Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 369А
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 7 ақпандағы № 175 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.04.09. № 835 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын шикізат секторы ұйымдарының тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 369А қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген республикалық бюджетке және жергілікті бюджеттерге түсімдерінің сомасынан" деген сөздер "тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің бекітілген сомасынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшаның тақырыбындағы "2001 жылға арналып жасалған шарттар бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |