Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 369А
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 шілдедегі № 798 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.04.09. № 835 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын шикізат секторы ұйымдарының тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 369А қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
реттік нөмірлері 3, 11-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-жолмен толықтырылсын:
"15 "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы";
2) көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
реттік нөмірлері 3, 10-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-жолмен толықтырылсын:
"12 "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы".
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |