартты әуелік радионавигациялық қызметтер 5000 -
5091 МГц жолақта қанағаттандырыла алатын осы жолақты пайдаланатын
басқа қызметтерден артықшылықты болуы керек;
- 2008 жылдың 1 қаңтарынан кейін жылжымалы жер серіктік қызметтің
геостационарлық емес жер серіктік жүйелерінің фидерлік жолдар
станцияларына жаңа жиілік жиіліктер бөлінбеуі тиіс;
- 2010 жылдың 1 қаңтарынан кейін бекітілген жер серіктік қызмет,
әуелік радионавигациялық қызметке қарағанда екінші реттік болып
қалады.
S5.445 Пайдаланылмайды.
S5.446 Қосымша таратылу: 14/п. S9.21 Бабына сәйкес келісім алған
жағдайда, S5.369 және S5.400 п. аталып өткен елдерде 5150 - 5216
МГц жолағы жер серіктік радиоанықтама қызметіне (ғарыш-Жер)
бірінші реттік негізде үлестірілген. 2 Аймақта бұл жолақ,
сондай-ақ жер серіктік радиоанықтама қызметіне (ғарыш-Жер)
бірінші реттік негізде үлестірілген. S5.369 және S5.400 п.
аталған елдерді қоспағанда, 1 және 3 Аймақтарда бұл жолақ,
сондай-ақ жер серіктік радиоанықтама қызметіне (ғарыш-Жер) екінші
реттік негізде үлестірілген. Оны жер серіктік радиоанықтама
қызметіне пайдалану фидерлік жолдарды 1610 - 1626.5 МГц
және/немесе 2483.5 - 2500 МГц жолақтарында жұмыс істейтін жер
серіктік радиоанықтама қызметімен бірге пайдаланумен шектеледі.
Жер бетіндегі қуат ағынының жалпы тығыздығы, кез келген 4 кГц
жолақ енінде, барлық түсу бұрыштарында, еш уақытта - 159 дБ
2
(Вт/м )-тан аспауы керек.
S5.447 Қосымша таратылу: Германия, Австрия, Бельгия, Дания, Испания,
Финляндия, Франция, Греция, Израиль, Италия, Жапония, Иордания,
Ливан, Лихтенштейн, Люксембург, Мальта, Марокко, Норвегия,
Пакистан, Нидерланд, Португалия, Сирия, Біріккен Корольдіктерде,
Швеция, Швейцария және Тунисте 5150 - 5250 МГц жолағы, 14/п.
S9.21. Бабы бойынша келісім алған жағдайда, жылжымалы қызметке
бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.447А Бекітілген жер серіктік (Жер-ғарыш) қызметте үлестіру жылжымалы
жер серіктік геостационарлық емес жүйелердің фидерлік жолдарымен
шектелген және үйлестірімде 46 Қарарға (Қайта қаралған
ДКР-95)/S9.11А п. сәйкес пайдаланылуы тиіс.
S5.447В Қосымша таратылу: 5150 - 5216 МГц жолағы, сондай-ақ бекітілген
жер серіктік қызметке (ғарыш-Жер) бірінші реттік негізде
үлестірілген. Бұл үлестірілім жылжымалы жер серіктік
геостационарлық емес жүйелерінің фидерлік жолдарымен шектелген
және үйлестірімде 46 Қарарға (Қайта қаралған ДКР-95)/S9.11А п.
сәйкес пайдаланылуы тиіс. Ғарыш-Жер бағытында 5150 - 5216 МГц
жолағында жұмыс істейтін бекітілген жер серіктік ғарыш
станцияларының жер бетінде тудыратын қуат ағынының тығыздағы, кез
келген 4 кГц жолақ енінде, барлық түсу бұрыштарында, еш уақытта -
2
164 дБ (Вт/м )-тан аспауы керек.
S5.447С S5.447А және S5.447В п. сай жұмыс істейтін бекітілген жер
серіктік қызмет желісіне 5150 - 5250 МГц жолақта жауапкершілікті
әкімшіліктер, 46 Қарарға (Қайта қаралған ДКР-95)/S9.11А п.
сәйкес, S5.446 п. сәйкес пайдаланымға 1995 жылдың 17 қарашасына
дейін ендірілген геостационарлық емес жер серіктік желілерге
жауапкершілікті әкімшіліктермен үйлестірімді түрде және тең
құқықты негізде жұмыс істеуі қажет. S5.446 п. сәйкес, 1995 жылдың
17 қарашасынан кейін жұмыс істейтін жер серіктік желілер, S5.447А
және S5.447В п. сай жұмыс істейтін бекітілген жер серіктік қызмет
станцияларынан қорғанысты талап етпеуі қажет және зиянды
бөгеуілдер тудырмауы тиіс.
S5.447D 5250 - 5255 МГц жолағын ғарыштық зерттеулер қызметіне бірінші
реттік негізде үлестіру әрекетті ғарыштық сезбектермен шектеледі.
Бұл жолақты басқа ғарыштық зерттеу қызметімен пайдалану екінші
реттік негізде жүргізіледі.
S5.448 Қосымша таратылу: Австрия, Әзербайжан, Болгария, Ливия, Монғолия,
Қырғызстан, Словакия, Чех Республикасы, Румыния, Түркменстан және
Украинада 5250 - 5350 МГц жолағы, сондай-ақ радионавигациялық
қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.448А 5250 - 5350 МГц жиілік жолағын жер серіктік Жерді зерттеу
(әрекетті) және ғарыштық зерттеулер қызметіне (әрекетті)
пайдалану радиолокациялық қызметтің болашақ дамуы мен өрістеуіне
кедергі келтірмеуі керек.
S5.448В 5350 - 5460 МГц жолағында жұмыс атқаратын жер серіктік Жерді
зерттеу (әрекетті) қызметі зиянды бөгеуілдер тудырмауы немесе
радионавигациялық қызметтің пайдалануы мен дамуына кедергі
келтірмеуі тиіс.
S5.449 5350 - 5470 МГц жолақты әуелік радионавигациялық қызметке
пайдалану әуе кемелерінің бортына орналасқан радарлармен және
олармен байланысты борттық радиомаяктармен шектеледі.
S5.450 Қосымша таратылу: Австрия, Әзербайжан, Болгария, Иран Ислам
Республикасы, Монғолия, Қырғызстан, Словакия, Чех Республикасы,
Румыния, Түркменстан және Украинада 5470 - 5650 МГц жолағы,
сондай-ақ әуелік радионавигациялық қызметке бірінші реттік
негізде үлестірілген.
S5.451 Қосымша таратылу: Біріккен Корольдіктерде 5470 - 5850 МГц жолағы,
сондай-ақ құрылықтық жылжымалы қызметке екінші реттік негізде
үлестірілген. 5725 - 5850 МГц жолағында S21.2, S21.3, S21.4 және
S21.5 п. көрсетілген қуат шектеулері қолданылуы керек.
S5.452 Метеорологиялық мақсаттарда қолданылатын, жерде орналасқан
радарларға, теңіздік радионавигациялық қызметінің станцияларымен
5600 және 5650 МГц жиіліктер аралығында тең негізде жұмыс істеуге
рұқсат етілген.
S5.453 Қосымша таратылу: Сауд Аравиясы, Бахрейн, Бангладеш,
Бруней-Даруссалам, Камерун, Орталық-Африка Республикасы, Қытай,
Конго, Корей Республикасы, Египет, Біріккен Араб Эмираттары,
Габон, Гвинея, Индия, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак,
Израиль, Жапония, Иордания, Кувейт, Ливан, Ливия, Мадагаскар,
Малайзия, Нигерия, Оман, Пакистан, Филиппин, Катар, Сирия,
Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Сингапур, Свазиленд,
Танзания, Чад және Йеменде 5650 - 5850 МГц жолағы, сондай-ақ
бекітілген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.454 Қызметтің басқа категориясы: Армения, Әзербайжан, Беларусь,
Болгария, Қазақстан, Монғолия, Өзбекстан, Қырғызстан,
Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Украинада ғарыштық зерттеулер
қызметіне үлестіру 5670 - 5725 МГц жолағында бірінші реттік
негізде атқарылған (S5.33 п. қара).
S5.455 Қосымша таратылу: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Куба,
Грузия, Венгрия, Қазақстан, Латвия, Молдова, Монғолия,
Өзбекстан, Польша, Қырғызстан, Словакия, Ресей, Тәжікстан,
Түркменстан және Украинада 5670 - 5850 МГц жолағы, сондай-ақ
бекітілген қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.456 Қосымша таратылу: Германия мен Камерунде 5755 - 5850 МГц жиілік
жолағы, сондай-ақ бекітілген қызметке бірінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.457 Пайдаланылмайды.
S5.458 6425 - 7075 МГц жолағында мұхит үстінде әрекетті емес
микротолқындық сезбектердің көмегімен өлшеулер жасалынады. 7075 -
7250 МГц жолағында әрекетті емес микротолқындық сезбектердің
көмегімен өлшеулер жасалынады. 6425 - 7025 МГц және 7075 - 7250
МГц жолақтарын келешекте пайдалануды жоспарлағанда, әкімшіліктер
жер серіктік Жерді зерттеу (әрекетті емес) және ғарыштық зерттеу
қызметтерінің (әрекетті емес) қажеттіліктерін ескеруі қажет.
S5.458А Жиіліктерді 6700 - 7075 МГц жолағында бекітілген жер серіктік
ғарыш станцияларына тағайындағанда, әкімшіліктер 6650 - 6675.2
МГц жолағындағы радиоастрономиялық қызметтегі спектральдық
жолдарды бақылауды жағымсыз сәулеленулер жағынан туатын зиянды
бөгеуілдерден қорғаудың барлық мүмкін шараларын жасауы қажет.