арқылы атқарылады.
S5.348А 1492 - 1525 МГц жолағында қуат ағынының Жер бетiндегi
тығыздығының шектiк деңгейi, жылжымалы жер серiктiк қызметтiң
ғарыш станцияларына (ғарыш-Жер), құрылықтық жылжымалы қызметке
қарағанда, 46 Қарардың (Қайта қаралған ДКР-95)/S9.11А п. сәйкес
үйлестiрудiң талабын анықтайтын, арнайыландырылған жылжымалы
радиожабдықтарға немесе жалпы пайдаланымдық байланыс желiлерiмен
(ЖПБЖ) қоса қолданылатын, Жапония территориясында жұмыс iстейтiн,
46 Қарардың 2 Қосымшасында (Қайта қаралған ДКР-95)/S5
Қосымшасының S5-2 Кестесiнде келтiрiлген кез келген 4 кГц
2
жолақтың барлық түсу бұрыштарында, -150 дБ (Вт/м )-ке тең болуы
керек. Жоғарыда аталған қуат ағынының тығыздығының шектiк деңгейі
компоненттi дүниежүзiлiк радиобайланыс конференциясы өзгерткенге
дейiн пайдаланылуы тиiс.
S5.349 Қызметтің басқа категориясы: Сауд Аравиясы, Әзербайжан, Бахрейн,
Босния мен Герцеговина, Камерун, Египет, Бiрiккен Араб
Эмираттары, Франция, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израиль,
Қазақстан, Кувейт, бұрынғы югославия Республикасы Македония,
Ливан, Марокко, Монғолия, Оман, Катар, Сирия, Қырғызстан,
Румыния, Түркменстан, Украина, Йемен және Югославияда жылжымалы
қызмет, әуелiк жылжымалы қызметтi қоспағанда, 1525 - 1530 МГц
жолақта, бiрiншi реттiк негiзде бөлiнген (S5.33 п. қара).
S5.350 Қосымша таратылу: Әзербайжан, Қырғызстан, Түркменстан және
Украинада 1525 - 1530 МГц жолағы, сондай-ақ әуелiк жылжымалы
қызметке бiрiншi реттiк негiзде үлестiрiлген.
S5.351 1525 - 1544 МГц, 1545 - 1559 МГц, 1626.5 - 1645.5 МГц және 1646.5
- 1660.5 МГц жолақтары қандай да болмасын қызметтердiң фидер
жолдарына пайдаланылмауы керек. Бiрақ, кейбір ерекше жағдайларда,
әкiмшілiк бұл жолақтарды пайдаланатын ғарыш станциялары арқылы,
белгiлi бiр жерде орналасқан жер бетіндегi кез келген жылжымалы
жер серiктiк қызметпен байланыс жасауға рұқсат ете алады.
S5.352 Пайдаланылмайды.
S5.352А 1525 - 1530 МГц жолағында, жылжымалы жер серiктiк қызмет
станциялары, теңіздік жылжымалы жер серiктiк қызмет станцияларын
қоспағанда, зиянды бөгеуiлдер тудырмауы тиiс немесе Франция, 3
Аймақтағы Францияның теңiз арғы территориялары, Алжир, Сауд
Аравиясы, Египет, Гвинея, Индия, Израиль, Италия, Иордания,
Кувейт, Мали, Мальта, Марокко, Мавритания, Нигерия, Оман,
Пакистан, Филиппин, Катар, Сирия, Танзания, Вьетнам және Йеменде
жұмыс істейтін. 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн хабарланған,
бекітілген қызмет станцияларынан зиянды бөгеуiлдерден қорғауды
талап етпеуі керек.
S5.353 Пайдаланылмайды.
S5.353А 1530 - 1544 МГц және 1626.5 - 1645.5 МГц жолақтарында жылжымалы
жер серiктiк қызметтерге қатысты, S9.11А п. сәйкес процедураларды
қолданғанда, қажеттi жиiлiк спектрлерiн бөлудегi артықшылықтар
апаттық және қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң Глобалдық теңiздiк
жүйесiне (АҚГТЖ) берiлуі тиiс. Апаттық және қауiпсiздiктi
қамтамасыз етудің теңіздік жылжымалы жер серіктік қызметі желі
көлемінде басқа жылжымалы жер серiктiк байланыстармен
салыстырғанды артықшылықты енiмге не болуы керек. Жылжымалы жер
серiктiк жүйелер қолайсыз бөгеуiлдер тудырмауы керек, не апаттық
жағдайларда және қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн АҚГТЖ жағынан
қолайсыз бөгеуiлдерден қорғанысты сұрамауы тиiс. Оның үстiне,
қауiпсiздiк мақсатында атқарылатын байланыстың, басқа жылжымалы
жер серіктік қызметтерден артықшылығын ескеру қажет (218 Қарарын
қара).
S5.354 1525 - 1559 МГц және 1626.5 - 1660.5 МГц жолақтарын жылжымалы жер
серiктiк қызметте пайдалануда 46 Қарардың (Қайта қаралған
ДКР-95)/S9.11А п. сәйкес үйлестiру процедуралары қолданылуы тиiс.
S5.355 Қосымша таратылу: Бахрейн, Бангладеш, Конго, Египет, Бiріккен Араб
Эмираттары, Эритрея, Эфиопия, Иран Ислам Республикасы, Ирак,
Израиль, Иордания, Кувейт, Ливан, Мальта, Марокко, Оман, Катар,
Сирия, Сомали, Судан, Шри-Ланка, Чад, Того, Йемен және Замбияда
1540 - 1645.5 және 1646.5 - 1660 жолақтары, сондай-ақ, бекітілген
қызметке екiншi реттiк негізде үлестiрілген.
S5.356 1544 - 1545 МГц жолағын жылжымалы жер серiктiк қызметте
(ғарыш-Жер) пайдалану апаттық және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
байланысымен шектеледі (N38/S31 Бабын қара).
S5.357 Әуелiк жылжымалы қызметте (R) 1545 - 1555 МГц жолағында әуелiк
қызметтердiң жер бетiндегi станцияларымен әуелiк кемелер
станциялары немесе әуелiк кемелер станциялары арасында тiкелей
хабар тарату рұқсат етілген, егер мұндай хабарлар жер серiк -
әуелік кеме жолын созып және толықтыратын болса.
S5.358 Пайдаланылмайды.
S5.359 Қосымша таратылу: Германия, Сауд Аравиясы, Армения, Австрия,
Әзербайжан, Беларусь, Бенин, Болгария, Камерун, Испания, Франция,
Габон, Грузия, Греция, Гвинея, Гвинее-Бисау, Венгрия, Иордания,
Қазақстан, Кувейт, Латвия, Ливия, Мали, Мавритания, Молдова,
Монғолия, Нигерия, Уганда, Өзбекстан, Пакистан, Польша, Сирия,
Қырғызстан, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Румыния,
Ресей, Сенегал, Свазиленд, Тәжікстан, Танзания, Түркменстан,
Украина, Замбия және Зимбабведе 1550 - 1645.5 МГц және 1646.5 -
1660 МГц жолақтары, сондай-ақ бекітілген қызметке бірінші реттік
негізде үлестірілген. Әкімшіліктерге, 1550 - 1555 МГц, 1610 -
1645.5 МГц және 1646.5 - 1660 МГц жолақтарында, бекітілген
қызметтің жаңа станцияларын ендірмеу үшін, мүмкін болатын
шаралардың бәрін бұлжытпай орындау ұсынылады.
S5.360 Пайдаланылмайды.
S5.361 Пайдаланылмайды.
S5.362 Пайдаланылмайды.
S5.362А 1545 - 1555 МГц және 1646.5 - 1656.5 МГц жолақтарында жылжымалы
жер серіктік қызметтерге қатысты S9.11А п. сәйкес процедураларды
пайдалағанда, қажетті жиілік спектрлерін үлестіруде, артықшылық
S44 Бабы бойынша 1 ден 6 дейінгі артықшылықтармен хабар
тарататын, әуелік жылжымалы жер серіктік (R) қызметке берілуі
тиіс. Әуелік жылжымалы жер серіктік (R) қызметтегі, S44 Бабы
бойынша 1 ден 6 дейінгі артықшылықты байланыс, бірінші кезектегі
енімге ие болуы керек және, желінің төңірегінде, қажетті болған
жағдайда, басқа әуелік жылжымалы жер серіктік байланысқа
қарағанда, оларды үзу мүмкіндігі арқылы шұғыл дайындықта тұруы
қажет. Жылжымалы жер серіктік жүйелер қолайсыз бөгеуілдер
тудырмауы керек, не S44 Бабы бойынша 1 ден 6 дейінгі артықшылықты
байланысты атқаратын әуелік жылжымалы жер серіктік (R) қызметтен
қолайсыз бөгеуілдерден қорғанысты сұрамауы керек. Оның үстіне,
қауіпсіздік мақсатында атқарылатын байланыстың, басқа жылжымалы
жер серіктік қызметтерден артықшылығын ескеру қажет (218 Қарарын
қара).
S5.362В Америка Құрама Штаттарында, 1555 - 1559 МГц және 1656.5 - 1660.5
МГц жолақтарында әуелік жылжымалы жер серіктік (R) қызмет бірінші
кезектегі енімге не болуы керек және желінің төңірегінде, қажетті
болған жағдайда, басқа да жылжымалы жер серіктік байланысқа
қарағанда, оларды үзу мүмкіндігі арқылы шұғыл дайындықта тұруы
қажет. Жылжымалы жер серіктік жүйелер қолайсыз бөгеуілдер
тудырмауы тиіс, не S44 Бабы бойынша 1 ден 6 дейінгі артықшылықты
байланысты атқаратын әуелік жылжымалы жер серіктік (R) қызметтен
қолайсыз бөгеуілдерден қорғанысты сұрамауы керек. Қауіпсіздік
мақсатында атқарылатын байланыстың, басқа жылжымалы жер серіктік
қызметтерден артықшылығын ескеру қажет.
S5.363 Ауыстырылымды таратылу: Швецияда 1590 - 1626.5 МГц жолағы әуелік
радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.364 1610 - 1626.5 МГц жолағын жылжымалы жер серіктік қызметке
(Жер-ғарыш) және жер серіктік радиоанықтама қызметіне (Жер-ғарыш)
пайдаланғанда 46 Қарардың (Қайта қаралған ДКР-95)/S9.11А п.
сәйкес үйлестіру процедуралары пайдаланылуы керек. Аталған
жолақта жұмыс істейтін қызметтердің біріндегі кез келген
жылжымалы жер бетіндегі станция, э.и.с.қ. тығыздығының - 15 дБ
(Вт/4 кГц)-тен артық шындық мәндерін, егер мүдделі әкімшіліктер
басқа туралы өзара келісушілікте болмаса, S5.366 п. қағидаларына
сәйкес (953/S4.10 п. де соған жатады) жұмыс істейтін жүйелердің
жолақтары бөлігінде тудырмауы тиіс. Жолақтың бұл жүйелер жұмыс
істемейтін бөліктерінде жылжымалы жер бетінің станциясының
э.и.с.қ. тығыздығының орта шамасы - 3 дБ (Вт/4 кГц)-тен артпауы
тиіс. Жылжымалы жер серіктік қызмет станциясы, S5.366 п.
қағидаларымен жұмыс істейтін әуелік радионавигациялық қызмет
станцияларынан және S5.359 п. қағидаларымен жұмыс істейтін
бекітілген қызмет станцияларынан қорғанысты талап етпеуі керек.
Жылжымалы жер серіктік желілерді үйлестіруге жауапты
әкімшіліктер. S5.366 п. қағидаларына сәйкес жұмыс істейтін
станцияларды қорғаныспен қамтамасыз ету үшін, барлық мүмкін
шараларды қолдануы керек.
S5.365 1613.8 - 1626.5 МГц жолақтарын жылжымалы жер серіктік қызметте
(ғарыш-Жер) пайдалануда 46 Қарардың (Қайта қаралған
ДКР-95)/S9.11А п. сәйкес үйлестіру процедуралары қолданылуы тиіс.
S5.366 1610 - 1626.5 МГц жолағы әуе кемелерінің бортында орналасқан,
әуелік навигациялық электрондық жабдықтарын, және кез келген
олармен тікелей байланыстағы жердегі немесе жер серік бортындағы
қондырғыларды дүниежүзілік негізде дамыту және пайдалану үшін
қорға қойылады. Бұл жолақты жер серіктермен пайдалану, 14/п.
S9.21 Бабында көрсетілген процедуралар бойынша келісіледі.
S5.367 Қосымша таратылу: 1610 - 1626.5 МГц, 5000 - 5150 МГц жолақтары,
14/п. S9.21 Бабы бойынша келісілген жағдайда, әуелік жылжымалы
жер серіктік (R) қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.368 Радиоанықтама және жылжымалы жер серіктік қызмет тұрғысында,
әуелік радионавигациялық жер серіктік қызметті қоспағанда, 1610 -
1626.5 МГц жолағында 953/S4.10 п. ережелері қолданылмайды.
S5.369 Қызметтің басқа категориясы: Ангола, Австралия, Бурунди, Қытай,
Кот-д'Ивуара, Эритрея, Эфиопия, Индия, Иран Ислам Республикасы,
Израиль, Иордания, Ливан, Либерия, Ливия, Мадагаскар, Мали,
Пакистан, Папуа-Жаңа Гвинея, Сирия, Сенегал, Судан, Свазиленд,
Того, Заир және Замбияда жер серіктік радиоанықтама қызметіне
(Жер-ғарыш) 1610 - 1626.5 МГц жолағы бірінші реттік негізде
бөлінген (S5.33 п. қара), егер 14/п. S9.21 Бабы бойынша, бұл
ережелерде аталмаған елдермен өзара келісушілік болса.
S5.370 Қызметтің басқа категориясы: Венесуэлада жер серіктік
радиоанықтама қызметіне (Жер-ғарыш) 1610 - 1626.5 МГц жолағы
екінші реттік негізде бөлінген.
S5.371 Қосымша таратылу: 1 Аймақта 1610 - 1626.5 МГц (Жер-ғарыш) және
2483.5 - 2500 МГц (ғарыш-Жер) жолақтары, 14/п. S9.21 Бабы бойынша
келісілген жағдайда, сондай-ақ жер серіктік радиоанықтама
қызметіне екінші реттік негізде үлестірілген.
S5.372 Жер серіктік радиоанықтама қызмет станциясы және жылжымалы жер
серіктік қызмет станциясы, 1610.6 - 1613.8 МГц жолағында
(2904/S29.13 п. қолданылады) радиоастрономиялық қызмет
станцияларына зиянды бөгеуілдер тудырмауы тиіс.
S5.373 Пайдаланылмайды.
S5.373А Пайдаланылмайды.
S5.374 1631.5 - 1634.5 МГц және 1656.5 - 1660 МГц жолақтарында жұмыс
істейтін жылжымалы жер серіктік қызметтің жылжымалы жер бетіндегі
станциялары, S5.359 п. аталған елдердің бекітілген қызмет
станцияларына зиянды бөгеуілдер тудырмауы тиіс.
S5.375 1645.5 - 1646.5 МГц жолағын жылжымалы жер серіктік қызмет
(ғарыш-Жер) және жер серік аралық жолдарда пайдалану, апаттық
және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің байланыстарымен шектеледі.
S5.376 1646.5 - 1656.5 МГц жолақта әуелік жылжымалы (R) қызметтің әуелік
кемелер станцияларынан әуелік қызметтің жер бетіндегі
станцияларына немесе әуелік кемелер станциялары арасында тікелей
хабар таратуға рұқсат етіледі, егер мұндай таратулар әуелік кеме
- жер серігі жолын ұзартуға немесе толықтыруға пайдаланылса.
S5.376А 1660.0 - 1660.5 МГц жолағында жұмыс істейтін жылжымалы жер
бетіндегі станциялар радиоастрономиялық қызмет станцияларына
зиянды бөгеуілдер тудырмауы тиіс.
S5.377 1675 - 1710 МГц жолағында жылжымалы жер серіктік қызмет станциясы
зиянды бөгеуілдер тудырмауы керек және метеорологиялық жер
серіктік қызметтің және қосалқы метеорологиялық қызметтің (213
Қарарды (Қайта қаралған ДКР-95) қара) дамуын шектемеуі тиіс. Бұл
жолақты пайдалануда 46 Қарардың (Қайта қаралған ДКР-95)/S9.11А п.
сәйкес үйлестіру процедуралары қолданылуы тиіс.
S5.378 Пайдаланылмайды.
S5.379 Қосымша таратылу: Бангладеш, Индия, Индонезия, Нигерия және
Пакистанда 1660.5 - 1668.4 МГц жолағы, сондай-ақ метеорологияның
қосалқы қызметіне екінші реттік негізде үлестірілген.
S5.379А Әкімшіліктер радиоастрономия бағытының келешек зерттеулерін
қорғау үшін, 1660.5 - 1668.4 МГц жолағында мүмкіндікті шаралардың
бәрін пайдалануы керек, оның ішінде, 1664.4 - 1668.4 МГц
жолағында әуе-жер бағытында метеорологияның қосалқы қызметіндегі
таратуларды мүмкіндігінше тезірек шығару арқылы.
S5.380 1670 - 1675 МГц және 1800 - 1805 МГц жолақтары дүниежүзілік
негізде, қоғамдық хат-хабарды әуелік қызметпен таратуды ендіруге
ынталы әкімшіліктерге арналған. 1670 - 1675 МГц жолағын қоғамдық
хат-хабарды алмастыру жүйелерінің әуелік кемелердің
станцияларымен пайдалану, әуелік станциялардың таратуларымен
шектеледі, ал 1800 - 1805 МГц жолағын пайдалану, әуелік кемелер
станцияларының таратуларымен шектеледі.
S5.381 Қосымша таратылу: Ауғанстан, Коста-Рика, Куба, Индия, Иран
Ислам Республикасы, Малайзия, Пакистан және Шри-Ланкада 1690 -
1700 МГц жолағы, сондай-ақ бекітілген және жылжымалы қызметтерге,
жылжымалы әуелік қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.382 Қызметтің басқа категориясы: Сауд Аравиясы, Армения, Австрия,
Әзербайжан, Бахрейн, Беларусь, Босния мен Герцеговина, Болгария,
Конго, Египет, Біріккен Араб Эмираттары, Эритрея, Эфиопия,
Гвинея, Венгрия, Ирак, Израиль, Иордания, Қазақстан, Кувейт,
бұрынғы югославия Республикасы Македония, Ливан, Мавритания,
Молдова, Монғолия, Оман, Өзбекстан, Польша, Катар, Сирия,
Қырғызстан, Румыния, Ресей, Сомали, Тәжікстан, Танзания,
Түркменстан, Украина, Йемен және Югославияда 1690 - 1700 МГц
жолағы бекітілген және жылжымалы қызметке, жылжымалы әуелік
қызметті қоспағанда, бірінші негізде бөлінген (S5.33 п.
қара), сондай-ақ Корей Халық-Демократиялық Республикасында 1690 -
1700 МГц жолағы бекітілген қызметке бірінші реттік негізде (S5.33
п. қара) және жылжымалы қызметке, әуелік жылжамылы қызметті
қоспағанда, екінші реттік негізде бөлінген.
S5.383 Пайдаланылмайды.
S5.384 Қосымша таратылу: Индия, Индонезия және Жапонияда 1700 - 1710 МГц
жолағы, сондай-ақ ғарыштық зерттеу қызметіне (ғарыш-Жер), бірінші
реттік негізде үлестірілген.
S5.385 Қосымша таратылу: 1718.8 - 1722.2 МГц, 150 - 151 ГГц, 174.42 -
175.02 ГГц, 177 - 177.4 ГГц, 178.2 - 178.6 ГГц, 181 - 181.46
ГГц, 186.2 - 186.6 ГГц және 257.5 - 258 ГГц жолақтары, сондай-ақ