графигінде көрсетілген тоқтау уақыты, барлық пайдаланушылар үшін міндетті
және келесідегідей айрықша жағдайда өзгертіле алатын болып табылады:
1) Электр стансаларының қауіпсіздігі мен төзімділігі қатынасында
пайдаланудың қауіпті жағдайында (тудырудың болжамды баланссыздығы немесе
басқа да техникалық, экономикалық себептер және т.б.);
2) Қазақстан БЭЖ арналған сенімділік пен сапа нормативтерінің
орындалуы мен болжамды жүктемені қанағаттандыру үшін тудырудың
жеткіліксіз қуаты жағдайында;
3) ТО мен басқа жақтың арасында жеткізілген өзара түсініктік
жағдайында;
4) Форс-мажор (төтенше оқиға).
296. Жөндеу жұмыстарының бекітілген жылдық кестесінің үздіксіздігі
мен пәрменділігін қамтамасыз ету үшін, келесі айдың кез келген уақытында
басталуы жоспарланған жөндеу жұмысына өтінімді, алдыңғы айдың 15-нен
кешіктірмей барлық жақ ТО ұсынуы тиіс. Мұндай өтінімдерде тоқтау
мерзіміндегі қуат балансы аймақ бойынша көрсетіледі.
297. Өтінім мынадай ақпараттар мазмұнында болуы керек:
1) өткізілуі болжанған жұмыс және сынақ көлемі;
2) қажетті алдын ала жұмыс;
3) барлық шарт бар деген және т.б. растау (қуаттама);
4) аталған жұмыстың және басқа тәуекелдіктің орындалуы бойынша жоба
жоспары;
5) апат кезінде қайта қалпына келтіру уақыты мен жоспардың барлығын,
егер бұл қолдануға жараса, растайтын қуаттама;
6) сапа мен қауіпсіздік бақылауының барлық жосығының болғанын және
болатындығын растайтын қуаттама.
298. Осыдан соң жоспарлы тоқтаудың басталу уақытына ең аз дегенде
жеті күн қалғанда барлық жақ талапты қуаттауы шарт.
299. Жоспарланбаған тоқтау жағдайында ТО мынадай басымдықты
пайдалануы тиіс:
1) мәжбүрлі және апат тоқтаулары;
2) жоспарлы тоқтаулар;
3) жоспарлы жыл сайынғы тоқтаулардың кестесіне енбеген тоқтаулар,
бірақ олардың хабарлама мерзімі 297-298 тармақтарының талаптарына сәйкес
келеді;
4) жоспарлы жыл сайын тоқтаулардың кестесіне енбеген тоқтаулар,
олардың хабарлама мерзімі 297-298-тармақтарының талаптарына сәйкес
келмейді.
Мұндай тоқтаулар тек айрықша жағдайларда қамтамасыз етіледі.
300. Белгілі бір жағдайларда ТО жүйедегі артық тиеуді тудыратын
пайдаланушылар мен тоқтауларды келістіре алады. Соған лайық, ТО-ға жүйені
меңгеру мүмкіндігін беру үшін, пайдаланушы жүйенің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі апаттан кейінгі іс-әрекетті келістіруге тиіс
болады. Мұндай ережелер болмаған жағдайда ТО тоқтауларды жүргізе алмайды.
301. ТО тоқтауды бұзу кезінде түрлі тараптар әкелетін едәуір
шығындарды есепке ала отырып, жоспарлы тоқтаудың рұқсат етілуіне арналған
барлық дәйекті қадамдарды жасауы тиіс. Тоқтауды бұзу туралы шешім
қабылдау кезінде ТО аталған мән-жайды есепке ала отырып, электржелісі
компаниялары және басқа да пайдаланушылармен қарастырылған басымдықты
талқылауы, олармен берік шешімге келуі тиіс. Барлық жағдайда түпкілікті
шешімді ТО қабылдайды.
302. Нақты немесе болжамды жүйе тәртібі ТО жоспарлы тоқтаулар
кестесін экономикалық ойлау бойынша мақсатты түрде өзгертуді дұрыс деп
тапса, онда ТО қалыптасқан жағдай жөнінде екінші жақты хабардар ету
керек. Олар тоқтаудың ұзақтығы жағдайында жалғасымдылығын қарастыру тиіс
және олар оны жалғастыра ала ма әлде тоқтауды кейінге қалдыру керек пе
дегенді қарайды.
303. Жыл сайынғы тоқтаулардың түпкілікті кестесі шыққаннан соң
кестені өзгертуге сұрау салуды ЭӨҰ, электр торабы компаниялары мен басқа
пайдаланушылар жасай алады. Мұндай сұрау салуларды ТО қарастырады (уақыт
мүмкіндік беретін жерде), бірақ та егер ол шектеулермен байланысты
сенімділіктің және (немесе) электр жабдықтау сапасының бұзылуына әкеп
соқса, рұқсат берілмейді.
304. Мұндай сұрау салуларды қарау кезінде ТО қатысушы тараптармен
басқа тоқтаулар бойынша жаңа келіссөздер өткізу немесе реконфигурация
жүйесі жолымен тоқтауларды қамтамасыз етуге тырысуы тиіс. Жоғарыда
айтылғандарға сәйкес ТО мыналарға негізделе отырып, торап және тудырушы
жабдық, электр жеткізу желісін ажыратуға рұқсат етілуін немесе бас
тартуын жүзеге асыру тиіс:
1) ТО сенімді, қауіпсіз және экономикалық пайдалану жүйесіне сәйкес
тоқтауларға барлық сұрау салуды бекіту үшін барлық күшті үйлестіру және
жұмылдыруы шарт;
2) ТО кез келген жоспарланбаған тоқтаулар немесе тоқтау тәртібі
өзгерісін ауытқыта алады, егер олар тіпті ауытқыта алады, егер олар тіпті
шектеу шығыны немесе электр жабдығы стандарттарының қауіпсіздігі мен
сапасына әсер етпесе де, егер мұндай тоқтаудың күтілген ұзақтығы бір
жұмыс күнінен асса да.
3) ТО кез келген жоспарланбаған тоқтаулар немесе тоқтаудың өзгеру
тәртібін, егер ТО өзінің жеке көзқарасы бойынша, аталған тоқтау бойынша
келісім шектеудің ізімен шығынға әкеліп соғатынын анықтаса, ауытқыта
алады.
305. Бірнеше айларға созылған кезеңде тоқтаулардың біріктірілген
кестесін өңдеу кешенді үдеріс болып табылатындығы және сонан соң әдетте
қандай да бір соңғы өзгерістерді енгізудің қиындығы толығымен айқын болуы
тиіс. Әсіресе бұл ең жоғарғы деңгейдегі тоқтаулар уақытында анық
байқалады. Барлық тарап, мүмкіндігінше, осы жылдық кестелер бекітілгеннен
соң, тоқтатымдар кестесіне өзгерістер енгізу талабынан қашуы тиіс.
306. Энергия жүйесі жеткізу желісі мен таратушы жабдық тоқтауларының
төтенше оқиғасы туындауы және қалыпты жеделді тәртіптің бұзылу
мүмкіндіктерімен үнемі байланысты, сондай-ақ тудырушы қондырғылардың.
Мұндай жағдайда өте қысқа уақыт ішіндегі хабарлама кезінде тоқтауды бұзу
және мерзімді ұзарту қажеттілігі пайда болуы мүмкін, сонымен қатар
жабдықтау стандарттың сапасы мен қауіпсіздігі бойынша қандай да бір
ымыраға жете алар еді.
307. Соңғы төтенше ахуалдарда ТО төмендегідей шараларды қолдана
алады:
1) жеткізу жүйесіндегі кез келген тоқтауды мерзімді ұзарту мен күшін
жою, егер, ТО пікірінше, талап етілген стандарттар бойынша Қазақстан БЭЖ
жұмыс істеуге тәуекел етілсе, ТО барлық тарапты тез арада хабардар етіп,
барлық тарапқа сай келетін қысқа уақыт ішінде кезексіз тоқтаулар бойынша
шаралар қабылдауы тиіс.
2) Жұмысты тоқтатуға және бірлік немесе кәсіпорын жабдығы бірлігі
бойынша жұмыстың қалыпты тәртібіне оралуға нұсқау беру, егер ТО энергия
жабдықтау стандарттарының бұзылуына жөндеу жұмысының жалғасымы әкеліп
соғады деп есептесе.
Егер уақыт болса, ТО барлық тартылған жақтармен мүмкін баламалар
және осындай шешімдермен байланысты мәселелерді талқылайды.
308. Барлық пайдаланушылар ТО-ны электр желісі кез келген
элементінің мәжбүрлі тоқтауы бойынша өзінің кез келген талабымен хабардар
етуі тиіс, яғни мұндай талап жайлы пайдаланушыға белгілі болған бойда.
309. Тоқтаулар жөнінде РЭПО ұстанатын, олардың таратушы желісіне
әсер ететін үдеріс, уақыт масштабына, ақпарат және жоспарлануы бойынша
талаптарға салыстырмалы түрде электр жеткізу желісіне әсер ететін
тоқтаулар жөніндегі үдеріске ұқсас. 293-308-тармақтардағы ережелер
таратушы желілердегі тоқтаулар кестесін құрастыруға тең қолданылады.
7-тарау. Жүйелі сынақтар
310. Бұл тарау тұтастай Қазақстан БЭЖ-нің, жекелеген электржелілік компаниялар мен желіні пайдаланушылардың жұмысына әсер ететін немесе әсер етуге қабілетті жүйелі сынақтарды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін белгілейді.
311. Егер электржелілік компания ұсынылған жүйелік сынақ басқа электржелілік компанияның электр желісіне әсер етуге қабілетті деп санаса, осы компаниямен сынақтарды бірлесе жүргізу жөніндегі шараларды келісу қажет.
312. Осы тараудың міндетіне жүйелі сынақтарды ұйымдастыру мен жүргізу шараларын қамтамасыз ету жатады, олар:
1) электржелілік компаниялар қызметкерлері мен пайдаланушылардың қауіпсіздігіне қатер төнбейді;
2) стансалар мен/немесе жабдықтардың жұмыс сенімділігін кемітпейді;
3) электржелілік компаниялар мен пайдаланушыларға зиян тигізбейді.
313. Бұл тарау сондай-ақ жүйелі сынақтарды жүргізу бағдарламаларын әзірлеу, келістіру және бекіту кезінде атқаруға қажетті шараларды белгілейді.
314. Бұл тарау мына қатысушыларға қатысты:
1) ТО;
2) РЭӨҰ;
3) Тарқатушы желіге қосылған ЭӨҰ;
4) Электржелілік компанияға қосылып, жүйелі сынақты атқаратын басқа да электржелілік компаниялар;
5) 35 кВ және одан жоғары кернеулі желіге тікелей қосылған тұтынушылар.
315. Жүйелі сынақтар - Қазақстан БЭЖ-не немесе оның бөлігіне үлгіленген яки басқарылмалы стандартсыз әлде төтенше әсерлердің құрылуы жолымен жүргізілетін сынақтар.
316. Жүйелі сынақтар төмендегілерді өзіне қосады, бірақ мұнымен шектелмейді:
1) энергожүйелерді біріктіру нәтижесі;
2) жиіліктік сынақтарды жргізу кезінде желіден пайдаланушылар жүктемесін өшіру;
3) динамикалық орнықтылық;
4) электр стансасын толық өшірілген күйінен іске қосу.
317. Жүйелі сынақтар қабылдау-өткізу тексерулерін немесе басқа аз ауқымды сынақтарды өзінің қатарына қоспайды.
318. Жүйелі сынақтар екі санатқа бөлінеді:
1) электрмен жабдықтаудың сенімділігіне, қауіпсіздігі мен сапасына әсер ете алатын немесе әсер етуші және ТО-дың қатысуын талап ететін жүйелі сынақтар. Жүйелі сынақтың осы түрінің шарасы 320-343-тармақтарында белгіленген;
2) РЭӨҰ мен пайдаланушы немесе РЭӨҰ мен басқа РЭӨҰ атқаратын жүйелі сынақтар, яғни, жергілікті таратушы жүйелерге жүйелі сынақтардың әсері шектелетін болады. Сынақтардың осындай түріне арналған шара 344-356-тармақтарда белгіленген.
319. Жүйелі сынақтардың санаттарын анықтау.
Жүйелі болып табылатын сынақты жүргізуді талап етуші кез келген тарап тиісті электржелілік компаниямен алдын ала келіссөздер жүргізеді.
Электржелілік компания ТО-мен болған келіссөздерден соң оның сынақтарға қатысу қажеттігін және жүйелі сынақтың санатын анықтайды.
320. ТО-ның, электржелілік компанияның және желіні пайдаланушының қатысуын қосатын жүйелі сынақтар 321-343-тармақтарда көрсетілген тәртіппен жүргізіледі.
321. Сынақтарды жүргізуге арналған ұйымдастыру шараларының
мерзімдері, мұнда Д-бұл жүйелі сынақтың жүргізілетін уақыты:
N Іс-қимыл Хабарлама Кіммен мезгілі |
1 ТО-мен сынақ санатын келісу Д-6 ай Пайдаланушы/ТО 2 Сынақ тобының үйлестірушісін 1+2 апта ТО тағайындау 3 Болатын сынақ туралы хабарламаны 1+1 ай ТО жариялау 4 Хабарлама жайлы егжей-тегжейлі 3+2 апта Пайдаланушылар ақпарат 5 Сынақ тобын жиынтықтау Д-4 ай ТО 6 Хабарламаның дайындалуы Д-3 ай Сынақ тобы 7 Жүйелі сынақты түпкілікті бекіту Д-2 ай ТО 8 Сынақ Бағдарламасының даярлануы Д-6 ай Сынақ тобы 9 Сынақ бағдарламасын бекіту Д-1 ай ТО 10 Жүйелі сынақты орындау Д Бәрі 11 Есепті дайындау Д+1 ай ТО/сынақ ынтагері 12 Есепті бекіту Д+2 ай ТО |
322. ТО сынақты жүргізуді өзі немесе пайдаланушы ұсынғанына
қарамастан, жүйелі сынақтардың ортақ үйлестірушісі болып табылады. ТО осы
аталған бөлім ұсынған ақпаратты пайдаланады және ұсынылған жүйелі сынаққа
әсер ете алатын басқа пайдаланушыларды анықтайды.
323. Сынақ үйлестірушісі - уәкілетті тұлғаны ТО сынақ ынтагерімен
талқылағаннан соң тағайындайды.
324. ТО тексерудің болжамды мерзіміне дейін ары кеткенде бес ай
ішінде жүйелі сынақты жүргізу жайлы хабарлайды. Бұл хабарлама осы жүйелі
сынақпен қозғалған пайдаланушыларға ұсынылуы тиіс.
325. Хабарлама жазбаша түрде беріледі, ұсынылған жүйелі сынақтың
мәні мен мақсатын және келесі ақпаратты мазмұндауы тиіс:
1) сынақ үйлестірушісінің аты-жөні және лауазымы;
2) жүйелі сынақты ұсынушы ұйым (сынақ ынтагері);
3) ұсынылған жүйелі сынақтың тақырыбы мен мақсаттары және сынақтарды
жүргізген кезде ТО анықтаған жүйелі тексерудің анықтаған пайдаланушылар
жабдықтарының құрамы мен жай-күйі;
4) ұсынылған жүйелі сынаққа арналған сынақ тобының құрамына кіру
үшін, тиісті біліктілігі бар өкілді екі апта ішінде анықтау үшін әрбір
пайдаланушыға және уәкілетті органға шақыру жіберу.
326. Егер ұсынылған хабарламадағы мазмұндалған ақпарат алушы үшін
жеткіліксіз болса, олар қысқа уақыт аралығында ұсынылуы тиіс қосымша
ақпарат жайында жазбаша өтінішпен ТО-ға өтіне алады.
327. Пайдаланушылар ұсынылған жүйелі тексеру мен оның өткізілу
уақыты жөнінде сұрақтарын немесе қарсылықтарын жазбаша түрде жібере
алады.
Қарсылықтар туындаған жағдайда ТО мәселелер мен қарсылықтарды шешуге
шара қабылдайды және мұнда жүйелік сынаққа әзірлікті жалғастырады. Егер
пайдаланушының көтерген мәселесі қанағаттандырыла алмаса, онда мұндай
жағдайда пайдаланушы оны жүйелі сынақ бекітілгенге дейін уәкілетті
органмен шеше алады.
328. Егер сынақ ынтагері (ТО немесе пайдаланушы) жүйелі сынақты
жүргізу немесе бұзу мерзімін көшіру туралы сұраса, жүйелі сынақтың ортақ
үйлестірушісі бұл жөнінде тез арада хабардар болып және ол жүйелі
сынақтың белгіленген уақытта болмайтындығын растауы тиіс.
329. Сынақ тобын жасақтау үшін ТО-ға жөнелтілген хабарламалардағы
шақыруға жауаптар ТО-ға жөнелткен тұстан соң екі апта уақыт ішінде алынуы
тиіс. Үміткерлер тізімін алған кезде ТО сынақ тобын құруы және барлық
мүдделі пайдаланушылар мен сынақ ынтагерлеріне сынақ тобының тізімін
жариялауы тиіс.
330. Сынақ тобы оларды тағайындау тұсынан екі апта уақыт ішінде
келесі мәселелерді талқылауды жүргізуі керек:
1) ұсынылған жүйелі сынақты жүргізудің бағдарламасы мен мерзімдері;
2) ұсынылған жүйелі сынақты басқа сынақтармен және жүйелі сынаққа
байланысты туындауы мүмкін тәсімдік-түзімді шаралармен бірлестіру
мүмкіндігі;
3) ұсынылған жүйелі сынақты ЭӨҰ мен тұтынушылардың тәулік кестесіне
енгізу;
4) сынақтың экономикалық және техникалық салдары
331. ТО сынақ тобына олардың жазбаша өтініші бойынша сынақты жүргізу
кезінде ескеруге қажетті мүмкін болар салдарлар туралы деректер ұсынады.
332. Сынақ тобын үйлестіруші қажеттілік бойынша шақырады.
333. Ұсынылған жүйелі сынаққа дейінгі үш ай ішінде сынақ тобы сынақ
жүргізуге тартылған ұйымдарға төмендегідей мәліметтермен хабарлама
тапсырады:
1) жүйелі сынақты жүргізудің техникалық бағдарламасы;
2) шығындарды анықтау (ойда болмаған шығындарды қосқандағы) және
оларды тартылған тараптар арасына үлестіру;
3) сынақ тобы көрсету қажет деп есептейтін басқа да мәселелер.
334. Сынақты жүргізу туралы хабарлама жүйелі сынақты жүргізуден
болған залалды өтеу жөніндегі талаптарды енгізеді. Жүйелі сынақтың
техникалық бағдарламасының барлық шаралары іс-қимылдағы құжаттарға сәйкес
болуы қажет.
335. Жүйелі сынақты жүргізудің техникалық бағдарламасын уәкілетті
ұйым бекітеді. Бекіту үдерісіне жәрдем мақсатында ұсынылған сынақ жайлы
хабарлама мен сынақты жүргізу жайлы хабарламаны қоса, барлық жоғарыда
айтылған ақпарат жүйелі сынақты бастар алдында үш айдан кем емес уақыт
ішінде билік етуші уәкілетті ұйымға бекіту үшін ұсынылуы қажет. Өкілетті
орган сұратып алатын кез келген қосымша ақпарат белгіленген тәртіппен
ұсынылады. Ұсынылған жүйелі тексеруге дейінгі екі ай ішінде уәкілетті
орган сынақты өткізу не өткізбеу жайлы шешім шығаруы тиіс.
336. Уәкілетті орган техникалық бағдарламаны бекіткеннен соң сынақ
тобы жүйелі сынақты жүргізудің жұмыс бағдарламасын әзірлеуі тиіс. Жүргізу
бағдарламасы сынақты жүргізу жайлы хабарламадағы белгіленген жайттарды
ескеруі тиіс, сонымен қатар мыналарды мазмұндауы керек:
1) жабдықтарды өшіру жиілігі мен ұзақтығын енгізе отырып, жүйелі
сынақтарды жүргізуге арналған операциялар;
2) қауіпсіздік пен сенімділік шаралары;
3) жүйелі сынақты жүргізуді бақылау тәсілі;
4) жүйелі сынақты жүргізуге қатысушы тұлғалар тізімі. Жұмыс
бағдарламасы сынаққа барлық тартылғандармен сынақ жүргізілетін күнге
дейін 6 аптадан кешіктірілмей келісіледі.
337. Барлық пайдаланушылардың сынақты өткізудің жұмыс бағдарламасын
келісу үшін 1 апта уақыты бар.
338. Егер ұсынылған жүйелі сынақты өткізетін күні жұмыс ахуалы
қолайсыз болса, онда сынақ тобының кез келген мүшесі жүйелі сынақтың
басталуын бұзуға не үзуге ұсыныс бере алады.
Көшіру мен болдырмау себептеріне осымен шектелмей келесі жәйттер
жатады:
1) қолайсыз ауа райы жағдайы;
2) қуат тапшылығы;
3) энергиямен жабдықтауды бұзудың салмақты тәуекелі.
339. Ешбір тарап коммерциялық себептер бойынша бір өзі жүйелі
сынақты кейінге қалдыруға немесе болдырмауға құқысы жоқ.
Жүйелі сынақ кейінге қалдырылған жағдайда осы тарауға сәйкес басқа
ыңғайлы уақыт пен мерзім тағайындалуы қажет.
Барлық жағдайларда жүйелі сынақтар бекітілген жұмыс бағдарламасына
сәйкес жүргізілуі тиіс.
340. Жүйелі сынақтың нәтижелері бойынша ТО сынақ ынтагерімен бірге
сынақ аяқталған соң бір ай ішінде жазбаша есепті дайындайды. Сынақтар
тобы осы есепті бекіту үшін уәкілетті ұйымға тапсырмас бұрын жүйелі сынақ
нәтижелері туралы есепке қол қояды.
341. Осы есепте сыналатын энергообъектінің сыйпаттамасы, сынақ
нәтижелері, қорытындылар мен ұсыныстар мазмұндалады.
342. Бекітілген есеп әрекеттескен тараптарға - сынақ тобының
мүшелеріне ұсынылады. Есепті басқа субъектілерге тапсыру, сондай-ақ кең
таралуы уәкілетті органмен және мүдделі жақтармен келісу бойынша
жүргізіледі.
343. Жүйелі сынақ бойынша есеп бекітілген соң сынақтар тобы
таратылады.
344. Жүйелі сынақтар пайдаланушы мен АЭӨҰ арасында немесе АЭӨҰ мен
басқа АЭӨҰ арасында және ТО қатысуын талап етпей тарқатушы жүйелерге
арналып өткізіледі. Тәртібі төменде келтірілген.
345. Сынақтарды өткізу мерзімдері, мұнда Д болатын жүйелі сынақтың
датасын білдіреді:
N Іс-әрекет Хабарлама Кім мезгілі |
1 ТО-мен жүйелі сынақ санатына келісу Д-6 апта Пайдаланушы/РЭӨҰ 2 Сынақ тобының Үйлестірушісі 1+2 апта Пайдаланушы/РЭӨҰ мен мүшелерін тағайындау 3 Болатын сынақты жүргізу туралы 1+1 ай Сынақ Үйлестірушісі хабарламаның шығуы 4 Жүйелі сынақты жүргізу Д Пайдаланушы/РЭӨҰ 5 Есепті дайындау Д+1 ай Сынақ Үйлестірушісі 6 Есепті бекіту Д+2 ай Пайдаланушы/РЭӨҰ |
346. АЭӨҰ немесе пайдаланушы өткізген, яғни жергілікті таратушы
тораптарға әсер ете алатын, бірақ жеткізу торабына әсер етпейтін жүйелі
сынақтар үшін РЭӨҰ немесе пайдаланушы өзара сынақтар Үйлестірушісі мен
сынақтар тобының мүшелерін тағайындауға келісім жасайды.
347. АЭӨҰ сынақ ынтагері болып өзі немесе пайдаланушы
табылатындығына қарамастан, жүйелі сынақтың жалпы басшылығын жүзге
асырады.
348. Сынақ Үйлестірушісі келесі ақпаратты мазмұндайтын ұсыныс пен
хабарламаны дайындауға тиіс:
1) сынақ Үйлестірушісінің аты-жөні мен лауазымы;
2) ұйымның-сынақ ынтагерінің атауы;
3) болатын жүйелі сынақтың тақырыбы мен мақсаттары, сынақтарды
жүргізген кездегі пайдаланушылар жабдығының құрамы мен жай-күйі;
4) ұсынылған жүйелі сынақтың экономикалық және технологиялық
салдарлары;
5) сынақтың жұмыс бағдарламасын қоса отырып, жүйелі сынақты жүргізу
жөніндегі ұсыныстар;
6) іс-қимыл жасаушы жақтар арасындағы шығындарды тарату (ойда
болмаған шығындармен қоса);
7) сынақ Үйлестірушісі қажет деп есептейтін басқа да мәселелер.
349. АЭӨҰ-ға жүйелі сынақты жүргізуге келіседі.
Жүйелі сынақтың әрбір кідірісі мен бұзылуы жағдайында АЭӨҰ себепті
түсіндіруді жазбаша түрде ұсынады.
350. Егер ұсынылған жүйелі сынақты өткізу күні тораптағы жұмыс
ахуалы қолайсыз болса, онда сынақ тобының кез келген мүшесі жүйелі
сынақтың басталуын бұзуға үзуге ұсыныс бере алады. АЭӨҰ жүйелі сынақты
көшіру туралы шешім шығарады және сынақтың уақыты мен жалғасу датасын
анықтайды.
Көшіру немесе бұзылудың себептері мына баптармен шектелмейді:
1) қолайсыз ауа-райы жағдайы;
2) энергиямен жабдықтаудың тәуекелі.
351. Ешбір тараптың коммерциялық себептер бойынша бір өзі жүйелі
сынақты жүргізуді болдырмауға құқысы жоқ.
352. Егер жүйелі сынақ кейінге қалдырылған жағдайда жаңа уақыт пен
дата осы бөлімге сәйкес тағайындалуы тиіс.
353. Барлық жағдайда жүйелі сынақтар сынақтардың бекітілген
бағдарламасы бойынша жүргізілуі тиіс.
354. Сынақты Үйлестіруші жүйелі сынақ аяқталғаннан соң бір ай ішінде
жазбаша есепті жасайды. АЭӨҰ мен пайдаланушы жүйелі сынақ бойынша есепті
бірлесе бекітеді.
355. Есеп сыналатын энергообъектінің сыйпаттамасын, қорытындылары
мен ұсыныстарын енгізуі тиіс.
356. Бекітілген есеп ТО-ға және уәкілетті органға жіберіледі. Есепті
басқа субъектілерге тапсыру АЭӨҰ-мен, пайдаланушы және уәкілетті органмен
келісім жасаған соң жүзеге асырылуы мүмкін.
357. Жедел түрде жүргізілу қажетті 320-343 немесе
344356-тармақтардыңкерек кезінде және хабарлаудың тиісті мезгілі дәл келмесе, бұл жағдайда
келесідегідей жүргізіледі:
1) сынақты талап етуші тарап АЭӨҰ мен ТО-ға мынадай мәліметтермен
ауызша немесе жазбаша өтінім беру керек;
болатын жүйелі сынақтың тақырыбы мен мақсаты;
сыналатын энергообъект жабдықтарының құрамы;
сынақты жүргізудің ұсынылған уақыты мен датасы;
жедел түрде сынақ жүргізудің себебі;
2) АЭӨҰ электрмен жабдықтауы жүйелі сынақты жүргізуге тәуелді барлық