20. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Мұндай жағдайда тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде:
1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын адамдарды қабылдаған шешім туралы хабардар етуге;
2) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті.
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 21-тармақ жаңа редакцияда
21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, осы Ереженің 256-тармағында көрсетілген сатып алу жағдайларын қоспағанда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізудің талаптары мен тәртібін айқындау үшін мемлекттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес конкурстық құжаттама негізінде қазақ және орыс тілдерде конкурстық құжаттаманы әзірлейді және оны тапсырыс берушімен келіседі.
22. Конкурстық құжаттама мыналарды қамтуы тиіс:
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) әлеуетті өнім беруші өзінің (және олар тартатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растауға ұсынатын құжаттардың тізбесі;
құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық әрекетке қабілеттілігін растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі);
заңды тұлға қызметті үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аудара отырып, нотариалдық куәландырылған сауда тізілімінен жария етілген үзіндіні ұсынады;
лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінішінің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариалдық куәландырылған үзіндісін (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) не конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзіндінің тұпнұсқасын;
төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кейін алынуға тиіс;
Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарға сәйкес келмейді деп тануға негіз болып табылмайды;
конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашатын күннiң алдында бiр айдан бұрын емес берiлген салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң жоқтығы (төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) туралы не бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешектiң болуы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
Осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтініммен бірге әлеуетті өнім берушінің өткізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының бір жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір не бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдігі түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің толық орындалуы үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге әлеуетті өнім беруші ұсынады;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) әлеуетті өнім беруші өзінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін беретін құжаттар тізбесі:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерді;
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;
2014.21.05. № 521 Қаулысымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, ұлттық стандартты немесе болған кезде Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, ал қажет болған кезде Үлгі конкурстық құжаттамаға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, техникалық ерекшеліктер.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде сатып алынатын жұмыстардың сипаттамасы мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс;
5) лот нөмірін, өлшем бірлігін, жеткізу санын, шарттарын, жеткізу мерзімі мен орнын, төлем шарттарын және сатып алуға бөлінген соманы көрсете отырып, Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
6) осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес үлгі шарттың негізінде әзірленетін елеулі шарттарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы;
ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) бағаны қоспағанда, оның негізінде конкурс жеңімпазы анықталатын өлшемдер, оның ішінде осындай өлшемдердің әрқайсысының салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеу әдісі;
8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасынан басқа, оларды тасымалдауға және сақтандыруға, кеден баждарын, салықтарды және алымдарды төлеуге арналған шығыстарды, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау шарттарында көзделген өзге шығыстарды, сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес баға ұсынысын беру нысанын көрсету;
9) конкурсқа қатысушының баға ұсынысы көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын бағам;
10) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптар, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар;
11) конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді енгізу шарттары, мазмұны және қамтамасыз ету түрлері;
12) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін оларды берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзгерту немесе қайтарып алу құқығына нұсқама;
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда
13) конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсыну тәртiбi, тәсiлi, орны және соңғы мерзiмi (бiрақ жұмыс күнiнiң жергiлiктi уақытпен он алты сағатынан кешiктiрмей) және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң талап етiлетiн қолданылу мерзiмi (тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдер ашылатын күннен бастап кемiнде 35 күнді құрайды. Конкурстық құжаттамада көрсетiлгеннен қолданылу мерзiмi неғұрлым қысқа конкурстық өтiнiм кері қайтарылады);
14) оның көмегімен әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттаманың мазмұны жөнінде түсіндірулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізу орнын, күнін және уақытын сұратуы мүмкін тәсілдер;
15) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні мен уақыты (конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді берудің соңғы мерзімінен кейін екі сағаттан кешіктірмей);
16) конкурс тәсілімен алдағы мемлекеттік сатып алуларда білдіруге уәкілетті тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілдері туралы мәліметтер;
17) осы Ереженің 156-тармағында анықталған жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу шарттары, түрлері, көлемі мен тәсілі;
18) конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәліметтер (әрбір лот бойынша);
19) жариялануға тиіс ақпаратты орналастыру жоспарланатын тапсырыс берушінің интернет-ресурсының электрондық мекен-жайы;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 20) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
20) Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы және:
әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беруге тыйым салу шарттары туралы мәліметтер.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 23 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 735 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
23. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтерді ұсынған конкурсқа қатысушыны айқындау және отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына ықпал ететін мынандай критерийлерді көздеуге міндетті:
1) әлеуетті өнім берушіде:
өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесінің;
техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауар өндіруші үшін ұсынылатын тауарларды ерікті сертификаттау өткізілгендігін растайтын құжаттың;
сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);
Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растаудың сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);
2) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларының және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстардың;
3) ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24. Конкурстық құжаттама өзінің, сондай-ақ тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) мынадай құжаттардың біреуін беру арқылы жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растауға құқығын көздеуі тиіс:
1) әлеуетті өнім берушіге халықаралық рейтинг ұйымының рейтингін беруді растайтын құжат;
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) әлеуетті өнім берушіні ресми биржа листингіне енгізу туралы қор биржасынан үзінді көшірме;
3) ҚР Үкіметінің 2009.28.05 № 786 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25. Егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, онда оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері беретін құжаттар не нотариус куәландырған конкурстық құжаттама тілдеріне аудармасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияада (бұр. ред. қара)
26. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғалар не олардың міндетін атқаратын тұлғалар бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 27-тармақ өзгертілді
27. Әр түрлі тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға, ал лоттарға біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) орны бойынша ұйымдастырады және бөледі.
Құрылыс бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада құрылыспен тығыз байланысты жұмыстарды және құрылыспен байланысты емес тауарларды лоттарға бөлуге міндетті.
Конкурстық комиссияны, сарапшыны (сараптау комиссиясын) бекіту
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 28-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
28. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады және конкурстық комиссияның хатшысын анықтайды.
Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қабылдайды.
Егер сатып алуды ұйымдастырушы болып тікелей тапсырыс берушінің өзі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан әрекет ететін болса, конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қабылдайды.
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына онымен келісім бойынша тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органның өкілдерін енгізе алады.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде сараптау комиссиясын құра (сарапшыны тарта) алады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 29 тармақ өзгертілді
29. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелері болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оны алмастыратын адам орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және кемінде үш адам болуға тиіс.
Конкурстық комиссияның төрағасы болып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуы тиіс. Егер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс беруші өзі әрекет ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуы тиіс. Егер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан тапсырыс беруші әрекет ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы тапсырыс берушінің осы құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес лауазымды адам анықталуы тиіс.
30. Конкурстық комиссияның төрағасы:
1) конкурстық комиссияның жұмысын жоспарлауға және қызметіне басшылық жасауға;
2) конкурстық комиссияның отырыстарында төрағалық етуге;
3) осы Ережеде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыруға міндетті.
31. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 32 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 32-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілігінің қатысуы шартымен өткізіледі және конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелері және конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында аталған фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып, оның болмау себебі көрсетіледі.
33. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусы берілген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол жазбаша түрде айтылуы және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге тиіс.
34. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамдарының қатарынан белгіленеді.
Конкурстық комиссияның хатшысы:
1) конкурстық комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады;
2) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырыстарының басқа да хаттамаларын ресімдейді және оларға қол қояды;
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық комиссия қол қойған отырыстар хаттамаларын, сараптаманың (сараптау комиссиясының) қорытындысын жібереді;
4) конкурстық өтінімдерді ашқан сәттен бастап конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу құжаттарының және материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді;
5) осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 35-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
35. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыда әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін анықтау үшін тиісті бейіндегі мамандар болмаған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сарапшылар ретінде мемлекеттік қызметшілерді өтеусіз негізде, ал өзге мамандарды тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы, сондай-ақ өтеусіз негізде тартуы мүмкін.
Сарапшы ретінде қандай да бір адамды тарту үшін мемлекеттік сатып алу мәніне оның қызмет бейінінің сәйкестігі міндетті шарт болып табылады.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған кезде жабық рәсімдерді қолдана отырып, ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сарапшылар ретінде тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының не ведомстволық бағынысты мекемелердің мамандарын тарта алады.
Сарапшыны ақылы негізде таңдауды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
36. Бірнеше сарапшыны тартқан жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тартылған сарапшылардың қатарынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасынан сараптау комиссиясының басшысын анықтайды.
37. Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалған болса ғана оны конкурстық комиссия міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелері) қол қояды және конкурсқа қатысуға рұқсат туралы хаттамаға қоса беріледі.
Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда, осындай сарапшы жазбаша түрде ерекше пікір білдіреді, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
38. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)