Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі
Көліктік бақылау комитетінің мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1334 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.11.99 ж. № 1756; 18.04.00 ж. № 599; 25.05.00 ж. № 792;
03.11.00 ж. № 1665; 21.08.01 ж. № 1095; 07.12.01 ж. № 1596; 17.07.02 ж.
№ 794; 06.08.03 ж. № 786; 21.11.03 ж. № 1165; 18.06.04 ж. № 671;
29.09.04 ж. № 998 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Үкіметінің 25.05.00 ж. № 792 қаулысмен атауы мен мәтініндегі "және туризм" деген сөздер алынып тасталды
"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 355 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті туралы ереже бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 20.11.99 ж. № 1756 қаулысымен 2-тармақтың 3-тармақшасы күшін жойды
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2001 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиялардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар темір жол, өзен, теңіз, әуе
министрлігінің Көліктік бақылау көлігімен жолаушылар мен
комитеті жүктерді тасымалдау,
жолаушылар мен жүктерді
автомобиль көлігімен
халықаралық тасымалдау;
қауіпті жүктерді көліктің барлық
түрлерімен тасымалдау;
авиациялық жұмыстар;
әуежайларда әуе кемелеріне,
жолаушылар мен жүктерге
қызмет көрсетуге байланысты
әуежайлық қызмет;
радиожиілік спектрін пайдалану;
технологиялық және ішкі
өндірістік мақсаттағы,
сондай-ақ курьерлік қызмет
көрсетулерді қоспағанда
почта байланысы мен
телекоммуникациялар саласындағы
қызмет; байланыстың жалпырес-.
публикалық магистральдық
және халықаралық
желілерін пайдалану"
реттiк нөмiрi 28-жол алынып тасталсын;
2) ҚР Үкіметінің 29.09.04 ж. № 998 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1322 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 49, 444-құжат) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 1334 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi туралы
Ереже
ҚР Үкіметінің 25.05.00 ж. № 792 қаулысмен ереженің атауы мен мәтініндегі "және туризм" деген сөздер алынып тасталды
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінiң 18.06.04 ж. № 671 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет), Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі құзыретiнiң шегiнде арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған салада салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар.
Көліктік бақылау комитетi және оның аумақтық органдары осы Ережеде белгіленген шекте әрекет ететiн көлiктiк бақылау органдарының бiрыңғай жүйесiн құрады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 25.05.00 ж. № 792 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
Астана қаласы, Әуезов көшесі, 71.
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Комитетке заң актілерімен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттің негiзгi мiндеттерi,
функциялары және құқықтары
ҚР Үкіметінің 18.04.00 ж. № 599; 03.11.00 ж. № 1665; 21.08.01 ж. № 1095; 06.08.03 ж. № 786 (бұр. ред. қара); 21.11.03 ж. № 1165 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді
10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) көлiктік кешендегi мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) әуе көлігінен басқа көлiктiң барлық түрлерiнiң жұмысына байланысты көлiктiк, коммуникациялық және басқа да қызмет көрсетулер рыногының қалыпты жұмыс iстеуi, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны, көлiктi пайдаланатын тұтынушылардың мүдделерiн қорғау үшiн жағдай жасау;
3) әуе көлігінен басқа, көліктің барлық түрлерін қауіпсіз пайдалануға бақылауды қамтамасыз ету;
4) өз құзыретiнiң шегiнде көлiктiк қызмет көрсетулер саласындағы, мемлекеттік реттеудi жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 18.04.00 ж. № 599; 25.05.00 ж. № 792; 03.11.00 ж. № 1665; 21.08.01 ж. № 1095; 07.12.01 ж. № 1596; 17.07.02 ж. № 794 ;06.08.03 ж. № 786 (бұр. ред. қара); 21.11.03 ж. № 1165 (бұр. ред. қара); 18.06.04 ж. № 671 (бұр. ред. қара); қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді
11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды:
1) Қазақстан Республикасының аумағында өз құзыретiнiң шегiнде заңды және жеке тұлғалардың әуе көлігінен басқа көлiк барлық түрлерiнiң жұмыс iстеуiнiң тәртібін айқындайтын заңды және өзге де нормативтiк актiлердi сақтауын мемлекеттік бақылауды, олардың бұзылуын анықтау және оның жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдауды;
2) көлiктік кешендегi қызметтi реттейтiн заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға қатысуды;
3) авиациялықтан басқа көлiктiк қызметтер, саласында кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялауды, сондай-ақ лицензиялау ережелерiнiң сақталуын бақылаудан және қадағалаудан;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен көліктік қауiпсiздiк мәселелерiн шешу кезiнде өзара iс-қимыл жасасуды;
5) өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық ұйымдарда көліктегі қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерiн білдіруді;
6) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша, оның iшiнде көліктегі қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi реттейтiн мәселелер жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеудi және қабылдауды;
7) қадағалаудағы кемелер мен олардың техникалық жабдықтарын, жағалаулық объектілерді, гидроқұрылыстарды, порттарды, шағын өлшемді кемелер үшін тұрақ-базалары және Қазақстан Республикасының акваторияларындағы басқа да құрылыстарды және олардың жабдықтарын жіктеуді және техникалық куәландыруды;
15) Қазақстан Республикасының акваторияларында мемлекеттік кемелердiң олардың тiзiлiмiн жiктеудi, тiркеудi жүргiзу және теңiз, аралас (өзен-теңiз), iшкi жүзудегi өздiгiнен жүзетін, өздiгiнен жүзбейтiн шағын өлшемдi кемелердiң (Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерінің және шекара қызметiнің теңiз бөлiмдерінің жалауымен жүзетiн кемелердi қоспағанда) жүзуiнiң қауiпсiздiгiн, порттарды, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етудi қадағалауды;
15-1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалануына рұқсат берудi және оның мерзiмiне мемлекеттік бақылау жасауды;
15-2) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін міндеттi сақтандыру шартын жасасуына мемлекеттік бақылау жүргiзудi;
16) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының айдындарында кемелермен болған авариялар мен уақиғаларды зерттеуге, оларды жіктеуге және есебін жүргізуге бақылауды, қадағалауды және қатысуды ;
17) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат ету жүйесі талаптарының орындалуын мемлекеттік бақылауды;
17-1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн бақылауды;
17-2) Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау кезiнде Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасын сақтауын бақылауды;
18) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының жүрiп өтуiне және Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларының шетел мемлекеттерiнің аумағы бойынша жүрiп өтуіне рұқсаттар беру;
19) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өтуіне арнаулы рұқсат беруді;
20) жол қозғалысының, жолаушылар мен жүктердің темір жол көлігімен тасымалдануының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жай-күйіне талдау жасауды, темір жол уақиғалары мен оқиғаларының алдын алу жөнінде ұсынымдар әзірлеуді;
21) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде теміржол көлiгіндегі (Қазақстан Республикасының теміржол көлiгi құралдарымен) апаттарды, аварияларды және қақтығыстарды тергеуге, сондай-ақ темір жол көлiгіндегі қозғалыс қауiпсiздiгiн бұзудың алдын-алу жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға қатысу;
22) радиожиілік спектрінің, сондай-ақ радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың пайдаланылуына оларды пайдаланудың белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында тексерістер жүргізуді;
29) заңдарда көзделген өзге да функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 18.04.00 ж. № 599; 25.05.00 ж. № 792; 03.11.00 ж. № 1665; 21.08.01 ж. № 1095; 06.08.03 ж. № 786 (бұр. ред. қара); 21.11.03 ж. № 1165 (бұр. ред. қара); 18.06.04 ж. № 671 (бұр. ред. қара); қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді
12. Комитеттiң өз мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) жеке және заңды тұлғалардан Комитеттiң құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты, материалдарды, анықтамалық деректердi сұратуға;
2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға;
3) әуе көлігінен басқа көлiктiң барлық түрлерiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың қызметiн олардың көлiктiң жұмыс iстеуiнiң тәртібін айқындайтын заңдардың ережелерiн сақтауы бөлiгiнде тексеруге;
3-1) бөлiнбейтін ірі көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ірі көлемдi және ауыр салмақты жүктердің автомобильмен тасымалын жүзеге асыруды болдырмау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда шаралар қабылдау;
4) өз құзыретiнiң шегінде тексерулердiң нәтижелерi бойынша актiлер жасауға және көлiктiң жұмыс iстеуiнiң тәртібін айқындайтын заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың және нормалардың талаптарының анықталған бұзылуын жою туралы ұйғарым енгiзуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес хаттамалар толтыруға, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы icтep бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;
5-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және жағдайларда жеке тұлғаны әкiмшілік ұстауды, көлiк құралын шағын өлшемдi кеменi ұстауды жүзеге асыруға, тұлғаның жеке басына тексерiс және заттарына тексерiс жүргізуге, көлiк құралдарына, шағын өлшемдi кемелерге тексеріс жүргiзуге;
5-2) мыналарды:
құқық бұзушылық жасалған жерде не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылық құралы немесе объектілерi болып табылатын жеке адамның өзіндегі құжаттар мен заттарды;
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарға, үй-жайларға, көлiк құралдарына, тауарларға, өзге де мүлікке тексеру жүргiзу кезiнде табылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған, заңды тұлғаға тиесілі құжаттарды тауарларды, өзге де мүлікті, заттарды алып қоюды жүзеге асыруға;
5-3) жүргізушілердi, кеме жүргiзушілердi көлiк құралын, шағын өлшемдi кеменi басқарудан шеттетуге және оларды мастық күйiне медициналық куәландыруға жіберуге;
5-4) өз құзыретi шегiнде заңды тұлғаға тиесiлі аумақтарға, жайларға, тауарларға, өзге де мүлiкке, сондай-ақ құжаттарға тексеру жүргізуге;
5-5) өз құзыретi шегiнде әкiмшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болып табылған заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салуға;
6) шетелдiк ұйымдармен өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша сыртқы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
7) Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшiн мамандарды тартуға;
8) мемлекеттік органдарға көліктік уақиғалардың, көлік тәртіптерінің бұзылуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізуге;
12) кеме жүргізушілерді даярлау жөнінде курстар ұйымдастыруға, оларды аттестациялауды жүзеге асыруға;
13) командалық және қатардағы құрамның тұлғаларына атқаратын қызметiне сәйкес дипломдар мен куәліктер беруге, оларды тиiстi аттестаттаған кезде шағын өлшемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктер беруге;
14) қадағалауындағы кемелерге кемелiк құжаттар мен мемлекеттік борттық нөмiрлер беруге, теңiз, аралас (өзен-теңiз), iшкі жүзудегi кемелердiң командалық құрамында дипломдардың, куәлiктердiң және оларға куәландырулардың болуын тексеруге;
15) жағдайы кеме жүруі мен теңізде жүзу қауіпсіздігінің, қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына жауап бермейтін кемелер мен басқа да жүзетін құралдарды пайдалануды, сондай-ақ шағын көлемді және балық аулау кемелері мен оларға арналған база-тұрақтарды пайдалануды тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға;
16) кеме жүруі мен теңізде жүзудің қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін сот шешiмi бойынша кемелердің командалық құрамындағы адамдардан дипломдарға бақылау талондарын алуға, кеме жүргізушілерді кемені басқаруға арналған құқықтарынан айыруға;
17) жағдайы немесе ұсталуы Қазақстан Республикасында белгiленген талаптарға, оның iшiнде қоршаған ортаны қорғау нормаларының талаптарына жауап бермейтiн темір жол көлiгi мен техникалық құралдардың пайдаланылуын тоқтату жөнiнде шаралар қабылдауға;
17-1) өз құзыретiнiң шегінде Қазақстан Республикасы темір жол көлiгi құралдарының тiзiлiмiн жүргiзуге және жүргiзу тәртібін анықтауға;
22) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;
23) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен автокөлiк құралдарын көлiктiк бақылау бекеттерiнде тоқтатуға;
24) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда автокөлiк құралдарын қарауға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкi
13. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
14. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Комитеттiң өзiне бекітілген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңдарында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады.
17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.
ҚР Үкіметінің 25.05.00 ж. № 792; 03.11.00 ж. № 1665 қаулыларымен 18-тармақ өзгертілді
18. Төраға осы мақсатта:
1) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
1-1) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрінің келісімi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
2) заңдарға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) Комитеттiң аумақтық органдарының ережелерiн, құрылымын және штаттық кестесiн бекiтедi;
7) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
8) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 25.05.00 ж. № 792; 03.11.00 ж. № 1665; 18.06.04 ж. № 671 (бұр. ред. қара); қаулыларымен 19-тармақ өзгертілді
19. Комитеттiң қызметкерлерi (лауазымды тұлғалар) билiк өкiлдерi болып табылады, Комитет бекiткен белгiленген үлгiдегi арнаулы куәлiгi мен өңiрлiк белгiлерi, ерекше қызметтiк киім нысаны болады, қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде байланыстың арнаулы техникалық құралдарын, арнаулы су көлiгі мен арнаулы автокөлiктi пайдалануға, сондай-ақ Комитеттiң көліктік постыларда жұмыс кезiнде жезлдi, ысқырықты және шлагбаумды пайдалануға құқылы.
20. Комитеттiң ұшуға рұқсаты бар қызметкерлерi мамандығын көрсету арқылы ұшуға тапсырмаға жазба жасау жолымен "Тексерушiлер" деген бағанға, ал мұндай рұқсаты жоқтар - әуе кемесi экипажының кабинасында болу құқығымен "Қызметтiк жолаушылар" деген бағанға енгiзiле алады.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру
және тарату
21. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.