3) БЭЖ-дегі аса ірі генератордың ажырауы салдарынан қуаттың апаттық бейбалансының туындауы.
1.3. Орнықтылық бойынша жұмыс түзімдерінің сыныптамасы
Қалыпты түзім - бұл қалыптасқан түзім (бейреттік тербелістерді, баяу және/немесе шамалардың шамалы ауытқулары, соның ішінде жиілікті, кернеуді және т.б. реттеу құрылғыларының жұмысымен шарттасылғандарды қоспағанда), ол осы желі тәсімінде орнықтылықтың нормативтік қорларымен, нормативтік ұйтқулар нәтижесінде туындауы мүмкін кез келген апаттан соңғы түзімдерге орнықты өтумен және орнықтылықтың нормативтік қорларынан кем емес қалыптасқан апаттан кейінгі түзіммен сипатталады.
Апаттан соңғы түзімдер - қайсыбір ұйтқу нәтижесінде туындаған түзімдер. Ішінара келесі апаттан соңғы түзімдерді айыруға болады:
а. нормативтік апаттан кейінгі түзім (апаттық ұйғарынды ағын), ол п.п. (a) - (g) тармақтары бойынша орнықтылықтың кем емес қорларымен сипатталады. Егер осы қорлар (a) - (d) қалыпты түзімінің шарттарына сәйкес келмесе, онда диспетчерлік жұмыскерлер оларды 20 мин. ішінде қамтамасыз етуі тиіс.
b. п.п. (a) - (g) тармақтары бойынша кем қалыптасқан апаттан соңғы түзім. Мұндай түзім егер алдыңғы түзім қалыптыға сәйкес келмесе не/және ұйтқу қалыптыдан ауыр болса, тіпті мұнда "Басшылық нұсқауларда" орнықтылық сақталмаса да. Бұл кезде диспетчерлік жұмыскерлер орнықтылық қорларын қалыптыға дейін асыруы тиіс.
c. асинхрондық түзім - орнықсыз апаттан соңғы түзім.
1.4. Активті қуаттың ең жоғары ұйғарынды ағындары келесі
шарттармен анықталады.
Қалыпты түзімдерде:
(a) активті қуат бойынша қор коэффициенті кез келген қимада желінің осы тәсімі үшін 20%-тен кем емес.
(b) энергожүйенің барлық тораптарындағы кернеу бойынша қор коэффициенті 15%-тен кем емес.
(c) электр желісінің кез келген элементінің жүктемесі ұзақ ұйғарынды мәндерінен аспайды.
(d) кез келген қимадағы қуат ағыны динамикалық орнықтылық жөніндегі сол қимада шектіктен аспайды:
дин
Pm<= P ;
пр
дин
мұнда Р - осы тәсім үшін ең ауыр норматвтік ұйтқу кезіндегі
пр
динамикалық орнықтылықтың шегі.
Апаттан соңғы түзімдерде:
(e) нормативтік ұйтқулар нәтижесінде туындаған апаттан соңғы кез келген қалыптасқан түзімдердегі активті қуат бойынша қор коэффициенті 8%-дан кем емес.
(f) әрбір торапта және әрбір нормативтік апаттан соңғы түзімдерде кернеу бойынша қор коэффициенті 10%-тен кем емес.
(g) электр желінің кез келген элементінің жүктемесі кез келген апаттан кейінгі түзімде ұйғарынды шамалардан 20 минут ішінде аспайды.
Диспетчерлік жұмыскерлер көрсетілген 20 минут ішінде (a) - (c) тармақшалары бойынша шарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін орнықтылықтың төмен қорлы және/немесе (a) - (g) тармақшалары жабдығының асқын жүктемесімен қалыптасқан апаттан соңғы түзімді түзету керек. Бұл үшін диспетчердің тиісті нұсқаулықтарында бақылаушылық (шетіндік) қималарда және жөндеу тәсімдерінде ең жоғары ұйғарынды ағындар мен басқа да қажетті нұсқаулар мазмұндалады.
Мәжбүрлік түзім - (a) - (g) тармақшаларында келтірілген шарттардың ең болмаса біреуіне жауап бермейтін түзім. Орнықтылықтың төменгі қорларымен жұмыс істеген кезде бақылаушы қималардағы ағындарды апаттық ұйғарынды деп атау қабылданған. Қимадағы апаттық ұйғарынды ағынға жүктеменің максимумы 40 минуттан аспайтын өту уақтысында не тұтынушыларды шектеуді енгізуге қажетті уақытта, ал апаттан соңғы түзімде резервті (соның ішінде суығын) жұмылдыру үшін керекті уақытта ауысуы қарамағында не басқаруында осы қиманы желілері болатын диспетчерлік орталықтың жедел журналындағы жазбада ресімделеді. Апаттық ұйғарынды ағынмен ұзақ жұмысқа көшу туралы шешім энергорыноктың Техникалық операторының ұсынысы бойынша Мемлекеттік энергоқадағалау Комитетімен келісе отырып ресімделеді.
Қима бойынша апаттық ұйғарынды ағындар түзімінде нормативтік ұйтқулардың кезіндегі орнықтылық сақталмауы мүмкін.
1.5. Ұйғарынды ағындар туралы есептеу мен ақпарат беру шарасы
Техникалық оператор:
1) Осы бөлімнің негізінде Қазақстан БЭЖ-нің 220-500 кВ желісінің қалыпты және жөндеу тәсімдері үшін ұйғарынды ағындардың есептеуін жүргізеді;
2) Есептелген ұйғарынды ағындарды бекітеді және шектесуші энергобірлестіктермен белгіленген ретпен келістіреді;
3) бекітілген ағындарды жедел жұмыскерлер түзімін енгізу жөнінде іс-қимылдағы нұсқаулықтарда көрсетеді;
4) келіскен нысанда ұйғарынды ағындарды 220-500 кВ желісін жөндеудің айлық кестесімен бірге тиісінше жылдың басталуынан бір ай бұрын және есептік айға 5 тәулік бұрын Нарықтық Операторға тапсырады;
5) келісілген нысанда есептіктің алдындағы тәуліктің 10.00-на дейін жөндеуге жедел рұқсат етілген өтінімдер мен келесі тәуліктерге белгіленген ұйғарынды ағындарды Нарықтық операторға береді;
6) жөндеуге өтінім рұқсатына дейін 3 тәулік бұрын көтермелі рынок субъектілерін алдағы болатын жөндеу мен жөндеу тәсіміндегі ағындардың шектеулері туралы хабардар етеді;
7) Нарықтық операторға бұрнағы мезгіл үшін (жыл, ай, тәулік) бақыланатын қималардағы нақты ағындарды тапсырады.
Нарықтық оператор:
1) "ЭҚЭКР-дің Электрондық тақтасында" алдағы жыл мен есептік ай үшін алдағы болатын жөндеулер мен ұйғарынды ағындар туралы ақпаратты бейнелейді;
2) "ЭҚЭКР-дің Электрондық тақтасында" желідегі жөндеулер мен ұйғарынды ағындар туралы ақпаратты бейнелейді;
3) тәуліктік кестеде бақыланатын қималардағы ағындардың келісім-шарттық шамаларын өрнектейді және ұйғарынды ағындар асқан жағдайда тәуліктік кестені белгіленген тәртіппен қайта қарайды.
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
2001 жылғы 24 желтоқсандағы
N 314 бұйрығымен бекітілген
Электржелілік Ережелерге
3-қосымша
Жиілікті реттеу стандарттары
Жұмыс түзімі | Жиілік аралығы | Жұмыс шектеріне дейін қалпына келтіру уақыты |
Әдеттегі түзім | -0,2 + 0,2 Гц | Күнделікті мәннен 95% мөлшерінде қолдау табады |
Апаттан соңғы түзім Апаттан соңғы түзім | -0,4 + 0,4 Гц -1,0 + 0,5 Гц | Жылына 90 сағаттан аспауы тиіс |