қосалқы радиохабар мақсаттарына құрылықтық жылжымалы қызметке,
үлестірілген. Құрылықтық жылжымалы қызмет станциялары, осы
ескертпелерде көрсетілген елдерде, істегі немесе жоспарланған
станцияларда, жиілік үлестіру Кестесі бойынша жұмыс атқаратын,
осы ескертпеде көрсетілгеннен өзге елдерде зиянды бөгеуілдер
тудырмауы тиіс.
S5.297 Қосымша таратылу: Коста-Рика, Куба, Сальвадор, Америка Құрама
Штаттары, Гватемала, Гайана, Гондурас, Ямайка, Мексика және
Венесуэлада 512 - 608 МГц жолағы, сондай-ақ бекітілген және
жылжымалы қызметтерге, 14/п. S9.21 Бабы бойынша келісім алу
жағдайында, бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.298 Қосымша таратылу: Индияда 549.75 - 550.25 МГц жолағы, сондай-ақ
ғарыштық пайдаланым (ғарыш-Жер) қызметіне екінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.299 Пайдаланылмайды.
S5.300 Қосымша таратылу: Израиль, Ливия, Сирия және Суданда 582 - 790
МГц жолағы, сондай-ақ бекітілген және жылжымалы қызметтерге,
әуелік жылжымалы қызметті қоспағанда, екінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.301 Пайдаланылмайды.
S5.302 Қосымша таратылу: Біріккен Корольдіктерде 590 - 598 МГц жолағы,
сондай-ақ әуелік радионавигациялық қызметке бірінші реттік
негізде үлестірілген. Радионавигациялық қызмет станцияларына
барлық жаңа жиіліктер тағайындау, көрші жолақ жиіліктерінен
көшірілгендерін қоса есептегенде, келесі елдер: Германия,
Бельгия, Дания, Испания, Франция, Ирландия, Люксембург, Марокко,
Норвегия және Нидерланды әкімшіліктерімен үйлестірулік жағдайда
өтуі керек.
S5.303 Пайдаланылмайды.
S5.304 Қосымша таратылу: Африкалық радиохабар аймағындағы (S5.10 - S5.13
п. қара) 606 - 614 МГц жолағы, сондай-ақ радиоастрономиялық
қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.305 Қосымша таратылу: Қытайда 606 - 614 Мгц жолағы, сондай-ақ
радиоастрономиялық қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.306 Қосымша таратылу: Африкалық радиохабар зонасының 1 Аймағында
(S5.10 - S5.13 п. қара) және 3 Аймақтағы 606 - 614 МГц жолағы,
сондай-ақ радиоастрономиялық қызметке екінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.307 Қосымша таратылу: Индияда 608 - 614 Мгц жиілік жолағы, сондай-ақ
радиоастрономиялық қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.308 Пайдаланылмайды.
S5.309 Қызметтің басқа категориясы: Коста-Рика, Сальвадор және
Гондураста 614 - 806 МГц жолағы, 14/п. S9.21 Бабына сәйкес
келісім алған жағдайда, бекітілген қызметке бірінші реттік
негізде бөлінген (S5.33 п. қара).
S5.310 Пайдаланылмайды.
S5.311 620 - 790 МГц жолақ аумағында жер серіктік радиохабар қызметінің
теледидарлық, жиілік модуляциясын пайдаланатын, станцияларына
жиіліктер тағайындалуы мүмкін, егер мүдделі әкімшіліктер мен
қызметтері Кесте бойынша жұмыс істейтін, қызметтеріне қатысты
болатын әкімшіліктер (33 және 507 Қарарлар) арасында
келісушіліктер болса. Мұндай станциялар, басқа елдердің
территорияларында, олардың әкімшіліктерінің рұқсатынсыз, қуат
0
ағынының тығыздығын түсу бұрышының шамасы 20 -тан аз болғанда
2
- 129 дБ (Вт/м )-тан асырмауы керек (705 Ұсыныстарын қара).
S5.312 Қосымша таратылу: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария,
Венгрия, Қазақстан, Латвия, Молдова, Монғолия, Өзбекстан, Польша,
Қырғызстан, Словакия, Чех Республикасы, Румыния, Ресей, Тәжікстан,
Түркменстан және Украинада 645 - 862 МГц жолағы, сондай-ақ әуелік
радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.313 Пайдаланылмайды.
S5.314 Қосымша таратылу: Австрия, Италия, Өзбекстан, Біріккен
Корольдіктерде және Свазилендте 790 - 862 МГц жолағы, сондай-ақ
құрылықтық жылжымалы қызметке екінші реттік негізде үлестірілген.
S5.315 Ауыстырылымды таратылу: Греция, Италия, Марокко және Тунисте
радиохабар қызметіне 790 - 838 МГц жолақта жиіліктер үлестіру
бірінші реттік негізде орындалған.
S5.316 Қосымша таратылу: Германия, Босния мен Герцеговина, Буркина-Фасо,
Камерун, Кот-д'Ивуара, Хорватия, Дания, Египет, Финляндия,
Израиль, Кения, бұрынғы югославия Республикасы Македония, Ливия,
Лихтенштейне, Монако, Норвегия, Нидерланд, Португалия, Сирия,
Швеция, Швейцария және Югославияда 790 - 830 МГц жолағы және осы
елдерде, сонымен қатар, Испания, Франция, Габон мен Мальтада 830
- 862 МГц жолағы, сондай-ақ жылжымалы қызметке, әуелік жылжымалы
қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде үлестірілген. Бірақ
әрбір жолаққа сәйкес көрсетілген, осы ескертпеде сөз болып
отырған елдердегі жылжымалы қызмет станциялары зиянды бөгеуілдер
тудырмауы тиіс немесе Кестеге сай жұмыс атқарып отырған елдердегі
станциялардан қорғанысты талап етпеуі керек.
S5.317 Қосымша таратылу: 2 Аймақта (Бразилия мен Америка Құрама
Штаттарын қоспағанда) 806 - 890 МГц жолағы, 14/п. S9.21 Бабына
сай келісім алған жағдайда, сондай-ақ жер серіктік жылжымалы
қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген. Бұл қызмет ұлттық
шекаралар ішінде пайдалануға арналған.
S5.318 Қосымша таратылу: Канада, Америка Құрама Штаттары және Мексикада
849 - 851 МГц және 894 - 896 МГц жолақтары әуе кемелерінің
арасында көпшіліктік хат-хабар алмасуға, сондай-ақ әуелік
жылжымалы қызметке бөлінген. 849 - 851 МГц жолағын пайдалану
әуелік станциялар арасында хабар алмасумен шектеледі, ал 894 -
896 МГц жолағын пайдалану - әуе кемелері станциялары арасындағы
хабар алмасу.
S5.319 Қосымша таратылу: Беларусь, Ресей, Украинада 806 - 840 МГц
(Жер-ғарыш) және 856 - 890 МГц (ғарыш-Жер) жолағы, сондай-ақ,
әуелік жер серіктік жылжымалы (R) қызметті қоспағанда, жер
серіктік жылжымалы қызметке үлестірілген. Бұл жолақтарда жұмыс
атқарылғанда, жоғарыда аталған қызметтерде зиянды бөгеуілдер
туындамауы керек немесе жиіліктер үлестіру Кестесіне сай жұмыс
істейтін елдердің қызметтерінен олардан қорғаныс талап етілмеуі
тиіс, ал жұмыстың өзі мүдделі әкімшіліктер арасында арнайы
келісімдермен атқарылуы қажет.
S5.320 Қосымша таратылу: 3 Аймақта 806 - 890 МГц және 942 - 960 МГц
жолақтары, сондай-ақ, әуелік жер серіктік жылжымалы (R) қызметті
қоспағанда, жер серіктік жылжымалы қызметке, S9.21 14/п. Бабы
бойынша келісім алған жағдайда, бірінші реттік негізде
үлестірілген. Бұл қызметтерді пайдалану ұлттық шекаралар
төңірегінде жұмыс істеумен шектеледі. Мұндай келісімдерді
жүргізгенде, Кестеге сай жұмыс істейтін қызметтерге зиянды
бөгеуілдерден қорғаныс ұсынылуы керек.
S5.321 Ауыстырылымды таратылу: Италияда 838 - 854 МГц жолағы радиохабар
қызметіне 1995 жылдың 1 қаңтарынан бірінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.322 1 Аймақта 862 - 960 МГц жолағында радиохабар қызмет станциялары,
S9.21 п. бойынша келісім алған жағдайда, Алжир, Египет, Испания,
Ливия, Марокко, Нигерия, Оңтүстік Африка, Танзания және
Зимбабвені қоспағанда, тек қана Африка радиохабар зонасында
(S5.10 - S5.13 п. қара), жұмыс істеуі керек.
S5.323 Қосымша таратылу: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария,
Венгрия, Қазақстан, Латвия, Молдова, Монғолия, Өзбекстан, Польша,
Қырғызстан, Словакия, Чех Республикасы, Румыния, Ресей, Тәжікстан,
Түркменстанда және Украинада 862 - 960 МГц жолағы, сондай-ақ
әуелік радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде
үлестірілген. Мұндай пайдаланым, S9.21 14/п. Бабы бойынша келісім
алған жағдайда, 1997 жылдың 27 қарашасынан пайдаланымда келе
жатқан, олардың өмір сүру мерзімінің соңына дейінгі, жердегі
радиомаяктармен шектеледі.
S5.325 Қызметтің басқа категориясы: Америка Құрама Штаттарында 890 - 942
МГц жолағы, 14/п. S9.21 Бабына сәйкес келісім алған жағдайда,
радиолокациялық қызметке, бірінші реттік негізде бөлінген (S5.33
п. қара).
S5.326 Қызметтің басқа категориясы: Чилиде 903 - 905 МГц жолағы, әуелік
жылжымалы қызметті қоспағанда, жылжымалы қызметке бірінші реттік
негізде бөлінген және 14/п. S9.21 Бабына сәйкес келісім алған
жағдайда пайдаланылады.
S5.327 Қызметтің басқа категориясы: Австралияда 915 - 928 МГц жолағы
радиолокациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген (S5.33
п. қара).
S5.328 960 - 1215 МГц жолағы әуелiк навигацияның борттық электрондық
жабдықтарын және олармен тікелей байланыстағы кез келген жердегi
қондырғыларды дүниежүзілік негiзде дамыту және пайдалану үшiн
қорға қойылады.
S5.329 1215 - 1260 МГц жолағын радионавигациялық жер серіктік қызметте
пайдалану, S5.331 п. бойынша рұқсат алған радионавигациялық
қызметке зиянды бөгеуілдер тудырмаған жағдайда болады.
S5.330 Қосымша таратылу: Ангола, Сауд Аравиясы, Бахрейн, Бангладеш,
Камерун, Қытай, Бiрiккен Араб Эмираттары, Эритрея, Эфиопия,
Гайана, Индия, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израиль,
Жапония, Иордания, Кувейт, Ливан, Ливия, Марокко, Мозамбик,
Непал, Нигерия, Пакистан, Филиппин, Катар, Сирия, Сомали, Судан,
Шри-Ланка, Чад, Того және Йеменде 1215 - 1300 МГц жолағы
бекітілген және жылжымалы қызметтерге бiрiншi реттiк негiзде
бөлiнген.
S5.331 Қосымша таратылу: Алжир, Германия, Австрия, Бахрейн, Бельгия,
Бенин, Босния мен Герцеговина, Бурунди, Камерун, Қытай, Хорватия,
Дания, Бiрiккен Араб Эмираттары, Франция, Греция, Индия, Иран
Ислам Республикасы, Ирак, Кения, бұрынғы югославия Республикасы
Македония, Лихтенштейн, Люксембург, Мали, Мавритания, Норвегия,
Оман, Пакистан, Нидерланд, Португалия, Катар, Сенегал, Словения,
Сомали, Судан, Шри-Ланка, Швеция, Швейцария, Түркия және
Югославияда 1215 - 1300 МГц жолағы, сондай-ақ радионавигациялық
қызметке бiрiншi реттiк негiзде бөлінген.
S5.332 1215 - 1300 МГц жолағында жер серiктiк Жердi зерттеу қызметінің
және ғарыш зерттеу қызметiнің ғарыш аппараттарының бортындағы
әрекеттi сезбектер не зиянды бөгеуілдер тудырмауы, не сырттан
зиянды бөгеуiлдерден қорғанысты талап етпеуi, не бiріншi реттік
негiзде үлестiрiлген радиолокациялық қызметтiң, радионавигациялық
жер серiктiк қызметтiң және де басқа қызметтердiң жұмыс iстеуіне
және дамуына шек қоймауы тиiс.
S5.333 Пайдаланылмайды.
S5.334 Қосымша таратылу: Канада және Америка Құрама Штаттарында 1240 -
1300 МГц және 1350 - 1370 МГц жолақтары, сондай-ақ әуелiк
радионавигациялық қызметке бiрiншi реттiк негiзде бөлiнген.
S5.335 Канада, АҚШ және Вьетнамда 1240 - 1300 МГц жолағында, жер
серiктiк Жердi зерттеу қызметінің және ғарыш зерттеу қызметiнiң
ғарыш аппараттарының бортындағы әрекеттi сезбектер не зиянды
бөгеуiлдер тудырмауы, не сырттан зиянды бөгеуiлдерден қорғанысты
талап етпеуi, не әуелiк радионавигациялық қызметтiң жұмыс
iстеуiне және дамуына шек қоймауы тиiс.
S5.336 Пайдаланылмайды.
S5.337 1300 - 1350 МГц, 2700 - 2900 МГц және 9000 - 9200 МГц жолақтарын
әуелiк радионавигациялық қызметте пайдалану, тек бұл жолақтардағы
жиiлiктерде ғана және тек сол жолақта жұмыс iстейтiн
радиолокациялық қондырғылармен әрекеттендiрiлетiн кезде ғана,
хабар тарататын жердегi радиолокациялық қондырғылармен және
олармен байланысты әуе кемелерінің қабылдау-жауапбергiштерiмен
шектеледi.
S5.338 Әзербайжан, Болгария, Монғолия, Польша, Қырғызстан, Словакия, Чех
Республикасы, Румыния, Түркменстан және Украинада бар
радионавигациялық қызметтердiң қондырғылары жұмыстарын 1350 -
1400 МГц жолақта жалғастыра берулерiне болады.
S5.339 1370 - 1400 МГц, 2640 - 2655 МГц, 4950 - 4990 МГц және 15.20 -
15.35 ГГц жолақтары ғарыштық зерттеулер (әрекетсiз) қызметіне
және жер серіктік Жерді зерттеу қызметiне (әрекетсiз) екiншi
реттiк негiзде бөлінген.
S5.340 Барлық сәулеленулерге мына жолақтарда тыйым салынған:
1400 - 1427 МГц,
2690 - 2700 МГц, S5.421 және S5.422 п. ескертілгендерден басқа
10.68 - 10.7 ГГц, S5.483 п. ескертілгендерден басқа
15.35 - 15.4 ГГц, S5.511 п. ескертілгендерден басқа
23.6 - 24 ГГц,
31.3 - 31.5 ГГц,
31.5 - 31.8 ГГц 2 Аймақта
48.94 - 49.04 ГГц әуе кемесiнiң бортындағы станциядан
50.2 - 50.4 ГГц, S5.555А п. ескертілгендерден басқа
52.6 - 54.25 ГГц,
86 -92 ГГц,
105 - 116 ГГц,
140.69 - 140.98 ГГц әуе кемесінің бортындағы станциядан және
ғарыш-Жер бағытындағы ғарыш станцияларынан
182 - 185 ГГц, S5.563 п. ескертілгендерден басқа
217 - 231 ГГц.
S5.341 1400 - 1727 МГц, 101 - 120 ГГц және 197 - 200 ГГц жолақтарында
кейбір елдер шеттен (жерден бөлек) әдейі келген сәулеленулердi
iздеу бағдарламасы бойынша әрекеттi емес зерттеулер жүргiзедi.
S5.342 Қосымша таратылу: Беларусь, Ресей және Украинада 1429 - 1535
МГц жолағы, сондай-ақ әуелiк жылжымалы қызметке бiрiншi реттік
негiзде тек қана әуелiк телеметрияға ұлттық территорияның
көлемiнде бөлінген. 2007 жылдың 1 сәуірiнен 1452 - 1492 МГц
жолағы мүдделi әкiмшiлiктермен өзара келісім жағдайларында
пайдаланылатын болады.
S5.343 1435 - 1535 МГц жолағын 2 Аймақта әуелiк жылжымалы қызметтiң
телеметрия үшін пайдалануы жылжымалы қызметтің басқа
пайдаланымдарына қарағанда артықшылықта болады.
Жер серіктік Жерді зерттеу қызметіне (әрекетсіз) және ғарыштық
зерттеулер қызметіне (әрекетсіз) 50.2 - 50.4 ГГц жолағында
үлестіру, оларда бірінші реттік негізде бөлінген көрші жолақтарды
пайдалануға шектен тыс шектеулер қоймауы керек.
S5.344 Ауыстырылымды таратылу: Америка Құрама Штаттарында 1452 - 1525 МГц
жолағы бекітілген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік
негізде үлестірілген (S5.343 п. қара).
S5.345 1452 - 1492 МГц жолағын жер серіктiк радиохабар және радиохабар
қызметтерде пайдалану цифрлық дыбыстық радиохабармен шектеледі
және 528 Қарардың (ДЖӘР-92) ережелерiне сәйкес атқарылады.
S5.346 Пайдаланылмайды.
S5.347 Қызметтің басқа категориясы: Бангладеш, Босния мен Герцеговина,
Ботсвана, Болгария, Буркина Фасо, Куба, Дания, Египет, Греция,
Ирландия, Италия, Иордания, Кения, Мозамбик, Португалия,
Шри-Ланка, Свазиленд, Йемен, Югославия және Зимбабведе 1452 -
1492 МГц жолағын үлестiру жер серiктiк радиохабар қызметiне
және радиохабар қызметiне екiншi реттiк негiзде 2007 жылдың 1
сәуiріне дейiн жүргізілген.
S5.348 1492 - 1525 МГц жиілiк жолағын жер серіктiк жылжымалы қызметте
пайдалануда 46 Қарардың (Қайта қаралған ДКР-95)/S9.11А п. сәйкес
үйлестiру процедуралары қолданылуы тиiс. Бiрақ бөгеуiлдердiң,
жылжымалы жер серiктiк қызметтiң ғарыш станцияларының жер
бетiндегi қызметтермен үйлестiруiн анықтайтын, S21 Бабында
келтiрiлген шектiк деңгейi, S5.343 п. келтiрiлген жағдайда
пайдаланылмауы керек. S5.343 п. қарастырылған жағдайда 1492 -
1525 МГц жолағындағы үйлестiру талабы жиілiк жолақтарын қиыстыру