Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысы
(2014.21.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Ереженің бүкіл мәтіні бойынша «нысан бойынша» және «нысандар бойынша» деген сөздер ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «веб-сайтында», «веб-сайтының», «веб-сайтына», «веб-сайтын», «веб-сайттың», «веб-сайтта» деген сөздер «интернет-ресурсында», «интернет-ресурсының», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурсын», «интернет-ресурстың», «интернет-ресурста» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1301 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
ережесі
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту
2. Жалпы ережелер
3. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту
Конкурстық комиссияны, сарапшыны (сараптау комиссиясын) бекіту
Әлеуетті өнім берушілерді конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабардар ету
Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін беру
Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
Конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны және оларды беру
Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру
Конкурстық баға ұсыныстарын (конкурс) бағалау және салыстыру
Конкурстық өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі
Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын ашық конкурсты өткізу
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өтпей қалды деп тануға негіздемелер
4. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы әлеуетті өнім берушілерді хабардар ету
Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беруі
Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығару
5. Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау
7. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгі талаптар
Әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуді тұрақты негізде жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар
Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптар
Біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарына сұрау салу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдеріне және мерзіміне қойылатын талаптар және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
8. Электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Жүйенің жұмыс істеу тәртібі және Жүйедегі жұмыстың шарттары
Алдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Жүйеге орналастыру
Электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Жалпы ережелер
Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздіктің, құпиялылық режимінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі кепілдігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көзделген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және амбулаториялық, дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Дәрілік заттарды сатып алудың ерекшеліктері
Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері
Іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ осындай зерттеулер жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізудің ерекше тәртібі
Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
10. Өтпелі ережелер
Ережеге 1-қосымша. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер номенклатурасы
Ережеге 2-қосымша. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
Ережеге 3-қосымша. Үлгі конкурстық құжаттама
Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымша
Үлгі конкурстық құжаттамаға 2-қосымша
Үлгі конкурстық құжаттамаға 3-қосымша
Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымша
Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымша
Үлгі конкурстық құжаттамаға 6-қосымша
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымша
Үлгі конкурстық құжаттамаға 8-қосымша
Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымша
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымша
Үлгі конкурстық құжаттамаға 11-қосымша. Алып тасталды
Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымша
Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымша
Ережеге 4-қосымша
Ережеге 5-қосымша
Ережеге 5-1-қосымша
Ережеге 6-қосымша
Ережеге 7-қосымша
Ережеге 8-қосымша
Ережеге 9-қосымша
Ережеге 10-қосымша
Ережеге 11-қосымша
Ережеге 12-қосымша
Ережеге 13-қосымша. Алып тасталды
Ережеге 14-қосымша. Алып тасталды
Ережеге 15-қосымша. Алып тасталды
Ережеге 16-қосымша. Алып тасталды
Ережеге 17-қосымша. Алып тасталды
Ережеге 18-қосымша
18-қосымшаға 1-қосымша
18-қосымшаға 2-қосымша
18-қосымшаға 3-қосымша
Ережеге 19-қосымша
19-қосымшаға 1-қосымша
19-қосымшаға 2-қосымша
Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау
Кіші бөлім және 1-6-тармақтар ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Осы Ереженің 10-1 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ғана қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 641 Қаулысымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 7-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-1. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.
Тапсырыс беруші мәліметтері мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жеке жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жылдар бойынша үш жылдық кезеңге бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамды сома көрсетіледі;
2) Заңның 4-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;
3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері және орны;
4) Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда бөлінген және әрбір қаржы жылына көзделген сома шегінде кестеге сәйкес және жылдар бойынша бөле отырып, тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында бекітеді. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 153-бабының 7-тармағын орындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.
Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізуге жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды орналастырады.
Көрсетілген шешімге тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2009.06.05 № 635 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.23.04. № 345 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды
10-1. Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
11. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды екі кезеңді рәсімді пайдаланып, конкурс тәсілімен өткізген жағдайда ғана бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдай алады.
2. Жалпы ережелер
12. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді
13. Егер тапсырыс беруші өзінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болған жағдайда әрекет еткен жағдайда тапсырыс беруші өзінің бұйрығымен оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты етіп анықтайды.
Егер тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшесі заңды тұлға болып табылған жағдайда тапсырыс беруші бұйрықпен оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауап етіп айқындайды.
Бұл ретте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынаста білдіретін лауазымды тұлғаны анықтайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің қатарынан анықталады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
14. Тапсырыс беруші тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда,алдағы мемлекеттік сатып алуларда оның мүддесін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасын анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді
15. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
Мемлекеттік кәсіпорын онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өздерімен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып әрекет етуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі оған қатысты ол құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
16. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:
1) ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы;
4) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын белгілеуге құқылы;
5) ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны) анықтауға Заңның 7-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарды сақтаған кезде жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Осы Ереженің 15-тармағына сәйкес ұйымдастырушыны не осы Ереженің 16-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (бұдан әрі - бірыңғай ұйымдастырушы) айқындаған жағдайда, тапсырыс берушілер ұйымдастырушыға не мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға олар белгілеген мерзімде конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін қажет ақпаратты, оның ішінде:
1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарынан үзінді көшірмені;
2) тапсырыс берушінің басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам қол қойған және әр бетін дәйектеген сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін және техникалық ерекшелігін;
3) конкурстық және сараптау комиссияларының құрамына енгізу үшін кандидатураны (сарапшыны);
4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу жөніндегі рәсімдерге қатысу үшін тапсырыс берушінің уәкілетті өкілдері туралы мәліметтерді;
5) құрылыс жұмыстарын сатып алған кезде құрылыс объектісіне жобалау-сметалық құжаттаманы;
6) елеулі шарттарды көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды
17-1. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен ерекше тәртіпті пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға/бірыңғай ұйымдастырушыға тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқарушы адам бекіткен әлеуетті өнім берушілердің тізімін ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 17-2-тармақпен толықтырылды
17-2. Осы Ереженің 17 және 17-1-тармақтарында көзделген ақпарат өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) бұл туралы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны/бірыңғай ұйымдастырушыны дереу хабардар етуі тиіс.
Ұйымдастырушы/бірыңғай ұйымдастырушы өткізген конкурс қорытындылары бойынша тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) жеңімпаздармен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.15.11. № 1450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18. Мемлекеттік сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум) қатысқан жағдайда, осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар өз біліктілік талаптарын растау үшін осы Ережеде белгіленген құжаттармен қатар мынадай құжаттарды беруге тиіс:
1) заңды тұлғалардың (консорциумның) мүшелері арасында жасалған нотариалды куәландырылған ортақ жауапкершілік шарты;
2) бiрлескен шаруашылық қызметi туралы шартта көзделген қызмет бөлiгiнде тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығына арналған тиiстi лицензиялардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензиялар.
Конкурсқа Консорциум қатысқан жағдайда, конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді есептеу заңды тұлғалар қандай да бір ресурстарды біріктіретін және нақты шаруашылық міндеттерін шешу үшін күш-жігерді үйлестіретін бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт жасасқан сәттен бастап консорциумға қатысты қолданылады.
3. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын көздейді:
1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін белгілеуі;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін анықтауы;
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі, сондай-ақ қажет болған кезде сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыруы және бекітуі;
4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын қалыптастыруы және оны бекітуге ұсынуы;
5) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі;
6) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауы;
7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ осындай әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізуі;
8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Ереженің 47-49-тармақтарында көзделген жағдайларда оның көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруі;
9) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуі;
10) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеуі;
11) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін әлеуетті өнім берушілерге не олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген олардың уәкілетті өкілдеріне жіберуі;
12) конкурстық комиссияның біліктілік талаптарға және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауы;
13) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат етілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыруы және жіберу туралы тиісті хаттаманы ресімдеуі;
14) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмелерін жіберуі;
15) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында мәліметтерді тіркеуі;
16) конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу, конкурстық комиссияның конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы және салыстыруы (конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығару);
17) конкурстық комиссияның конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі және оған қол қоюы және Заңның 27-бабына сәйкес оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жіберуі;
18) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізген конкурстың қорытындылары бойынша тапсырыс беруші конкурстың жеңімпазымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)