6. «Сот сараптамасы туралы» 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 21, 276-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 21-22, 281-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 10, 32-құжат):
22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Сот-сараптама қызметін қаржыландыру
Сот сараптамасы органдарында қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген, соттың дәлелді ұйғарымымен расталған негіздемелер болған жағдайлардан басқа кезде, сот сараптамасы органдарында азаматтық істер бойынша сот сараптамаларын жүргізуге ақы төлеуді тараптар жүзеге асырады және алдын ала төлеу нысанында тиісті бюджетке енгізіледі.
Мамандандырылған зерттеулер жүргізу, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін бағдарламаларға кірмейтін ғылыми және ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу үшін ақы төлеу алдын ала төлеу нысанында тиісті бюджетке енгізіледі.».
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2005 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджет қаражаты есебінен қамтылатын мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуге құқылы, оларға төленетін ақы міндетті сипатта болмайды, жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша айқындалады.».
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер
Дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге құқылы, оларға төленетін ақы міндетті сипатта болмайды, жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша айқындалады.».
9. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):
1) 27-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджетті, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің атқарылуы туралы есепті» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4), 1-5), 1-6), 1-7) және 1-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау және бюджеттің атқарылу жөніндегі жергілікті уәкілетті органының жұмысын үйлестіреді;
1-2) тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа табыс етеді;
1-3) тиісті мәслихатқа облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді;
1-4) облыстық мәслихаттың және республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиісті қаржы жылына арналған тиісті бюджеттер туралы шешімдерін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
1-5) облыстық атқарушы органның және республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органының орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді;
1-6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық, бюджеттік жоспарлау, бюджеттің атқарылу жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарын құрады;
1-7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
1-8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспары мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы жоспарын бекітеді;»;
2) 31-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ауданның (облыстық маңызы қаланың) жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4), 1-5), 1-6) және 1-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау және бюджеттің атқарылу жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының жұмысын үйлестіреді;
1-2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа табыс етеді;
1-3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
1-4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді;
1-5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық, бюджеттік жоспарлау, бюджеттің атқарылу жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарын құрады;
1-6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
1-7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекітеді;».
10. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 23-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелері негізгі қызметіне жатпайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді іске асырады.
Қылмыстық-атқару жүйесі мемлекеттік мекемелерінің негізгі қызметіне жатпайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесіне соларда ұсталатын күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталғандардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру кезінде азық-түлік өнімдерін, алғашқы қажеттілік заттарын, киім-кешек, аяқ киім, газеттер, журналдар, әдебиет, дәрі-дәрмектер және қосымша емдік-профилактикалық көмек көрсету үшін медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды қосымша сатып алуға, ұзақ мерзімді кездесулер ұсынуға және қосымша емдеу-профилактикалық қызмет пен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өзге де қызметтер көрсетуге, сондай-ақ күдіктілер мен айыпталушылар үшін қосымша ақылы тұрмыстық қызметтер жасауды ұсынатын жұмыс пен көрсетілетін қызметтер жатады.»;
2) 33-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң:
1) ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-тармағын;
2) 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағын, 3-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацын, 16) тармақшасының үшінші-бесінші абзацтарын, 20) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы абзацтарын, 22) тармақшасының жиырма жетінші абзацын, 24) тармақшасының үшінші, алтыншы абзацтарын, 51) тармақшасының бесінші, алтыншы, он төртінші абзацтарын, 52) тармақшасының үшінші, төртінші, он бірінші, он төртінші-он жетінші, жиырма үшінші абзацтарын, 57) тармақшасының екінші абзацын, 64) тармақшасының сегізінші абзацын, 71)-73) тармақшаларын, 74) тармақшасының он сегізінші, жиырмасыншы абзацтарын, 90) тармақшасының бесінші абзацын, 97) тармақшасының екінші-алтыншы абзацтарын, 6-тармағын;
3) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағы 22) тармақшасының отызыншы абзацын, 82) тармақшасының тоғызыншы, оныншы абзацтарын, 7, 8-тармақтарын қоспағанда, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
1-баптың 3-тармағы 9) тармақшасының төртінші абзацы өзінің қолданысын 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатады.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 5-сі.
№ 165-III ҚРЗ