12 Параграф. Сынақтар
187. Барлық электржелілік компаниялар осы пайдаланушы мен электржелілік компания арасындағы шартқа сәйкес желілерге қосылған пайдаланушы жабдығына сынақтар жүргізу құқысына ие. Олар мына мақсат үшін жүргізіледі:
1) техникалық талаптар мен стандарттардың қосылым телімі жөніндегі нақтылы ережелерге сәйкестігі туралы;
2) қосылым нүктесіндегі технологиялық бұзылудың кез келген мүмкінділі қатерін (бұрынғы не әлеуетті) зерттеу;
3) үлгілеу үшін не тиісті пайдаланушының жұмыстық жегімді сипаттамаларын Желіге кірігу Шартының талаптарына сәйкестігін бағалау үшін талдамалық шамаларды айқындау.
188. 187-198-тармақтарға сәйкес орындалатын сынақ жүргізу шығындарын сынақ жүргізетін электржелілік компания төлеуі тиіс. Алайда, егер сынақтар пайдаланушының белгілі бір деректерден елеулі ауытқуын және /немесе осы Ережелерде көрсетілген қажетті техникалық айрықшамаларға сәйкессіздігін байқатса, онда сынақ шығындарын пайдаланушы төлейді.
189. Жабдықтың жұмысын тексеруге ықылас білдірген электржелілік компания тиісті пайдаланушыны осындай сынақ жүргізетіні туралы оны жүргізгенге дейін ең кемі бір ай бұрын хабардар етуі тиіс. Хабарлауда сынақтың басталу уақыты, оның ұзақтығы және тексеруді жүргізетін нақты тұлға көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ хабарлама осындай сынақтың себептері мен сәйкессіздіктің болжамдық көзін кіргізуі керек. Пайдаланушылар мұнда жұмыс теліміне толық кіру рұқсатын және сынақты жүргізу үшін бүкіл қажетті көмегін табыс етуі тиіс. Егер тараптар сынақты жүргізу талаптары, мерзімдері барысы туралы келісе алмаса, тараптар Мемэнергоқадағалау өкілін туындаған қайшылықты шешу және тексеруді жүргізу үшін тартады.
190. Электржелілік компания телімде жұмыс тәртібін сақтауы және пайдаланушыға зиян келтірмеуі керек. Ол кәсіпорынның ағымдық жедел қызметіне сынақты атқару үшін пара-пар қажет дәрежеге дейін ғана араласа алады.
191. Электржелілік компания пайдаланушының жабдығына тестілеу не мониторинг жабдығын қоса не болмаса пайдаланушының осындай құрылғыларды өзі қосуын талап ете алады. Мониторингтік (тестілік) жұмыстарды атқарған кезде желі иесі жабдықтың мониторингіне еш кедергі жасамауы керек.
192. Ағымдық сәйкестік (192-196-тармақтар).
Әрбір ЭӨҰ электржелілік компанияға барлық оның өндіруші жабдығы осы бөлімнің техникалық талаптарына және тиісті Желіге кірігу Шартының қағидаттарына сәйкес келетіндігі туралы дәлелдемелерді ұсынуы тиіс.
193. Әрбір ЭӨҰ және басқа пайдаланушылар электржелілік компаниямен техникалық талаптарға ағымдық сәйкестігін растау үшін бүкіл жабдық бойынша олардың арасындағы шартқа сай мониторинг/бақылау жүргізу әдістемесін кіргізе отырып, сәйкестікке мониторинг/бақылау жүргізу бағдарламасын келістіруі тиіс.
194. Электржелілік компания пайдаланушыға қажетті тестілеуден кейін алынған талдамалық үлгіні шартқа сәйкес сынау нәтижелері мен шамаларын пайдаланушыға тапсыруы керек.
195. Егер жұмыс сипаттамаларына сынақтар немесе "жұмыс" түзіміндегі жұмыс сипаттамаларының мониторингі пайдаланушының бір не одан артық техникалық талаптарды сақтамайтынын көрсетсе, пайдаланушы мынаған борышты:
1) электржелілік компанияны тез арада хабардар ету;
2) электржелілік компанияға қабылданатын шаралар мен осындай шараларды жүргізу кестесі туралы тез арада ақпарат беру;
3) тиянақты түрде мұндай шараларды алдын ала қабылдау және электржелілік компанияның алдында ай сайын осы жұмысты жүргізу барысы туралы хабарлау;
4) талаптарға сәйкестігін растау мақсатында жүйе мен жабдыққа түзету шараларын бітіру жөнінде ары қарайғы сынақтар немесе мониторинг жүргізу.
196. Егер электржелілік компания электр желісінің қауіпсіз жұмысына немесе жеткізілім сапасына қатер бар не төнеді деген негіздік пікірге ие болса, онда ол тиісті пайдаланушыдан оны желіден ажыратуды талап ете алады. Пайдаланушы оның жабдығы енді қажетті талаптарға сәйкес келеді деген айқын да ТО-ды (электржелілік компаниясын) қанағаттандыратын дәлелдемелер тапсырғанда ғана желіге тағы қосылуы мүмкін.
197. Әрбір пайдаланушы электржелілік компаниямен осы пайдаланушыны электр желіге қосатын қосылым нүктесімен байланысты қорғаныш жүйелерінің жабдық жұмысын тексеру үшін үйлестіруі тиіс. Электржелілік компания келесі мезгілде сынақтар жүргізе алады:
1) жабдықты жұмысқа қосылымның тиісті нүктесінде қосу алдында;
2) дүркін-дүркін, іс-қимылдағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес және желіге кірігу шартында белгіленген мерзімдерде.
198. Әрбір пайдаланушы сынақтар мен тестілеу деректерін бастапқы жабдықтың барлық бөліктері жөнінде қосылымның әрбір телімі бойынша алты жыл бойы сақтауы тиіс. Осындай бүткіл тестілерді/сынақтарды жүргізу шығындарын пайдаланушы көтеруі тиіс.
199. Желі пайдаланушылары өз жабдығын электржелілік компаниядан өз еркімен ұзаққа ажырату құқығына ие болады. Егер желі пайдаланушысы қайсыбір өзге келісімдер жоқ кезде осы жабдықты ұзақ мерзімге ажыратуға шешім қабылдаса және егер тиісті шартпен өзге көзделмесе, ол өзінің ниеті туралы электржелілік компанияға және ТО-ға, сондай-ақ барлық өзінің субабоненттеріне (егер олар болса) жазбаша хабарлауы тиіс.
200. Желі пайдаланушысы ерікті ажыратумен және жегімнен шығарумен тікелей байланысты барлық шығындарды көтереді.
201. Электржелілік компания жабдықты жегімнен шығару жөніндегі шараларды жүзеге асырады және ТО мен басқа пайдаланушыларды жабдықты жегімнен шығару жөніндегі шаралар солармен жасасылған тиісті желіге кірігу Шарттарының талаптары мен қағидаттарына әсер етуі мүмкін жағдайда хабардар етеді.
202. Электр энергиясын ғана тұтынатын электр энергия тұтынушылары өз электр стансаларын электржелілік компаниядан кез келген уақытта келесі шарттармен ажырата алады:
1) келісілген ажырату шараларын пайдалана отырып ұзақ уақытқа;
2) уақытша, электр тұтыну туралы электржелілік компаниямен не ТО-мен келісім негізінде;
3) қосалқы қызмет көрсетулер туралы келісім талаптарына сәйкес.
13 Параграф. Мәжбүрлік ажырату
203. ЭӨҰ-ның өндірістік қуаттарын электр желілерінен ажыратуға келесі мән-жайлар бойынша электржелілік компания шешім қабылдай не ТО нұсқау бере алады:
1) апаттық жағдаяттардың алдын алу және жою;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес;
3) тиісті шарт қағидаттарына сәйкес.
204. Энергоөндіруші ұйымды ажыратудың барлық кездерінде осы шешімді қарау үшін тиісті өкілетті органның басшылығымен комиссия құрылуы тиіс. Комиссия шешімінің нәтижелері тиісті тараптарға тапсырылуы керек.
205. Энергоөндіруші ұйымдарға алдын ала хабарламай мәжбүрмен ажырату кезінде жоғалған табыстар үшін өтемақы келесі мән-жайларда берілмейді:
1) адамдардың денсаулығы мен жабдықтың қауіпсіздігіне төніп келе жатқан қатерді ескерту;
2) электр стансадағы не жалғаным жабдығындағы апаттар;
3) электр стансаның қызметтеу жұмыскерлерінің электржелілік компанияның не ТО-дың өкімдерін орындамауы;
4) қайсыбір көзделген іс-әрекеттерден не солардың жағынан келісім-шартты бұзу нәтижесінде болған, ТО немесе электржелілік компанияның уәкілеттігінен тыс және жоспарлауға келмейтін басқа мән-жайлар.
206. Электр энергиясын тұтынушыларына талаптар осы Ережелердің 4-тарауында ескерілген келесі мәселелер қақында таралады:
1) тұтынатын қуатты міндетті түрде кеміту;
2) автоматтық жиілікті жүктеме.
207. Электржелілік компания ЭӨҰ жабдығын электр желіге қайта қосуды мына талаптар кезінде кепілдей алуы тиіс, егер:
1) электржелілік компания өндіруші қондырғыны ажыратуды туындатқан апаттық жағдаят толық жойылды деген мән-жаймен толығымен қанағаттанса;
2) электржелілік компания осы ережелердің, Қазақстан Республикасындағы нормативтік құжаттарының талаптарына немесе тиісті желіге кірігу Шартына сәйкес ажыратуды туындатқан себептерді жоюмен қанағаттанса;
3) ажырату себебі болған желіге кірігу шартының бұзылуы жойылса және ЭӨҰ не электр энергиясын тұтынушы қайталап бұзылудың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдаса.
208. Электржелілік компания ТО-дан қосуды жаңғырту өкімін алған сәтте электржелілік компания бұл әмірді тез арада орындауы тиіс.
4-Бөлім. Энергетика жүйесі жұмысын басқару ережелері
4-тарау. Агрегаттар мен жабдықтарды сәйкестендіру тәртібі
209. Осы бөлімде электр стансалары агрегаттары мен желілік жабдықтарды сәйкестендіру тәртібі анықталған, баланстық тиесілік бөлігінің шекарасын қоса алғандағы орындарда пайдаланылады. Бұл жаңа телімдерге, сондай-ақ бұрыннан барларға қатысты.
210. Бұл тарау:
1) барлық қосалқы стансаларды, электр стансаларының агрегаттарын және қосу нүктелерін оларға жөнсіз түсіндірілуі мүмкін емес аттар және қысқартылған атаулар беру жолымен сәйкестендіруді қамтамасыз етеді.
2) талаптарды анықтайды, оларға сәйкес электр желісіне кіру Шартына (ЭЖКШ) қол қойылғаннан кейін барлық электр стансалары мен баланстық тиесілік бөлігі шекараларындағы қосалқы стансаларда желілік компаниямен қабылданған электр стансалары мен желілік жабдықтарды сәйкестендіру жүйесі болуы қажет. Электржелілік компания мен пайдаланушы электр стансалары мен тораптық жабдықтарды сәйкестендірудің жалпы жүйесін пайдаланады, бұл жүйені қауіпсіз және тиімді пайдалануға әрі диспетчермен қателіктер жіберу тәуекелін болдырмауға мүмкіндік береді.
3) баланстық тиесілік бөлігі шекарларында қолданылатын электр стансаларының жаңа агрегаттарын, қосалқы стансалар және/немесе жабдықтарды сәйкестендіру туралы, сондай-ақ, электр стансаларының бұрыннан бар агрегаттарын, қосалқы стансалар мен жабдықтарды сәйкестендіру жөніндегі өзгерістер туралы хабарландыру тәртібін анықтайды.
211. Электр стансаларының, қосалқы стансалар мен жабдықтарды қосу нүктелерінде сәйкестендіруде осы Ережелердің 3-бөлімінің 3-тарауында сипатталған желіге рұқсат тәртібіне сәйкес баланстық тиістілік бөлігі шекарасынан өз жағында әрбір телім үшін дайындалған жұмыс тәсімі болуы қажет.
212. Бұл тараудың талаптары келесі қатысушыларға таралады:
1) ТО-ға;
2) электржелілік компанияларға;
3) тарқатушы желіге қосылған ЭӨҰ-н қоса алғанда ЭӨҰ-ға;
4) тікелей қосылған тұтынушыларға.
Ол төмен кернеулі тораптарға қосылған пайдаланушыларға таралмайды (тараудың басына).
1 Параграф. Сәйкестендіру тәртібі. Объектілердің,
телімдердің атаулары мен олардың қысқартулары
213. Қауіпсіз әрі тиімді жұмыс үшін телімдердің - қосылған немесе электр желісінің бөлігі болып табылатын қосалқы стансалардың, электр стансалары мен электр желілерінің қосу нүктелерінің аттары теріс талқыланбауы өте маңызды.
214. 35 kV және одан жоғары кернеулі барлық телімдер жөніндегі негізгі мәліметтер деректер қорының тіркелімінде болуы тиіс. ТО деректер қоры тіркелімінің жүргізілуіне өзгерістер енгізілуіне жауапты болады.
215. Егер электржелілік компания немесе пайдаланушы жаңа телімді электр желісіне қосқылары келсе шатасуларды болдырмау үшін қысқа мерзімде бұл телімнің аты ТО-мен келісілуі қажет. Аты келісілгеннен кейін ТО оған атау беріледі.
2 Параграф. Жаңа жабдықтар
216. Егер электржелілік компания немесе пайдаланушы жабдықтарды баланстық тиістілікті бөлу шекарасында қондырғысы келсе, олар өздерімен шектесуші басқа субъектілерді ұсынылып отырған агрегаттар мен жабдықтарды сәйкестендіру туралы хабарландыруы тиіс.
217. Тиісті субъектілерді хабарландыру жазбаша нысанда жасалуы қажет және онда жаңа жабдық пен оның сәйкестендірілуі көрсетілген жұмыс тәсімі болуы тиіс.
218. Тиісті субъектілерді хабарландыру болжанып отырған жабдықты қондырудан бұрын сегіз айдан кешіктірілмей жасалуы тиіс.
219. Хабарламаны алушылар оны алғаннан кейін бір ай ішінде өзінің ұсынылып отырған сәйкестендірумен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін көрсете отырып жазбаша нысанда жауап қайтаруы керек, сондай-ақ, оның бұрыннан бар агрегаттар мен жабдықтардың сәйкестендірілуіне шатасулар енгізбейтінін растауы тиіс. Егер ұсынылып отырған сәйкестендіру қолайсыз болса, жауапта қолайлысын көрсету қажет.
220. Егер электржелілік компания және басқа субъектілер келісімге келе алмаса, электржелілік компания мұндай телімдерде қолданылатын агрегаттар мен жабдықтарды дербес сәйкестендіруге құқылы.
221. Тұтынушылар баланстық тиістілікті бөлу шекарасынан өз жағында өз жабдықтары мен агрегаттарын сәйкестендіруді жоспарлау үшін 254-тармаққа сәйкес агрегаттар мен жабдықтарды сәйкестендіру жөніндегі толық ақпаратты сұрастыруға құқығы бар.
222. Агрегаттар мен жабдықтардың келісілген толық сәйкестендірілуі деректер қорының тіркеліміне қосу үшін ТО-мен тапсырылуы қажет.
223. Электржелілік компания және әрбір пайдаланушы кестелердің жасалуы мен жабдыққа сәйкестендірілуі анық көрсетілген жазбалардың жазылуын жүзеге асырады.
3 Параграф. Бар жабдықтар
224. Электржелілік компанияны қоса алғанда телімнің әрбір субъектісі басқа субъектінің сұрау салуы бойынша баланстық тиістілікті бөлу шекарасынан өз жағында агрегаттар мен жабдықтардың толық сәйкестендірілуін ұсынуға міндетті.
225. Электржелілік компания мен әрбір пайдаланушыға баланстық тиістілікті бөлу шекарасынан өз жағында орнатылған жабдықтарды іс-қимылдағы заңнамаға сәйкес сәйкестендіру талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді.
226. Бар жабдықтарға өзгерістер енгізу.
Баланстық тиістілікті бөлу шекарасында қондырылған бұрыннан бар электр стансаларының агрегаттары мен желілік жабдықтарды сәйкестендіруді өзгерту үшін электржелілік компания немесе пайдаланушы жоғарыда көрсетілген ережелерді енгізілген өзгерістерден көрінетін қажетті түзетулер енгізумен қолданатын болады.
227. Өзінің агрегаттары мен жабдықтарының сәйкестендірулерін өзгертетін пайдаланушы мен электржелілік компания осы агрегаттар мен жабдықтарға жаңа кестешелер мен жазбалар жасайды.
5-тарау. Қауіпсіздікті үйлестіру
228. Осы тарау басқа компаниялардың электрлік құрылғыларымен электр желілері байланысқан жоғары кернеулі электр қондырғыларында жұмыстарды орындау және/немесе сынақ кезінде қауіпсіздік шараларын қолдану мен үйлестіру талаптарын белгілейді.
229. Тарау электр стансаларында немесе жоғары кернеулі электр қондырғыларында жұмыстарды орындау және/немесе сынақ кезінде басқа электр қондырғыларынан қосу нүктесіне дейін қауіпсіздік шараларын қабылдау талап етілетін қауіпті өндірістік жәйттерден қызметкерлерді қорғаудың негізгі қағидаларын анықтайды.
230. Қауіпсіздік жөніндегі шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін электр қондырғыларын бөлу және/немесе жерге ұштау талап етілетін жағдайда электр стансаларында және/немесе электр компаниялары мен тұтынушылар жабдықтарында жұмыстарды орындау және/немесе сынақ кезінде қажет.
231. Тараудың талаптары келесі қатысушыларға таралады:
1) ТО-ға;
2) электржелілік компанияларға;
3) 110 кВ-дан төмен кернеулі электр желілеріне қосылған генераторлары бар ЭӨҰ-ға;
4) 6 кВ және одан жоғары желіге тікелей қосылған электр энергиясын тұтынушыларға;
5) Өлшеу аспаптарын жеткізушілерге;
6) Егер бұл қажет болса, осы бөлімнің тиісті параграфтарына сәйкес төмен вольтті желілерге қосылғандарды алғанда электржелілік анықтайтын кез-келген басқа да қатысушыларға қатысты.
232. Жоғары кернеулі жұмыстарға және/немесе сынақтарға қатысушы және Қазақстан БЭЖ-ге кіретін барлық тұтынушылар мен электрлік компанияларда жұмысшыларды қауіпті өндірістік жайттардан қорғауға бағытталған сақтық шараларының жүйесі мен қауіпсіздік ережелері әзірленуі керек. Барлық қолданылатын шаралар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
233. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі электр желілері жабдығының немесе оған қосылған электр қондырғыларындағы жұмысқа немесе сынақтарға қатысушылардың барлығының денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын тиісті ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды анықтауы керек. Бұл электржелілік компанияларға, сондай-ақ, осы бөлімде анықталған тұтынушыларға қатысты.
234. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бұл жүйесінде қажетті жұмыс көлемі мен сынақтарды және қосылу нүктелеріндегі тиісті сақтық шараларын сұрау және тіркеу ережелері, сондай-ақ, қалыпты жұмыс жағдайларында талап етілетін хабарламалар мерзімдері болуы керек.
235. Электр желілеріне кіру Шартына қол қойылғаннан кейін алты айдың ішінде, сондай-ақ, жаңа қосалқы қосылым жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей әрбір тұтынушы және әрбір электржелілік компания өзінің қауіпсіздік жөніндегі іс-шараларының көшірмесін олармен қосылу нүктесі бар субъектілерге беруі тиіс. Қосылымнан бұрын электржелілік компания шешім және жермен қосуға қатысты тұтынушылардың қауіпсіздігі жөніндегі бірқатар іс-шараларды қарастырып, келісімге келуі керек. Көрсетілген іс-шараларға тараптардың біреуінің енгізген кез-келген өзгерісі мүдделі субъектілерге мүмкіндігінше тез арада хабарлануы тиіс. Бұл өзгеріс электржелілік компаниямен қаралып келісілуі керек.
236. Егер қосалқы қосылу нүктелерінде байланысқан мүдделі тараптар қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етудің бір шарасын қолданса және бірдей техника қауіпсіздігі ережелерін қолданса құжаттар алмасу талап етіледі.
237. Пайдаланушылық шекарасы бар қосалқы қосылым нүктелерінде қандай қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жүйесін қолдануды мүдделі тұлғалар бірлесіп шешеді. Қалай болғанда да қабылданған қауіпсіздік жүйесі ұйымдастырушылық және техникалық іс шараларды қамтамасыз етеді:
1) жабдықтардағы немесе жоғары кернеулі электр қондырғыларындағы жұмыс және/немесе сынақ пайдаланушылық шекараның екі жағы бойынша да жүргізілуі керек, сондай-ақ;
2) егер басқа жақтың жүйесін бөлу және/немесе жермен ұштау талап етілетін жағдайда.
238. Әрбір электржелілік компания және әрбір тұтынушы жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуы кезіндегі үйлестіру үшін жауапты тұлғаларды тағайындауы тиіс. Олар басқа тұтынушыларды қозғайтын дер кезіндегі жөндеуді жүргізу үшін өзіне ауыстырып қосу, ажырату, жерге ұштау, желіге кіру шартына сәйкес құжаттарды шығару процестерін қосатын тиісті қауіпсіздік шараларының қолданылуын қамтамасыз етуі тиіс. Тұтынушылар жауапты тұлғалар келгенге дейін ауыстырып қосуды орындау үшін жедел қызметкерлерді пайдалана алады. Жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуі үшін жауапты тұлғалар іс-қимылдағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікте болады.
239. Қазақстан БЭЖ объектілерінде тек тиісті түрде дайындалған және оқытылған тұлғалар ғана жұмыс қауіпсіздігі үшін жауаптылар болып тағайындалуға құқылы. Техника қауіпсіздігі бойынша оқыту және жаттықтыру үзіліссіз және көп деңгейлі болуы тиіс. Әрбір электржелілік компания және тұтынушы аталған қызметкерлердің дайындығын және оның техника қауіпсіздігі бойынша білімінің тексерілуін қамтамасыз етуі керек және ол үшін жауапкершілікте болады.
240. Қазақстан БЭЖ объектілеріндегі жоғары кернеулі электр қондырғыларында жұмыстар мен сынақтардың қауіпсіз жүргізілуін ұйымдастыру іс-қимылдағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.
241. Іс-қимылдағы заңнаманың талаптарында ескерілген қауіпсіздік шаралары әрбір тұтынушы және электржелілік компаниялар ішіндегі жұмысты және/немесе сынақты, сондай-ақ, біреуден көп тарап әрекет ететін жердегі қосалқы қосу нүктелерінің екі жағы бойынша жұмысты және/немесе сынақты қамтуы тиіс.
242. Қауіпсіздік шаралары ауыстырып қосу, бөлу, жермен қосу және жұмыстар өндірісі жөніндегі операцияларды, сондай-ақ, жұмыстарға және/немесе сынақтарға жіберу мәселелерін нақтылайды. Олар, сонымен қатар, жұмыстардың және/немесе сынақтардың аяқталуынан кейінгі және жұмысқа дайындалғаннан соң жабдықты қосу операцияларын да нақтылайды.
243. Қосылым нүктелерінде жұмыстарды және/немесе сынақтарды орындау үшін тоқтаулар туралы келісу үшін екінші тарапқа жазбаша өтінім қажетті өшіруден кем дегенде екі апта бұрын берілуі тиіс. Тоқтау жүзеге асуы үшін өтінім екінші тараптың техникалық жетекшісімен келісілуі қажет. Өтінім алынған соң бір апта ішінде оны алған тарап тоқтауға келісуі немесе басқа мерзім ұсынуы керек.
244. Жоғарыда көрсетілген сақтық шараларын талап ететін жоспардан тыс жұмыстар және/немесе сынақтар жағдайында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша үйлестірулер телефон арқылы ары қарай расталумен және мүдделі тараптардың барлығымен келісілген жағдайда қажетті стандартты үлгі құжаттармен жүзеге асырылуы мүмкін.
245. Әрбір қосалқы қосылым объектілері үшін қауіпсіздік жөніндегі сұратушы жауапты тұлғамен дайындалған тиісті құжаттар жасалуы мүмкін. Онда жабдықтарды жөндеуге шығаруды қамтамасыз ететін ауыстырып қосу, ажырату, жерге ұштау және жұмыстар мен/немесе сынақтар аяқталғаннан кейін қажетті әрекеттер қоса алынған қажетті әрекеттер жүйелілігі көрсетілуі тиіс.