3) тармақшадағы «қажет болған жағдайларда енгізіледі.» деген сөздер «қажет болған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Кодекстің 108-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда енгізіледі.»;
65) 96-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «бюджет деңгейлері» деген сөздер «республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 98-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«98-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер мен
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлу
Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жұмыс күні осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.»;
67) 100-бапта:
1-тармақтағы «бюджеттік бағдарламаларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде не түзетілген бюджетте бекітілген сомалар шегінде толық және уақтылы орындауға» деген сөздер «бюджеттік бағдарламалар мақсатына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде не түзетілген бюджетте бекітілген сомалар шегінде уақтылы қол жеткізуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын, бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын жасау және бекіту;»;
5) тармақшадағы «асыру;» деген сөз «асыру бюджет шығыстарын атқарудың негізгі кезеңдері болып табылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақша алып тасталсын;
68) 101-бапта:
2-тармақ «әкімшілері» деген сөзден кейін «жеке қаржыландыру жоспарларын ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жеке қаржыландыру жоспарларын мемлекеттік мекемелер әзірлейді және оларды бекітіп, бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын әзірлеу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне береді.»;
6-тармақтағы «түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары» деген сөздер «түсімдердің жиынтық жоспары мен жеке қаржыландыру жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жеке қаржыландыру жоспарларын бекітуді қамтамасыз етеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер бойынша, ал бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) тұрғысынан айларға бөлінген төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.»;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері:
бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес келу;
бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген іс-шаралардың уақтылы әрі сапалы орындалуын және бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік мекемелер:
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қабылдайтын міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
жеке қаржыландыру жоспарларының бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына сәйкес келу талаптарын сақтауға тиіс.»;
69) 102-бапта:
1-тармақтағы «(ішкі бағдарламаларды)» деген сөздерден кейін «жоғары тұрған бюджеттен алынған, пайдаланылмаған нысаналы трансферттер шегеріліп тасталған бюджет қаражатының бос қалдықтарын ескере отырып, бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) деңгейіндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
«Түсімдер мен» деген сөздер «Түсімдердің және төлемдер бойынша» деген сөздермен, «(ішкі бағдарламаларды)» деген сөздер «(ішкі бағдарламаларды) төлемдер бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сәйкес» деген сөзден кейін «мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы мен» деген сөздермен толықтырылсын;
70) 103-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарларына және міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді.»;
71)-73)-тармақшалар 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
71) 104-бапта:
1-тармақтағы «қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомалар» деген сөздер «жеке қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомаларға сәйкес берілген сомалар, рұқсаттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда міндетті тіркелуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган олардың берілген рұқсаттар сомаларына сәйкестігін тексереді.
Іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламаларына байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомалар шегінде бүкіл қолданылу мерзімі ішінде тіркелуі мүмкін.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының қолы және елтаңбалы мөрінің таңбасы бар мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерін) тіркеу туралы хабарлама бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда азаматтық-құқықтық мәмілелердің (міндеттемелердің) тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.
Хабарламаның нысанын, оны ресімдеу, ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.»;
3-тармақтағы «мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуына» деген сөздер «мемлекеттік мекемелер жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
72) 105-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Растайтын құжаттар - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысының, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміленің шарттарына немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сай келетін тауарлар беру, жұмыстар орындау немесе қызметтер көрсету жөнінде қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының және бас бухгалтерінің қолы қойылған және олардың мөрімен расталған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерін) тіркеу туралы хабарламалар және төлеуге берілетін шоттар.
Жеке және заңды тұлғалар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес шығарған тауарларды жеткізуді, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметтерді paстайтын дұрыстығы үшін мемлекеттік мекеме жауапты болады.
3. Төлеуге берілетін шот - мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат, ол бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган үшін бюджет қаражатын алушының пайдасына төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруға негіз болып табылады.
Бюджеттен төленетін төлемдер мен аударымдар оларды жүргізу кезінде тиісті бюджеттегі қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығы шегінде жүзеге асырылады.
Төлеуге берілетін шоттардың нысанын, оларды ресімдеу, ұсыну, пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Төлем құжаттарын ресімдеу, ұсыну және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңнамасында белгіленеді.»;
4-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) экономикалық сыныптама жөніндегі міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарлары мен жеке қаржыландыру жоспарларына және бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) деңгейіндегі төлемдер және мемлекеттік мекемелердің тіркелген міндеттемелерінің сомалары бойынша қаржыландыру жоспарлары мен жеке қаржыландыру жоспарларына;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджет қаражатын алушы тарапынан міндеттемелер толық орындалған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган төлемдер мен аударымдардың жүзеге асырылғанын растау үшін, жүргізілген төлемдер туралы деректер жазылған азаматтық-құқықтық мәмілелердің (міндеттемелердің) тіркелгені туралы хабарлама береді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның инкассолық өкімдерді орындауы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
73) 106-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Төлемдердің уақтылы және толық төленуін қамтамасыз ету үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді, бюджет қаражатының бос қалдықтарын және ағымдағы қаржы жылының тиісті кезеңіне арналған бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) деңгейіндегі төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүргізілетін төлемдерді есепке ала отырып, бюджет қаражатының (қолма-қол ақшаның) күтілетін көлемін айқындайды.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік мекемелердің орындалған міндеттемелерінің бюджет қаражатымен (қолма-қол ақшамен) уақтылы қамтамасыз етілуі үшін жауапты болады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджет қаражатын (қолма-қол ақшаны) уақтылы басқарудың тиімді әдісін пайдаланады.
Қолма-қол ақша профициті - республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін нақты түсімдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемінің ағымдағы қаржы жылы басталғаннан бері жүргізілген төлемдер көлемінен асып түсуі.
Қолма-қол ақша тапшылығы - жүргізілген төлемдердің болжанған көлемінің ағымдағы қаржы жылының басынан бастап республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің және бюджет қаражатының бос қалдықтарының болжанған көлемінен асып түсуі.
Ағымдағы қаржы жылының тиісті кезеңіне арналған тиісті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері тиісті қаржы жылына арнап бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттер тапшылығының бекітілген сомасынан аспауға тиіс.
Ағымдағы қаржы жылының тиісті кезеңінде республикалық бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік бағалы қағаздар шығарады.
Ағымдағы қаржы жылының тиісті кезеңінде тиісті жергілікті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда жергілікті атқарушы орган жоғары тұрған бюджеттен қарыз алуды жүзеге асырады.»;
74) 107 және 108-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«107-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін
кепілдікті трансфертті пайдалану
1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртіппен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісім бойынша:
1) республикалық бюджетке түсетін түсімдер мен бюджет қаражатының қалдықтарын болжау негізінде бюджеттік даму бағдарламалары (ішкі бағдарламалары) бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген кепілдікті трансферттің көлемі шегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін кепілдікті трансферттің қажетті сомасын айқындайды;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке айлар бойынша сомасын көрсете отырып, кепілдікті трансфертті аудару туралы тиісті өтінім жібереді;
3) қажетті сома республикалық бюджет әзірленетін жылдың алдындағы қаржы жылының соңына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің үштен бір бөлігінен асып түскен жағдайда бюджеттік даму бағдарламаларын (ішкі бағдарламаларын) асып түсу сомасына тең мөлшерде бюджет қаражатымен қамтамасыз етеді.
108-бап. Бюджеттің атқарылу мониторингi
1. Бюджеттің атқарылу мониторингін бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларының ай бойынша бөлінуін, қаржыландыру жоспарларына бюджеттік бағдарламалар әкімшілері енгізетін өзгерістердің негізділігін талдау және бағалау, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау, бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы туралы есеп жасау арқылы жүзеге асырады.
2. Бюджеттің атқарылу мониторингі барысында бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар:
1) Қазақстан Республикасының Yкіметі мен бюджеттің уақтылы және тиімді атқарылмау себептерін көрсете отырып және тиісті бюджетті одан әрі атқару жөніндегі ұстанымдар туралы ұсынымдармен;
2) республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне - бюджеттің атқарылуы бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларынан кешеуілдеп жүріп жатқан бюджеттік бағдарламалар жөнінде;
3) тиісті бюджет комиссияларына - ағымдағы, сонымен қатар алдағы жоспарланып отырған қаржы жылында жекелеген бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы мақсаттарды қайта қарау қажеттігі туралы;
4) бюджет комиссияларының жұмыс органдарына алдағы қаржы жылына арналған бюджетті жоспарлау кезінде есепке алу үшін ақпарат жібереді.
3. Мемлекеттік мекеменің өткен жылдардағы дебиторлық берешегінің сомасы азаматтық-құқықтық мәміле шарттарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беру арқылы өтеуге, не шартқа (ратификацияланған келісімге) сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылуға тиіс.
4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттің атқарылуын талдау негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергілікті атқарушы органға бюджетті нақтылау немесе түзету туралы ұсыныс беруге құқылы.
5. Мемлекеттік мекемелер бюджеттік бағдарламаның жоспарланған іс-шараларын тиісті тауарлардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтердің) болжамды бағаларына қарағанда нақты бағасының төмендеуі салдарынан жеке қаржыландыру жоспарында бекітілген сомасынан аз көлемдегі бюджет қаражатына орындаған жағдайда, пайдаланылмаған жоспарлы сомалардың қалдығы бюджеттік бағдарламаның мақсаттарына ойдағыдай қол жеткізу және міндеттері мен іс-шараларының тізбесін кеңейту үшін қажетті қосымша іс-шараларды орындауға жіберілуі мүмкін.
Осы мақсатта бюджеттік бағдарламаның паспортына өзгерістер енгізіледі, олар тиісті негіздемелерімен және есептеулерімен бірге бюджет комиссиясында қаралады.
Он сегізінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Бұл ретте бюджет комиссиясы осы Кодекске сәйкес бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар табыс ететін тиісті бюджеттік бағдарламаны іске асыру тиімділігін бағалау және бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі бойынша бюджеттің атқарылу мониторингінің нәтижелерін қарайды.
6. Осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) бойынша қаржыландыру жоспарларының сомасы пайдаланылмаған кезде, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджет қаражатын пайдаланылмаған жоспарлы сомалардың қалдығы мөлшерінде пайдалану мақсатында бюджеттік бағдарламалар паспорттарына өзгерістер енгізуіне жол берілмейді.
Жиырмасыншы абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. Бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша бюджет қаражатының ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жиналып қалған қалдықтарын бюджеттен тыс, аккредитивтік және басқа да шоттарға аударуға жол берілмейді.»;
75) 19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-тарау. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау мен түзету процесінің негізгі ережелері»;
76) 111-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«111-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау»;
1, 2 және 3-тармақтардағы «Бюджетті», «бюджеттің», «бюджет түсімдерін», «бюджетті», «бюджеттен» деген сөздер «Республикалық және жергілікті бюджеттерді», «республикалық және жергілікті бюджеттердің», «республикалық және жергілікті бюджеттер түсімдерін», «республикалық және жергілікті бюджеттерді», «республикалық және жергілікті бюджеттерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «немесе жергілікті» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қаржы жылы ішінде тоқсанына бір реттен асырмай жергілікті бюджетті нақтылауға жол беріледі.»;
5-тармақтағы «бюджет қаражатын игеру мониторингінің» деген сөздер «бюджеттің атқарылуын талдау және бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) іске асырылу тиімділігін бағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
77) 112-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«112-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау
принциптері»;
мәтіндегі «Бюджеттерді», «бюджетті», «бюджет тапшылығының» деген сөздер «Республикалық және жергілікті бюджеттерді», «республикалық және жергілікті бюджеттерді», «республикалық және жергілікті бюджеттер тапшылығының» деген сөздермен ауыстырылсын;
78) 113-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Секвестр - бюджет қаражатының шығыстарын белгілі бір шектерде қысқартуды көздейтін арнайы тетік, ол республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдер республикалық және жергілікті бюджеттерге толық түспеуі салдарынан, бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайларда енгізіледі.»;
6-тармақтағы «Бюджетті» деген сөз «Республикалық және жергілікті бюджеттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
79) 116-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде мәслихаттың шешімін іске асыру және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның шешімдері мәслихаттың аталған шешімін бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қабылданады.»;
80) 117-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«117-бап. Бюджеттерді түзету
1. Бюджеттерді түзету - Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджет көрсеткіштерін өзгерту.
2. Егер түзету жүргізілгеннен кейін бюджетті нақтылау жүргізілсе, бюджеттік бағдарламаларды бөлуді қоспағанда, бюджеттің түзетілген көрсеткіштері нақтыланған бюджетте көрсетіледі.
3. Республикалық бюджетті түзетуге:
1) орталық мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, олардың функциялары өзгертілген жағдайларда жол беріледі. Бұл ретте түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, беруді білдіреді;
2) осы Кодекстің 40-бабының 6 және 7-тармақтарында, 91-бабы 6-тармағының 1), 1-1 және 2) тармақшаларында көзделген;
3) бюджетте бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісі бойынша бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында Қазақстан Республикасы Yкіметі айқындайтын тәртіппен бөлінген жағдайларда жол беріледі.
4. Жергілікті бюджеттерді түзетуге:
1) төмен тұрған бюджетке қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлінген;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, олардың функциялары өзгертілген жағдайларда жол беріледі. Бұл ретте түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімімен бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, беруді білдіреді;
3) бюджетте бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісі бойынша бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіппен бөлінген;
4) осы Кодекстің 40-бабының 6-тармағында, 91-бабы 6-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда жол беріледі.»;
81) 118-бап «жүргізу» деген сөзден кейін «және мемлекеттік мекемелердің материалдық активтерін есепке алу» деген сөздермен толықтырылсын;
82) 121-бапта:
1) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік мекемелер қалыптастыратын есептерді:»;
алтыншы абзац алып тасталсын;
2) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қалыптастыратын есептерді:»;
Тоғызыншы, оныншы абзацтар 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыру тиімділігін бағалау туралы есепті;»;
бесінші абзац алып тасталсын;
3) тармақшада:
екінші абзац «мемлекеттік» деген сөзден кейін «және шоғырландырылған» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Кодекстің 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне аударылатын Қазақстан Республикасы Yкіметінің шотына аударымдар туралы есепті;»;
төртінші абзац «бюджеттік» деген сөздің алдынан «осы Кодекстің 108-бабына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
«қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарының жай-күйі туралы есепті;
мемлекеттік мекемелер міндеттемелерінің орындалу жай-күйі туралы есепті;»;
83) 122-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі және 2-тармағы алып тасталсын;
84) 123-бапта:
3-тармақта:
«орындалмаған» деген сөз «төленбеген» деген сөзбен ауыстырылсын;
«кассалық атқарылуын» деген сөздер «бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) бойынша төленген міндеттемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
85) 125-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген жергілікті бюджетті, жергілікті бюджеттің бюджеттік бағдарламасы (ішкі бағдарламасы) бойынша тіркелген, төленбеген және төленген міндеттемелерін көрсетеді.»;
86) 127-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджетін, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бюджеттік бағдарламасы (ішкі бағдарламасы) бойынша тіркелген, төленбеген және төленген міндеттемелерін көрсетеді.»;
87) 130-баптың 1-тармағындағы «1 сәуірінен» деген сөздер «1 мамырынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
88) 132-бапта:
3), 4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) нысанасыз пайдалану - нәтижесінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген мақсаттар мен индикаторларға қол жеткізілмей пайдаланылуы және байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет активтерін, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген мақсаттарға пайдалану;
4) негізсіз (құқыққа қайшы) пайдалану - байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану мен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын бюджеттік бағдарламалар паспортында көзделмеген іс-шараларды іске асыруға пайдалану;
5) тиімсіз пайдалану - бюджеттік бағдарламаның, байланысты гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет активтерінің іске асырылу мерзімі бөлігінде олардың нәтижелері мен индикаторларына қол жеткізілмеуі мен республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы кезінде тиімділік пен нәтижелілік принциптерінің сақталмауы;
6) мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері - бюджет процесіне қатысушылар, мемлекет қатысатын субъектілер, бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;»;
7) тармақша «орган» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мәслихаттардың тексеру комиссиялары» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) қаржылық бұзушылық - бюджет қаражатын және мемлекет активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалануға, мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің ережелерін бұзуға әкеп соққан құқыққа қайшы әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік).»;
89) 28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«28-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау»;
90) 133-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тиімділікті бақылау - бюджеттік бағдарламаны іске асыру, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін пайдалану аяқталғаннан кейін іс-шаралардың орындалу мерзімін және күтілетін нәтижелерге, индикаторларға қол жеткізу дәрежесін үнемділік пен өнімділікті бағалауды қолдана отырып тексеру. Тиімділікті бақылау тиісті іс-шараларды іске асыру аяқталғаннан кейін жүргізіледі, олардан кейін салынған қаражаттан нәтижелер алу мерзімі басталады;»;