2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджетін бекіту туралы тиісті мәслихат шешімінің жобасын әзірлейді және оны облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі аппаратының қарауына табыс етеді;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджетін бекіту туралы тиісті мәслихат шешімін іске асыру туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі шешімінің жобасын әзірлейді;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджетін қаржыландырудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджетін нақтылау, түзету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларының тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
64-3-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың бюджетті атқару жөніндегі жергіліктi
уәкілетті органдарының құзыретi
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы:
1) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіреді;
3) облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне түсетін түсімдерді болжауға қатысады;
4) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті түсімдерінің және оларды қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерді әзірлейді, бекітеді және енгізеді;
5) облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді;
6) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге олардың міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді;
7) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттерді беруді, оларға қызмет көрсетілуін жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингін және қайтарылуын қамтамасыз етеді;
8) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті атқарылуының мониторингін жүзеге асырады;
9) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасайды;
10) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі жалпы қорытындыны дайындайды.
64-4-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi
атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының
құзыретi
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне түсетін түсімдерді болжауға қатысады;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті түсімдерінің және оларды қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерді әзірлейді, бекітеді және енгізеді;
4) аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді;
5) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге олардың міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді;
6) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттерді беруді, оларға қызмет көрсетілуін жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингін және қайтарылуын қамтамасыз етеді;
7) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті атқарылуының мониторингін жүзеге асырады;
8) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін атқару жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасайды;
9) өткен қаржы жылында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы жөнінде есептілік жасайды.»;
47) 66-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылында қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесін айқындау, мемлекеттік емес секторға берілетін функцияларды, бағдарламалардың және бюджеттік бағдарламалар паспорттары жобаларының тиімділігін бағалауды ескере отырып, орта мерзімді фискалдық саясатты, мемлекеттік функцияларды талдау нәтижелерін негізге ала отырып, оларды іске асыру тетіктерін айқындау жөнінде ұсыныстарды талдап-жасау;»;
48) 68-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық және жергілікті бюджеттерді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдерін жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджет түсімдерінің көлемін және стратегиялық міндеттерді, басымдықты ескере отырып әрі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес олардың пайдаланылу бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.»;
49) 69-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сабақтастық принципі - республикалық және жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдерін өткен және ағымдағы қаржы жылдары бағдарламаларының іске асырылуы мен бюджеті атқарылуының тиімділігін бағалау нәтижелерін ескеріп, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының, өткен кезеңде негізге алынған орта мерзімді фискалдық саясаттың бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;»;
2) тармақшада:
«бюджетті» деген сөз «республикалық және жергілікті бюджеттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«арналған» деген сөзден кейін «стратегиялық және» деген сөздермен толықтырылсын;
«алдағы» деген сөздің алдынан «республиканың немесе өңірдің» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «негізділігі бюджетті жоспарлаудың негізгі принциптері болып табылады.» деген сөздер «негізділігі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) шығыстардың мұнайдан түсетін түсімдерге тәуелділігін азайту принципі - мұнайға қатысты емес секторды нысаналы дамыту есебінен мұнайға қатысты емес тапшылықтың мөлшерін азайту бюджетті жоспарлаудың негізгі принциптері болып табылады.»;
50) 70-бапта:
1-тармақта:
үшінші абзац алып тасталсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«республиканың немесе өңірдің стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді кезеңіне арналып белгіленген басымдықтарын ескере отырып, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;»;
бесінші абзац алып тасталсын;
2-тармақта:
«аймақтың орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары» деген сөздер «өңірдің стратегиялық және орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мен бағалау» деген сөздер «және бағдарламаларды бағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«түзетіліп» деген сөзден кейін «, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру бағалана отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер бюджетті әзірлеу немесе нақтылау кезінде орта мерзімді фискалдық саясаттың негізгі бағыттары түзетілетін болса, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.»;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «1 маусымына» деген сөздер «1 қыркүйегіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«Жергілікті атқарушы органның», «жергілікті атқарушы органдар» деген сөздер тиісінше «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«1 шілдесіне» деген сөздер «1 қазанына» деген сөздермен ауыстырылсын;
51) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«73-бап. Шығыстар лимиттерін және басым бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) тізбесін айқындау
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар орта мерзімді фискалдық саясат негізінде:
1) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін;
Бесінші, алтыншы абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесін қалыптастырады.
Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесі негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысанда өткен жылғы есептік деректер мен ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер көрсетілетін бюджеттік бағдарламалардан қалыптастырылады.
Жоспарланатын кезеңнің бірінші жылында іске асырылуы басталатын, басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесіне енгізілетін бюджеттік бағдарламалар сонымен қатар мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
1) мемлекеттік функцияларға сәйкес келу;
2) мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға сәйкес келу;
3) орта мерзімді фискалдық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келу;
4) бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) үшін техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының оң қорытындысы болуы.
2. Бюджет шығыстарының лимиттерін бюджет комиссиясы қарайды және мақұлдайды.
Он төртінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесі мен республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарының лимиттерін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізеді.»;
52) 74-бапта:
2-тармақта:
Үшінші, төртінші абзацтары 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және уәкілетті органдар жеткізген басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесі;»;
мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасы;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жүргізген, жоспарланатын қаржы жылына ауысатын бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау нәтижелері негізінде жасалады;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодексте көзделген бюджетті нақтылау жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жыл сайын тек қана бір бюджеттік өтінім жасайды.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі:
Он бірінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) бюджет шығыстарының жеткізілген лимиттері шеңберінде бюджеттік бағдарлама паспорты жобасының мақсаттарын, міндеттерін, іс-шараларын, күтілетін нәтижелерін, индикаторларын нақтылайды;
2) бюджет шығыстарының жеткізілген лимиттері шеңберінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткіштерді көрсете отырып, олар бойынша шығыстар сомасын айқындайды.»;
4-тармақта:
Он төртінші-он жетінші абзацтары 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесін;»;
«3) бюджеттік бағдарламаны іске асыру кезеңіне қарай, үш жылдық кезеңге арналған нақтыланған мақсаттары, міндеттері, іс-шаралары, орындалу мерзімі, күтілетін нәтижелері, индикаторлары бар бюджеттік бағдарлама паспортының жобасын;
4) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүргізген, жоспарланатын қаржы жылына ауыстырылатын бюджеттік бағдарламаның тиімділігін бағалау нәтижелерін;»;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі алдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 1 маусымына дейін табыс етеді.»;
5-тармақ алып тасталсын;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Жиырма үшінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«7. Бюджеттік бағдарлама паспортының жобасы бюджеттік бағдарламаның мақсаттарын, нормативтік-құқықтық негізін, міндеттерін, іс-шараларын, жауапты орындаушыларын, орындалу мерзімдерін, ұлттық валютамен көрсетілген құнын, қаржыландыру көздерін, күтілетін нәтижелерді, индикаторларды айқындайтын құжат болып табылады.
8. Субсидиялауға жіберілетін шығындарды қоспағанда, бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) бойынша шығыстардың есебі бюджеттік бағдарламалардың нормативтік, сандық, құндық көрсеткіштері және бекітілген заттай нормалар негізінде жүзеге асырылады.
Бюджеттік субсидиялардың мөлшері жеке, заңды тұлғалар және шаруа (фермер) қожалықтары өз қаражаты есебінен жабатын құнды алып тастағанда, жеке, заңды тұлғалардың және шаруа (фермер) қожалықтары қызметінің құнын жабуға бағытталатын сома ретінде айқындалды.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімнің есептеулер негізінде жасалуына және олардың дұрыстығына жауапты болады.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік өтінімді шығыстар лимиті шегінде енгізуге міндетті.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының (ішкі бағдарламаларының) жалпы құны шығыстар лимиттерінен асып түскен жағдайда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімнің құрамында:
бекітілген мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларды, соның ішінде олардың іс-шаралар жоспарларын;
заттай нормаларды;
бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) сандық және құндық көрсеткіштерін өзгерту жөнінде негізделген ұсыныстарды табыс етеді.»;
53) 75-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік өтінімдерді қарап, оларға осы Кодекстің 35-бабының 3-тармағына сәйкес бағалау жүргізеді және солар бойынша тиісті қорытынды дайындайды.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік өтінімді қағазға түсіріп және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы электрондық құжат түрінде енгізуге міндетті.
Бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының оны жасау және табыс ету жөніндегі талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік өтінімді бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады.
Бюджеттік өтінім бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде болмаған және қағазға түсіріп берілген бюджеттік өтініммен сәйкес келмеген жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.»;
54) 76-бапта:
3-тармақта:
2) тармақшада:
«, айлық есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшері» деген сөздер «ең төменгі мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;»;
4-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдерінің көлемі;
3) тікелей салықтары (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын салықтарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының есебіне жатқызылатын шикі мұнай және газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын мұнай секторы кәсіпорындарының тізбесі;»;
55) 79-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) шоғырландырылған бюджетті;»;
56) 86-бапта:
3-тармақтағы «Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің» деген сөздер «Бюджеттің» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «атқарылуына қызмет көрсетуді» деген сөздер «атқарылуы бойынша рәсімдерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
57) 87-бапта:
Екінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтағы «ic-шараларға» деген сөздер «іс-шаралардың өткізілуіне, күтілетін нәтижелер мен индикаторларға қол жеткізуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уақтылылық принципі - түсімдерді республикалық және жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызу және бюджет қаражатын жеке қаржыландыру жоспарларына, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес пайдалану және бюджетке түсімдерді, сондай-ақ бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімде және тәртіппен оларды алушылар шоттарының есебіне жатқызу.»;
«4. Кассаның бірыңғайлық принципі - барлық бюджет түсімдерін бірыңғай қазынашылық шот есебіне жатқызу және барлық көзделген шығыстарды бірыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған банк шоттарынан шетелдік валютаның түрлері бойынша бюджетке түсетін түсімдер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қайта айырбастауға өтінім берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта айырбасталуға және бірыңғай қазынашылық шот есебіне жатқызылуға тиіс.
Бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері кассаның бірыңғайлығы принципі негізінде атқарылады.»;
58) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«88-бап. Бірыңғай қазынашылық шот
1. Бірыңғай қазынашылық шот - аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін кассаның бірыңғайлығы принциптерінде жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылатын шот.
2. Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қаражат қалдықтарын қамтиды.
Қолма-қол ақшаның бақылау шоттары мынадай:
1) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер мен республикалық және жергілікті бюджеттерден жүргізілген төлемдер;
2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер мен олар бойынша жүргізілген төлемдер;
3) осы Кодекстің 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері және Қазақстан Республикасы Yкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына жүргізілген аударымдар;
4) мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер және олардың есебінен жүргізілген төлемдер;
5) жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік мекемеге алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, тікелей жеке немесе заңды тұлға қайтаруға не тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге берілуге тиіс болу-болмауына қарамастан, оларды номиналды түрінде қайтару талаптарымен беретін ақша бойынша операцияларын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес есепке алуға арналады.
Сайлауларды қаржыландыруға арналған шоттар - жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшасының бақылау шотынан ерекшеленетін және Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлаған кезде сайлау іс-шараларын өткізу үшін шығыстар бойынша операцияларды есепке алуға арналған жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшасының бақылау шоты.
Сайлауларды қаржыландыруға арналған шоттарға республикалық бюджеттен қаражат аударуды Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Сайлауларды қаржыландыруға арналған шоттардағы қаражатты жұмсауға аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының ғана құқығы бар.
Мемлекеттік мекеменің шоттары бюджеттік шығыстарды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде рұқсат етілген өзге де қаражатты есепке алуға арналған.
3. Шетел валютасымен түсетін түсімдер бойынша бюджеттік операцияларды жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетел валюталарының түрлері бойынша банк шотын ашады.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражатын банк шоттарында орналастыруға жол берілмейді.»;
59) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«89-бап. Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды)
іске асыруды қаржыландыру
1. Мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыруы республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылады.
2. Ішкі істер органдарының бюджеттік бағдарламаларын (ішкі бағдарламаларын) қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыруды республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.
Ішкі істер органдарының бюджеттік бағдарламаларын (ішкі бағдарламаларын) қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыруды жергілікті бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.
Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыруды екі және одан көп жергілікті бюджеттерден қаржыландыруға жол берілмейді.»;
60) 90-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттік шот - бірыңғай бюджеттік сыныптама кодтары мен мемлекеттік мекемелер кодтарын құрамдастыру, олар бойынша бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын шығыстар бойынша операцияларды есепке алу жүзеге асырылады;»;
2), 3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
6) тармақша «үшін» деген сөзден кейін «екінші деңгейдегі банктерде» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органға» деген сөздер «екінші деңгейдегі банктерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
61) 91-бапта:
3-тармақтағы «салымдарға (депозиттерге)» деген сөздер «депозиттерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттік кредиттерді және пайдаланылмаған нысаналы трансферттердің сомаларын оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы жылдың бюджетін түзету арқылы міндетті түрде қайтаруға;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) өткен жылғы бюджетте бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаны оның бекітілген жылдық көлемінің он процентінен аспайтын сомаға ағымдағы жылдың бюджетін Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыламай-ақ, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджетті түзету арқылы қаржыландыруды аяқтауға жұмсалуы мүмкін. Мұндай шығыстар ағымдағы жылдың шығыстары болып табылады;»;
2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Yкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде» деген сөздер «республикалық немесе жергілікті бюджетті түзету арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
62) 92-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) жеке қаржыландыру жоспарлары;»;
63) 93-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы «толық» деген сөз «жалпы сомада» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Республикалық бюджет нақтыланған жағдайда Қазақстан Республикасы Yкіметінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру жөніндегі қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған күннен бастап он күн ішінде бекітіледі.
Жергілікті бюджет нақтыланған жағдайда мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде бекітіледі.»;
64) 94-бапта:
2-тармақ «және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау үшін негіз болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік бағдарлама паспортын жасаудың дұрыстығы үшін жауапты болады.»;
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттік функциялар мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне, бір мемлекеттік органнан екіншісіне немесе мемлекеттік емес секторға берілген;»;
Сегізінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша «Қазақстан Республикасы» деген сөздердің алдынан «мақсаттар, міндеттер, іс-шаралар, жауапты орындаушылар, іске асыру мерзімдері, күтілетін нәтижелер мен индикаторлар өзгерген жағдайда,» деген сөздермен толықтырылсын;