Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 наурыздағы № 147 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 774 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 45, 564-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесінде:
7-тармақтағы «несиеге» деген сөз «мемлекеттік емес қарыз есебінен» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |