Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 наурыздағы № 369A
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 14 қазандағы № 1120 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.04.09. № 835 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын шикізат секторы ұйымдарының тiзбелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 наурыздағы № 369A қаулысына мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген жоспардан тыс табыс салығы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылатын шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiнде:
тақырыбында "жоспардан тыс" деген сөзден кейiн "корпоративтік" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 13, 14-жолдармен толықтырылсын:
"134 "БП Қазақстан Лимитед" компаниясы;
14 "Статойл Қазақстан A.C." компаниясы".
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 тамыздан бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |