Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 1302 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 774 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 564-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесінде:
11-тармақта «қайта конкурс өткізеді» деген сөздер «комиссия:
1) конкурсты қайтадан өткізу туралы шешім қабылдайды;
2) конкурсқа қатысуға тек қана бір әлеуетті өнім беруші жіберілген жағдайда, онымен Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы шарттар жасасады. Жасалған Шарттың бағасы бөлінген субсидиялардың сомасынан аспауға тиіс.»;
12-тармақтағы «қайта ашық» деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |