ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 59-тармақ өзгертілді
59. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы мен өткізілетін мерзімін;
2) тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауын, олардың почталық мекен-жайын;
3) ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды(бұр. ред. қара)
4) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегін, атын, әкесінің атын;
5) әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайын, оның ЖСН-ін немесе БСН-ін;
6) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конвертті тіркейтін күн мен уақытты;
7) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімге енгізген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты.
Конкурсқа қатысуға өтінімдердің тіркеу журналына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай бас тартудың себебін айта отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдерін тіркеуден бас тартылған әлеуетті өнім берушілерді көрсетеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдердің тіркеу журналы тігілген, беттері нөмірленген және оған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы бұрыштама соғуы тиіс, конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналының соңғы беті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілген болуға тиіс. Бір қаржы жылы ішінде конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді барлық мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге рұқсат етіледі.
60. Әлеуетті өнім беруші өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі біткенге дейін конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгерістер енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуға, мөр басылуға және ұсынылуға тиіс.
61. Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына әлеуетті өнім берушінің қолы қойылған және мөрмен бекітілген (жеке тұлға үшін егер осындай болса) еркін өтініш түрінде ресімделеді.
62. Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімге оларды берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін ешқандай өзгерістер енгізілмеуге тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 63-тармақ өзгертілді
63. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде әлеуетті өнім беруші енгізеді. Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінім берілетін лоттарға ғана конкурсқа қатысуға өтінімді қамсыздандыруды енгізеді.
Өтінімдер конкурстың барлық лотына берілмеген кезде лоттардан тұратын конкурсқа бөлінген жалпы сомаға конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмге қамтамасыз етуді енгізуге жол беріледі.
64. Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік түрінде енгізеді.
65. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды(бұр. ред. қара)
66. Банктік кепілдіктің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмауға тиіс. Әлеуетті өнім берушінің өтінімнің өзін ұзарту мерзіміне банк кепілдігінің әрекет ету мерзімін ұзартуына жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 67-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
67. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамсыздандыруды, егер ол:
1) екі сатылы рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші сатысында;
2) ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 68-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
68. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етуi жоқ конкурстық өтiнiмдердiң барлығын конкурстық комиссия конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтіндер ретiнде кері қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 69-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай:
1) әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi керi қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған;
2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде табыс етпеген не керi қайтарып алған;
3) конкурстың жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
4) конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтармайды.
Осы тармақта көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жатқызылады.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 70-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
70. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз ету мынадай:
1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;
5) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қайтарылады.
Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 71-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
71. Конкурстық комиссия, конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен күні, уақытта және орында конкурстық комиссияның қарапайым көпшілігінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің қатысуымен жүргізеді.
Конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
Конкурстық комиссияның отырысында қатысып отырған адамдардың конкурстық комиссия қызметіне араласуға құқығы жоқ.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 72-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
72. Егер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың тағайындалған күні конкурстық комиссия мүшелерінің қажетті саны, конкурстық комиссияның хатшысы болмаса, онда конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасары конверттерді ашудың тағайындалған уақытына дейін үш сағаттан кешіктірмей бұл туралы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны жазбаша не ауызша хабардар етеді, ол конверттерді ашу рәсімі басталғанға дейін осындай алмастырудың себебін көрсете отырып, конкурстық комиссияның жоқ мүшелерін, конкурстық комиссияның хатшысын алмастыру бөлігінде конкурстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды.
73. Конкурстық комиссияның отырысы басталғанға дейін конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің мүдделерін білдіруге әлеуетті өнім берушілер өкілдерінің құжатты түрде ресімделген өкілеттігін тексереді.
74. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарламасында және конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.
75. Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім ұсынылған жағдайда да конкурсқа қатысуға өтінім осы Ережеге сәйкес ашылады және қаралады.
76. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды:
конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының құрамы;
конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының болуы не болмауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуі;
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің болуы немесе болмауы, сондай-ақ себептері;
белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдер берген әлеуетті өтінім берушілер туралы ақпараттандырады;
хронологиялық тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім беруші туралы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жария етеді;
осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жария етеді;
2) төраға не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға анықтаған адам:
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
3) конкурстық комиссияның хатшысы:
осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес өтінімдер салынған конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;
әлеуетті өнім берушілерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы ақпараттандырады.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 77-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
77. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына отырысқа қатысушы конкурстық комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.
78. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге немесе конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне, ал болмағандарға - сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде олардың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.
79. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың қол қойылған хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына жариялайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 80-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 80-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
80. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде (күрделі техникалық сипаттамалары мен ерекшелігі бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді күрделі мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда осындай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде қаралады) әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (конкурсқа қатысушы деп таниды).
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес ресімделеді, отырысқа қатысқан барлық мүшелер, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуына рұқсат беру (конкурс қатысушысы деп тану) туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды, әрбір бетке бұрыштама қояды. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға болған кезде сараптамалық қорытынды не конкурстық комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптама комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі қоса тіркелуі мүмкін.
81. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы:
1) төрағамен, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасарымен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін күн мен уақытты келіседі;
2) конкурстық комиссияның мүшелерін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін күн мен уақыт туралы хабардар етеді;
3) конкурстық комиссияның қарауына әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша беру журналында қол қоя отырып, әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін растайтын құжаттарды береді;
4) сарапшыны (сараптау комиссиясын) тартқан жағдайда әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша беру журналында қол қоя отырып, әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
82. Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша беру журналы мыналарды:
конкурсқа қатысуға өтінімді құрайтын құжаттардың дестесіне кіретін құжаттың атауын;
бет сандарын;
конкурстық өтінім құжаттарын алған адамның тегін, аты-жөнін және қолын, оларды алу күнін;
конкурстық өтінім құжаттарын кері алу туралы куәландыратын конкурстық комиссия хатшысының тегін, аты-жөнін және қолын, оларды алу күнін қамтуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 83 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
83. Конкурстық комиссияның мүшелері, сарапшы (сараптау комиссиясының жетекшісі) конкурстық комиссияның хатшысына қайтарғанға дейін оларды қарау уақытында әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімі құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
84. Өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы осындай комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігінің қатысуымен өткізіледі.
85. Конкурстық комиссия отырысын өткізбей конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауға жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 86-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
86. Конкурстық комиссия:
1) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін құрайтын құжаттар бумасының толықтығы мен тиісінше ресімделу мәніне қарайды;
2) құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған және (немесе) тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерді анықтайды;
3) жазбаша нысанда конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдердің қаралуын, оларды бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді сұратады;
4) конкурсқа қатысуға өтінімдерде бар мәліметтерді нақтылау мақсатында конкурстық комиссия тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша нысанда қажетті ақпаратты сұратады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұраулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттамаға сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі;
5) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды және конкурстың қатысушылары деп таниды.
Әлеуеттi өнiм берушiлердiң жалпы бiлiктiлiк талаптарына олардың банкроттау рәсiмiне қатысы жоқтығы және (немесе) атқарушы құжаттар бойынша орындалмаған және тиісті тізілімге енгізілмеген міндеттемелердің болмауы бөлiгiнде сәйкес келуiн нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттау рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсына және атқарушы құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.
87. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді енгізілген қамтамасыз етуді мынадай жағдайда конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болғанда;
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) конкурстық комиссияға:
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген адамды;
өтінімді қамтамасыз етуге қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы мұндай әлеуетті өнім берушіні конкурстық құжаттама талаптарына сай емес деп тану үшін негіз болып табылмайды;
олардың қатысу үшін банктік кепілдік түрінде берілген өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауын;
банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген адамды;
оның пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін адамды анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауымен көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиесілі ресімделмегенде.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара)
3) конкурстық өтінімді қамсыздандыруға конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайыздан кем мөлшерінде енгізілсе.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 87-1-тармақпен толықтырылды
87-1. Заңды тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші (конкурс қатысушысы деп танылған), егер:
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) ол және (немесе) қосалқы мердігер не бірлесіп атқарушы мынадай:
әлеуетті өнім беруші қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесін және сауда тізілімінен заңдастырылған көшірмесін бермеу, қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аудара отырып нотариалдық куәландырылған (және) сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірмесін бермеу;
лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін бермеу;
лицензияны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде берген кезде, мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтердің болмауы;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін не егер заңды тұлға қызметін Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін бермеу.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген акция ұстаушылардың тізілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын ұсынбау;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолдары және мөрлері бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай анықтаманы осындай банктердің әрқайсысынан бермеуі) бермеу;
банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасында әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің болуы;
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ екені не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын бермеу;
тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасында үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болуы;