пайдаланушыларды анықтайды, хабардар етеді, сондай-ақ ТО мен уәкілетті
органға хабарлайды;
3) АРЭӨҰ мен сынақ жүргізуді талап етуші тарап қысқа мерзімде
болатын сынақ жайлы хабарламаны дайындайды және сынақ бағдарламасын
жасақтайды;
4) Тексеру техникалық операторы бекіткен жағдайда күшіне енеді;
5) сынақ бағдарламасын қарастырған кезде ТО қажет деп тапса
уәкілетті органды хабардар етеді;
6) 338-343-тармақтарының талаптары орындалуы тиіс.
358. Жүйелі сынақтар жалпы жағдайда жекелеген тараптар өздерінің
шығындарын жабуы тиіс кез келген басқа жүйелі сынақтарға тартылған барлық
тараптардың есебінен жүргізіледі. Қандай жағдай да шығындар шартпен
таратылуы тиіс. Осы тармақ тек тікелей шығындарға қолданылады.
Жоспарланған және кездейсоқ соңғы шығындары бар кез келген тарап
осылардың қатысы бар басқа тараптармен келіссөз жүргізуге құқысы бар.
Егер осы мәселе бойынша келісімге қол жетпесе, Ережелердің бірінші
бөлімінде көрсетілген дау-дамайлық мәселелерді шешу жосығына иек артуға
болады.
5-бөлім. Коммерциялық есеп
8-тарау. Коммерциялық есеп
359. Коммерциялық есеп жөніндегі осы бөлімде коммерциялық негізде рыноктың жұмыс істеуі үшін қажетті электр энергиясын есепке алу және деректерді ұсыну қатынасында бәсекелес Қазақстан Республикасындағы Электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда рыногы (ЭЭҚКР) қатысушыларының талаптары белгіленеді. Электржелілік компаниялар өздерінің электр желілерін рынок қатысушыларына ұсынады.
Өзара есептеулер атқарымдарын жүзеге асыру үшін қажетті коммерциялық есеп пен коммерциялық есеп деректерін жинау ТО-мен рынок қатысушыларына тең құқықты иеленуге мүмкіндік беретін бірдей талаптар бойынша орындалады. Осыған ұқсас ақпарат, сондай-ақ, электр энергиясын жеткізумен қатар тарату бойынша электржелілік қызметтерді төлеу жөніндегі өзара есептесулер үшін талап етіледі. Коммерциялық есеп және коммерциялық есеп деректерін жинау ақпаратымен құпия танысуды талап етеді.
Осы бөлімде рынок қатысушылары орналасқан жердегі есепке алынатын электр энергиясы көлемі туралы деректерді жинау процесі мен құралдарға сипаттама келтіріледі, сондай-ақ, оларды өзара есептесу жүйесіне осы деректерді енгізу және беру сипаталады. Тарауда деректердің құпиялылығы және ашықтығы айтылады және ТО-ның уәкілетті тараптарға тиісті коммерциялық ақпаратты ұсыну жөніндегі міндеттері баяндалады.
ЭЭҚКР-дың барлық субъектілері тиісті коммерциялық есептеуіштерді және интервалы [60] минут, ал қуаты [30] минут, жағдайға байланысты, активті және реактивті энергиялардың ағыны жөніндегі деректерді жинау және тіркеу үшін қажетті коммуникациялық инфрақұрылымға ие болуға тиіс. Рыноктың жұмысын қамтамасыз ету үшін ТО-ның міндетіне коммерциялық есеп деректерін жинау кіреді, РО-ның міндетіне - тиесілі төлем және есептеулер жөніндегі есептесулерді жүзеге асыру кіреді. Электр энергиясын жеткізу мақсатында желілерді пайдалану үшін ТО бекітілген деректерді электр энергиясын жеткізу үшін тиесілі төлем алуды жүргізетін тиісті электржелілік компанияларға беруі тиіс.
Электр энергиясын тарқату мақсатында желілерді пайдалануға ТО бекітілген деректерді электр энергияны жеткізу үшін тиесілі төлем алуды жүргізетін тиісті электржелілік компанияларға беруі тиіс.
360. Коммерциялық есеп жөніндегі осы тараудың міндеттері келесілерден тұрады:
1) электр энергиясын сату жөніндегі өзара есептесулер үшін пайдаланылатын электр энергиясының есепке алынатын көлемін тіркеу және өлшеуге ең аз деген талаптар бойынша мәліметтер беру, сондай-ақ, желілерді электр энергиясын жеткізу және ЭЭҚКР-ға тарату мақсатында пайдалану;
2) аралас жабдықтар мен аппаратураларды, сондай-ақ, активті электр энергиясы мен реактивті электр энергиясын өлшеу үшін қажетті байланыс арналарын және рынок жұмысы үшін деректерді ұсынуды қоса ала отырып, коммерциялық есеп кешенін пайдалану және техникалық қызмет көрсету, сатып алу, қондыру, сынақтарға қатысты ережелерді құрау;
3) дәлдік, қателіктер бойынша талаптарды және өлшеуге жататын параметрлер анықтау.
361. Коммерциялық есеп жөніндегі бұл тарау келесі тараптарға қолданылады:
1) ЭӨҰ;
2) ТО;
3) РО;
4) энергия жүйелерінің иелеріне;
5) энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға;
6) соңғы құқықты тұтынушыларға;
7) коммерциялық есепті жүзеге асыратын ұйымдарға.
362. Коммерциялық есеп келесі қағидаларға негізделеді:
1) рынок қатысушысының әрбір қосылым орнында коммерциялық есеп кешені болуы тиіс;
2) әрбір мемлекетаралық желісіне қосылым орнында коммерциялық есеп кешені болуы тиіс;
3) коммерциялық есеп кешендерінің дәлдігі және әрбір қосу нүктелерінде өлшеуге жататын параметрлер осы коммерциялық есеп жөніндегі тараудың 373-374 тармақтарында көрсетілгендей генератордың кернеуі мен қуатына сәйкес анықталуы тиіс.
4) әрбір электржелілік компания егер рынок қатысушысы басқа шешім қабылдамаса, өзінің энергия объектісінде рынок қатысушыларына коммерциялық есеп кешеніне қызмет көрсету және орнату мүмкіндігін көрсетуі тиіс;
5) әрбір рынок қатысушысының оның коммерциялық есеп кешеніне техникалық қызмет көрсету және жобалау, орнатуды жүзеге асыратын коммерциялық есепті жүзеге асырушы мамандандырылған ұйымды таңдау құқығы бар;
6) коммерциялық есеп кешенін орнатуға байланысты барлық шығыстарды осы Ережелердің 536-тармағына сәйкес рынок қатысушысы өз мойнына алды;
7) өз балансында 377-385 тармақтарына сәйкес коммерциялық есеп кешені бар рынок қатысушылары оларды жегімдеуді Қазақстан Республикасының іс-қимылдағы нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес жүзеге асыруы тиіс;
8) өз балансында коммерциялық есеп кешені бар және оларды жегімдеуді жүзеге асыратын рынок қатысушылары коммерциялық есеп кешенінің дәлдігі 372-373 тармақтарында жазылған талаптарға сай екеніне кепілдік беруі тиіс;
9) коммерциялық есеп кешенін орнату мен техникалық қызмет көрсетуді осындай қызмет түрлеріне құқығы бар ұйымдар жүргізуі мүмкін;
10) коммерциялық есеп кешені болуы тиіс:
ТО-да тіркелген, метрологиялық аттестациядан өткізілген және тиісті орган қолдануға рұқсат берілген;
коммерциялық есеп деректері қорына оларды электронды беру үшін деректер беруге қабілетті;
энергия бойынша деректер белгілі интервалдар арқылы бақыланылуы тиіс;
энергия жөніндегі деректер киловатт-сағатпен (активті энергия) және киловатт-сағатпен (реактивті энергия) берілуі тиіс;
11) шарттарға сәйкес рынок қатысушысы олардың электр энергиясы үшін төлем жөніндегі коммерциялық есеп деректерін алуға құқығы бар;
12) шарттарға сәйкес әрбір электржелілік компания өздерінің желілеріндегі коммерциялық есеп нүктелеріне қатысты коммерциялық есеп деректерін ала алады;
13) өзара есептеулер мен желіні пайдалану үшін пайдаланылатын коммерциялық есеп тексерілуі қажет;
14) өткен кезеңдерге фактілік деректер коммерциялық есептің деректер қорында сақталуы қажет;
15) электржелілік компания коммерциялық есеп кешенін, соның ішінде коммерциялық есептің негізгі есептеуішін, коммерциялық есеп кешенінің бақылау есептеуіштерін тексеруге құқығы бар;
16) ТО рынок қатысушыларына коммерциялық есеп жөніндегі осы тараудың ережелерін қолдануды жеңілдету үшін тіркеу процесін және коммерциялық есеп тіркелімін анықтауы қажет, мыналарға қатысты:
жаңа коммерциялық есеп кешені;
бар коммерциялық есеп кешенін өзгерту;
қолдану процесі, мерзімдері, байланысты тараптар, төлем және коммерциялық есеп кешенін орнату мәселелері бойынша ақпаратты қоса отырып, коммерциялық есеп кешенін пайдалануды тоқтату.
363. Осы коммерциялық есеп жөніндегі тараудың дәлдік туралы стандартты талаптарына сәйкес келмейтін жабдықтар бар жерде осындай сәйкестікті қамтамасыз ету керек.
364. 377-385 тармақтарында анықталғандай барлық тараптарда ең аз дегенде әрбір 15 минутта активті энергияның және реактивті энергияның тұтынылуын тіркеуге қабілетті және жалпы жиынтық көлем көрсетілген дисплеймен жабдықталған статикалық (электрондық) коммерциялық есеп есептеуіштерінің болуы тиіс. Коммерциялық есеп есептеуіштері сондай-ақ деректерді қашықтықтық және жергілікті сұратуға мүмкіндігімен қамтамасыз ету керек, ақпарат мерзімі 45 күн.
1 Параграф. Кернеу дәрежесі 500 кВ және одан
жоғары желілерге қосылымдар
365. 500 кВ және жоғары жалғанымдар үшін өзара есептеулер мен желілерді пайдалануды жүзеге асыру мақсатында (коммерциялық есеп кешенін трансформатордың жоғары кернеулі кірмелерінде орнату мүмкін болмаған кезде коммерциялық есеп кешендері дәлдік сыныбы трансформатордың жоғары кернеуіне сәйкес келетін төмен кернеулі кірмелерге орнатыла алады) келесі электр энергиясын өлшеулерді орындау қажет:
1) импорт (қабылдау) МВт/с
2) экспорт (беру) МВт/с
3) импорт (қабылдау) Мвар/с
4) экспорт (беру) Мвар/с
366. 15 минутқа тең әрбір кезең уақытында әрбір қосылым нүктелері бойынша келесі қуат ұсынылуы керек:
1) импорт (беру) МВт
2) экспорт (қабылдау) МВт
3) импорт (беру) Мвар
4) экспорт (беру) Мвар
367. Кернеу дәрежесі 220кВ, 110кВ, 35кВ, 10кВ және 6кВ желілерге әрбір қосылым нүктесі бойынша өзара есептесу мен желілерді пайдалануды жүзеге асыру мақсатында міндетті түрде келесі электр энергиясын өлшеулер орындалуы қажет:
1) импорт (қабылдау) МВт/с
2) экспорт (беру) МВт/с
3) импорт (қабылдау) Мвар/с
4) экспорт (беру) Мвар/с
368. 15 минутқа тең әрбір кезең уақытында әрбір қосулар бойынша келесі қуат ұсынылуы керек:
1) импорт (қабылдау) МВт
2) экспорт МВт
3) импорт (қабылдау) Мвар
4) экспорт Мвар
2 Параграф. Төменгі кернеу тізбектері
369. Өзара есептесу және желілерді пайдалануды жүзеге асыру мақсатында әрбір төмен кернеу тізбегі бойынша төмендегі электр энергиясын өлшеулерді орындау қажет:
1) импорт (қабылдау) кВт/с
2) экспорт (беру) кВт/с
3) импорт (қабылдау) квар/с
4) экспорт (беру) квар/с
370. 15 минутқа тең әрбір кезең уақытында әрбір қосулар бойынша келесі қуат ұсынылуы керек:
1) кВт импорт (қабылдау) кВт
2) кВт экспорт (беру) кВт
371. Импорт және (немесе) экспорт көлемі Коммерциялық есеп жабдықтарын рынок қатысушылары жүйелі немесе стансалық шарттарды орындау үшін мынандай өлшеулерді орындауы қажет жерге орналастыру керек.
3 Параграф. Коммерциялық есептің дәлдігі
372. Коммерциялық есеп жабдықтары дәлдікті осы тарауда белгіленген осындай коммерциялық есеп жабдықтары үшін жазылған шекте қамтамасыз етеді.
Барлық активті энергияның коммерциялық есеп есептеуіштері МЭК Стандарттың 60687 (сынып 0,2S), 60687 (сынып 0,5S) немесе ГОСТ 30206-94 (МЭК 987-92), 61036 (сынып 1,0) немесе ГОСТ 30207-94 (МЭК 1036-90), МЭК
Стандартының 61268 (сынып 2,0) талаптарына сай болуы тиіс.
4 Параграф. Коммерциялық есеп жабдықтары дәлдігінің сыныбы
373. Барлық жағдайда ЭЭҚКР субъектілері ТО-ға тексеруге төлқұжат-хаттама және кернеу трансформаторларын (КТ), ток трансформаторларын (ТК) және коммерциялық есеп есептеуіштері куәлігін ұсынады.
374. Коммерциялық есеп жабдықтары сыныбының дәлдігі барлық тараптар үшін төмендегідей болуы қажет:
1.1.1.1 Қосу дәлдігі нүктелері Типі |
500кВ және 220-110кВ, 35-6кВ, төмен жоғары, 50-ден 50МВт кернеулі 200МВт және 200МВт дейін жоғары дейін генератор- генератор- генератор- лар лар лар |
ТТ 0,2 0,5 0,5 0,5 КТ 0,2 0,5 0,5 - Активті энергия 0,2 0,5 1,0 2,0 есептеуіштері реактивті энергия 2,0 2,0 2,0 4,0 есептеуіштері |
375. Коммерциялық есептің жалпы дәлдігі төмендегідей болуы тиіс:
Атаулыдан Қуат Атаулы мөлшермен қосылулар үшін қателіктер шегі пайыздық коэффи- қатынасын- циенті дағы ток |
500кВ және 220-110кВ, 35-6кВ, төмен жоғары, 50-ден 50МВт кернеулі 200МВт және 200МВт дейін жоғары дейін генератор- генератор- генератор- лар лар лар |
Активті энергия 20%-дан 120% дейін 1 +-0,5% +-1,1% +-1,6% +-1,5% 5%-дан 20% дейін 1 +-0,7% +-1,1% +-1,6% +-2,5% 1%-дан 5% дейін 1 +-1,5% +-1,5% +-2,1% 20%-дан 120% дейін 0,5 инд +-0,8% +-1,1% +-2,2% +-2,5% 0,5 емк дейін Реактивті энергия 10% to 120% 0 +-4,0% +-4,0% +-4,0% +-4,0% 10% to 120% 0.866 +-5.0% +-5.0% +-5.0% +-5.0% қалумен 0.866 озумен |
376. Тіркеу кезеңінде электр энергиясын есептік ескеру қателіктері
орнатылған есептеуіштің 0,5 қателігінен аспауы тиіс.
377. Рынок қатысушылары энергияның коммерциялық есебі үшін
372373-тармақтарындакоммерциялық есептің белгілі бір нүктелерінде (КЕБН) орындалады.
Коммерциялық есептің белгілі бір нүктелері - баланстық тиістілік
шекарасындағы нүктелер.
378. Өз балансында коммерциялық есеп кешені бар рынок субъектілері
ағымдағы шығыстарды қоса отырып оған байланысты шығыстар үшін де жауапты
болады.
379. Иелігінде қосалқы стансалар бар электржелілік компания
мемлекетаралық желілердегі коммерциялық есеп кешенін іс-қимылдағы
нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жегімдейді.
380. Иелігінде қосалқы стансалар бар электржелілік компания
электржелілік компаниялар арасындағы жалғанымдарда коммерциялық есеп
кешенін іс-қимылдағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жегімдейді.
381. Электр стансасы электр стансалардың электржелілік компаниялар
және тұтынушылармен жалғанымдарындағы коммерциялық есеп кешенін
іс-қимылдағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жегімдейді.
382. Энерготұтынушыға коммерциялық есеп кешенінің іс жүзінде
орналасқан жеріне тәуелсіз коммерциялық есеп кешендерінің жаңадан
құрастырылған қосылым нүктелеріндегі шығындар жатқызылады.
383. Рынок қатысушысы коммерциялық есептің нақты нүктесін (КЕНН)
коммерциялық есептің белгіленген нүктесіне мейілінше жақын орналастыруы
тиіс.
384. Коммерциялық есептің фактілік нүктесі мен коммерциялық есептің
анықталған нүктесі сәйкес келмеген жерде, мұны есептеуіштердің
көрсеткіштеріне коммерциялық есептің белгіленген нүктесіндегі дәлдік
бойынша жалпы талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін егер қажет болса
электр жеткізу желілерінде және (немесе) күштік трансформаторлардағы
ысыраптар шамасына қосу керек.
385. Ысыраптарды есепке алу жергілікті деңгейде коммерциялық есеп
жабдықтарының құралдарымен немесе коммерциялық есептің деректер қорының
аясында бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен дистанциялы қолданылады.
Екі жағдайда да ысыраптарды есепке алу коэффициенті және олардың
негіздемесі коммерциялық есепті жүзеге асырушы тиісті электржелілік
компаниялар мен ұйымдардың (егер бұлар әртүрлі компаниялар болса)
коммерциялық есеп кешенінің иелері арасындағы шартпен анықталуы тиіс.
Ысраптарды анықтаудың келісілген формуласы коммерциялық есеп тізілімі мен
электр энергиясын жеткізу болуы тиіс.
386. Коммерциялық есеп жүйесі келесі элементтерден тұрады:
1) өлшеу трансформаторларынан;
2) коммерциялық есеп есептеуіштерінен;
3) деректерді сақтау құрылғыларынан;
4) байланыс қосалқы жүйелері;
5) коммерциялық есеп есептеуіштерінің істен шығу мониторингі
құрылғысы.
387. Коммерциялық есеп жүйесі, сыртқа орнату өлшеу
трансформаторларын қоспағанда, құрғақ және таза пана-жайға орналастырылуы
қажет.
388. Өлшеу трансформаторлары мен коммерциялық есеп кешенінің жұмысқа
дайындығы жылына кем дегенде 99% құрауы керек. Байланыс желілерінің
жұмысқа дайындығы жылына 99% құрауы қажет.
389. Ток трансформаторлары (ТТ) және кернеу трансформаторлары осы
Ережелердің 372-373-тармақтарында көрсетілген талаптарға жауап берулері
керек.
Егер өлшеу трансформаторларының (ТТ және КТ) блогы біріктірілген
блогы орнатылған болса Қазақстан Республикасының іс-қимылдағы нормативтік
құжаттарда ескерілгендей, аспаптардың өзара әсерінің салдарын белгілеу
бойынша "Дәлдік нүктесі" жүргізілуі қажет.
390. Төменде пайдаланылатын ТТ және КТ терминдері осындай өлшеу
трансформаторлар үшін анықталған сол секілді пайдалану сипатамасына ие
басқа өлшеу техникасын пайдалануды жоққа шығармайды.
391. Өлшеу трансформаторларының техникалық сипаттамасы және олармен
байланысты оларды қосу тәсімдерінің элементтері , екінші тізбектердің
қосымша жүктемесін қоса отырып, ТО-ға коммерциялық есеп тіркеліміне
кіргізу үшін ұсынылады.
392. 327-323-тармақтарына сәйкес іс-қимылдағы нормативтік құжаттарға
сай дәлдік сыныбы ең аз стандарты бойынша (ТТ-ның екінші атаулы тогынан
тәуелсіз) бір ТТ жинақталымы орнатылуы тиіс.
393. 220 кВ және жоғары қосулар үшін жеке екінші ТТ орамасы есептеу
мақсатына арналуы қажет.
394. Кез-келген екінші тізбектің қосымша жүктемелері ТО-ны алдын-ала
хабарландырмай өзгертілмейді және екінші тізбектің қосымша жүктемесінің
өзгертілген мәндері туралы ақпарат ТО-ға коммерциялық есеп
есептеуіштерінің тіркеліміне деректер енгізу үшін ұсынылады.
395. ТТ түгендеу туралы куәлік электр энергиясын өлшеу үшін
пайдаланылатын әрбір ТТ үшін жалпы жұмыс жүктемесі қателіктеріне
көрсетумен, ТО-ға коммерциялық есептің тіркеліміне деректерді енгізу үшін
ұсынылуы қажет.
396. Әрбір ТТ үшін жалпы жүктеме осы ТТ атаулы жүктемесінен жоғары
болмауы тиіс.
397. 272-373-тармақтарына сәйкес іс-қимылдағы нормативтік құжаттарға
сай дәлдік сыныбы ең аз стандарты бойынша ТН жинақталымы орнатылуы тиіс.
398. Есептеуіштерге баратын КТ екінші тізбегі жеке кабельді желімен
орындалуы тиіс. Кабельді желілерде кернеудің құлауы атаулы кернеуден
0,25% аспауы тиіс.
399. КТ кез-келген қосымша жүктемелер ТО-ны алдын-ала хабарландырмай
өзгертілмейді және екінші тізбектің қосымша жүктемесінің өзгертілген
мәндері туралы ақпарат ТО-ға коммерциялық есеп есептеуіштерінің
тіркеліміне деректер енгізу үшін ұсынылады.
400. КТ түгендеу туралы куәлік электр энергиясын өлшеу үшін
пайдаланылатын әрбір ТТ үшін жалпы жұмыс жүктемесі қателіктеріне
көрсетумен, ТО-ға коммерциялық есептің тіркеліміне деректерді енгізу үшін
ұсынылуы қажет.
401. КТ әрбір екінші орамасына жалпы жүктеме осы екінші орама үшін
атаулы жүктемеден аспауы тиіс.
402. КТ әрбір кабельді желісі жеке сақтандырғышпен қорғалуы тиіс.
Мұндай сақтандырғыштар КТ-ға мейілінше жақын орналасуы қажет.
403. Если в цепях, за исключением вновь установленных, должны
проводиться измерения в соответствии с требованиями данной главы и если
установленные измерительные трансформаторы не отвечают требованиям
пунктов 397-402 "Трансформаторы тока" и пунктов 397-402 "Трансформаторы
напряжения" в полной мере, тогда эти измерительные трансформаторы должны
быть заменены или установлены дополнительные, отвечающие следующим
требованиям:
1) егер өлшеу трансформаторлары электр желілері бойынша электр
энергиясын жеткізу және оның төлемі мәселелерімен байланысты өлшеулері
жүктемесінен басқа жүктемелер болса қосымша жүктеме мәні туралы ақпарат
ТО-ға коммерциялық есеп тіркеліміне енгізу үшін беріледі. Кез-келген
екінші тізбек қосымша жүктемесі ТО-ны хабарландырмай өзгертілмейді және
екінші тізбек қосымша жүктемесі өзгертілген мәні туралы ТО-ға
коммерциялық есеп есептеуіштері тіркеліміне деректерді енгізу үшін
беріледі.
2) егер жалпы режим бұзылса, мысалы КТ істен шықса, коммерциялық
есеп есептеуіштеріндегі кернеу мәні өзгеруіне алып келуі мүмкін, бақылау
релесі орнатылуы тиіс. Ақау анықталғаннан кейін 24 сағат ішінде
бұзылушылық жойылуы қажет. Апаттық сигнал ТО-ға деректерді сақтау
құрылғылары арқылы беріледі.
404. 110 кВ және одан жоғары желілерге қосылым нүктелеріндегі және
генераторлардағы үш фазалық токтың ативті электр энергиясын есептеу әрбір
фазасында өлшеу блогы бар үш элементті үш фазалы есептеуіштер көмегімен
жүргізілуі тиіс.
405. Реактивті энергияның коммерциялық есеп есептеуіштері
272373-тармақтарында 406. Барлық Коммерциялық есептің есептеуіштерінде әрбір өлшенетін
көлем үшін жинақталған ақпараттың ұзақ уақытты тіркелімі болуы тиіс.
Коммерциялық есеп есептеуіштерінің тіркелімі есептеуіштің көрсеткіштерін
санау есептесу кезеңі ішінде бірден көп толық цикл жасамауы тиіс.
407. Жеке деректерді сақтау құрылғыларын деректермен жабдықтайтын
коммерциялық есеп есептеуіштері осы мақсат үшін әрбір өлшенетін көлем
үшін (электр энергиясы мен қуатының) екі түрлі көрсеткіш беруі тиіс.
408. Барлық Коммерциялық есептің есептеуіштері арнайы кестешелер
көмегімен таңбалануы тиіс және коммерциялық есептің есептеуіштері
таңбалары бойынша деректер және техникалық айрықшалаулар ТО-ға
коммерциялық есеп тіркеліміне енгізу үшін беріледі.
409. Әрбір деректерді сақтау құрылғыларының есте сақтау көлемі
деректер іріктелімінің 15 минут интервалымен 45 күн аралығында барлық
өлшенген мөлшерлерді сақтауға мүмкіндік беретіндей болуы қажет.
410. Деректерді сақтау құрылғыларымен аралықта берілетін деректердің
ТО-мен анықталған пішімі немесе хаттамасы болуы тиіс.
411. Энергия бойынша деректер мен қуат бойынша деректер үшін жеке
кезең таңдау үшін техникалық құралдар қарастырылуы керек, әрбір жағдайда
кезең сағатты аяқтайтындай 60, 30, 20 және 15 минут уақытша интервалдар
қатарынан.
412. Деректерді сақтау құрылғысынан күн сайын ақпарат сұратылады
және электр энергиясын коммерциялық есептеу деректерін жинау жүйесімен
электр энергиясы коммерциялық есебінің деректері жиналады. Электр
энергиясы коммерциялық есебінің деректерін қайталап жинау деректерді
сақтау құрылғыларымен деректерді сақтау кезеңінде жүргізілуі мүмкін.
413. Әрбір деректерді сақтау құрылғылары үшін жеке сақтандырғышпен
үздіксіз энергия жабдықтау көздері қамтамасыз етілуі тиіс.
414. Егер деректерді сақтау құрылғысымен байланысқан модем
деректерді сақтау құрылғысынан жеке орналасқан болса онда ол жеке
сақтандырғышпен үздіксіз энергия жабдықтау көздерімен жабдықталуы тиіс.
415. Энергия жабдықтау тоқтатылған жағдайда деректерді сақтау
құрылғысы тұрақты кезекші жұмыскерлер отыратын орынға шығу апаттық
сигналын беруі қажет.
416. Жеке деректерді сақтау құрылғысы мен жеке байланыс желісін
иемдену керек. Егер жеке деректерді сақтау құрылғысы пайдаланатын болса,
онда ол бірден көп коммерциялық есеп есептеуіштерінен алынған деректерді
сақтау үшін пайдаланыла алады.
417. Коммерциялық есеп кешені есте тұрған уақытша деректерді
сақтайтын құралдармен жабдықталуы тиіс. Деректердің есінде ұзақ
сақтағышта сақталғаны дұрыс.
Коммерциялық есеп деректерін сақтау үшін келесі техникалық
мүмкіндіктер қамтамасыз етілуі қажет:
1) есте сақтау көлемі 45 күн аралығында барлық энергия мен қуат
бойынша мәндер үшін күніне [96] кезеңге арналуы тиіс.
2) сақталатын қуат мәндері кВт немесе кВАР сандарымен көрсетілуі