3) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының чегiн беру жүзеге асырылады;
4) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарына салық органдарының енуi қамтамасыз етiледi.
548-бап. Бақылау-касса машиналарының қолданылу және пайдаланылу тәртiбiнiң сақталуына салық бақылауын жасау
Салық органдары:
1) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының қолданылу және пайдаланылу тәртiбiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша салық төлеушiнің салық мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi салық тексерулерiн жүргiзу кезiнде фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының фискальдық блогындағы сақтаулы деректердi пайдаланады.
99-тарау. Акцизделетін тауарларға, мемлекеттің
меншігіне айналдырылған мүлікті есепке
алу, сақтау, бағалау және өткізу тәртібін
сақтауға бақылау жасау, уәкілетті
органдарға бақылау жасау
549-бап. Акцизделетiн тауарларға бақылау жасау
1. Сыраны қоспағанда, осы Кодекстiң 257-бабының 1)-4) тармақшаларында белгiленген тауарлар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен және жағдайларда акциз алымы таңбаларымен және есептiк-бақылау таңбаларымен таңбалануға тиiс.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған акциз алымы таңбаларымен және есептiк-бақылау таңбаларымен таңбалауға акцизделетiн тауарларды дайындаушылар мен импортерлер жауапты болып табылады.
3. Салық органы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн таңбалаудың ережесiн акцизделетiн тауарларды дайындаушының сақтауына бақылау жасайды.
4. Салық органы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен акцизделетiн тауарларды өндiрудi жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздiк постылар белгiлейдi.
550-бап. Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және өткiзу тәртiбiн сақтауға бақылау жасау
1. Салық органы мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және өткiзу тәртiбiн сақтауға, сондай-ақ оны сатудан бюджетке ақша түсiмдерiнiң толық және уақтылы түсуiн бақылауды жүзеге асырады.
2. Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiкті есепке алу, сақтау, бағалау және өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
551-бап. Уәкiлеттi органдарға бақылау жасау
Салық қызметiнiң органдары бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудiң дұрыстығы, оларды алудың толымдылығы мен уақтылы аударылуы жөнiндегi мәселелер бойынша уәкiлеттi органдарға бақылау жасауды жүзеге асырады.
18-бөлім. Салық тексеруі нәтижелеріне және салық қызметі
органдары лауазымды адамдарының әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағым жасау
100-тарау. Салық тексеруі нәтижелеріне шағым
жасау тәртібі
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 100-тараудың бүкіл мәтіні бойынша "жоғары тұрған салық органы", "жоғары тұрған салық органына", "жоғары тұрған салық органының" деген сөздер тиісінше "салық қызметінің жоғары тұрған органы", "салық қызметінің жоғары тұрған органына", "салық қызметінің жоғары тұрған органының" деген сөздермен ауыстырылды
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 552-бап өзгертілді және толықтырылды
552-бап. Салық төлеушiлердің салық тексеруi қорытындылары бойынша шағымдарын қарайтын органдар
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес салық төлеушiнiң салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға шағымын қарауды салық қызметінің жоғары тұрған органы жүргізедi.
1-1. Салық төлеушінің уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары жүргізген тексеру актісі бойынша хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстің 553-557-баптарында белгіленген тәртіппен тікелей уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.
1-2. Салық төлеушінің сотқа шағым беруі салықтық тексеру актісі бойынша шағым келтірілген хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
2. Салық төлеуші салықтық тексеру актісі бойынша хабарламаға салықтың, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомасы бөлігінде, сондай-ақ салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) бөлігінде сотқа шағымдануға құқылы.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 553-бап толықтырылды
553-бап. Салық төлеушiнің шағым беру тәртiбi
1. Салық төлеушiнің салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға шағымы хабарламаны салық төлеушiге тапсырған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық қызметінің жоғары тұрған органына берiледi.
1-1. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша шағымды қараушы салық қызметінің жоғары тұрған органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
2. Шағымның көшiрмесiн салық төлеушi салық тексеруi жүргiзген салық органына жiберуге тиiс.
3. Белгіленген тәртiппен берiлген салық төлеушiнiң шағымы салық органында мiндеттi түрде ол келiп түскен күнi тiркелуге тиiс.
4. Жоғары тұрған салық органына шағым берген салық төлеушi осы шағым бойынша шешiм қабылданғанға дейiн оны өзiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде керi қайтарып ала алады. Салық төлеушiнiң шағымды керi қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
554-бап. Салық төлеушi шағымының нысаны мен мазмұны
1. Салық төлеушiнiң шағымы жазбаша түрде берiледi.
2. Шағымда:
1) салық төлеушiнің шағым берген күнi, айы, жылы;
2) шағым берiлген салық қызметінің жоғары тұрған органының атауы;
3) шағым берген адамның тегi, аты, әкесiнің аты не толық атауы, оның тұрғылықты жерi (орналасқан жерi) мен банктiк деректемелерi;
4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
5) салық тексеруiн жүргiзген салық органының атауы;
6) шағым берушi адам өз талаптарын негiздейтiн мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;
7) қоса тiркелген құжаттардың тiзбесi көрсетiлуге тиiс.
3. Шағымда дауды шешу үшiн маңызы бар өзге де мәлiметтер көрсетiлуi мүмкiн.
4. Шағымға өтiнiш берушi - салық төлеушi қол қояды.
5. Шағымға:
1) акт пен хабарламаның көшiрмесi;
2) өтiнiш берушi өз талаптарын негiздейтiн мән-жайларды растайтын құжаттар;
3) iске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тiркеледi.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 555-бап өзгертілді
555-бап. Салық төлеушiнiң шағымын қарау
1. Салық төлеушiнiң шағымы бойынша салық органында шағым тiркелген кезден бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде дәлелдi шешiм шығарылады.
2. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға салық төлеушiнің шағымын қарау нәтижелерi бойынша салық қызметінің жоғары тұрған органы мынадай шешiмдердiң бiрiн шығарады:
1) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаны өзгерiссiз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;
2) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның толық немесе бiр бөлiгiнде күшiн жою.
556-бап. Жоғары тұрған салық органы шешiмiнің мазмұны
Шағымдарды қарау нәтижелерi бойынша салық қызметінің жоғары тұрған органының шешiмiнде:
1) шешiм қабылданған уақыт пен орын;
2) салық төлеушiнiң шағымын қараған салық органының атауы;
3) шағым берген салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
4) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның қысқаша мазмұны;
5) шағымның мәнi;
6) шағым бойынша шешiм шығару кезiнде басшылыққа алынған салық заңдарының ережелерiне сiлтеме жасалған негiздеме көрсетiлуге тиiс.
557-бап. Жоғары тұрған салық органына шағым берудің салдары
1. Жоғары тұрған салық органына салық төлеушiнің шағым беруi салықтық тексеру актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
2. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаның орындалуы салық қызметінің жоғары тұрған органының жазбаша шешiмi шығарылғанға және осы Кодекстiң 559-бабының 1-тармағында аталған кезең аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
3. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаның күшi жойылған жағдайда салықтық тексеру актісiнiң де күші жойылады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 558-565-баптар алып тасталды
558-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органда шешiмдi қайта қарау
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi қайта қарауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.
2. Шағымды қарау бойынша өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органның қызметiне араласуға тыйым салынады.
3. Осы Кодексте белгiленген негiзде және тәртiппен шығарылған уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi салық органдары үшiн мiндеттi.
559-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағымданудың тәртiбi мен мерзімдерi
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым салық төлеушi шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған кезден бастап не осы Кодекстің 555-бабының 1-тармағында аталған мерзiм аяқталған соң салық қызметінің жоғары тұрған органының шешiмi болмаған жағдайда бес жұмыс күнi iшiнде берiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдi дәлелдi себеп бойынша өткiзiп алған жағдайда бұл мерзiмдi шағым беретiн салық төлеушiнiң өтiнiш беруi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган қалпына келтiруi мүмкiн.
3. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым беру осы баптың ережелерi ескерiле отырып, осы Кодекстің 553-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Салық төлеушi шағымның көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органына да жiберуге тиiс.
560-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағымның нысаны мен мазмұны
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 554-бабында белгiленген талаптарға сай келуi тиiс.
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағымға салық төлеушiнің шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органы шешiмiнің көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.
561-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағымды қарау тәртiбi
1. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген, уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлген шағымды, осы Кодекстiң 564-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк орган қарайды.
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган iстi мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны өтiнiш берген салық төлеушiге жiбередi немесе тапсырады және көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық органына жiбередi.
562-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағым бойынша шешiм қабылдау
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган шағымды қараудың қорытындысы бойынша:
1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) салық органының шағым жасалған шешiмiнiң күшiн жоюға;
3) шешiмдi өзгертуге немесе жаңа шешiм шығаруға құқылы.
563-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган шешiмiнің мазмұны
Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiнде:
1) шешiмнiң қабылданған уақыты мен орны;
2) шағым берген салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
3) салық қызметінің жоғары тұрған органының шағым жасалып отырған шешiмiнің қысқаша мазмұны;
4) шағымның мәнi;
5) салық заңдарының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме мен қорытындылар көрсетiлуге тиiс.
564-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым берудiң салдары
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым беру жазбаша шешiм шығарылғанға дейiн салық тексеруiнiң актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
2. Осы Кодекстiң 562-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, салық тексеруiнің актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның күшi жойылған және қосымша тексеру тағайындау туралы шешiм шыққан күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қосымша салық тексеруi жүргiзiледi, бұл орайда шағымды қарау мерзiмi қосымша тексеру жүргiзу кезеңiне тоқтатыла тұрады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған қосымша салық тексеруiн тiкелей уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.
4. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаның күшi жойылған жағдайда салық тексеруi актiсiнiң де күшi жойылады.
565-бап. Сотқа шағым беру салдары
Салық төлеушiнiң сотқа шағым беруi салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 100-1-тараумен толықтырылды
100-1-тарау. Салық төлеушінің шағымын қараудың нәтижелері
бойынша шешімді қайта қараудың тәртібі
557-1-бап. Шешімді уәкілетті мемлекеттік органда қайта қарау
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес шағымды қараудың нәтижелерi бойынша шешiмдi қайта қарауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.
2. Уәкілетті мемлекеттік орган шағымды қарау жөніндегі өзінің өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде оның қызметiне араласуға тыйым салынады.
3. Уәкілетті мемлекеттік органның осы Кодексте белгiленген негiзде және тәртiппен шығарылған шешiмi салық органдары үшiн мiндеттi болып табылады.
557-2-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағымданудың тәртiбi мен мерзімдерi
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым салық төлеушi шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған кезден бастап не осы Кодекстің 555-бабының 1-тармағында аталған мерзiм аяқталған соң салық қызметінің жоғары тұрған органының шешiмi болмаған жағдайда бес жұмыс күнi iшiнде берiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдi дәлелдi себеп бойынша өткiзiп алған жағдайда, шағым беретiн салық төлеушiнiң өтiнiш беруi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган бұл мерзiмдi қалпына келтiруi мүмкiн.
3. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым беру осы баптың ережелерi ескерiле отырып, осы Кодекстің 553-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Салық төлеушi шағымның көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органына да жiберуге тиiс.
557-3-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағымның нысаны мен мазмұны
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 554-бабында белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағымға салық төлеушiнің шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органы шешiмiнің көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.
557-4-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағымды қарау тәртiбi
1. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген, уәкiлеттi мемлекеттiк органға жіберiлген шағымды, осы Кодекстiң 557-8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк орган қарайды.
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган iстi мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны өтiнiш беруші - салық төлеушiге жiбередi немесе тапсырады және көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық органына жібередi.
557-5-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлген шағым бойынша шешiм қабылдау
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган шағымды қараудың қорытындысы бойынша:
1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) салық органының шағым жасалған шешiмiнiң күшiн жоюға;
3) шешiмдi өзгертуге немесе жаңа шешiм шығаруға құқылы.
557-6-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган шешiмiнің мазмұны
Уәкілеттi мемлекеттiк органның шешiмiнде:
1) шешiмнiң қабылданған уақыты мен орны;
2) шағым берген салық төлеушiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
3) салық қызметінің жоғары тұрған органының шағым жасалып отырған шешiмiнің қысқаша мазмұны;
4) шағымның мәнi;
5) Қазақстан Республикасының салық заңдарының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме мен қорытындылар көрсетiлуге тиiс.
557-7-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым берудiң салдары
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым беру жазбаша шешiм шыға-рылғанға дейiн салықтық тексеру актiсi бойынша шағым жасалған хабар-ламаның орындалуын тоқтата тұрады.
2. Салықтық тексеру актiсi бойынша хабарламаның күшi жойылған жағдайда салықтық тексеру актiсiнiң де күшi жойылады.
557-8-бап. Қосымша тексеру жүргізудің тәртібі мен мерзімдері
1. Салық қызметі органы салық төлеушінің шағымын қараған кезде, қажет болған жағдайда, қосымша тексеру тағайындауға құқылы.
2. Қосымша тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
3. Шағымды қараудың мерзімі қосымша тексеруді өткізу кезеңінде тоқтатыла тұрады.
4. Айқындық жеткілікті болмаған немесе деректер толық болмаған, сондай-ақ қосымша тексерудің барысында бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде шағымды тексеруші орган қайта тексеруді тағайындауға құқылы.
5. Шағым бойынша шешім қосымша тексерудің нәтижелерін ескере отырып шығарылады.
101-тарау. Салық қызметі органдары лауазымды
адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
566-бап. Шағымдану құқығы
Әрбiр салық төлеушiнiң жоғары тұрған салық қызметi органына немесе сотқа салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға құқығы бар.
567-бап. Шағымдану тәртiбi
Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген тәртiппен шағым жасалады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 568-бап өзгертілді
568-бап. Салық қызметi органдары лауазымды адамдарының салық заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылығы
Салық қызметi органдарының салық заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
Қазақстан Республикасының