39. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекітілген конкурстық құжаттамамен және оған қосымшалармен танысуға тиіс.
Әлеуетті өнім берушілерді конкурс тәсілімен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабардар ету
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 40-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтiнiмдерді табыс етуінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын:
1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінiң интернет-ресурсында жариялауға;
2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға;
3) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында хронологиялық тәртіппен конкурстық құжаттаманы алған адамның орналасқан жерi, почталық және электрондық мекенжайлары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ ол туралы басқа да мәлiметтердi көрсете отырып, бекiтiлген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактiсiн тiркеудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдерді табыс етудің соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға мiндеттi.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында қамтылған мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 41 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
41. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес ресімделеді және мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, электрондық және почта мекен-жайы;
2) жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, оның лауазымы және байланыс телефоны, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы;
4) тауарларды жіберудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің атауы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, орны мен мерзімі;
5) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу орны мен тәсілдері;
6) конкурсқа қатысуға өтінімдер беру орны және түпкілікті мерзімі, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты мен орны;
7) әлеуетті өнім берушінің егер осындай төлем конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін бергені үшін төлемді енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелері;
8) әлеуетті өнім берушінің өкілінде конкурстық құжаттаманың көшірмелерін алу жөніндегі өкілеттіктердің болу шарты.
Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін беру
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 42-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 42-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
42. Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарланған күннен бастап мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, ал тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы осы Ереженің 40-тармағының 3) тармақшасында белгiленген талаптарды ескере отырып, қағаз жеткізгіште не бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсына орналастыру арқылы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн әлеуеттi өнiм берушiге (оның уәкiлеттi өкiлiне) әлеуетті өнім беруші жүгінген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді (жібереді).
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 43-тармақ өзгертілді
43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі , ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы:
1) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алуға әлеуетті өнім беруші өкілінің тиісті түрде ресімделген өкілеттіктерін құжатты растаманың болуын тексереді;
2) әлеуетті өнім берушінің не оның уәкілетті өкілінің конкурстық құжаттаманың көшірмесін бергені үшін төлемді енгізу туралы құжатты растаманың болуын тексереді;
3) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналына осы Ереженің 44-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізеді;
4) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне қол қойғызып, конкурстық құжаттаманың көшірмесін береді не почта байланысын пайдалана отырып жібереді;
5) осы Ереженің 45, 47, 76-тармақтарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
44. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналында мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
1) конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізудің атауы мен мерзімі;
2) тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы, олардың орналасқан жері;
3) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
4) әлеуетті өнім берушінің толық атауы, орналасқан жері және байланыс телефоны;
5) конкурстық құжаттаманың көшірмесін әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілі алған уақыт пен күн;
6) егер осындай төлемді алу туралы нұсқама конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламада қамтылған болса, конкурстық құжаттаманың көшірмесін бергені үшін төлемнің енгізілу фактісі.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 280 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 45-тармақ өзгертілді
45. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналы тігілуі, беттері нөмірленуі және оған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы алдын ала қол қоюы тиіс. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналының соңғы беті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілуге тиіс. Бір қаржы жылының ішінде конкурс тәсілімен барлық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды бірыңғай тіркеу журналын жүргізуге жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 46 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
46. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланғанға дейін конкурстық құжаттаманың көшірмесін беруге жол берілмейді.
Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 47-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесулерді ұйымдастыруды, түсіндірулер мәтіндерін жіберуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізеді.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ұсынудың соңғы күні өткенге дейінгі күнтізбелік бес күн бұрын өз бастамасы бойынша немесе адамдардың сұрау салуларына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың мәтінін осы Ереженің 44-тармағында көзделген тіркеу журналына олар туралы мәліметтер енгізілген адамдарға өтеусіз негізде жібереді.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ұсынудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік он күнге ұзартылуға тиіс.
Өздері туралы мәліметтер тіркеу журналына енгізілген адамдар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ұсынудың соңғы мерзіміне дейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүгінуге құқылы. Конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен жіберілуге тиіс.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпей, олар туралы мәліметтер осы Ереженің 44-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген адамдарға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге міндетті.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы олар туралы мәліметтер осы Ереженің 44-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген адамдардың уәкілетті өкілдерімен белгілі бір жерде және конкурстық құжаттамада көрсетілген тиісті уақытта конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру үшін кездесу ұйымдастыруға құқылы. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мүдделі адамдармен көрсетілген кездесу өткізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес хаттаманы ресiмдейдi және онда мыналар:
1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, сондай-ақ олардың тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандары және ол тартқан, әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесуде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны білдірген сарапшылар туралы ақпарат;
2) олардың тегін, атын, әкесінің атын, сондай-ақ осындай адамның әлеуеттi өнiм берушiнi конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуде білдіру өкiлеттiгiн растайтын құжатты көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан олардың уәкілетті өкілдері туралы ақпарат;
3) олардың дереккөзiн көрсетпестен, конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы берілген сұрақтар;
4) әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрақтарына мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының жауаптары;
5) бекiтiлген конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу қажеттiлiгiне не қажеттiлiктiң жоқтығына нұсқау қамтылуға тиiс.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және оған қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурстық комиссияға, сондай-ақ олар туралы мәліметтер осы Ереженің 44-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген адамдарға көрсетілген хаттаманың көшірмесін жіберуге міндетті.
48. Әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны ұсынған адамдар, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер немесе олар уәкілеттік берген өкілдер қол қоюға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 49 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
49. Егер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу конкурстық құжаттамада тағайындалған кездесу өтетін күн мен уақытта әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен өтпеген болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға осындай факт туралы жазбаша түрде хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны және оларды беру
50. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
51. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім:
1) Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) әлеуетті өнім берушінің жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін ол ұсынатын құжаттардың тізбесін;
құқылық қабілетін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілетін (жеке тұлғалар үшін) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
заңды тұлға қызметті үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аудара отырып нотариалды куәландырылған сауда тізілімінен жария етілген көшірмені ұсынады;
лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;
төлем қабілеттілігін растайтын құжаттарды;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарын, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен тоғызыншы абзац жаңа редакцияда (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) әлеуетті өнім берушінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер.
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды беруге тиіс.
Өтінім сондай-ақ осындайлар болған жағдайда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемдерді растайтын құжаттарды қамтуға тиіс.
Өтінім сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөнінде қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (қоса орындауға) жұмыстардың (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің жиынтығында үштен екісінен астамын беруге тыйым салу шарттары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) ұсынылатын тауарлардың атауын, олардың шыққан жерін, шығарылған жылын, болған кезде үлгісін, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға жұмсалатын шығыстарға сапа кепiлдiгiн беру мерзiмдерiн және (немесе) көлемдерiн, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шарттарын көрсете отырып, техникалық ерекшелiкті;
5) банк кепілдігі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасын растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;
6) ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7) ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) конкурста қатысуға және конкурстық комиссияның отырыстарында қатысуға өтінімдерге қол қою құқығына әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат.
әлеуетті өнім берушінің - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның өтінімінде тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқық қабілеттігін растау үшін) қамтуы тиіс.
52. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттермен береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін егер осындай болса) расталады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық ерекшелігі тігілген түрде, нөмірленген беттермен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен расталған (жеке тұлға үшін егер осындай болса) және конкурста қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
53. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басып шығарылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы және мөрмен расталуы (жеке тұлға үшін егер осындай болса) тиіс.
54. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім беруші грамматикалық немесе арифметикалық қателерді жөндеу қажет жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.
55. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді оларды берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін желімделген конвертте береді, оның сыртқы бетінде әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: «САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС (конкурстың атауы көрсетіледі)» және «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ (конкурсқа қатысуға өтінімді ашатын күн мен уақыт көрсетіледі)».
56. Белгіленген мерзім біткеннен кейін берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына тіркелмейді, ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
57. Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды.
58. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
1) әлеуетті өнім берушінің атынан конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған әлеуетті өнім беруші өкілінің өкілеттіктеріне құжаттамалық растаманың болуын тексереді;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде осы Ереженің 55-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Осы Ереженің 55-тармағының талаптарын бұзып ресімделген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер тіркеуге жатпайды және оларды:
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конвертті почта байланысы арқылы алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге;
конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне тез арада қайтарады;
3) тиісті түрде ресімделген конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді қабылдайды және осы тармақта көзделген мәліметтерді конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;
4) конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі біткенге дейін конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімге өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;
5) конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі біткенге дейін оны қайтарып алған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтаруды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверт оларды берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін тіркелуге жатпайды және осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімде қайтарылады.
Әлеуетті өнім берушінің толық атауын және почталық мекен-жайын көрсетпей берілген конкурсқа қатысуға өтінімі бар конверт тіркеуге және ашуға жатпайды, бірақ күнтізбелік жыл ішінде сақтауға жатады.