Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысы
(2013.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Ереженің бүкіл мәтіні бойынша «нысан бойынша» және «нысандар бойынша» деген сөздер ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «веб-сайтында», «веб-сайтының», «веб-сайтына», «веб-сайтын», «веб-сайттың», «веб-сайтта» деген сөздер «интернет-ресурсында», «интернет-ресурсының», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурсын», «интернет-ресурстың», «интернет-ресурста» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1301 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
ережесі
Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау
Кіші бөлім және 1-6-тармақтар ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту
7. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың бекітілген немесе нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ғана қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 641 Қаулысымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-1-тармақ өзгертілді
7-1. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) жылдар бойынша үш жылдық кезеңге қосылған құн салығын және акциздерді есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын. Жұмыстардың номенклатурасы осы жұмыстарды орындау шеңберінде сатып алынатын тауарлардың көлемі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамдық сома көрсетіледі;
2) Заңның 4-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдерін;
3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдерін;
4) Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сома шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдерін.
Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28), 32) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізуге жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды орналастырады.
Көрсетілген шешімге тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2009.06.05 № 635 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.23.04. № 345 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды екі кезеңді рәсімді пайдаланып, конкурс тәсілімен өткізген жағдайда ғана бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдай алады.
2. Жалпы ережелер
12. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
13. Егер тапсырыс беруші өзінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болған жағдайда әрекет еткен жағдайда тапсырыс беруші өзінің бұйрығымен оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты етіп анықтайды.
Егер тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшесі заңды тұлға болып табылған жағдайда тапсырыс беруші бұйрықпен оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауап етіп айқындайды.
Егер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып үшінші заңды тұлға әрекет ететін болса, онда тапсырыс беруші онымен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасады.
Бұл ретте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынаста білдіретін лауазымды тұлғаны анықтайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің қатарынан анықталады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
14. Тапсырыс беруші тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда,алдағы мемлекеттік сатып алуларда оның мүддесін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасын анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді
15. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
Мемлекеттік кәсіпорын онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өздерімен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып әрекет етуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі оған қатысты ол құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
16. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны белгілеуге құқылы;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың арасынан бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны белгілеуге құқылы;
3) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы;
4) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын белгілеуге құқылы;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі оларға қатысты құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшін ол мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы.
Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны) анықтауға Заңның 7-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарды сақтаған кезде жол беріледі.
17. Осы Ереженің 16-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны анықтаған жағдайда тапсырыс берушілер конкурсты ұйымдастырушыға ол белгілеген мерзімде конкурсты ұйымдастыру мен өткізу үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде белгіленген жылдық жоспарды, сатып алынатын тауарлардың (қызметтердің) техникалық өзіндік ерекшелігін, құрылыс жұмыстарын сатып алу кезінде объект салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы ұсынады, сондай-ақ конкурсты бірыңғай ұйымдастырушыны осы ақпараттағы барлық өзгерістер туралы тез арада хабардар етеді. Бұл ретте тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі рәсімдерге қатысу үшін өзінің уәкілетті өкілдерін анықтайды.
Бірыңғай ұйымдастырушы өткізген конкурстың қорытындысы бойынша тапсырыс берушілер жеңімпаздармен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.15.11. № 1450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ өзгертілді
18. Күрделі техникалық сипаттамалары және ерекшелігі бар тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді осы Ережеде айқындалған тәртіппен заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінен (консорциумдардан) сатып алады. Мемлекеттік сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциумдар) қатысқан жағдайда, онда аталған консорциумның қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар өз біліктілік талаптарын растау үшін осы Ережеде белгіленген құжаттармен қатар мынадай құжаттарды беруге тиіс:
1) заңды тұлғалардың (консорциумның) мүшелері арасында жасалған нотариалды куәландырылған ортақ жауапкершілік шарты;
2) бірлескен шаруашылық қызметі туралы шартта көзделген қызмет бөлігінде тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығына арналған тиісті лицензиялардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензия.
3. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын көздейді:
1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін белгілеуі;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін анықтауы;
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі, сондай-ақ қажет болған кезде сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыруы және бекітуі;
4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын қалыптастыруы және оны бекітуге ұсынуы;
5) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі;
6) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауы;
7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ осындай әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізуі;
8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Ереженің 47-49-тармақтарында көзделген жағдайларда оның көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруі;
9) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуі;
10) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеуі;
11) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін әлеуетті өнім берушілерге не олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген олардың уәкілетті өкілдеріне жіберуі;
12) конкурстық комиссияның біліктілік талаптарға және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауы;
13) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат етілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыруы және жіберу туралы тиісті хаттаманы ресімдеуі;
14) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмелерін жіберуі;
15) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында мәліметтерді тіркеуі;
16) конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу, конкурстық комиссияның конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы және салыстыруы (конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығару);
17) конкурстық комиссияның конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі және оған қол қоюы және Заңның 27-бабына сәйкес оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жіберуі;
18) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізген конкурстың қорытындылары бойынша тапсырыс беруші конкурстың жеңімпазымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
20. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабы 10-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу шарттары мен тәртібін анықтау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын есепке ала отырып, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес үлгі конкурстық құжаттаманың негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы әзірлейді және оны тапсырыс берушімен келіседі.
22. Конкурстық құжаттама мыналарды қамтуы тиіс:
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) әлеуетті өнім беруші өзінің (және олар тартатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растауға ұсынатын құжаттардың тізбесі;
құқықтық-қабілетін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық әрекетке қабілетін растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке куәлігінің көшірмесі);
заңды тұлға қызметті үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аудара отырып, нотариалдық куәландырылған сауда тізілімінен жария етілген үзіндіні ұсынады;
лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген. Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінішінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариалдық куәландырылған үзіндісін (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) не конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзіндінің тұпнұсқасын;
төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кейін алынуға тиіс;
Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарға сәйкес келмейді деп тануға негіз болып табылмайды;
үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешектің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
Осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтініммен бірге әлеуетті өнім берушінің өткізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының бір жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір не бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдігі түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің толық орындалуы үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге әлеуетті өнім беруші ұсынады;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) әлеуетті өнім беруші өзінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін беретін құжаттар тізбесі:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерді;
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;
4) Үлгі конкурстық құжаттамаға 2, 3-қосымшаларға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық өзіндік ерекшелікті, ал қажет болған кезде нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары. Өндірістік және тұрғын-үй азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен үй-жайларды, сондай-ақ көлемді, жазықты немесе желілік объектілерді салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделі жөндеуге арналған мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде конкурстық құжаттама сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы қамтуға тиіс;
5) лот нөмірін, өлшем бірлігін, жеткізу санын, шарттарын, жеткізу мерзімі мен орнын, төлем шарттарын және сатып алуға бөлінген соманы көрсете отырып, Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
6) осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес үлгі шарттың негізінде әзірленетін елеулі шарттарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы;
ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) бағаны қоспағанда, оның негізінде конкурс жеңімпазы анықталатын өлшемдер, оның ішінде осындай өлшемдердің әрқайсысының салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеу әдісі;
8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасынан басқа, оларды тасымалдауға және сақтандыруға, кеден баждарын, салықтарды және алымдарды төлеуге арналған шығыстарды, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау шарттарында көзделген өзге шығыстарды, сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес баға ұсынысын беру нысанын көрсету;
9) конкурсқа қатысушының баға ұсынысы көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын бағам;
10) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптар, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар;
11) конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді енгізу шарттары, мазмұны және қамтамасыз ету түрлері;
12) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін оларды берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзгерту немесе қайтарып алу құқығына нұсқама;
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсыну тәртібі, тәсілі, орны және соңғы мерзімі (бірақ жұмыс күнінің жергілікті уақытпен он бес сағатынан кешіктірмей) және конкурсқа қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданылу мерзімі (тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылатын күннен бастап кемінде 35 күнді құрайды. Конкурстық құжаттамада көрсетілгеннен қолданылу мерзімі неғұрлым қысқа конкурстық өтінім кейінге қалдырылады);