2) жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 2 процентi мөлшерiнде төлейдi.
2. Осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағында аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық кезеңi iшiнде алуға жататын (алған) табыстарға осы Кодекстің 135-бабының 1-тармағында белгiленген ставка бойынша корпорациялық табыс салығы салынуға тиiс.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 118-бап өзгертілді
118-бап. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация және есеп айырысу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру сыйлықақылары түрiндегi табыстар бойынша салық органдарына есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей бiр ай iшiнде есептелген корпорациялық табыс салығы бойынша ай сайынғы есеп-қисапты табыс етедi.
Осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары аванстық төлем сомаларының есеп-қисабын осы Кодекстің 126-бабында белгіленген тәртіппен ұсынады.
2. Салық кезеңiнің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген мерзiмде барлық табыстар жөнiнде декларация табыс етуге мiндеттi.
3. Түпкiлiктi есеп айырысу мен корпорациялық табыс салығын төлеу осы Кодекстiң 127-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзiледi.
119-бап. Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзiмдерi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары негiзiнде сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары түрiндегi табыстар бойынша корпорациялық табыс салығын есептi айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн төлейдi.
2. Осы Кодекстiң 115-бабының 1-тармағында аталғандарды қоспағанда, салық кезеңi iшiнде алынуға жататын (алынған) табыстар бойынша осы Кодекстiң 126-бабында белгiленген тәртiппен аванстық төлемдер төленедi.
§ 2. Басқа санаттардағы салық төлеушiлерге салық салу
120-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн акционерлiк қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтерiнен басқа, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес коммерциялық емес ұйым мәртебесi бар, өз қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетiн:
1) осындай қызметiне орай табыс алу мақсаты жоқ;
2) алынған таза табысты немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.
2. Коммерциялық емес ұйымның сыйақы, грант, кiру және мүшелiк жарналар, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегі аударымдар мен қайырмалдық түрiнде алған табысы, осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстарына жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстарға жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс. Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 121-бап өзгертілді
121-бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға жылдық жиынтық табысының кем дегенде 90 проценті, қызметтің мынадай түрлерінен:
1) косметологиялық қызметтердi қоспағанда, медициналық қызметтер көрсетуден;
2) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту; бастауыш, негiзгi, орта, қосымша жалпы бiлiм беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру; қызметтiң осы түрлерiн жүргiзу құқығына тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру саласында қызмет көрсетуден;
3) ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнестi қоспағанда) саласында қызмет, тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi қорғау және оларды әлеуметтiк қамсыздандыру саласында қызмет көрсетуден;
4) кiтапхана қызметiн көрсетуден алынуға тиіс (алынған) кіріс құрайтын ұйымдар жатады.
2. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға, мынадай шарттарға сай келетiн:
салық кезеңiнде мүгедектердiң саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 процентi болатын;
салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процент) құрайтын ұйымдар да жатады.
Осы баптың ережелерi акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткiзу жөнiндегi қызметтен және акцизделетiн қызмет түрлерiнен табыстар алатын ұйымдарға қатысты қолданылмайды.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған ұйымдардың табыстары, сондай-ақ грант, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған қаражат аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыруға жұмсалған кезде салық салуға жатпайды.
4. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстарға осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
17-тарау. Салық салынатын табысты түзету
122-бап. Салық салынатын табысты түзету
1. Салық төлеушiнің салық салынатын табысынан салық салынатын табыстың екi процентi шегiнде мынадай шығыстар алып тасталуға тиiс:
1) әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстауға салық төлеушiнiң нақты жұмсаған шығыстары;
2) коммерциялық емес ұйымдарға өтеусiз берiлген мүлiк;
3) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген атаулы әлеуметтiк көмек.
2. Мүгедектердiң еңбегiн пайдаланатын салық төлеушiлер салық салынатын табысты мүгедектердің еңбегiне ақы төлеуге шығарылған шығыстар сомаларынан 2 еселенген және мүгедектерге төленетiн жалақы мен басқа да төлемдердiң есептелген әлеуметтiк салық сомасынан 50 процент мөлшерiндегi соманы азайтуға құқығы бар.
3. Салық төлеушiлер салық салынатын табысты үш жылдан артық мерзiмге берiлген негiзгi құралдардың қаржы лизингi бойынша алынған сыйақы сомасына, кейiннен оларды лизинг алушыға бере отырып, азайтады.
4. Қызметiнiң айрықша түрi ауыл шаруашылығына кредит беру болып табылатын, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар салық салынатын табысты қызметтiң осындай түрiнен алынған табыс сомасына азайтады.
5. Салық төлеушiнiң амортизациялық аударымдарды есептеп шығаруы осы Кодекстiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес жүргiзiлген, пайдалануға алғаш енгiзiлген тiркелген активтердi үш жылдық кезең аяқталғанға дейiн өткiзген жағдайда жасалған қосымша шегерiм сомасы салық төлеушiнiң тiркелген активтердi өткiзген салық кезеңiндегi салық салынатын табысын арттыруға қатысты болады.
18-тарау. Залалдар
123-бап. Залал ұғымы
1. Түзетiлген жиынтық жылдық табыстан шегерiмдердiң асып түсуі кәсіпкерлiк қызметтен шегетін залал деп танылады.
2. Бағалы қағаздарды өткiзуден шегетiн залал мыналар:
борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша өткiзу құны мен иемденіп алу құны арасындағы терiс айырма;
борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткiзген күнгi дисконт амортизациясы мен (немесе) сыйлықақы есептегендегi өткiзу құны мен иемденiп алу құны арасындағы терiс айырма.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 124-бап өзгертілді
124-бап. Залалдарды ауыстыру
1. Кәсiпкерлiк қызметтен шегетiн залалдар, сондай-ақ салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылған үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды өткiзуден шеккен залалдар кейiнгi салық кезеңдерiнiң салық салынатын табысы есебiнен өтеу үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге, үшiншi жылы қоса есептелiп, ауыстырылады.
Жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттары бойынша жүзеге асырылатын қызметке байланысты туындайтын залалдар жетi жылға дейiнгi мерзiмге, жетiншi жылы қоса есептелiп, ауыстырылады.
Салық төлеушi салық кезеңiнде осы Кодекстiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес есептеп шығарылған амортизациялық аударымдарды шегерiмдерге жатқызу нәтижесiнде шеккен залалдарға осы баптың ережелерi қолданылмайды.
2. Өткізу күніне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiмiндегi акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткiзуден шегетiн залалдарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде туындайтын залалдар өткізу күніне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiмiндегi акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткiзу кезіндегі құн өсімінен түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтеледi.
Егер осы залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмайтын болса, олар алдағы уақытқа үш жылға дейiнгi мерзiмге ауыстырылып, өткізу күніне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiмiндегi акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткiзу кезіндегі құн өсімінен түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтелуге тиiс.
19-тарау. Корпорациялық табыс салығын есептеп
шығару тәртібі мен оны төлеу мерзімдері
125-бап. Корпорациялық табыс салығы сомасын есептеп шығару
Корпорациялық табыс салығы салық кезеңi үшiн осы Кодекстің 135-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы осы Кодекстiң 124-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып қолдану жолымен есептеп шығарылады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 126-бап өзгертілді
126-бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеп шығару
1. Салық төлеушiлер осы Кодексте белгiленген тәртiппен аванстық төлемдердi енгiзу жолымен салық кезеңi iшiнде корпорациялық табыс салығын төлейдi.
2. Салық кезеңi iшiнде төленетiн корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын салық төлеушi өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген нақты салық мiндеттемесi сомасын негiзге алып, ағымдағы салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығының болжамды сомасын ескере отырып есептеп шығарады.
3. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғанға дейiнгi кезеңдегi аванстық төлемдер сомалары өткен салық кезеңi үшiн төленген (есептелген шекте және одан кем емес) орташа айлық аванстық төлемдер мөлшерiнде есептеп шығарылады.
4. Салық төлеушi төлеуге тиiс аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi iшiнде тең үлестермен төленедi.
5. Салық төлеушi корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн жасап, есептi жылдан кейiнгi жылдың 20 қаңтарына дейiн салық төлеушiнiң тiркелген орны бойынша салық органына табыс етедi.
6. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейiн төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн салық төлеушi декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бірақ есептік салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірмей табыс етедi.
7. Салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, сондай-ақ жаңадан құрылған салық төлеушілер құрылған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде салық кезеңi iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдердiң болжамды сомасының есебiн салық органына табыс етуге мiндеттi.
8. Салық төлеушi салық органдарына негiзделген жазбаша өтiнiш берген кезде салық органымен келiсе отырып, салық кезеңi iшiнде аванстық төлемдер сомасының салық кезеңінің алдағы айлары үшін түзетiлген есебiн табыс етуге құқылы.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 127-бап өзгертілді
127-бап. Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзiмдерi мен тәртiбi
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығын төлеудi өзiнiң тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады.
2. Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке осы Кодекстің 136-бабында белгiленген салық кезеңi iшiнде, осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын төлеп тұруға мiндеттi.
3. Салық кезеңi iшiнде енгiзiлген аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептеп шығарылған корпорациялық табыс салығын төлеу есебiне жатқызылады.
4. Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды (төлемдi) декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 128-бап өзгертілді
128-бап. Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiнің корпорациялық табыс салығын төлеу ерекшелiктерi
1. Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелердi олардың тұрған орны бойынша салық органдарына тiркеу есебiне қоюға және өзiнің тiркелген орны бойынша салық органын өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн тiркеу есебiне қойғаны туралы хабардар етуге мiндеттi.
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiнiң корпорациялық табыс салығын есептеп шығаруы аванстық төлемдер мен салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша корпорациялық табыс салығы сомаларын құрылымдық бөлiмшелер бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен бөле отырып, заңды тұлға бойынша тұтастай жүргiзiледi.
3. Салық төлеушiлер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерi үшiн корпорациялық табыс салығын олардың орналасқан жерi бойынша не Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстық бюджеттерге төлеудi жүзеге асырады.
4. Құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушілер аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығы бойынша декларация сомаларының есеп-қисабын тапсырған кезде өзінің тіркелген жеріндегі салық органына заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері бойынша салық кезеңінің қорытындысы бойынша аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығы сомасының есеп-қисабын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіп пен нысанда бір мезгілде табыс етуге міндетті.
5. Құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушілер салық кезеңінің қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелері үшін төленуге тиіс аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығының сомалары туралы тиісті салық органдарын салық төлеушінің тіркелген жеріндегі салық органы куәландырған, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіп пен нысандағы есеп-қисапты табыс ету жолымен, осы баптың 4-тармағында көрсетілген есеп-қисапты табыс ету үшін белгіленген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
129-бап. Шетелдiк салықты есепке жатқызу
1. Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде төлеген табыс салығының және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде алған кiрiстерi бойынша табысқа салынатын салық сомасы Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген есепке жатқызылатын сомалардың мөлшерi салық төлеушiнiң әр мемлекетте алған табыстары бойынша нақты төлеген салық сомасы негiзге алына отырып, әр мемлекет бойынша жеке-жеке анықталады. Есепке жатқызылатын салық сомасының мөлшерi осы табыс бойынша Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң 135-бабында белгiленген ставкамен есептелетiндей сомадан аспауға тиiс.
3. Осы баптың 1-тармағы қосарланған салық салуды болғызбау және табыстар мен мүлiктерге салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекетте Қазақстан Республикасының резидент заңды және жеке тұлғаларының табыстарынан немесе мүлiктерiнен ұсталған салыққа қолданылмайды, оған осындай халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салынуға тиiс.
130-бап. Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттерде алынған табыс
1. Егер резидентке резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталының 10 және одан астам процентi тiкелей немесе жанама тиесiлi болса немесе ол салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекетте табыс алатын осы резидент емес заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының 10 және одан астам процентiне ие болса, онда заңды тұлға табысының резидентке қатысты осы бөлiгi оның салық салынатын табысына енгiзiледi. Бұл ереже резиденттiң заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызмет ұйымдастырудың басқа нысандарына қатысуына да қолданылады.
2. Егер шет мемлекетте салық ставкасы осы Кодекске сәйкес айқындалатын салық ставкасынан 1/3 төмен болса немесе мүлiктің нақты иесi немесе табыстың нақты иесi туралы құпияны сақтауға мүмкiндiк беретiн қаржы ақпаратының немесе компаниялар туралы ақпараттың құпиялығы туралы заңдар болса, ол салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекет ретiнде қаралады.
20-тарау. Төлем көзінен ұсталатын салық
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 131-бап өзгертілді
131-бап. Төлем көзiнен салық салынатын табыстар
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, төлем көзiнен салық салынатын табыстарға:
1) дивидендтер;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы жеке тұлғалардың салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақыларды қоспағанда, депозиттер бойынша сыйақы;
3) ұтыстар;
4) резидент емес тұлғалардың осы Кодекстiң 178-бабына сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары;
5) резидент банктер мен лизинг берушілерге төленетін сыйақыны қоспағанда, заңды тұлғаларға борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетін сыйақыдан басқа төленетін сыйақы;
6) резидент-банктерге төленетін сыйақыны қоспағанда, эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша шығару шарттарына сәйкес төлейтiн купон түрiндегi сыйақы жатады.
1-1. Мыналар:
1) мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін инвестициялық кірістер төлем көзінен салық салуға жатпайды.
2. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезiнде ұсталған салық сомасы осы салықтың төлем көзiнен ұсталғанын растайтын құжаттар болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда, салық төлеушінің салық кезеңі ішінде есептелген корпорациялық табыс салығының есебiне жатқызылады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 132-бап өзгертілді
132-бап. Төлем көзiнен ұсталатын салықты есептеп шығару тәртiбi
1. Салық сомасын салық агентi төлем көзiнен салық салынатын, төленiп отырған табыс сомасына осы Кодекстiң 135-бабының 2 немесе 3-тармақтарында белгiленген ставканы қолдану жолымен айқындайды.
2. Салық агентi осы Кодекстiң 131-бабында көзделген табыстарды төлеу кезiнде төлем көзiнен ұсталатын салықты табыс төлеу нысаны мен орнына қарамастан ұстап қалуға мiндеттi.
3. Депозитарлық қолхат бойынша кірістерді төлеу көзі осындай депозитарлық қолхаттың базалық активінің эмитенті болып табылады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 133-бап жаңа редакцияда
133-бап. Төлем көзінен салықты аудару тәртібі
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей төлем көзiнен ұсталған салық сомаларын аударуға мiндеттi.
2. Төлем көзінен ұсталған салықтардың сомаларын аудару салық агенті орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.
134-бап. Төлем көзiнен ұсталған салық жөнiндегi есеп-қисап
Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған салық сомалары бойынша есеп-қисапты тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
21-тарау. Салық ставкалары
135-бап. Салық ставкалары
1. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулер ескерiлген, осы Кодекстiң 124-бабында белгiленген тәртiппен шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 30 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
Негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын салық төлеушiнің осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулер ескерiлген, осы Кодекстiң 124-бабында белгiленген тәртiппен шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 10 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
2. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын табыстар төлем көзiнен 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
3. Резидент еместердiң осы Кодекстің 178-бабына сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарына осы Кодекстiң 180-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
4. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығының үстiне осы Кодекстiң 185-бабында белгiленген тәртiппен 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
22-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы
136-бап. Салық кезеңi
1. Күнтiзбелiк жыл корпорациялық табыс салығы үшiн салық кезеңi болып табылады.
2. Егер ұйым күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылу күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.
Бұл ретте ұйымның оның уәкiлеттi органда мемлекеттік тiркеуге алынған күнi оның құрылған күнi болып саналады.
3. Егер ұйым күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, өзiнiң құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.
137-бап. Салық декларациясы
1. Осы Кодекстің 368-377, 385-397-баптарына сәйкес арнайы салық режимiн қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, корпорациялық табыс салығын төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
2. Корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация декларациядан және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы ақпараттарды ашу жөнiндегi қосымшалардан тұрады.
5-бөлім. Инвестициялық салық преференциялары
ҚР 08.01.03 ж. N 375-II Заңымен 138-бап жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
138-бап. Инвестициялық салық преференциялары
Инвестициялық салық преференциялары корпорациялық табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша беріледі.
Инвестициялық салық преференциялары дегеніміз жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында тіркелген активтерге инвестицияларды жүзеге асыратын салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан қосымша шегерімдер жасауға құқық беру, мұндай салық төлеушілерді жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында инвестициялық жоба шеңберінде жаңадан пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша мүлік салығын төлеуден босату, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру үшін иемденіп алынған және пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын төлеуден босату.
ҚР 08.01.03 ж. N 375-II Заңымен 139-бап жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
139-бап. Инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртібі
1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі преференциялар) тіркелген активтерге инвестицияларды жүзеге асыратын салық төлеушілерге беріледі.
2. Преференциялар салық төлеушілерге преференцияларды қолданудың басталу күнін белгілейтін келісім-шартқа (оның нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмесі салык төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органына беріледі) сәйкес мынадай мерзімдерде: