Жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетін өзге де міндетті
төлемдері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке
алынатын шикізат секторы ұйымдарының тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы
N 369А қаулысы
(ҚР Үкіметінің 07.02.02 ж. N 175; 14.10.02 ж. N 1120;
26.01.04 ж. N 81 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 28.07.04 ж. N 798 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 07.02.02 ж. N 175 қаулыcымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған 1-5-қосымшаларға сәйкес салықтық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдердің тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің бекітілген сомасынан асып түсетіні Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын шикізат секторы ұйымдарының тізбелері бекітілсін.
2. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Қ. Тоқаев
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 19 наурыздағы
N 369А қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.10.02 ж. N 1120; 26.01.04 ж. N 81 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді
Жоспардан тыс корпоративтік табыс салығы Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорына аударылатын шикізат секторы ұйымдарының тізбесі
Р/р N | Ұйымдардың атауы |
1 | "Ақтөбемұнайгаз - СНПС" ашық акционерлік қоғамы |
3 | "Ембімұнайгаз" ашық акционерлік қоғамы |
4 | "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
6 | "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." |
10 | "Маңғыстаумұнайгаз" ашық акционерлік қоғамы |
11 | "Өзенмұнайгаз" ашық акционерлік қоғамы |
12 | "Қаражанбасмұнай" ашық акционерлік қоғамы |
ҚР Үкіметінің 26.01.04 ж. N 81 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 19 наурыздағы
N 369А қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген
тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге
салынатын жоспардан тыс қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорына аударылатын шикізат секторы ұйымдарының
тізбесі
ҚР Үкіметінің 26.01.04 ж. N 81 қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 19 наурыздағы
N 369А қаулысына
3-қосымша
Жоспардан тыс роялтиі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылатын
шикізат секторы ұйымдарының тізбесі
Р/р Ұйымдардың атауы N |
1 "Ақтөбемұнайгаз - СНПС" ашық акционерлік қоғамы |
3 "Ембiмұнайгаз" ашық акционерлiк қоғамы |
9 "Маңғыстаумұнайгаз" ашық акционерлік қоғамы |
10 "Өзенмұнайгаз" ашық акционерлік қоғамы |
11 "Қаражанбасмұнай" ашық акционерлік қоғамы |
ҚР Үкіметінің 26.01.04 ж. N 81 қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 19 наурыздағы
N 369А қаулысына
4-қосымша
Жоспардан тыс бонустары Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорына аударылатын шикізат секторы ұйымдарының
тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 19 наурыздағы
N 369А қаулысына
5-қосымша
ҚР Үкіметінің 07.02.02 ж. N 175 қаулыcымен 5-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі
жоспардан тыс үлесі Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорына аударылатын шикізат секторы ұйымдарының тізбесі
Р/р Ұйымдардың атауы N |
1 "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." |