Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 наурыздағы № 369A
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 81 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.04.09. № 835 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын шикiзат секторы ұйымдарының тiзбелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 наурыздағы № 369A қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрлерi 2, 5, 7, 8, 9, 13, 14-жолдар алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"3 "Ембiмұнайгаз" ашық акционерлік қоғамы";
реттiк нөмiрi 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"4 "Теңiзшевройл" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi";
2) көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
тақырыптағы "өндiрiлген тауарларға," деген сөздерден кейiн "орындалған жұмыстар мен" деген сөздермен толықтырылсын;
"1 "Дөң кен-байыту комбинаты" ашық акционерлік қоғамы" деген жол алынып тасталсын;
3) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
реттiк нөмiрлерi 2, 4, 5, 6, 7, 8-жолдар алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"3 "Ембiмұнайгаз" ашық акционерлік қоғамы";
4) көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
реттiк нөмiрлерi 1, 2-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |