мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) нәтижелілікті бақылау - бюджеттік бағдарламаның паспортында белгіленген, күтілетін нәтижелерге қол жеткізілуін тексеру;
Бесінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) орындылығын бақылау - бюджеттік бағдарламаның паспортында белгіленген мақсатқа және индикаторларға қол жеткізілуін тексеру;
6) негізділігін (құқыққа сыйымдылығын) бақылау - бюджет қаражатының бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген іс-шараларды іске асыруға, байланысты гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет активтерінің пайдаланылғанын тексеру.»;
91) 134-бапта:
1) тармақшада:
«қызметін» деген сөзден кейін «барлық мәселелер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
«жаппай әдіспен» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «жаппай әдіспен» деген сөздер алып тасталсын;
92) 136-бапта:
1) тармақша «актілері» деген сөзден кейін «және (немесе) аудиторлық есептер» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «бақылау нәтижелері бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті қабылдаған шешімдер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
93) 138-бапта:
3-тармақта:
2) тармақша «бюджет қаражатының» деген сөздерден кейін «, байланысты гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет активтерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «қаражаттарын» деген сөзден кейін «, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша «мемлекет кепілдік берген қарыздардың,» деген сөздерден кейін «мемлекет кепілгерліктерінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) бюджеттік кредиттер, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;»;
13) тармақша «атқарылу» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мемлекет активтерінің пайдаланылу» деген сөздермен толықтырылсын;
17) тармақша:
«уәкілетті органнан» деген сөздерден кейін «және бақылау объектісіне қатысты ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иеленетін басқа да заңды тұлғалардан» деген сөздермен толықтырылсын;
«бюджет қаражаттарының» деген сөздерден кейін «, байланысты гранттардың, мемлекет активтерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
19) тармақша «атқарылуы» деген сөзден кейін «және мемлекет активтерін пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын;
20) тармақша «республикалық бюджеттің» деген сөздерден кейін «, байланысты гранттардың, мемлекет активтерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
21) тармақша:
«негізсіз» деген сөзден кейін «(құқыққа қайшы)» деген сөздермен толықтырылсын;
«бюджет қаражатының» деген сөздерден кейін «, байланысты гранттардың, мемлекет активтерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
22) тармақша:
«танысады» деген сөзден кейін «және алады» деген сөздермен толықтырылсын;
«гранттарды» деген сөзден кейін «, мемлекет активтерін» деген сөздермен толықтырылсын;
23) тармақша «республикалық бюджеттің атқарылуына» деген сөздерден кейін «, байланысты гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет активтерінің пайдаланылуына» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) бақылау объектісінен бақылау қорытындысын растайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құжатталуға және сақталуға жататын тиісті материалдарды (дәлелдемелерді) алады;»;
94) 140-бапта:
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) бюджеттік кредиттер, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;»;
11) тармақша «мемлекет кепілдік берген қарыздардың,» деген сөздерден кейін «мемлекет кепілгерліктерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
95) мынадай мазмұндағы 145-1 және 145-2-баптармен толықтырылсын:
«145-1-бап. Қаржылық бұзушылықтардың түрлерi
Қаржылық бұзушылықтарға:
1) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, байланыстырылған гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет активтерін нысанасыз пайдалану;
2) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін негізсіз (құқыққа қайшы) пайдалану;
3) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану;
4) бюджетке түсетін түсімдерді уақтылы, толық есепке жатқызбау, аудармау;
5) бюджеттік есеп жүргізу, есептілік жасау және табыс ету ережелерін бұзу;
6) бюджеттік кредиттер, мемлекеттік кепілдіктер, мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерін бұзу жатады.
145-2-бап. Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есептілік
1. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері туралы бірыңғай есептіліктің құрылымы осы Кодекстің 145-1-бабында белгіленген, анықталған қаржылық бұзушылықтардың түрлеріне сәйкес қалыптастырылады.
2. Қаржылық бұзушылықтардың белгілі бір түрлерін бірнеше мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есептілігінде көрсетуге жол берілмейді.
Осы мақсатта мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жүргізген сыртқы және ішкі бақылау нәтижелері бірыңғай ақпараттық жүйеде есепке алынады.
3. Статистика жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген есептілік нысандарын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
4. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің белгіленген тәртіппен қаралмаған қарсылықтары бар бақылау материалдарын есептілікке қосуға жол берілмейді.»;
96) 147-баптың 1-тармағындағы «капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға» деген сөздер «капиталына» деген сөзбен ауыстырылсын;
97) 148-бапта:
Екінші-алтыншы абзацтар 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жоспарлау үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларды әзірлеу сатысында инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу;
2) мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламалар бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) тізбесінің құрамында бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру және бекіту;
3) бюджетті әзірлеу сатысында басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру және бекіту.»;
3-тармақтағы «капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға» деген сөздер «капиталына» деген сөзбен ауыстырылсын;
98) 149 және 150-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«149-бап. Инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу
1. Инвестициялық сипаты бар іс-шаралар мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік іс-шаралардың тізбесіне кіреді.
2. Инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және келісу сатысында жүзеге асырылады.
3. Инвестициялық сипаты бар іс-шаралар салалық сараптамадан өткізілуге жатады.
4. Уәкілетті органдар:
саланың одан әрі дамуына ықпал ететін оның ағымдағы жай-күйінің проблемаларын анықтауды;
жоба мақсаттарының республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді даму бағдарламаларында, жоспарларында белгіленген саланың даму басымдықтарына, сондай-ақ саладағы қазіргі бар проблемалардың шешілуіне сәйкестігін;
жобаның мақсаттарына қол жеткізудің баламалы нұсқаларын;
жоба іске асырылған және мұндай іске асыру болмаған жағдайларда саладағы жағдайды;
жобаны іске асырудан түсетін пайданы бөлуді бағалау жөнінде ұсынылатын шешімдердің негізділігі мен тиімділігі үшін жауапты болады.
5. Инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларды әзірлеу тәртібі құрамында белгілейді.
150-бап. Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың)
тізбесін қалыптастыру тәртібi
1. Мыналар:
бекітілген мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламалар;
бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерінің болуы;
бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесі экономикалық сараптамасының оң қорытындысы;
бюджет комиссиясының шешімдері бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесіне енгізу үшін негіз болып табылады.
2. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесі шығындар мен пайданы экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) жүзеге асырылатындығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
3. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қойылатын талаптарды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
4. Жоба бекітілген мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларда көзделген, сондай-ақ бюджет комиссиясының шешімімен мақұлданған жағдайда, бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді қаржыландыру экономикалық жоспарлау жөніндегі тиісінше орталық немесе жергілікті уәкілетті органдардың бөлінетін бюджеттік бағдарламалары шеңберінде жүргізіледі.
5. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) белгіленген техникалық-экономикалық өлшемдерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздемеге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамалар жүргізілуге тиіс.
6. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық сараптамасы салалық сараптама, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізіледі және бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу шеңберінде жүргізілген экономикалық талдамасын кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады.
7. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметін көздемейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негіздеменің және оған салалық орган жүргізген сараптама қорытындысының негізінде жүргізіледі.
8. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың), сондай-ақ республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредит беру есебінен қаржыландыруға жоспарланып отырған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
9. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға белгіленген заңды тұлғалар бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) іске асыру жөнінде ұсынылатын шешімдердің негізділігі мен тиімділігі үшін, сондай-ақ экономикалық сараптаманың қорытындысында бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) іске асыруға және оның мақсаттарына қол жеткізуге теріс әсер еткен тәуекелдерді бағалау болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
11. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыруға белгіленген заңды тұлғалар жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама, сондай-ақ тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етуге құқылы.
12. Экономикалық сараптаманың нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекітеді.
13. Тиісті мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламалар шеңберінде мақұлданған үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер мен қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
14. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
15. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді, оған жасалған экономикалық сараптаманың оң қорытындысын талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі бекітілген мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламалар негізінде және бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелері болған кезде қалыптастырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) тізбесіне енгізіледі.»;
99) 151-бап алып тасталсын;
100) 152-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бірыңғай техникалық өлшемдері бар инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша үлгі жоба әзірлеу жүзеге асырылады.
Үлгі жобаларды әзірлеу мен оларға сараптама жүргізуді қаржыландыру құрылыс ісі жөніндегі уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру кезінде үлгі жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекіту жолымен жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне енгізілмеген бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге жол берілмейді.»;
101) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«153-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы
бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және жүзеге
асыру
1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын әзірлеу кезінде мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы іске асыруға жоспарланып отырған бюджеттік инвестицияларды дайындау және іріктеу мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларды әзірлеу және келісу сатысында жүзеге асырылады.
3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестицияларды іріктеу экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі бойынша сараптамасының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салу орындылығының негіздемесін және оның тиімділігін бағалауды қамтитын құжатты білдіреді.
4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейді және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға табыс етеді. Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды әзірлеу мен қарау тәртібін экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
5. Іріктеуден өткен және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы іске асыруға жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялар бюджет комиссиясының шешімі негізінде тиісті үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына енгізіледі.
6. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
7. Заңды тұлғалардың мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларда айқындалған міндеттерді орындауға байланысты емес берешегін және ағымдағы шығыстарын жабу мақсатында олардың жарғылық капиталын ұлғайтуға бюджет қаражатын бөлуге жол берілмейді.»;
102) 155-бапта:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау жөніндегі ақпаратты экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде тиісінше Қазақстан Республикасының Yкіметіне және тиісті әкімдікке табыс етеді.»;
8-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы «капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға» деген сөздер «капиталына» деген сөзбен ауыстырылсын;
103) 157-баптың 1) тармақшасы «немесе» деген сөзден кейін «байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;
104) 159-баптың 5-тармағындағы «Байланыстырылған грантты беру» деген сөздер «Байланысты грант» деген сөздермен ауыстырылсын;
105) 163-бапта:
4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық берешегінің болмауы;»;
106) 171-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) бюджеттік инвестициялық жобалардың қаржыландырылуы мен іске асырылуына мониторинг жүргізу;
3-2) қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу;»;
5-тармақтағы «Кредитор (сенімгер)» деген сөздер «Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
107) 176-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кірістіліктің орташа өлшемді ставкасы - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақының орташа өлшемді ставкасы.
Жергілікті атқарушы органдарға, қаржы агенттіктеріне бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда, бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкасы, айналыс мерзімі бюджеттік кредиттің мерзіміне сәйкес келетін мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді ставкасынан төмен болмайтын шамада белгіленеді.»;
108) 182-баптың екінші бөлігі «заңдарына» деген сөзден кейін «және кредит шартының талаптарына» деген сөздермен толықтырылсын;
109) 184-бапта:
4-тармақтағы «заңдарында белгіленген» деген сөздер «Үкіметі айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жергілікті атқарушы органда бюджеттік кредит бойынша берешек болған немесе бюджеттік кредит нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кезде кредитор жергілікті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотынан берешек соманы немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған соманы жергілікті бюджеттердің бюджет қаражаты қалдықтарының шегінде жоғары тұрған бюджеттің түсіміне ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті жергілікті бюджеттерді осы Кодекске сәйкес кейіннен нақтылай отырып, Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жібереді.»;
110) 41-тараудың тақырыбы «тоқтатылуы» деген сөзден кейін «және кепілдіктің тоқтатылуы» деген сөздермен толықтырылсын;
111) 188-бапта:
тақырып «тоқтатылуы» деген сөзден кейін «және кепілдіктің тоқтатылуы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Кредитордың мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптары қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда тоқтатылады.»;
«4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған қарыз алушыларға кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талаптары тоқтатылған жағдайда, онымен бір мезгілде тиісті бюджеттік кредиттер бойынша кепілдіктер де тоқтатылады.»;
112) 190-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік кредиттердің пайдаланылу тиімділігін бағалауға арналған деректерді экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және құрамда экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға табыс етеді.
6. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар табыс етілген деректер негізінде бюджеттік кредиттердің пайдаланылу тиімділігін бағалау бойынша есептер қалыптастырады.
7. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік кредиттердің пайдаланылу тиімділігін бағалау бойынша есептерді жергілікті атқарушы органдарға және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін табыс етеді.»;
113) 11-бөлімнің тақырыбы «борыш» деген сөзден кейін «, мемлекет кепілгерлігі» деген сөздермен толықтырылсын;
114) 43-тараудың тақырыбы «борыш» деген сөзден кейін «, мемлекет кепілгерлігі» деген сөздермен толықтырылсын;
115) 191-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) банк кепілдігі - қарыз алушы мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімде қарыз шарты бойынша өзінен алынуға тиесілі соманың жинақталуын қамтамасыз етпеген жағдайда, банктің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның алдындағы мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемесі;»;
мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) сақтандыру шарты - қарыз алушы қарыз шарттары бойынша өзінен алынуға тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, сақтандыру ұйымының қарыз берушінің алдындағы мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыз бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемесін көздейтін шарт;
10-2) мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш - мемлекет кепілгерлігімен тартылған және мемлекетке берілетін концессия объектісінің құнынан аспайтын, алынған және өтелмеген қарыз сомаларының белгілі бір күнгі жағдай бойынша сомасы;
10-3) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз - инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз;»;
11) тармақша «тұлға» деген сөзден кейін «немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) мемлекет кепілгерліктерін беру лимиті - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін, оның шегінде мемлекет кепілгерліктері берілуі мүмкін тіркелген сома;»;
116) 192-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі алып тасталсын;
117) 194-баптың 1-тармағы «сәйкес» деген сөзден кейін «, өзара талаптарды есепке алмай,» деген сөздермен толықтырылсын;
118) 202-баптың 1 және 2-тармақтарындағы «, сондай-ақ кассалық алшақтықты жабуға» деген сөздер алып тасталсын;
119) 207-баптың 2-тармағындағы «208» деген цифрлар «213» деген цифрлармен ауыстырылсын;
120) 208-баптың 1-тармағында:
3) тармақша «банк кепілдігінің» деген сөздерден кейін «не сақтандыру шартының» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы «мемлекеттік кепілдікпен бұрын алынған мемлекеттік емес қарыздарды» деген сөздер «бұрын алынған мемлекет кепілдік берген қарыздарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
121) 210-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
«қарыз беруші» деген сөздерден кейін «(облигациялар ұстаушылардың өкілі)» деген сөздермен толықтырылсын;
«қарыз берушінің жазбаша хабарлауы» деген сөздер «жазбаша хабарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
122) 211-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «қарыз шартының тараптары және» деген сөздер алып тасталсын;
123) 217-баптағы «шартында» деген сөз «талаптарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
124) 218-баптың екінші бөлігіндегі «және кепілдік берген банк» деген сөздер алып тасталсын;
125) мынадай мазмұндағы 46-1-тараумен толықтырылсын:
«46-1-тарау. Мемлекет кепілгерлігi
218-1-бап. Мемлекет кепілгерлігi
1. Мемлекет кепілгерлігі - борышкер өзінен алынуға тиесілі соманы төлемеген жағдайда қарыз беруші одан берешекті өндіріп алу жөнінде қарыз алушыға қатысты барлық қисынды шараларды қолданғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық келісім шеңберінде, мемлекетке берілетін концессия объектісінің құнынан аспайтын қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі.
Мемлекетке берілетін концессия объектісінің құны Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
2. Мемлекет кепілгерлігі қарыз алушының мемлекетке берілетін концессия объектісінің құнынан аспайтын сомаға мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде қарыз берушілерге беріледі.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы атынан мемлекет кепілгерлігін беруге ерекше құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын талаптармен және тәртіппен мемлекет кепілгерлігін беруді жүзеге асырады.
218-2-бап. Мемлекет кепілгерлігін беруге шектеулер
1. Мемлекет кепілгерлігі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде беріледі.
2. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражаты концессия объектілерін құруға ғана пайдаланылады.
3. Мемлекет кепілгерліктері бұрын тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру ретінде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде тартылатын қарыздар бойынша берілмейді.
4. Мемлекет кепілгерліктерін беру лимитінің көлемі осы лимит белгіленген тиісті қаржы жылы шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
218-3-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары
1. Мемлекет кепілгерліктері Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының негізінде беріледі.
2. Мемлекет кепілгерлігін беру осы Кодекстің 218-9-бабына сәйкес қарыз алушының концессия объектісін мемлекетке беруінің міндеттілігі шартымен жүзеге асырылады.