радиоастрономиялық қызметке спектральдық сызықтарды бақылауға
екінші реттік негізде үлестірілген.
S5.386 Қосымша таратылу: 2 Аймақта, Австралия, Индия, Индонезия және
Жапонияда 1750 - 1850 МГц жолағы, сондай-ақ ғарыштық пайдаланым
(Жер-ғарыш) және ғарыштық зерттеулер (Жер-ғарыш) қызметтеріне,
14/п. S9.21 Бабы бойынша келісімге келген жағдайда және
трофосфералық шашырау, бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.387 Қызметтің басқа категориясы: Армения, Әзербайжан, Беларусь,
Қазақстан, Мали, Монғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Словакия,
Чех Республикасында, Румыния, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және
Украинада 1770 - 1790 МГц жолағы, 14/п. S9.21 Бабы бойынша
келісім алған жағдайда, метеорологиялық жер серіктік қызметке,
бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.388 1885 - 2025 МГц және 2110 - 2200 МГц жолақтары дүниежүзілік
негізде Халықаралық жылжымалы байланыс жүйесін (ІМТ-2000)
өндіруге ынталы әкімшіліктердің пайдалануларына арналған.
Мұндай пайдаланулар, осы жолақтар бөлінген басқа қызметтерге,
бұл жолақтарды пайдалануға кедергі жасамайды. Көрсетілген
жолақтар ІМТ-2000-ға 212 Қарарға сәйкес (Қайта қаралған ДКР-97)
ұсынылуы тиіс.
S5.389 Пайдаланылмайды.
S5.389А 1980 - 2010 МГц және 2170 - 2200 МГц жолақтарын жылжымалы жер
серіктік қызмет станцияларымен пайдалануда 46 Қарардың (Қайта
қаралған ДКР-95)/S9.11А п. және 716 Қарардың (ДКР-95) ережелеріне
сәйкес үйлестіру процедуралары қолданылуы тиіс. Бұл жолақтарды
пайдалану 2000 жылдың 1 қаңтарынан ерте басталмауы керек, ал 1980
- 1990 МГц жолағын пайдалану 2 Аймақта 2005 жылдың 1 қаңтарынан
ерте басталмауы тиіс.
S5.389В 1980 - 1990 МГц жолағын жылжымалы жер серіктік қызметте пайдалану
зиянды бөгеуілдер тудырмауы тиіс және бекітілген және жылжымалы
қызметтердің дамуын Аргентина, Бразилия, Канада, Чили, Эквадор,
Америка Құрама Штаттары, Гондурас, Ямайка, Мексика, Перу,
Суринам, Тринидад пен Тобаго, Уругвай және Венесуэлада шектемеуі
тиіс.
S5.389С 2010 - 2025 МГц және 2160 - 2170 МГц жолақтарын жылжымалы жер
серіктік қызметте 2 Аймақта пайдалану 2002 жылдың 1 қаңтарынан
ерте басталмауы тиіс және 46 Қарардың (Қайта қаралған
ДКР-95)/S9.11А п. және 716 Қарардың (ДКР-95) ережелеріне сәйкес
үйлестірілуі қажет.
S5.389D Канада мен Америка Құрама Штаттарында 2010 - 2025 МГц және 2160 -
2170 МГц жолақтарын жылжымалы жер серіктік қызметке пайдалану
2000 жылдың 1 қаңтарынан ерте басталмауы тиіс.
S5.389Е 2010 - 2025 МГц және 2160 - 2170 МГц жолақтарын жылжымалы жер
серіктік қызметте 2 Аймақта пайдалану зиянды бөгеуілдер тудырмауы
керек және бекітілген және жылжымалы қызметтердің дамуын 1 және
3 Аймақтарда шектемеуі тиіс.
S5.389F Алжир, Бенин, Кабо-Верде, Египет, Мали, Сирия және Тунисте 1980 -
2010 МГц және 2170 - 2200 МГц жолақтарын жылжымалы жер серіктік
қызметте пайдалану не зиянды бөгеуілдер тудырмауы, не бұл
қызметтердің 2005 жылдың 1 қаңтарына дейінгі дамуына кедергі
жасамауы, не олардан қорғанысты талап етпеуі қажет.
S5.390 Аргентина, Бразилия, Чили, Колумбия, Куба, Эквадор және Суринамда
2010 - 2025 МГц және 2160 - 2170 МГц жолақтарын жылжымалы жер
серіктік қызметте пайдалану бекітілген және жылжымалы қызметтерге
2005 жылдың 1 қаңтарына дейін зиянды бөгеуілдер тудырмауы тиіс
және 46 Қарардың (Қайта қаралған ДКР-95)/S9.11А п. және 716
Қарардың (ДКР-95) ережелеріне сәйкес үйлестірілуі қажет.
S5.391 Жылжымалы қызметтерге 2025 - 2110 МГц және 2200 - 2290 МГц
жолақтарында жиіліктер бөлгенде, әкімшіліктер, ХЭҰ-Р SА.1154
Ұсыныстарында жазылғандай, жоғары тығыздықты жылжымалы жүйелерді
енгізбеуі керек және кез келген басқа түрлі жылжымалы жүйелерді
енгізгенде бұл Ұсыныстарын ескерулері қажет.
S5.392 Екі немесе одан көп геостационарлық емес жер серіктерінің
арасында, ғарыш-ғарыш бағытындағы ғарышты зерттеу қызметтері,
ғарыштық пайдаланым және жер серіктік Жерді зерттеу қызметтерінде
2025 - 2110 МГц және 2200 - 2290 МГц жолақтарында хабар тарату,
геостационарлық және геостационарлық емес жер серіктерінің
Жер-ғарыш, ғарыш-Жер бағытындағы және ғарыш-ғарыш бағытындағы бұл
қызметтер мен жолақтардағы хабар таратуына ешқандай шек салмауын,
ол үшін мүмкін шаралардың бәрін қолдануын әкімшіліктерден табанды
түрде талап етеді.
S5.392А Қосымша таратылу: Ресейде 2160 - 2200 МГц жолағы 2005 жылдың 1
қаңтарына дейін ғарыштық зерттеулер қызметіне (ғарыш-Жер) бірінші
реттік негізде үлестірілген. Ғарыштық зерттеулер қызмет
станциялары зиянды бөгеуілдер тудырмауы керек немесе осы жолақта
жұмыс істейтін бекітілген және жылжымалы қызметтер станцияларынан
зиянды бөгеуілдерден қорғанысты талап етпеуі қажет.
S5.393 Қосымша таратылу: Америка Құрама Штаттары, Индия және Мексикада
2310 - 2360 МГц жолағы, сондай-ақ жер серіктік радиохабарлық
қызметке (дыбыс) және қосымша жердегі дыбыс радиохабар қызметіне
бірінші реттік негізде үлестірілген. Мұндай пайдаланым цифрлық
дыбыс радиохабарымен шектеледі және 528 Қарарының (ДЖӘР-92)
қағидаларына сай келуі керек.
S5.394 Америка Құрама Штаттарында 2300 - 2390 МГц жолақты пайдалану
телеметрия таратулары үшін жылжымалы қызметтің басқа түрлі
жұмыстарына қарағанда, әуелік жылжымалы қызметке артықшылықты
түрде қолданылады. Канадада 2300 - 2483.5 МГц жолақты пайдалану
телеметрия таратулары үшін жылжымалы қызметтің басқа түрлі
жұмыстарына қарағанда, әуелік жылжымалы қызметке артықшылықты
түрде қолданылады.
S5.395 Францияда 2310 - 2360 МГц жолақты пайдалануда, үшін жылжымалы
қызметтің басқа түрлі жұмыстарына қарағанда, әуелік жылжымалы
қызметке телеметрия таратуларына артықшылықты түрде беріледі.
S5.396 2310 - 2360 МГц жолағындағы ғарыштық жер серіктік радиохабар
қызметі, S5.393 п. сәйкес жұмыс істеуші және басқа елдерге осы
жолақ бөлінген қызметке әсер туғызбақшы қызметтер 33 Қарарға
сәйкес үйлестірілуі және хабарлануы керек. Жер бетіндегі қосымша
радиохабар станциялары, оларды іске қоспас бұрын, көрші елдермен
екі жақты үйлестіру жұмыстарын жүргізуі керек.
S5.397 Қызметтің басқа категориясы: Францияда 2450 - 2500 МГц жолағы
радиолокациялық қызметке (S5.33 п. қара) бірінші реттік негізде
үлестірілген. Мұндай пайдаланым, жиіліктер үлестіру Кестесіне
сәйкес жұмыс істейтін және алдын ала жоспарланған немесе оларға
әсері болатын қызметтердің әкімшіліктерімен келісілуі қажет.
S5.398 2483.5 - 2500 МГц жолақта жер серіктік радиоанықтама қызметіне
қатысты 953/S4.10 п. қағидалары пайдаланылмайды.
S5.399 1 Аймақтағы елдерде, S5.400 п. көрсетілген елдерден басқа, жер
серіктік радиоанықтама қызмет станциясы радиолокациялық қызметтер
станцияларына зиянды бөгеуілдер тудырмауы тиіс және олардан
қорғанысты талап етпеуі керек.
S5.400 Қызметтің басқа категориясы: Ангола, Австралия, Бангладеш,
Бурунди, Қытай, Эритрея, Эфиопия, Индия, Иран Ислам Республикасы,
Иордания, Ливан, Либерия, Ливия, Мадагаскар, Мали, Пакистан,
Папуа-Жаңа Гвинея, Судан, Свазиленд, Сирия, Того, Заир және
Замбияда 2483.5 - 2500 МГц жолағы, S9.21 Бабы бойынша осы ережеде
аталмаған басқа елдерден келісім алған жағдайда, жер серіктік
радиоанықтама қызметіне (ғарыш-Жер) бірінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.401 Пайдаланылмайды.
S5.402 2483.5 - 2500 МГц жолағын жылжымалы жер серіктік қызметке және
жер серіктік радиоанықтамалық қызметке пайдаланғанда 46 Қарардың
(Қайта қаралған ДКР-95)/S9.11А п. ережелерінде қаралған үйлестіру
процедуралары қолданылуы қажет. Әкімшіліктерге,
радиоастрономиялық қызметке зиянды бөгеуілдерді 2483.5 - 2500 МГц
жолағындағы сәулеленулерден тудырмауы үшін, әсіресе, 4990 - 5000
МГц жолағына түсетін, радиоастрономиялық қызметте дүниежүзілік
негізде таралған, екінші гармоника сәулеленулерінен барлық мүмкін
шараларды пайдалануы тиіс.
S5.403 14/п. S9.21 Бабы бойынша келісім алған жағдайда, 2520 - 2535 МГц
жолағын (2005 жылдың 1 қаңтарына дейін 2500 - 2535 МГц жолағы),
әуелік жылжымалы жер серіктік қызметті қоспағанда, сондай-ақ
жылжымалы жер серіктік (ғарыш-Жер) қызметке ұлттық шекаралар
көлемінде пайдалануға болады. Бұл жағдайда 46 Қарардың (Қайта
қаралған ДКР-95)/S9.11А п. ережелері қолданылуы керек.
S5.403А Қосымша таратылу: Жапонияда, S9.21 п. бойынша келісім алған
жағдайда, 2515 - 2535 МГц жолағын, сондай-ақ әуелік жылжымалы жер
серіктік қызметке (ғарыш-Жер), ұлттық шекаралар көлемінде 2000
жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға болады.
S5.404 Қосымша таратылу: 14/п. S9.21 Бабы бойынша келісім алған
жағдайда, 2500 - 2516.5 МГц жолағын Индия және Иран Ислам
Республикасында, сондай-ақ жер серіктік радиоанықтама қызметіне
(ғарыш-Жер) ұлттық шекаралар көлемінде қолдануға болады.
S5.405 Қосымша таратылу: Францияда 2500 - 2550 МГц жолағы, сондай-ақ
радиолокациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. Мұндай
пайдаланым, Кесте бойынша істегі немесе жоспарланған және оларға
қатысы бар қызметтердің әкімшіліктерімен келісуді қажет етеді.
S5.406 Пайдаланылмайды.
S5.407 Аргентинада 2500 - 2520 МГц жолағында, егер мүдделі әкімшіліктер
басқа туралы уағдаласпаса, жылжымалы жер серіктік қызметте
(ғарыш-Жер) істейтін ғарыш станцияларының Жер бетіне түсіретін
2
қуат ағынының тығыздығының шамасы -152 ДБ (Вт/м /4кГц)-ден аспауы
керек.
S5.408 Қосымша таратылу: Біріккен Корольдіктерде 2500 - 2600 МГц жолағы,
сондай-ақ радиолокациялық қызметке екінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.409 Әкімшіліктер 2500 - 2690 МГц жолақта тропосфералық шашыраудың
жаңа жүйелерінің дамуын болдырмау үшін бар күштерін салуы керек.
S5.410 1 Аймақта 2500 - 2690 МГц жолағы, 14/п. S9.21 Бабы бойынша
келісім алған жағдайда, шашырау жүйесінде пайдаланылуы мүмкін.
S5.411 2500 - 2690 МГц жолақта жаңа радиорелейлік тропосфералық жолдарды
жоспарлағанда, антенналардың бағыттары геостационар жер серігінің
орбитасына бағытталмас үшін, барлық мүмкіндікті шараларды қолдану
керек.
S5.412 Ауыстырылымды таратылу: Әзербайжан, Болгария, Қырғызстан,
Түркменстан және Украинада 2500 - 2690 МГц жолағы бекітілген және
жылжымалы қызметтерге, әуелік жылжымалы қызметті қоспағанда,
бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.413 Жер серіктік радиохабар қызметінің жүйесін жобалағанда, 2500 -
2690 МГц аралығындағы жолақта, әкімшіліктер 2690 - 2700 МГц
жолағындағы радиоастрономиялық қызметті қорғауға қажетті бар
шараларды қолдануы керек.
S5.414 2500 - 2520 МГц жолағын жылжымалы жер серіктік қызмет (ғарыш-Жер)
станциясына бөлу 2005 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді және 46
Қарардың (Қайта қаралған ДКР-95)/S9.11А п. ережелеріне сай
үйлестіру процедуралары қолданылған жағдайда іске асады.
S5.415 2500 - 2690 МГц жолағын 2 Аймақта, 2500 - 2535 МГц және 2635 -
2690 МГц жолақтарын 3 Аймақта бекітілген жер серіктік қызметте
пайдалану, 14/п. S9.21 Бабы бойынша келісім алған жағдайда,
ұлттық және аймақтық жүйелермен шектеледі. Бұл жағдайда ерекше
ықылас 1 Аймақтағы радиохабарлық жер серіктік қызметке
аударылады. Ғарыш-Жер бағытында Жер бетіндегі қуат ағынының
тығыздығы S21 Бабындағы S21-4 Кестесінде көрсетілген шамалардан
артпауы тиіс.
S5.416 2520 - 2670 МГц жолағын радиохабар жер серіктік қызметінде
пайдалану ұлттық және аймақтық жүйелермен ұжымдық қабылдаумен
шектеледі және 14/п. S9.21 Бабындағы процедуралар бойынша
келісімге тұруды талап етеді. Жер бетіндегі қуат ағынының
тығыздығы S21 Бабындағы S21-4 Кестесінде көрсетілген шамалардан
артпауы тиіс.
S5.417 Ауыстырылымды таратылу: Германия мен Грецияда 2520 - 2670 МГц
жолағы бекітілген қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.418 Қосымша таратылу: Бангладеш, Беларусь, Қытай, Корей Республикасы,
Индия, Жапония, Пакистан, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Таиланд
және Украинада 2535 - 2655 МГц жолағы, сондай-ақ жер серіктік
радиохабарлық қызметке (дыбыс) және қосымша жердегі дыбыс
радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде үлестірілген. Мұндай
пайдаланым цифрлық дыбыс радиохабарымен шектеледі және 528
Қарарының (ДЖӘР-92) қағидалары пайдаланылуы керек. S5.416 п.
Тәртіптері мен S21 Бабы, S21-4 Кестесі бұл қосымша үлестірілуге
қолданылмайды.
S5.419 2670 - 2690 МГц жиілік жолағын жылжымалы жер серіктік қызметке
пайдалану 2005 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енуі керек. Жылжымалы
жер серіктік қызмет жүйесін бұл жолақта ендіре отырып,
әкімшіліктер, жұмыстарын 1992 жылдың 3 наурызынан бастаған жер
серіктік жүйелерді қорғау үшін, барлық мүмкіншілікті шараларды
қолдануы қажет. Жылжымалы жер серіктік жүйелерін бұл жолақта
үйлестіру 46 Қарардың (Қайта қаралған ДКР-95)/S9.11А п.
ережелерінде сәйкес жүргізілуі қажет.
S5.420 2655 - 2670 МГц жолағын (2005 жылдың 1 қаңтарына дейін - 2655 -
2690 МГц жолағы), жылжымалы жер серіктік қызметте, әуелік
жылжымалы жер серіктік қызметті қоспағанда, 14/п. S9.21 Бабы
бойынша келісімге жеткен күнде (Жер-ғарыш), ұлттық шекаралар
төңірегінде пайдалануға болады. Сондай-ақ, 46 Қарардың (Қайта
қаралған ДКР-95)/S9.11А п. ережелерінде үйлестіруде пайдалануға
болады.
S5.420А Қосымша таратылу: Жапонияда, 14/п. S9.21 Бабы бойынша келісімге
жеткен күнде, 2670 - 2690 МГц жолағы, сондай-ақ әуелік жылжымалы
жер серіктік қызметке (ғарыш-Жер) ұлттық шекаралар төңірегінде
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдаланыла алады.
S5.421 Қосымша таратылу: Германия мен Австрияда 2690 - 2695 МГц жолағы,
сондай-ақ бекітілген қызметке бірінші реттік негізде
үлестірілген. Мұндай пайдаланым 1985 жылдың 1 қаңтарына дейін
жұмыста болған қондырғылармен шектеледі.
S5.422 Қосымша таратылу: Сауд Аравиясы, Армения, Әзербайжан, Бахрейн,
Беларусь, Босния мен Герцеговина, Бруней Даруссалама, Орталық
Африка Республикасы, Конго, Кот-д'Ивуара, Куба, Египет, Біріккен
Араб Эмираттары, Эритрея, Эфиопия, Габон, Гвинея, Гвинее-Бисау,
Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израиль, Иордания, Қазақстан,
Ливан, Малайзия, Мали, Марокко, Мавритания, Молдова, Монғолия,
Нигерия, Оман, Өзбекстан, Пакистан, Филиппин, Катар, Сирия,
Қырғызстан, Румыния, Ресей, Сомали, Тәжікстан, Тунис,
Түркменстан, Украина, Йемен, Югославия, Заир және Замбияда 2690 -
2700 МГц жолағы, сондай-ақ бекітілген және жылжымалы қызметтерге
бірінші реттік негізде үлестірілген. Мұндай пайдаланым 1985
жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыста болған қондырғылармен шектеледі.
S5.423 2700 - 2900 МГц жолағында, жерде орналасқан, метеорологиялық
мақсаттарға арналған радарларға, әуелік радионавигациялық қызмет
станцияларымен тең деңгейде жұмыс істеуге рұқсат етілген.