Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 Қаулысы
(2013.11.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 774 Қаулысымен күші жойылды
«Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығын қараңыз
«Темір жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Тасымалдаушының әлеуметтік мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 11 қарашадағы
№ 1188 қаулысымен
бекітілген
Тасымалдаушының әлеуметтiк мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды
жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Темір жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялаудың тәртібі мен шарттарын (бұдан әрi - субсидиялау) айқындайды.
2. Әлеуметтік мәнi бар қатынастар (бұдан әрi - қатынастар) бойынша жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі конкурстың (бұдан әрi - конкурс) нәтижелерi бойынша анықталған тасымалдаушының залалдары субсидиялауға жатады.
3. Конкурсты өткiзудi ұйымдастырушылар:
1) облысаралық қатынастар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестірудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкiлетті орган);
2) ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға тиiстi облыстардың әкiмдiктерi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар (бұдан әрi атқарушы органдар).
2. Субсидиялар мөлшерін анықтау тәртібі
4. Облысаралық қатынастарды уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарды жергілiкті өкiлеттi және атқарушы органдар анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2005.22.12. № 1272 (бұр.ред.қара); 2009.11.09. № 1350 (бұр.ред.қара); 2010.19.10. № 1076 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді
5. Тасымалдаушының тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, облысаралық қатынастардағы тасымалды жүзеге асыруға байланысты залалдары тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегiнде субсидияланады.
Тасымалдаушының ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастардағы тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты залалдары тиiстi жергiлiктi бюджеттерде көзделген сомалар шегiнде субсидияланады.
Жолаушылар тасымалдауды қатынастар бойынша ұйымдастыруға арналған субсидиялардың жалпы сомасы, әлеуметтік мәнi бар қатынастар тiзбесiн және осы Ереженiң 6-тармағында көрсетілген өндiрiстiк көрсеткiштер негiзiнде магистральдық темір жол желiсiнiң қызмет көрсетулерi тарифтерiнiң деңгейiн есепке ала отырып, жыл сайын тиiстi бюджетте көзделедi.
Табиғи монополия саласында бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлетті орган жыл сайын, белгіленген тәртiппен жолаушылар тасымалдауды қатынастар бойынша жүзеге асыратын тасымалдаушылар үшiн тиiстi жылға субсидиялауға көзделген бюджеттік қаражаттарды есепке ала отырып, магистральдық темір жол желiсiнiң қызмет көрсетулерiнiң тарифтерiне (бағаларына, ставкаларына, алымдарына) уақытша төмендету коэффициентiн бекiтедi.
Поездардың тізбесі, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың саны, олардың әлеуметтік мәні бар қатынастарда қатынау кезеңділігі, осы поездардың, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың субсидияланатын бөлігінің құрамдылығы уәкілетті және атқарушы органдар жыл сайын өткізетін Қазақстан Республикасындағы жолаушылар тасымалдауды талдаудың негізінде белгіленеді.
Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар поездарының құрамында тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың, вагон-мейрамханалардың және багаждық вагондардың қатынастарын заңнамаға сәйкес қамтамасыз ететін тасымалдаушыларға табиғи монополиялар саласындағы бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган жыл сайын белгіленген тәртіппен осы вагондардың жүрісі үшін магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, ставкаларға, алымдарға) уақытша төмендету коэффициентін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2010.19.10. № 1076 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджеттің шығыс бөлiгiне енгізу үшін субсидиялар мөлшерiн есептеу әр жолаушы поезы бойынша тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, мынадай өндiрiстiк көрсеткiштер негiзiнде жүргізiледi:
1) жолаушы айналымы:
тасымалданатын жолаушылар саны;
жол жүрудiң орташа қашықтығы;
2) вагон айналымы (вагондардың жүрген жолы):
бағыттардың қашықтығы;
поездың субсидияланатын бөлігінiң құрамдылығы тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондар саны және қатынау жиiлiгi;
3) вагондардың сыйымдылығы;
4) бір жолаушы-километрдiң өзiндiк құны;
5) бір жолаушы-километрдiң кiрiс ставкасы;
6) бағыт шығыстары;
тасымалдаушының пайдалану шығыстары;
магистральдық темір жол желiсiнiң қызмет көрсетулерi үшiн төлем;
локомотивтiк тарту қызметiн көрсетулерi үшiн төлем;
7) бағыт кiрiстерi.
ҚР Үкіметінің 2006.03.03. № 147 (бұр.ред.қара); 2009.11.09. № 1350 (бұр.ред.қара); 2010.19.10. № 1076 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Тиiстi бюджеттік бағдарламада көзделген соманың шегiнде қатынастар бойынша темір жол көлiгімен мынадай вагон санаттарында жалпы, плацкарт, купе, дизель және электр поездарының вагондары, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондар, сондай-ақ мемлекеттік кепiлдiкпен мемлекеттік емес қарыз есебінен сатып алынған вагондарда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының нақты залалдары субсидиялауға жатады.
Субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарды қалыптастыру кезінде тасымалдаушылардың осы Ережеге 4-қосымшада көрсетілген шығыстары ескерілмейді.
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Конкурсқа қойылатын қатынастар бойынша билеттер бағалары көтерілуінің шектi деңгейiн уәкілеттi орган (атқарушы орган) белгілейдi.
ҚР Үкіметінің 2010.19.10. № 1076 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті өкілді және атқарушы органдар айқындаған қатынастар негізінде уәкілетті және атқарушы органдар лоттарды қалыптастырады. Осы лоттар бойынша конкурстар оларды өткізу тәртібі мен мерзімдерін белгілейтін уәкілетті және атқарушы органдардың актілеріне сәйкес өткізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.19.10. № 1076 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Субсидиялардың ең аз көлемiн ұсынатын және уәкiлетті орган белгiлеген мiндетті қызметтердiң тiзбесiмен қоса әлеуметтік мәні бар қатынастарда тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, тасымалдауды үздiксiз жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндеттенетін тасымалдаушы жеңген болып танылады.
ҚР Үкіметінің 2008.30.12. № 1302 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді
11. Конкурстық комиссия конкурсты өтпеген деп таныған жағдайда конкурстық комиссия комиссия:
ҚР Үкіметінің 2008.30.12. № 1302 Қаулысымен 1) тармақшамен толықтырылды
1) конкурсты қайтадан өткізу туралы шешім қабылдайды;
ҚР Үкіметінің 2008.30.12. № 1302 Қаулысымен 2) тармақшамен толықтырылды
2) конкурсқа қатысуға тек қана бір әлеуетті өнім беруші жіберілген жағдайда, онымен Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы шарттар жасасады. Жасалған Шарттың бағасы бөлінген субсидиялардың сомасынан аспауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.30.12. № 1302 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.11.11. № 1202 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Егер конкурстың нэтижелері бойынша тасымалдаушы айқындалмаған болса, онда уәкілетті орган (атқарушы орган) осы Ережеге сәйкес есептелген субсидиялар сомасына Жолаушыларды ұлттық тасымалдаушымен қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға шарт жасасады.
ҚР Үкіметінің 2010.19.10. № 1076 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
13. Конкурс жеңiмпазы мен уәкiлетті орган (атқарушы орган) арасында уәкілетті орган (атқарушы орган) бекiткен нысан бойынша жасалған, онда негізгi шарттар, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, өткiзiлген конкурстардың нәтижелері бойынша тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, белгiленген мөлшерде субсидияларды төлеу тәртібi мен мерзiмдерi белгiленген тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша тасымалды жүзеге асыруға байланысты залалдарын субсидиялау туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасалады.
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 қаулыcымен 13-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.26.05. № 477 Қаулысымен 13-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.19.10. № 1076 қаулысымен 13-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-1. Ағымдагы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде тасымалдаудың маусымдылығына және поездардың, тіркелмелі және тоқтамайтын вагондардың қозғалыс кестесінің өзгеруіне, сондай-ақ жолаушылар ағынына байланысты тараптардың өзара келісуі бойынша шартқа қосымша келісім жасау арқылы поездардың құрамдылығына, тіркелмелі және тоқтамайтын вагондардың санына және қатынау кезеңділігіне сәйкес субсидиялар сомасын қайта қарауға жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Шарт үш жылға дейін мерзімін ұзарту құқығымен 1 жылдық мерзiмге жасалады және келесi күнтiзбелiк жылдың 1-шi қаңтарынан бастап күшiне енедi.
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 14-1-тармақпен толықтырылды
14-1. Шарттың қолданылу мерзімі тиісті бюджетте көзделген субсидиялар көлемінен аспайтын көлемде тендер шарттары орындалған және міндетті сақталған жағдайда келесі қаржы жылына ұзартылады.
3. Тасымалдаушының әлеуметтiк мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдары бойынша субсидияларды төлеу тәртiбі мен шарттары
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу тиісті қаржы жылына арналған стратегиялық жоспарға және төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1560 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Бір облыс ішіндегі қалааралық және ауданаралық қатынастар бойынша жергілікті бюджеттен субсидияларды төлеу төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2005.22.12. № 1272 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Субсидияларды төлеу нақты жүзеге асырылған және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есеппен және осы Ережеге 1-1 және 2-қосымшаларға сәйкес ресiмделген, орындалған жұмыстар актісімен расталған тасымалдар бойынша ай сайын жүргізіледі.
18. Шартта конкурс жеңiмпазы ұсынған субсидияның айлық сомасының 30 пайызына дейiнгі мөлшерде алдын ала төлеу көзделуi мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен (бұр.ред.қара); 2010.19.10. № 1076 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.07.12. № 1560 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.11. № 1202 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 19-тармақ өзгертілді
19. Тасымалдаушы ай сайын, есептіден кейiнгi айдың 25-шi күнiне дейiнгі мерзiмде ұйымның басшысымен, бас бухгалтерiмен және мөрiмен куәландырылған мынадай құжаттарды уәкілетті органға (атқарушы органға) ұсынады:
ҚР Үкіметінің 2005.22.12. № 1272 Қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы Ережеге 1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есепті және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалын орындау туралы есепті;
2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актiсi;
3) қатынас бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және осы пойызда тасымалданған жолаушылар, үлгілер бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, тіркелген және тікелей қатынайтын вагондарды ескере отырып, вагондардың толуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторының құжаты;
4) тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тарту операторы арасындағы есептіден кейінгі айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;
5) осы Ережеге 1-2, 1-3-қосымшаларға сәйкес темір жол жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі шығыстар мен кірістер бойынша ай сайынғы есептер;
6) осы Ережеге 1-4-қосымшаға сәйкес тасымалдаушының темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөніндегі тікелей шығыстарының тізілімі;
7) тиісті ұйымнан жол жүру құжаттарын сатудан түсетін түсімдер бойынша салыстыру актісі;
8) осы тармақтың 1), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда қамтылған көрсеткіштер есебін түсіндіретін есепке түсіндірме жазба.
ҚР Үкіметінің 2013.11.11. № 1202 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Тасымалдаушылар осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күнінен бастап уәкілетті орган (атқарушы орган) күнтізбелік 15 күн ішінде орындалған жұмыстар актісіне қол қояды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Аумақтық қазынашылық органына осы Ережеге сәйкес субсидияланатьш маршруттардың тізілімдері мен төлеуге арналған шоттарды ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 21-тармақпен толықтырылды
21. Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылар бағыттар бөлінісінде кірістердің, шығындардың және іске тартылған активтердің жеке есебін жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2005.22.12. № 1272 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Тасымалдаушының әлеуметтік
мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге
асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесіне
1-қосымша
Жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есеп
(ай сайын)
1 | 2 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | |
Ке- зең (ай) | По- езд N | Қа- ты- нас | Қа- шық- тық, км | Қа- ты- нау ке- зең- ді- лігі | Ва- гон тү- рі | Құ- рам- дағы ва- гон- дар- дың саны | Ва- гон- дар- дың жүр- ген жолы ваг/ км | Жолау- шы ай- налы- мы, жолау- шы, км | 1 жо- лаушы -км өзін- дік құны | Жолау- шылар тасы- мал- данды | Бағыт бой- ынша кіріс мың тг | Тасымалдар бойынша шығыстар | Шығыстар жиыны мың тг | |
МТЖ қыз- меттер көрсе- туі, мың тг | Локо- мотив тар- тымы- ның қыз- меті мың тг | Тасымал- даушының шығыс- тары мың тг | |
|
Тасымалдаушы
Бас бухгалтер
М.о.
ҚР Үкіметінің 2005.22.12. № 1272 Қаулысымен 1-1 қосымшамен толықтырылды
Тасымалдаушының әлеуметтік
мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге
асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесіне
1-1 қосымша
Жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп
200__жылдың_________
(жыл басынан бастап)
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Кезең | Поезд N | Қатынас | Қашықтық, км | Қатынау кезең-ділігі | Вагон түрі | Құрамдағы вагондардың орташа саны | Вагондардың жүрген жолы, ваг/км | Жолаушы айналымы, жолаушы, км | 1 жолаушы, км орташа өзіндік құны, тг |
кестенің жалғасы
11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Жолаушылар тасымалданды | Жол бағыты бойынша кіріс, мың тг | Тасымалдар бойынша шығыстар | Шығыстар жиыны, мың тг | Кіріспен жабылмайтын шығыстар, мың тг |
МТЖ қызметтері, мың тг | Локомотив тартымының қызеттері, мың тг | Тасымалдаушының шығыстары, мың тг | Барлығы | жыл басынан бастап төленген субсидия | субсидиялауға жатады |
| | | | | | | | |
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 1-2-қосымшамен толықтырылды
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты
залалдарын субсидиялау ережесіне
1-2-қосымша
Темір жолмен жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі
кірістер бойынша
20 __ жылғы ____________________ есеп
Вагондар түрі | Саны | Барлық бағытқа кірістер |
Барлығы | соның ішінде |
жолаушылар тасымалынан | төсек-орын сатудан | шай сатудан | Өзге де кірістер | сервистік қызметтер | жүрісі | вагондарды жалға алу |
агенттік комиссиялық сыйақы | тасымалдау бланкілерін пайдалану | жергілікті кіріс | бастапқы құжаттарды өңдеу жөніндегі қызметтер | Өзгелері (жедел хаттар, баспа өнімдерін тарату) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Барлығының саны | | | | | | | | | | | | | |
соның ішінде: люкс | | | | | | | | | | | | | |
күпе | | | | | | | | | | | | | |
плацкарт | | | | | | | | | | | | | |
жалпы | | | | | | | | | | | | | |
жүк | | | | | | | | | | | | | |
вагон-мейрамханалар | | | | | | | | | | | | | |
почта | | | | | | | | | | | | | |
Ұлттық Банктің | | | | | | | | | | | | | |
Әділетминінің | | | | | | | | | | | | | |
Өзгелері (жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша) | | | | | | | | | | | | | |
кестенің жалғасы
Қазақстан аумағы бойынша кірістер |
Барлығы | соның ішінде |
жолаушылар тасымалынан | төсек-орын сатудан | шай сатудан | Өзге де кірістер | сервистік қызметтер | жүрісі | вагондарды жалға алу |
агенттік комиссиялық сыйақы | тасымалдау бланкілерін пайдалану | жергілікті кіріс | бастапқы құжаттарды өңдеу жөніндегі қызметтер | Өзгелері (жеделхаттар, баспа өнімдерін тарату) |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
Ескертпе:
1) Қазақстан аумағында әлеуметтік мәні бар вагодар бойынша шығыстар, барлығы ______________________ мың теңге
2) Әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша кірістер (билеттер, төсек-орын, шай сатудан, басқа да тасымалдаушыларға қызмет көрсетуден) __________________ мың теңге
3) Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша кірістер, барлығы ____________ мың теңге
4) Шығыстар мен кірістер арасындағы айырма {әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша) ____________ мың теңге
Басшы __________________ Бас бухгалтер ______________
Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә. қолы
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 1-3-қосымшамен толықтырылды
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні
бар қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыруына
байланысты залалдарын субсидиялау
ережесіне
1-3-қосымша
Темір жолмен жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі
шығыстар бойынша
20 __ жылғы ______________ есеп
Вагондар түрі | Саны | Барлық бағыттағы шығыстар | Қазақстан аумағы бойынша шығыстар |
Барлығы | соның ішінде | Барлығы | соның ішінде |
локомотивтік тартымы | МТЖ | тасымалдаушының шығыстары | соның ішінде кезең шығыстары | локомотивтік тартымы | МТЖ | тасымалдаушының шығыстары | соның ішінде кезең шығыстары |
Барлық саны | | | | | | | | | | | |
соның ішінде: люкс | | | | | | | | | | | |
купе | | | | | | | | | | | |
плацкарт | | | | | | | | | | | |
жалпы | | | | | | | | | | | |
жүк | | | | | | | | | | | |
вагон-мейрамханалар | | | | | | | | | | | |
почта | | | | | | | | | | | |
Ұлттық Банктің | | | | | | | | | | | |
Әділетминінің | | | | | | | | | | | |
Өзгелері (жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша) | | | | | | | | | | | |
Ескертпе:
1) Әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша шығыстар, барлығы _____________________ мың теңге
2) Қазақстан аумағындағы әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша шығыстар, барлығы ___________ мың теңге
Басшы _________________ Бас бухгалтер ________________
Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә. қолы
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 1-4-қосымшамен толықтырылды
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар
қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыруына
байланысты залалдарын
субсидиялау ережесіне
1-4-қосымша
Тасымалдаушының темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын
ұйымдастыру жөніндегі тікелей шығыстарының тізілімі
_________________________ жылдың _____________ айына
(тасымалдаушының атауы)
(мың теңге)
Кезең | Шығыстардың атауы | Шығыс құжаты | Шығыс құжаты бойынша сомасы | Вагондардың жалпы жүрісі, ваг-км | Субсидияланатын вагондар бойынша жүріс, ваг-км | Субсидияланатын вагондар бойынша шығыстар сомасы |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |