Есепшоттың дебеті бойынша банктің аударым операциялары бойынша алынған қызметтер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығарылады.
2812. Банктің сақтандыру полистерін сату бойынша көрсетілген қызметтер бойынша есептелген комиссиялық шығыстары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) жөніндегі қызмет көрсету бойынша осы кезеңге қатысты және болашақта күтілетін есептелген комиссиялық шығыстарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) жөніндегі қызмет көрсету бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) жөнінде алынған қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығарылады.
2813. Банктің бағалы қағаздар сатып алу-сату жөніндегі қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің бағалы қағаздар сатып алу-сату жөніндегі қызмет көрсетулер бойынша осы кезеңге қатысты және болашақта күтілетін есептелген комиссиялық шығыстарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің бағалы қағаздар сатып алу-сату жөніндегі қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің бағалы қағаздар сатып алу-сату жөнінде алынған қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығарылады.
2814. Банктің шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі қызмет көрсетулер бойынша осы кезеңге қатысты және болашақта күтілетін есептелген комиссиялық шығыстарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша шетел валютасын сатып алу-сату жөнінде алынған қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстардың сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығарылады.
2815. Банктің сенімгерлік (трасттық) операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің сенімгерлік (трасттық) операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының осы кезеңге қатысты және болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің сенімгерлік (трасттық) операциялар бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің сенімгерлік (трасттық) операциялар бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығарылады.
2816. Банктің алынған кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің алынған кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер бойынша осы кезеңге қатысты және болашақта күтілетін есептелген комиссиялық шығыстарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің алынған кепілдіктер бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің алынған кепілдіктеріне қарай алған қызметтері бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығарылады.
2818. Банктің өзге есептелген комиссиялық шығыстары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің өзге қызмет көрсетулер бойынша осы кезеңге қатысты және болашақта күтілетін есептелген комиссиялық шығыстарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің өзге қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің алынған өзге қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығарылады.
2819. Банктің кастодиандық қызмет бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің кастодиандық қызмет бойынша қызмет көрсетулер бойынша осы кезеңге қатысты және болашақта күтілетін есептелген комиссиялық шығыстарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің кастодиандық қызмет бойынша қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің алынған кастодиандық қызмет бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары олар төленген немесе төлеу мерзімі асып кеткен кезде есептен шығарылады.
2831. Банктің аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің аударым операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің аударым операциялары бойынша алынған қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомалары олар төленген кезде есептен шығарылады.
2832. Банктің сақтандыру полистерін сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістердің сомалары олар төленген кезде есептен шығарылады.
2833. Банктің бағалы қағаздар сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің бағалы қағаздар сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің бағалы қағаздар сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің бағалы қағаздар сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомалары олар төленген кезде есептен шығарылады.
2834. Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомалары олар төленген кезде есептен шығарылады.
2835. Банктің сенімгерлік (трасттық) операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің сенімгерлік (трасттық) операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің сенімгерлік (трасттық) операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің сенімгерлік (трасттық) операциялары бойынша қызмет көрсетулер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомалары олар төленген кезде есептен шығарылады.
2836. Банктің алынған кепілдіктер бойынша қызметтерге жұмсалатын мерзімі өткен комиссиялық шығыстары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің алынған кепілдіктер бойынша қызметтерге жұмсалатын мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің алынған кепілдіктер бойынша қызметтерге жұмсалатын мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің алынған кепілдіктер бойынша қызметтерге жұмсалатын мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомасы оны төлеу кезінде есептен шығарылады.
2838. Банктің өзге де мерзімі өткен комиссиялық шығыстары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің өзге қызметтер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша өзге қызметтер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған өзге қызметтер бойынша мерзімі өткен комиссиялық шығыстардың сомасы оны төлеу кезінде есептен шығарылады.
2839. Банктің кастодиандық қызмет бойынша қызметтерге жұмсалатын мерзімі өткен комиссиялық шығыстары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің кастодиандық қызмет бойынша қызметтерге жұмсалатын мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің кастодиандық қызмет бойынша қызметтерге жұмсалатын мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің кастодиандық қызмет бойынша қызметтерге жұмсалатын мерзімі өткен комиссиялық шығыстарының сомасы оны төлеу кезінде есептен шығарылады.
2851. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысулар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің төлеген салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің төлеген салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді мақсатқа сәйкес және/немесе жылдың аяғында N 1852 баланстық есепшотты реттеуде оларды есептеуі кезіндегі сомасы есептен шығарылады.
2852. Делдалдармен есеп айырысулар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Делдалдарға көрсетілген қызметтер бойынша оларға есептелген ақша сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша делдалға көрсетілген қызмет бойынша есептелген ақша сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша делдалға төлеу және/немесе жылдың аяғында N 1852 баланстық есепшотты реттеу кезінде есептелген ақша сомасы есептен шығарылады.
2853. Акционерлермен (дивидендтер бойынша) есеп айырысулар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк есептеген акциялар бойынша дивидендтердің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің акциялар бойынша есептелген дивидендтерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің акциялар бойынша дивидендтерді төлеу және/немесе жылдың аяғында N 1852 баланстық есепшотты реттеу кезіндегі бұрын есептелген сомасы есептен шығарылады.
2854. Банк қызметкерлерімен есеп айырысу (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің өзінің қызметкерлеріне іссапар және басқа шығыстар бойынша есептеген аванстық төлемдерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің өзінің қызметкерлеріне іссапар және басқа шығыстар бойынша есептеген аванстық төлемдерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша іссапар және басқа шығыстар бойынша есептелген аванстық төлемдердің сомасы есептен шығарылады.
2855. Құжаттық есеп айырысулар бойынша кредиторлар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің құжаттық есеп айырысулар бойынша кредиторлық берешек сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің құжаттық есеп айырысулар бойынша кредиторлық берешек сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің құжаттық есеп айырысулар бойынша оларды аяқтау кезіндегі кредиторлық берешек сомасы есептен шығарылады.
2856. Күрделі салымдар бойынша кредиторлар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің күрделі салымдар бойынша кредиторлық берешегінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің күрделі салымдар бойынша кредиторлық берешегінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің күрделі салымдар бойынша кредиторлық берешегінің сомасы есептен шығарылады.
2857. Мерзімі ұзартылған кіріс салығы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: өткен кезеңде төленуге тиісті кіріс салығының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша алдағы кезеңде төленуге арналған есептелген мерзімі ұзартылған кіріс салығының сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша өткен есепті кезеңде есептелген кіріс салығының сомасы есептен шығарылады.
2858. Банктің шетел валютасы бойынша ұзақ валюталық позициясы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің шетел валютасымен активтерін оның осы валютамен міндеттемелерінен асыру сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің сатып алған немесе алған шетел валютасының сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің сатқан немесе жұмсаған шетел валютасының сомасы есептен шығарылады.
2859. Шетел валютасының теңгемен қарсы құны (қысқа валюталық позиция) (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Шетел валютасының теңгемен қарсы құнының N 1858 баланстық есепшотта ескерілетін сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша шетел валютасының теңгемен қарсы құнының банктің оны сатып алуы кезіндегі сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша шетел валютасының теңгемен қарсы құнының банктің оны сатып алуы кезіндегі сомасы есептен шығарылады.
2860. Банк қызметі бойынша өзге де кредиторлар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк қызметі бойынша түсу кезінде басқа баланстық есепшоттар бойынша жазылмайтын кредиторлық берешектің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк қызметі бойынша түсу кезінде басқа баланстық есепшоттар бойынша жазылмайтын кредиторлық берешектің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кредиторлық берешекті өтеу кезіндегі оның сомасы есептен шығарылады.
2862. Банктің кастодиандық қызметпен байланысты міндеттемелері (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің жасалған кастодиандық шарттың талаптарына сәйкес өзінің міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау нәтижесінде туындаған міндеттемелерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің жасалған кастодиандық шарттың талаптарына сәйкес өзінің міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау нәтижесінде туындаған міндеттемелерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің кастодиандық қызметті орындау кезінде туындаған міндеттемелерінің сомасы есептен шығарылады.
2864. Банктің акцептер бойынша міндеттемелері (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің акцептелген вексельдер бойынша міндеттемелерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша өтелген вексельдердің оларды төлеуге ұсынғаннан кейінгі сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша банк акцептелген вексельдердің сомасы жазылады.
2865. Туынды қаржы құралдарын қайта бағалаудан (бағам айырмасынан) болған теріс айырма.
Есепшоттың мақсаты: Туынды қаржы құралдарын қайта бағалаудан (бағам айырмасынан) болған теріс айырма сомасын есепке алу.
Кредит бойынша туынды қаржы құралдарын қайта бағалаудан (бағам айырмасынан) болған теріс айырма сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің аяқталған мәмілелер бойынша туынды қаржы құралдарын қайта бағалаудан (бағам айырмасынан) болған теріс айырма сомасы жазылады.
2867. Банктік емес қызмет бойынша өзге де кредиторлар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің шаруашылық қызмет бойынша, сондай-ақ уақытша немесе кездейсоқ сипаттағы кредиторлық берешегінің сомасын, түсу кезінде басқа баланстық есепшоттар бойынша аударылмайтын, мақсаты анықталмаған кредиторлық берешек сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің шаруашылық қызмет бойынша, сондай-ақ уақытша немесе кездейсоқ сипаттағы кредиторлық берешегінің сомасы, түсу кезінде басқа баланстық есепшоттар бойынша аударылмайтын, мақсаты анықталмаған кредиторлық берешек сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кредиторлық берешекті өтеу немесе тиісті баланстық есепшоттарға жатқызу кезіндегі сомасы есептен шығарылады.
2869. Банктің алынған кепілдіктер бойынша есептелген сыйақысы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің алған кепілдіктері бойынша есептелген сыйақының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің алған кепілдіктері бойынша есептелген сыйақының сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша есептелген сыйақыны төлеу немесе төлеудің мерзімін өткізу кезінде алынған кепілдіктер бойынша сомасы есептен шығарылады.
2870. Банктің өзге де транзиттік есепшоттары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Клиенттің банктегі транзиттік есепшоттағы анықталғанға дейін есептелген өзге ақшасының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша клиенттің банктегі транзиттік есепшотқа анықталғанға дейін түскен өзге ақша сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша клиенттің банктегі транзиттік есепшоттағы өзге ақша сомасын анықтау және банктің оларды клиенттің тиісті баланстық есепшоттарына бөлу кезіндегі өзге сомасы есептен шығарылады.
2871. Банктің алынған кепілдіктер бойынша мерзімі өткен сыйақысы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің алған кепілдіктері бойынша мерзімі өткен сыйақы сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің алған кепілдіктері бойынша мерзімі өткен сыйақы сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған кепілдіктер бойынша төлеу немесе оларды банктің балансынан шығару кезіндегі мерзімі өткен сыйақы сомасы есептен шығарылады.
2872. Банктің тазартылған қымбат металдар бойынша ұзақ позициясы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің тазартылған қымбат металдар түріндегі активтерін осы тазартылған қымбат металдар түріндегі міндеттемелерінен асыру сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің сатып алған тазартылған қымбат металдарының құны жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің тазартылған қымбат металдарды сату есебінен тазартылған қымбат металдар бойынша ұзақ позицияның жабылуы жазылады.
2873. Тазартылған қымбат металдардың (тазартылған қымбат металдар бойынша қысқа позицияның) теңгемен қарсы құны (пассив).
Есепшоттың мақсаты: N 1888 баланстық есепшотта ескерілетін тазартылған қымбат металдар қарсы құнының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің сатып алған немесе жұмсаған тазартылған қымбат металдар құнының сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің тазартылған қымбат металдарды сатып алуы есебінен қысқа позицияны жабу кезіндегі олардың қарсы құнының сомасы есептен шығарылады.
2891. Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің фьючерс операциялары бойынша кредиторлық берешек сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің фьючерс операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған кредиторлық берешегінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің клиенттерге төлеу кезінде пайда болған кредиторлық берешегінің сомасы есептен шығарылады.
2892. Форвард/спот операциялары бойынша міндеттемелер (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің форвард/спот операциялары бойынша кредиторлық берешек сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің форвард/спот операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған кредиторлық берешегінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің клиенттерге төлеу кезінде пайда болған кредиторлық берешегінің сомасы есептен шығарылады.
2893. Опцион операциялары бойынша міндеттемелер (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің опцион операциялары бойынша кредиторлық берешек сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің опцион операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған кредиторлық берешегінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің клиенттерге төлеу кезінде пайда болған кредиторлық берешегінің сомасы есептен шығарылады.
3001. Жарияланған жарғылық капитал - жай акциялар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің жай акциялар бойынша жарғылық капиталының жарияланған мөлшерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің жай акциялар бойынша жарғылық капиталының жарияланған мөлшерінің сомасы немесе бұрын жарияланған жарғылық капиталдың көбею сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің жай акциялар бойынша жарғылық капиталының жарияланған мөлшерін қайтару немесе азайту сомасы жазылады.
3002. Төленбеген жарғылық капитал - жай акциялар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің салмаған (акционерлер төлемеген) жай акцияларының нақты құнының сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің салмаған (акционерлер төлемеген) жай акцияларының жарияланған нақты құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша жай акциялардың төленбеген нақты құны есептен шығарылады.
3003. Банктің сатып алған жай акциялары (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк шығарған және акционерлерден сатып алған жай акциялардың нақты құнының сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк шығарған және акционерлерден сатып алған жай акциялардың нақты құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша сатып алынған жай акцияларды басқа акционерлерге сату кезіндегі нақты құны есептен шығарылады.
3025. Жарияланған жарғылық капитал - артықшылық берілген акциялар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің артықшылық берілген акциялары бойынша жарғылық капиталдың жарияланған мөлшерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің артықшылық берілген акциялары бойынша жарғылық капиталдың жарияланған мөлшерін көбейтуге түскен сома жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің артықшылық берілген акциялары бойынша жарғылық капиталдың жарияланған мөлшерін қайтару немесе азайту сомасы жазылады.
3026. Төленбеген жарғылық капитал - артықшылық берілген акциялар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк салмаған (акционер төлемеген) артықшылық берілген акциялардың нақты құнының сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк салмаған (акционер төлемеген) артықшылық берілген акциялардың жарияланған нақты құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша артықшылық берілген акциялардың төленген нақты құны есептен шығарылады.
3027. Банк сатып алған артықшылық берілген акциялар (актив).
Есепшоттың мақсаты: Банк шығарған, акционерлерден сатып алған артықшылық берілген акциялардың нақты құнының сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк шығарған, акционерлерден сатып алған артықшылық берілген акциялардың нақты құны жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша сатып алынған артықшылық берілген акцияларды басқа акционерге сату кезіндегі нақты құны есептен шығарылады.