Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді бермеу;
біліктілігі туралы мәліметтерде әлеуетті өнім берушілердің телефон нөмірлері туралы ақпараттың, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күнінің көрсетілмеуі өтінімді кері қайтару үшін негіз болмайды. Бұл ретте, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге жұмыс тәжірибесі бойынша конкурстық баға ұсынысын шартты азайтуды қолданбайды;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарға сәйкес келмеу негіздемелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
ол банкроттық рәсіміне не таратуға жатады;
2014.21.05. № 521 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) егер оның конкурсқа қатысуға арналған өтінімі мына:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынбау;
өтінімді қамтамасыз етуге қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні конкурстық құжаттама талаптарға сай емес деп тануға негіз болып табылмайды;
техникалық ерекшелікті ұсынбау;
әлеуетті өнім берушінің неғұрлым жақсы техникалық, сапалы және пайдалану сипаты бар техникалық ерекшеліктерді беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ерекшелікті беруі;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда) жұмыстар мен қызмет түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берілмеген;
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беру;
конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етілуін ұсынбау негіздемелері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса;
2014.21.05. № 521 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердiгер (бірлесіп орындаушы) Заңның 6-бабы 1-тармағының 5), 5-1), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 87-2-тармақпен толықтырылды
87-2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші (конкурс қатысушысы болып танылған), егер:
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы мынадай:
тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
жеке куәліктің (паспорт) нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
лицензияның не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн бермеу;
лицензияны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде берген кезде, мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтердің болмауы;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолдары және мөрлері бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай анықтаманы осындай банктердің әрқайсысынан бермеуі) бермеу;
банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі қойылған анықтаманың түпнұсқасында әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің болуы;
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген үш айдан астам (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салықтық берешектің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын бермеу;
тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасында үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болуы;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтердің ұсынылмауы;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарға сәйкес келмеу негіздемелері бойынша біліктілік талаптарға сәйкес болмауы;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
біліктілігі туралы мәліметтерде әлеуетті өнім берушінің телефон нөмірлері туралы ақпараттың, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күнінің көрсетілмеуі өтінімді кері қайтару үшін негіз болып табылмайды. Бұл ретте, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiге жұмыс тәжірибесі бойынша конкурстық баға ұсынысын шартты азайтуды қолданбайды;
ол банкроттық рәсіміне не таратуға жатады;
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінім мынадай негіздер бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін болып анықталса:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынылмаса;
техникалық ерекшеліктер ұсынылмаса;
аса жақсырақ техникалық, сапалы және пайдалануға беру сипаттары бар техникалық ерекшелікті ұсыну жағдайларын қоспағанда конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшеліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес емес техникалық ерекшеліктерді әлеуетті өнім беруші ұсынса;
конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмысты орындау бойынша мердігерлер туралы (қызметті көрсету кезінде мәліметтің берілмеуі (қызметті көрсету кезінде қоса орындаушылар), сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстар мен қызметтердің түрі (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді тартқан жағдайда (бірлесіп орындаушылар);
әлеуетті өнім берушілердің қосалқы мердігерге қоса алғанда жұмыстың екіден үш көлемін (құрылыс бағасын) мердігерлікке (бірлесіп орындауға), қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер ұсынылған жағдайда қызметтерді беруі;
конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамсыздандыруды ұсынбаса;
2014.21.05. № 521 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңның 6-бабы 1-тармағының 5), 5-1), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
88. Сарапшы не сараптама комиссиясы төраға белгілеген мерзімде, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімді қарау мерзімінен кешіктірмей:
1) олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім берушілер ұсынған құжаттардың толықтығы және тиесілі ресімделуі мәніне қарайды және өз құзыреті шегінде зерделейді;
2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелік қызметтерінің сәйкестігі не сәйкес келмеуі туралы сараптау қорытындысын ресімдейді және оған қол қояды;
3) тиесілі түрде ресімделген сараптамалық қорытынды ұсынады, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына береді.
89. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пікір білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар әр бетіне қол қояды және бұрыштама соғады.
90. Сарапшының (сараптама комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы:
1) бұл туралы төрағаға, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасарына хабардар етеді және онымен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындыларын шығару үшін конкурстық комиссия отырысы өткізілетін күн мен уақытты келіседі;
2) конкурстық комиссияның мүшелеріне, сондай-ақ сарапшыға (сараптама комиссиясына) конкурстық комиссия отырысы өткізілетін белгіленген күн мен уақыт туралы хабардар етеді.
91. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
1) конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшелерін сарапшының (сараптама комиссиясының) сараптамалық қорытындысының көшірмесімен қамтамасыз етеді;
2) сараптама комиссиясының сарапшысы не басшысы негізделген қорытындылармен, оның ішінде сараптама комиссиясы сарапшысының ерекше пікірі бар қорытындылармен (егер осындайлар болса) бірге сараптамалық қорытынды жариялайды, қажет болған кезде конкурстық комиссияның мүшелеріне сараптамалық қорытындының қорытындыларын түсіндіреді;
3) конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қолданылатын Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердің пайыздық шамасын есептейді;
4) конкурстық комиссия сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындыларын шығарады;
5) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
92. Конкурсқа қатысуға өтінім, егер онда ұсынылған өтінімнің мәніне тиіспей жөндеуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болғанда конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап береді деп танылады.
93. Егер неғұрлым үздік функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жақсы материалдардан жұмыстарды орынды ұсынылса әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуіне жол беріледі.
94. ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 95-тармақ өзгертілді
95. Конкурсқа қатысуға бір конкурстық өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде Заңның 17-бабының 4-тармағында санамаланған, конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдерді ескереді және оларды тең мөлшерде барлық конкурстық өтінімдерге қолданады.
Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолданбайды. Конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 280 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 96-тармақ өзгертілді
96. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтағы жұмыс тәжірибесінің болған әрбір жылға жарты пайызға (0,5%), бірақ бес проценттен аспай азайтады. Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай процент белгіленбейді. Осы өлшемнің конкурстық өтінімінің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсер бес пайыздан аспауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 97-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
97. Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ең аз құны бар конкурстық өтінімді айқындайды және осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде екі пайызға азайтады. Осы өлшемнің конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері екі пайыздан аспауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 98- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
98. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 99-тармақ жаңа редакцияда
99. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде екі пайызға азайтады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.23.07. № 735 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 100-тармақ жаңа редакцияда
100. Сатып алынатын тауарларды, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 100-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 735 Қаулысымен 100-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
100-1. Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын және (немесе) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде екі пайызға азайтады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 101- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 101-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
101. Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең үздік функционалдық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді айқындаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде жарты пайызға (0,5%) азайтады.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 101-1-тармақпен толықтырылды
101-1. Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең үздік техникалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді айқындаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде жарты пайызға (0,5%) азайтады.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 102-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
102. Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың, ең үздік сапалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді анықтаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлім 102-1- тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 102-1-тармақ жаңа редакцияда
102-1. ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 103-тармақ жаңа редакцияда
103. Отандық тауар өндіруші мәртебесінің болуына қойылатын критерий мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтініміне қолданылады.
104. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
105. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушілердің мекен-жайына беру не жіберу;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) қол қойылған хаттама мәтінінің тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырылуы.
Конкурстық баға ұсыныстарын (конкурс) бағалау және салыстыру
106. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсынысы салынған конвертті беруге тиіс.
107. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнінде отырыс өткізеді.
108. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген мерзім ішінде конкурстық комиссияның хатшысы:
1) конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді беру және конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін конкурсқа қатысушылардың өкілдерінде өкілеттіктерінің құжаттамалық расталуының болуына көз жеткізеді;
2) конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурсқа қатысушылар не олардың уәкілетті өкілдері туралы мәліметтерді енгізеді.
109. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген уақыт өткеннен кейін ұсынылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер бағалауға және салыстыруға қабылданбайды.
110. Конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурстық комиссияның хатшысы осындай бас тартудың себебін баяндай отырып, конкурсқа қатысушылардың тізімін көрсетеді.
111. Конкурстық комиссияның отырысында:
1) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан төраға белгілеген адам:
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен ашады;
конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын тіркеудің хронологиялық тәртібімен жариялайды;
конкурстық комиссияның төрағасына конкурстық баға ұсыныстары бар ашылған конверттерді береді;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) конкурстық комиссия:
конкурсқа қатысушылардың осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түсетін конкурстық баға ұсыныстарын қабылдамайды;
осы Ережеде белгіленген жағдайда демпингтік бағаны айқындайды және демпингтік болып табылатын конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қабылдамайды;
егер осы тармақшада көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан да көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысқан жағдайда, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарына қатысты конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген өлшемдердің пайыздық мәнін қолдану арқылы айқындайды;
конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын салыстырады және олардың ішінен ең төменгі шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын айқындайды.
әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде конкурс нысанасы болып табылатын сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында көбірек тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
112. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша:
1) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды жүргізу күні:
конкурстық комиссияның отырыстарына қатысып отырған адамдарға конкурс тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың нәтижелерін жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңімпазын хабарлайды;
конкурс жеңімпазына конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді;
конкурсқа қатысушыларға не олардың уәкілетті өкілдеріне конкурс тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесі ұсынылатын күн, уақыт пен орын туралы ақпарат береді;
2) конкурстық комиссияның хатшысы:
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысының қол қоюын және әрбір бетке бұрыштама қоюын қамтамасыз етеді;
ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген конкурсқа қатысуға өтінім берген кез келген әлеуетті өнім берушінің талап етуі бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осындай әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдеріне жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жібереді не ұсынады;
конкурс тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген хаттаманың көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етеді.
113. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастыруға;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 2) тармақшаның қолданысы 2010 жылғы 1 қаңтарда тоқтатылады (бұр. ред. қара)
2) Заңға сәйкес уәкілетті орган белгілеген заңды тұлғаға конкурс тәсілімен жүргізілген Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бюллетенінде жариялау үшін ақпарат жіберуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен тармақ 3) тармақшамен толықтырылды
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыру.