Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне инвестициялар мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының 2003 ж. 8 қаңтардағы № 375-II Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне езгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 ж. 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 13; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 18, 367-құжат; 1997 ж., № 11, 144-құжат; № 12, 189-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 4, 46-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 20, 717-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; № 10, 244-құжат; № 18, 338-құжат; 2001 ж., № 15-16, 224-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 6, 74-құжат; № 17, 155-құжат):
149-бапта:
мынадай мазмүндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шетел қатысатын заңды тұлғалардың, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің шетелдік қызметкерлерінің жеке пайдалануы үшін Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауарлар;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мен инвестор арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес кеден баждарын салудан босатылатын тауарлар;";
екінші бөлік алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 189-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 21, 396-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат):
3-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Жарлық Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен реттелетін мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын іске асыру жөніндегі құқықтық қатынастарды реттемейді.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Мемлекеттік заттай гранттар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестациялар туралы заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда беріледі.".
3. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат);
18-бапта:
2-тармақ мынадай редакциада жазылсын:
"2. Ауылшаруашылық өндірісіне инвестицияларды жүзеге асыратын және арнаулы салық режимін пайдаланбайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда инвестициялық преференциялар берілуі мүмкін.";
3-тармақ алып тасталсын.
4. "Жер туралы" 2001 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 4, 21-құжат; № 15-16, 228-құжат; № 24, 338-құжат):
8-баптың 5-тармағындағы "тікелей иннестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңдарға" деген сөздер және 9-баптың 5) тармақшасындағы "тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңдарда" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарына" және "Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат):
138-140-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"138-бап. Инвестициялық салық преференциялары
Инвестициялық салық преференциялары корпорациялық табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша беріледі.
Инвестициялық салық преференциялары дегеніміз жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында тіркелген активтерге инвестицияларды жүзеге асыратын салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан қосымша шегерімдер жасауға құқық беру, мұндай салық төлеушілерді жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында инвестициялық жоба шеңберінде жаңадан пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша мүлік салығын төлеуден босату, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру үшін иемденіп алынған және пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын төлеуден босату.
139-бап. Инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртібі
1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі преференциялар) тіркелген активтерге инвестицияларды жүзеге асыратын салық төлеушілерге беріледі.
2. Преференциялар салық төлеушілерге преференцияларды қолданудың басталу күнін белгілейтін келісім-шартқа (оның нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмесі салык төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органына беріледі) сәйкес мынадай мерзімдерде:
келісім-шарт жасау кезінде шаруашылық қызметті жүзеге асырушы салық төлеушілерге - тіркелген активтер іске қосылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап;
жаңадан тіркелген салық төлеушілерге - тіркелген активтер іске қосылған кезден бастап беріледі.
Корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар салық төлеушіге жиынтық жылдық табыстан іске қосылған тіркелген активтердің құнын преференциялардың қолданылу мерзіміне қарай теңдей үлестермен шегерімге жатқызуға құқық береді.
Преференциялар беру тәртібі және жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарымен айқындалады.
3. Корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану үшін салық төлеуші жаңадан іске қосылатын тіркелген активтер бойынша олардың құнын ішкі топтың құн балансына енгізбейді және олар бойынша бөлек есеп жүргізеді.
4. Мүлік салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзімі біткеннен кейін салық төлеуші осы Кодекстің 351-360-баптарында белгіленген тәртіппен мүлік салығын және 323-344-бапттарында белгіленген тәртіппен жер салығын төлей бастайды.
5. Преференцияларды қолдану мерзімі тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай әрбір жекелеген жағдайда айқындалады, бірақ ол осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап бес жылдан аспауға тиіс.
140-бап. Преференциялардың қолданылуын тоқтату
1. Преференциялардың қолданылуы осы Кодекстің 139-бабының 5-тармағын ескере отырып, келісім-шартта көрсетілген мерзімде тоқтатылады не мұндай мерзім біткенге дейін тоқтатылуы мүмкін.
Преференциялардың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында белгіленген жағдайларда оны тараптардың әрқайсысы біржақты тәртіппен жүзеге асыруы мүмкін.
2. Преференциялардың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші салықтарды төлейді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.";
326-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) осы Кодекстің 138-140-баптарында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыру үшін иемденіп алынған және пайдаланылатын жер учаскелері.".
2-бап. Осы Заңның 1-бабының 2003 жылғы 1 каңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармағын қоспағанда, осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының