Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 22 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Тасымалдаушының әлеуметтік мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 11 қарашадағы
№ 1188 қаулысымен
бекітілген
Тасымалдаушының әлеуметтiк мәні бар қатынастар
бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына
байланысты залалдарын
субсидиялау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялаудың тәртібі мен шарттарын (бұдан әрi - субсидиялау) айқындайды.
2. Әлеуметтік мәнi бар қатынастар (бұдан әрi - қатынастар) бойынша жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі конкурстың (бұдан әрi - конкурс) нәтижелерi бойынша анықталған тасымалдаушының залалдары субсидиялауға жатады.
3. Конкурсты өткiзудi ұйымдастырушылар:
1) облысаралық қатынастар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестірудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкiлетті орган);
2) ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға тиiстi облыстардың әкiмдiктерi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар (бұдан әрi атқарушы органдар).
2. Субсидиялар мөлшерін анықтау тәртібі
4. Облысаралық қатынастарды уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарды жергілiкті өкiлеттi және атқарушы органдар анықтайды.
5. Тасымалдаушының облысаралық қатынастардағы тасымалды жүзеге асыруға байланысты залалдары тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегiнде субсидияланады.
Тасымалдаушының ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастардағы тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты залалдары тиiстi жергiлiктi бюджеттерде көзделген сомалар шегiнде субсидияланады.
Жолаушылар тасымалдауды қатынастар бойынша ұйымдастыруға арналған субсидиялардың жалпы сомасы, әлеуметтік мәнi бар қатынастар тiзбесiн және осы Ереженiң 6-тармағында көрсетілген өндiрiстiк көрсеткiштер негiзiнде магистральдық темір жол желiсiнiң қызмет көрсетулерi тарифтерiнiң деңгейiн есепке ала отырып, жыл сайын тиiстi бюджетте көзделедi.
Табиғи монополия саласында бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлетті орган жыл сайын, өткiзiлген конкурстардың нәтижелерi бойынша белгіленген тәртiппен жолаушылар тасымалдауды қатынастар бойынша жүзеге асыратын тасымалдаушылар үшiн тиiстi жылға субсидиялауға көзделген бюджеттік қаражаттарды есепке ала отырып, магистральдық темір жол желiсiнiң қызмет көрсетулерiнiң тарифтерiне (бағаларына, ставкаларына, алымдарына) уақытша төмендету коэффициентiн бекiтедi.
Поездардың тiзбесi, олардың әлеуметтiк мәнi бар қатынастарда жүру кезеңдiлігі, осы поездардың субсидияланатын бөлiгiнiң құрамдылығы уәкiлеттi орган және атқарушы органдар жыл сайын өткiзетiн Қазақстан Республикасындағы жолаушылар тасымалдауды талдаудың негiзiнде белгiленедi.
6. Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджеттің шығыс бөлiгiне енгізу үшін субсидиялар мөлшерiн есептеу әр жолаушы поезы бойынша мынадай өндiрiстiк көрсеткiштер негiзiнде жүргізiледi:
1) жолаушы айналымы:
тасымалданатын жолаушылар саны;
жол жүрудiң орташа қашықтығы;
2) вагон айналымы (вагондардың жүрген жолы):
бағыттардың қашықтығы;
поездың субсидияланатын бөлігінiң құрамдылығы және қатынау жиiлiгi;
3) вагондардың сыйымдылығы;
4) бір жолаушы-километрдiң өзiндiк құны;
5) бір жолаушы-километрдiң кiрiс ставкасы;
6) бағыт шығыстары;
тасымалдаушының пайдалану шығыстары;
магистральдық темір жол желiсiнiң қызмет көрсетулерi үшiн төлем;
локомотивтiк тарту қызметiн көрсетулерi үшiн төлем;
7) бағыт кiрiстерi.
7. Тиiстi бюджеттік бағдарламада көзделген соманың шегiнде қатынастар бойынша темір жол көлiгімен мынадай вагон санаттарында жалпы, плацкарт, купе, дизель және электр поездарының вагондары, сондай-ақ мемлекеттік кепiлдiкпен несиеге сатып алынған вагондарда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының есептi залалдары субсидиялауға жатады.
8. Конкурсқа қойылатын қатынастар бойынша билеттер бағасының шектi деңгейiн уәкілеттi орган (атқарушы орган) белгілейдi.
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергіліктi өкілетті және атқарушы органдар белгіленген қатынастар негiзiнде уәкілетті және атқарушы органдар лоттарды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс өткiзедi.
10. Субсидиялардың ең аз көлемiн ұсынатын және уәкiлетті орган белгiлеген мiндетті қызметтердiң тiзбесiмен қоса тасымалдауды үздiксiз жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндеттенетін тасымалдаушы жеңген болып танылады.
11. Конкурстық комиссия конкурсты өтпеген деп таныған жағдайда конкурстық комиссия қайта конкурс өткiзедi.
12. Егер қайта ашық конкурстың нәтижелері бойынша тасымалдаушы анықталмаса, онда уәкілетті орган (атқарушы орган) осы Ережеге сәйкес есептелген субсидиялар сомасына Жолаушылар, жүк, жүк-багаждың және почта жөнелтілімдерiнiң ұлттық тасымалдаушысымен қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға шарт жасасады.
13. Конкурс жеңiмпазы мен уәкiлетті орган (атқарушы орган) арасында уәкілетті орган (атқарушы орган) бекiткен нысан бойынша жасалған, онда негізгi шарттар, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, өткiзiлген конкурстардың нәтижелері бойынша белгiленген мөлшерде субсидияларды төлеу тәртібi мен мерзiмдерi белгiленген тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша тасымалды жүзеге асыруға байланысты залалдарын субсидиялау туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасалады.
14. Шарт 1 жылдық мерзiмге жасалады және келесi күнтiзбелiк жылдың 1-шi қаңтарынан бастап күшiне енедi.
3. Тасымалдаушының әлеуметтiк мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдары
бойынша субсидияларды төлеу тәртiбі мен шарттары
15. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысымен бекітілген міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына және бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жүргiзiледi.
16. Бір облыс iшіндегі қалааралық және ауданаралық қатынастар бойынша жергiлiктi бюджеттен субсидияларды төлеу әкiмдiктiң қаулысымен бекітілген мiндеттемелер және төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына және бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жүргiзiледi.
17. Субсидияларды төлеу нақты жүзеге асырылған және жолаушылар тасымалдауды орындау туралы ай сайынғы есеппен және осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес ресiмделген, орындалған жұмыстар актісімен расталған тасымалдар бойынша ай сайын жүргізіледі.
18. Шартта конкурс жеңiмпазы ұсынған субсидияның айлық сомасының 30 пайызына дейiнгі мөлшерде алдын ала төлеу көзделуi мүмкiн.
19. Тасымалдаушы ай сайын, есептіден кейiнгi айдың 25-шi күнiне дейiнгі мерзiмде ұйымның басшысымен, бас бухгалтерiмен және мөрiмен куәландырылған мынадай құжаттарды уәкілетті органға (атқарушы органға) ұсынады:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар тасымалдауларды орындау туралы айлық есеп;
2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актiсi;
3) қатынас және осы поезда тасымалданған жолаушылар саны бойынша орындалған тасымалдар көлемiн растайтын магистральдық темір жол желiсi операторының құжаты.
20. Уәкiлеттi орган (атқарушы орган) орындалған жұмыстар актiсiн қабылдағаннан кейiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң аумақтық қазынашылық органына осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес субсидияланатын бағыттардың тiзiлiмдерiн және төлеуге арналған шоттарды ұсынады.
Тасымалдаушының әлеуметтік
мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге
асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесіне
1-қосымша
Жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есеп
(ай сайын)
1 | 2 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | |
Ке- зең (ай) | По- езд N | Қа- ты- нас | Қа- шық- тық, км | Қа- ты- нау ке- зең- ді- лігі | Ва- гон тү- рі | Құ- рам- дағы ва- гон- дар- дың саны | Ва- гон- дар- дың жүр- ген жолы ваг/ км | Жолау- шы ай- налы- мы, жолау- шы, км | 1 жо- лаушы -км өзін- дік құны | Жолау- шылар тасы- мал- данды | Бағыт бой- ынша кіріс мың тг | Тасымалдар бойынша шығыстар | Шығыстар жиыны мың тг | Кіріспен жабылмайтын шығыстар, мың тг | |
МТЖ қыз- меттер көрсе- туі, мың тг | Локо- мотив тар- тымы- ның қыз- меті мың тг | Тасымал- даушының шығыс- тары мың тг | |
Барлығы | Соның ішінде субсиди- ялауға жататын- дар | |
| | | | | | | | | | | | | | | | | | |
Тасымалдаушы
Бас бухгалтер
М.о.
Тасымалдаушының әлеуметтік
мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге
асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесіне
2-қосымша
Орындалған жұмыстар актiсi
200_жылғы "_"______
Бiз, төменде қол қойғандар, ______________________________________________
(басшының, бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)
бір тараптан және_________________________________________________________
(басшының, бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)
екiншi тараптан, 200_жылғы____________ айы iшiнде орындалған
жұмыстардың осы актіні жасадық.
Поезд N | Рейс- тер саны | Вагон айналымы | Бағытты субсидиялау сомасы (мың тг) |
вагон түрi | вагон түрi | вагон түрi | вагон түрi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
200_жылғы___________айына арналған субсидиялау сомасы
___________________________________________________құрайды
(теңгедегі сомасы цифрмен және жазбаша)
Тараптардың заңды мекен-жайлары:
Уәкілетті орган: Тасымалдаушы:
СТН СТН
Банктiк деректемелер Банктiк деректемелер
____________________________ ______________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.) (басшының қолы, Т.А.Ә.)
____________________________ ______________________
(бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.) (бас бухгалтердің қолы,
Т.А.Ә.)
М.о. М.о.
Тасымалдаушының әлеуметтік
мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге
асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесіне
3-қосымша
Субсидияланатын бағыттардың
тізілімі
200_жылғы "_"______
P/c N | Бағыттың N | Жөнелту станциясы | Жеткізу станциясы | Бағытты субсидиялау сомасы (мың тг) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Субсидиялау сомасының жиыны:___________________________
(теңгедегi сомасы цифрмен және жазбаша)
Осы тiзiлiмге мыналар қоса берiледi:
1._________________________
2._________________________
3._________________________
Тасымалдаушы: Уәкiлеттi орган:
______________________ ______________________
(басшының қолы, Т.А.Ә. (басшының қолы, Т.А.Ә.)
______________________ ______________________
(бac бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.) (бac бухгалтердiң қолы,
Т.А.Ә.)
М.о. М.о.