3. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекет кепілгерлігі берілгені үшін қарыз алушыдан жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысуымен құралатын заңды тұлғалар үшін - мемлекет кепілгерлігі сомасының 0,2 проценті мөлшерінде және басқа заңды тұлғалар үшін мемлекет кепілгерлігі сомасының екі проценті мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) өндіріп алынады.
4. Мемлекет кепілгерлігін беру мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету жөніндегі сақтандыру шарты ресімделгеннен және берілгеннен кейін жүзеге асырылады.
218-4-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға
қойылатын талаптар
1. Заңды тұлғалар өздері қарыз алушы ретінде әрекет ететін қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер болғанда осы заңды тұлғаларға мынадай талаптар қойылады:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті болу;
2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісе отырып белгілейтін, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздардың қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты болуы;
3) тиісті саланың уәкілетті органының оң қорытындысының болуы;
4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
5) экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
7) төлем мерзімдері басталған, мемлекет кепілгерлігімен не мемлекеттік кепілдіктерімен бұрын алынған қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша берешегінің, сондай-ақ кредиторлар алдында өзге де мерзімі өткен берешегінің болмауы.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға мемлекеттік емес қарыздың шарттарына және инвестициялық жобаның тәуекеліне байланысты қойылатын қосымша талаптар белгілеуі мүмкін.
218-5-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру үшін инвестициялық
жобаларды іріктеп алу
Мемлекет кепілгерліктерін беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеп алуды Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртіппен экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді.
218-6-бап. Мемлекет кепілгерлігінің нысаны
1. Мемлекет кепілгерлігі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында мемлекет кепілгерлігі шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы беріледі.
Осы баптың және осы Кодекстің 218-7-бабының талаптарына сәйкес келетін құжат қана мемлекет кепілгерлігі деп танылуы мүмкін. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының ешқандай актілерінің немесе өзге де құжаттарының мемлекет кепілгерлігі болатын заңдық күші жоқ.
2. Мемлекет кепілгерлігі шартына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы қол қояды.
213-7-бап. Мемлекет кепілгерлігі шартының мазмұны
1. Мемлекет кепілгерлігі шартында:
1) мемлекет кепілгерлігін беруге негіз болған Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының деректемелері;
2) қарыз алушы мен қарыз берушінің атауы мен орналасқан жері;
3) қарыз алушының негізгі міндеттемесінің мазмұны;
4) берілетін мемлекет кепілгерлігінің сомасы;
5) мемлекет кепілгерлігінің қолданылу мерзімі;
6) мемлекет кепілгерлігі шартына қол қойған лауазымды адам көрсетіледі.
Мемлекет кепілгерлігі шартында осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптар болмаған не оған осы Кодекстің 218-6-бабының 2-тармағын бұза отырып қол қойылған кезде мемлекет кепілгерлігі жарамсыз деп есептеледі.
218-8-бап. Берілетін мемлекет кепілгерліктерін және мемлекет
кепілгерлігімен берілетін қарыздарды есепке алу
Берілетін мемлекет кепілгерліктері және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуге және есепке алынуға жатады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш мониторингін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
218-9-бап. Мемлекет кепілгерлігін орындау
Мемлекет кепілгерлігі:
қарыз беруші қарыз алушыдан берешекті өндіріп алу жөніндегі барлық қисынды шараларды қолданғаннан кейін;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы банкрот деп танылған не ол таратылған жағдайларда орындалуға жатады.
Мемлекет кепілгерлігін орындау мемлекет кепілгерлігін орындау жөнінде талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражат концессия объектісін мемлекетке беру жолымен республикалық бюджетке қайтарылуға жатады.
218-10-бап. Мемлекет кепілгерлігінің қолданылуын тоқтату
негіздерi
Мемлекет кепілгерлігі қарыз алушы немесе кепілгер мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыз бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін қолданылуын тоқтатады.
218-11-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз
қаражатын пайдалануға шектеулер
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын қарыз шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беру үшін пайдалануға тыйым салынады.
218-12-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз
қаражатының пайдаланылуын бақылау және ол үшін
жауаптылық
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатының пайдаланылуына Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен бақылау жүзеге асырылады.
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз бойынша қарыз алушы алынған қаражатты нысанасыз пайдаланғаны және қарыз бойынша борыштық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты қайтарғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.»;
126) 219-баптағы «немесе мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз берушінің алдындағы міндеттемелерді орындау мерзімін ұзартуға» деген сөздер алып тасталсын.
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат):
1) 8-баптың у) тармақшасындағы, 27-баптың екінші және үшінші бөліктеріндегі, 28-баптағы, 66-баптың үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің», «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі», «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен», «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген сөздер тиісінше «бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның», «Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның», «Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган», «бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен», «бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-бапта:
з) тармақшасындағы «банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенімді, қауіпсіз болуын қамтамасыз ету жөніндегі ең төменгі талаптарын белгілейді» деген сөздер «банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
к) тармақшасы «жүзеге асырады» деген сөздерден кейін «, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын есепке ала отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі үшін бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды» деген сөздермен толықтырылсын;
к-1) тармақшасындағы «операцияларды автоматтандыру жүйелері» деген сөздер «бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
к-2) тармақшасындағы «операцияларды автоматтандыру жүйелеріне» деген сөздер «бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
л-1) тармақшадағы «статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді» деген сөздер «төлем балансы, сыртқы борыш, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөнінде статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді және оны жинауды жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы н-1) тармақшамен толықтырылсын:
«н-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультациялық-кеңесші органдарын құруға құқылы;»;
р) тармақшасындағы «және мемлекеттік кепілдіктері жоқ мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша шарттардың мониторингін» деген сөздер «, мемлекеттік кепілдіктері жоқ мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін (валюталық мониторингті)» деген сөздермен ауыстырылсын;
у-10) тармақша:
«санкциялар» деген сөзден кейін «қолдану тәртібін айқындайды және» деген сөздермен толықтырылсын;
«белгіленген тәртіппен» деген сөздер «көзделген» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы у-13), у-14), у-15) және у-16) тармақшалармен толықтырылсын:
«у-13) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісе отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
у-14) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау тәртібін айқындайды;
у-15) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне сыртқы басқарушылар таңдау тәртібін айқындайды;
у-16) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетелдік валютаны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады;»;
3) 9-баптың екінші бөлігіндегі «Басқармасы белгілеген» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 15-бапта:
а) тармақшасындағы «әзірлеу» деген сөз «мақұлдау» деген сөзбен ауыстырылсын;
и-1) тармақша алып тасталсын;
м) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«м) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетін (шығыстар сметасын) және оны пайдалану, жарғылық және резервтік капиталдарды қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі құралдары мен өзге де мүлкіне билік ету тәртібі туралы нормативтік құқықтық актілерін бекіту;»;
м-1), с) тармақшалары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы п-1), у-1), у-2) және у-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«п-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультациялық-кеңесші органдарын құру туралы шешімдер қабылдау;»;
«у-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау ережелерін бекіту;
у-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне сыртқы басқарушылар таңдау тәртібін айқындайтын ережелерді бекіту;
у-3) реттелуі Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртібін айқындайтын ережелерді бекіту;»;
ч) тармақшасы алып тасталсын;
5) 16-баптың екінші бөлігінде:
«бес лауазымды адамы» деген сөздер «төрт лауазымды адамы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«екі өкіл» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ уәкілетті органның басшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 52-1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өтеу мерзімі бір жылдан аспайтын вексельдердің бірінші сыныпты эмитенттерінің коммерциялық вексельдерін қайта есепке алады;»;
7) 56-бапта:
б) тармақшасындағы «құндылықтармен» деген сөз алып тасталсын;
о) тармақшасы алып тасталсын;
8) 57-баптың бірінші бөлігінің жетінші абзацы алып тасталсын;
9) 59-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкі алтын-валюта активтерінің өтімділігін және сақталуын, сондай-ақ тәуекел қалыпты деңгейде болған кезде ұзақ мерзімді перспективада кірістілігін қамтамасыз ете отырып, олармен операциялар жасайды.»;
10) 62-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) банк операцияларын жүргізу тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда уәкілетті органға қорытынды беру шарттары мен тәртібін айқындауға;»;
11) мынадай мазмұндағы 62-2 және 62-3-баптармен толықтырылсын:
«62-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау функцияларын
жүзеге асыру
Қазақстан Ұлттық Банкі осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес реттелуі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үй-жайларының техникалық жарақтануын және жабдықтарын алдын ала қарап шығу;
2) біліктілік талаптарына сәйкестікті белгілеу;
3) тексерілетін орынға барып немесе құжаттық нысанда:
қаржы ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан; Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін тұтастай немесе жекелеген мәселелер бойынша, сондай-ақ олардың Қазақстан Ұлттық Банкіне табыс ететін есептері мен мәліметтерінің дұрыстығын зерделеу үшін тексеру жүргізу арқылы бақылау функцияларын жүзеге асырады.
62-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің тексерулер ұйымдастыру мен
жүргізу тәртібінің ерекшеліктерi
1. Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы ұйымдарының (олардың филиалдарының), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруді осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік пен лицензиялау мәселелерін реттейтін заңнамалық актілеріне сәйкес дербес не басқа мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың мамандарын тарта отырып жүргізеді.
2. Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жоспарлы - қаржы ұйымдарын (олардың филиалдарын), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын басқа да тұлғаларды Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру жоспарларына сәйкес жылына бір реттен асырмай тексеру;
2) жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде жазылған фактілер, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар бойынша, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан сауалдар түскен кезде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылғаны туралы айғақтайтын ақпарат пен материалдар алған кезде, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде тағайындалатын, сондай-ақ бұдан бұрын анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатындағы тексеру.
3. Тексеру жоспарлары тоқсан сайын жасалады және оны Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.
4. Қазақстан Ұлттық Банкі тексеру жүргізу басталарда тексеруші топқа тексерілетін тұлға ұсынуға міндетті құжаттардың (мәліметтердің) тізбесін көрсете отырып, алдағы тексеру туралы тексерілетін тұлғаны жазбаша хабардар етуге құқылы.
Тексеру тағайындау туралы Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалының басшысы бекіткен актіні тексерілетін тұлғаға тапсырған кез тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
5. Тексеру Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру тағайындау туралы актісінің негізінде жүргізіледі.
Тексеру тағайындау туралы актіде:
1) актінің нөмірі және жылы, айы, күні;
2) тексеру тағайындаған органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
4) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған, тексерілетін тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, сондай-ақ өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тексерулерді тіркеу үшін талап етілетін басқа да мәліметтер;
5) тексеру түрі (жоспарлы, жоспардан тыс);
6) тексерілуге жататын мәселелер;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын нормативтік құқықтық актілер;
9) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша және бұрын анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатындағы тексерулерді қоспағанда, тексеру кезеңі;
10) лауазымын, тегін, аты-жөнін көрсете отырып, актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және мөр көрсетіледі.
6. Тексеру тағайындау туралы акт өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті түрде тіркеледі.
7. Объектіге тексеру үшін келген Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелгені туралы белгісі бар тексеру тағайындау туралы актіні және қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті.
8. Тексеру тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе тексеруді жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамдарының тексеру жүргізуге қажетті материалдарды пайдалануына кедергі келтірілген жағдайда тиісті акт жасалады. Актіге тексеруді жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамы және тексерілетін тұлғаның уәкілетті қызметкері қол қояды.
9. Тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.
10. Тексерілетін тұлға Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру тағайындау туралы актісін алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей тексеруші топ басшысының атына:
1) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы және оны алмастыратын адам туралы;
2) тексерілетін тұлғаның қажетті құжаттар (мәліметтер) дайындауға, оларды тексеруші топқа (адамға) уақтылы беруге жауапты мамандары туралы ақпаратты көрсете отырып, хат табыс етеді.
11. Тексеру жүргізілетін кезеңде тексерілетін тұлға тексеруші топқа (адамға):
1) алғашқы талап етуі бойынша тексеруге қатысты кез келген қажетті құжаттарды (мәліметтерді) қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін алуын, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті кез келген ақпарат көздеріне қол жеткізуін;
2) автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) тексеру мәніне сәйкес қол жеткізуін;
3) қажет болған кезде кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлердің жүргізілетін тексеруге, олардың қызметтік міндеттеріне және (немесе) тексерілетін тұлғаның қызметіне қатысты мәселелер бойынша түсіндірме (ауызша немесе жазбаша) беруін;
4) тексерілетін тұлғаның ғимаратынан жеке үй-жай берілуін (болған жағдайда), оған еркін кіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
12. Тексерілетін тұлғаның осы баптың 11-тармағында көрсетілген талаптардың бірін бұзуы тексерілетін тұлғаға не оның басшысына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға негіз болып табылады.
13. Тексеру жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, жекелеген мәселелерді қосымша зерделеу қажет болған не тексерудің едәуір көлеміне байланысты ерекше жағдайларда Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалының басшысы тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ бұл күнтізбелік отыз күннен аспауы керек.
Тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда, өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркей отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша акт ресімделеді, онда тексеру тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркеу нөмірі мен жылы, айы, күні және ұзарту себебі көрсетіледі.
14. Тексеру нәтижелері бойынша тексеруші топ (адам) тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған жылы, айы, күні мен орны;
2) тексеру жүргізген органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеру тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
5) тексерілетін тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, ал тексеру жүргізген кезде тексерілетін тұлғаның өкілі қатысқан жағдайда оның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы;
6) тексеру жүргізілген орын және кезең;
7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) тексерілетін тұлға өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан жағдайда басқа да тұлғалардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;
9) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетіледі.
Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелеріне байланысты қажетті құжаттар (мәліметтер) немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.
Тексеру жүргізу мерзімі аяқталуынан кешіктірмей тексеруші топ (адам) тексерілетін тұлға басшысының атына, тексерілетін тұлғада түпнұсқасы болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, танысу және қол қою үшін тексерудің нәтижелері туралы актінің екі данасын қосымшаларының көшірмелерімен қоса жібереді.
Тексерілетін тұлғаның басшысы (оның орынбасары) не тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын қабылдайды, актінің екінші данасының әрбір парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, алған күні туралы белгі қояды және тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен кейінгі келесі күнінен кешіктірмей, тексеру нәтижелері бойынша ескертулері және (немесе) қарсылықтары болса көрсете отырып, Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеруші тобына (адамына) екінші дананы табыс етеді.
15. Тексерілетін тұлғаның басшысына (оның орынбасарына) тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы актінің жіберілген күні тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
16. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданған жағдайда тексерілетін тұлға анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы жазбаша есепті (ақпаратты) Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген мерзімде оған табыс етуге міндетті.
17. Тексеру жүргізген кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамдары тексерілетін тұлға құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге және алынған ақпараттың құпиялығын сақтауға, тексерілетін тұлғаның және оның клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге тікелей не жанама әкеп соғатын іс-әрекеттерден тартынуға тиіс.»;
12) 70-1-баптың екінші бөлігіндегі «Қаржы министрлігіне» деген сөздер «бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат):
1) 71-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша талаптары енгізілмейді.»;
2) 74-баптың 4-тармағының 3) тармақшасында «қаражаты енгізілмейді.» деген сөздер «қаражаты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) концессия объектісінің құрамына кіретін мүлік енгізілмейді.».
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді